Ақырын жүріп, анық бас, Еңбегің кетпес далаға, Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға…»-деп, Aбaй aтaмыз бекер aйтпaғaн. Ұстаздық бұл өмірдегі ең жақсы, ең адал, ең жауапты, қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін мaмaндықтардың бірі. Ұстаз әрқашанда іздену үстінде болу керек, үнемі жаңалықты ашушы,ізденімпаз болуы керек,
Ендігі алға қойған мақсатым — білікті ұстаздардың қатарынан көріну, білімді жастар тәрбиелеу. «Бала жүрегі- кішкентай күй сандық. Сол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады. Мұғалімнің қолында әр кезде сол кілт тұру кeрeк» деп М. Шаханов ағамыз айтқандай, әр баланың жүрегіне жол табу, бала бойындағы дарынды ашу мұғалімнің міндеті деп ойлаймын. Қазір жас маманмын — болашақта өзім білім алған ұстаздарым секілді білікті де,ұшқыр маман болу менің алға қойған мақсаттарымның бірі. Мұғалімдер қатарын толықтырып отыратын мен секілді жас мамандар да талмай үнемі ізденіс үстіндe бoлып, әр пәнді жоғары деңгейде, сапалы етіп өткізсе — шығар асуымыз алыс емес.
Менің бала күнімнен бергі арманымның бірі-ұстаз болу болатын. Өйткені кішкене кезімнен бастап,өзім тәлім алған ұстаздарыма қарап,бой түзедім. Бүгінгі күні мен өзіме тәлім-тәрбие берген ,білім нәрімен сусындап, қияға ұшырған алтын ұя мектебім Тасөткел орта мектебіне қайта оралып, еңбек жолымды осы жерден бастап жатырмын......
Қазақ халқының ең бір ұлы ақыны, жазба әдебиетінің негізін салушы, дана ойшыл,халқымызды әлемге әйгілі еткен философ, ағартушы, композитор Абай Құнанбайұлының дүниеге келгеніне, міне, 175 жыл толып отыр.Небәрі 58 жыл ғұмыр кешсе де, ұзақ ізденістері арқылы халқымызға тәлім-тәрбие беретін, адамның рухын көтеріп, санасын ашатын шығармалары – бүкіл халықтың тарихи мұрасы. Ол – лирик, ол- ақын, ол – эпик... Жинақтап айтар болсақ, сегіз қырлы, бір сырлы аса ірі тұлға. Абай есімі – алға қарай ұмтылу мен әлеуметтік әділдіктің символы. Бұл оның әр ісі мен шығармасынан көрінеді.
Үй – адамның басты баспанасы. Адамзат баласы жұмыр жер бетіндегі тіршілік атаулының биігі – адам болып жаралып, таспен тасты үйкеп от жаққаннан, қайла ұстап қайратын жұмсағаннан бері үй жасауға құмар. Бұл құмарлық ыстық пен суықтан, түрлі сыртқы күштерден қорғануға деген биологиялық, қала берсе, қарапайым тұрмыстық қажеттіліктен келіп шықты. Есте жоқ ескі заманда баспана үңгірден басталып, кейін ұра, одан беріректе лашық, жаппа, киіз үй болып жалғасып, келесі сатыда іргетасы қаланып, керегесі көтерілетін қазіргі тұраққа келіп табан тіреді.
Қазақ тілінде «үй» сөзі «шаңырақ», «отбасы», «түтін», «үй іші», «отау» және «баспана», «қоныс», «тұрақ», «жай», «там», «пана» деген сөздерге синоним ретінде қолданылады. Алғашқы синонимдік қатардағы ұйытқы сөздің «отбасы» екеніне қарап қазақ атамыз материалдық құндылықтардың бәрін отбасы құндылығының алдына әкеп басын идіріп, соған қызмет көрсеткізіп, қажетіне жаратқанын аңғарамыз.
Үй әрбір адамға керек. Өң мен түсі түрлі-түрлі, ниеті мен пейілі әр қилы адамзат баласының бір бөлігі басқа түскенге баспақшыл деп немесе тағдырына наласын жаудырып тулақтай болса да тұрақ-жайға жете алмай зар, бір бөлігі барына қанағат етушілер, қалғаны баспанасы бар болу деген бақытты баяғыда-ақ ұмытып кеткендер. Тіпті кейде жылдар бойы жабық тұрған үйлерінің кілтін қайда қойғанын әлдеқашан есінен шығарып алғандар «кілтсіздерді» де кездестіреміз.......
Құрсақ той, құрсақ шашу — келіннің аяғы ауыр екенін білген ене жақын туыстарын, көршілерін шақырып, мол дастархан жаяды. Бұл мерекенің мақсаты — тойлау және келінге көңіл бөлу
Пән:Жаратылыстану Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тірі табиғат. Өсімдіктер. Сабақ тақырыбы: Өсімдіктерге қалай күтім жасау керек? 1-сабақ Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): 1.2.1.5 бөлме және мәдени өсімдіктерге күтім жасаудың тәсілдерін сипаттау Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар білу керек: Өсімдікті қалай күту керектігін біледі; Көпшілігі: Өсімдікті күтуге қажетті заттарды анықтайды; Кейбір оқушылар: Өсімдікті күту жолдарын айтады.........
Айтпаса сөздің атасы өледі. Тарих десе емешегі езіліп, іші жыли қоятындар көп емес. Қазірде қазақша бизнесті дәріптейтін біраз кітаптар жарық көрген оған сұраныста жоқ емес. Байысын, өссін, көрсін, қазақтың әр азаматы байыса олда бір қуаныш. Күн көргеннің күні ашық. Енді осы бизнес кітаптарын жарнамалап жүрген ағалар кішкене тарихи, әдеби кітаптарды да жарнамаласа. Бизнес кітаптарын қарамасамда ондағы жазылғандар бесенеден белгілі сияқты: қайтсем өсем, қалай бай болам, қалай жетем дегенді үйрететіндей көрінеді. Ол тек жеке бастың дамуы болып қалатындай. Ал тарихымызды, сал-дәстүрімізбен ата жолын дәріптеген кітаптар қайда қалды? Тек жеке бастың емес ұлттың, елдің мүддесін ойлайтын, рухани-адами құндылықтарды санасына сіңдіретін, ертеңгі елдің еңсесі биік, текті болып өсуі үшін тарихи әдеби кітаптардың орасан орны бар. Кешегі өткен текті тұлғаларды, олардың елі үшін жасаған ерен еңбегін, қайтсем Қазаққа пайдам тиеді, қайткенде асығы алшысынан түседі деп тек жеке басын емес елін-жұртын, халқын ойлаған бабаларымызды тек сол кітап арқылы танимыз. Қазірде Қабанбай мен Бөгенбайды танымайтын баланың бәрі Супермэн, Бэтменға еліктеп өсуі де рухани шөлдеген ұрпақтың көрінісі. Бір мемлекеттің астанасы Ташкент кешегіге дейін Қазақтыңкі болған десе сенбейтінде шығар қазіргі жастар. Пейіліне қарай патшасы, рухани құндылықтан айырылмасақ Құдай бізге береді несібені. Сол рухани құндылық- білімде ол үшін оқу керек. Санасы бар әр пенде өз тарихын білуге міндетті.
Өз жыртығымызды өзіміз жамамасақ Өз жоғымызды өзіміз жоқтамасақ ешкімнің қазаққа жаны ашымайды
Қазаққа бұл күнде әнші- биші, әртістің керегі жоқ қазаққа білім керек- ілім керек, ғылым керек- ғалым керек, қазаққа қазір рухани құндылық керек, #құран керек.....
Пән:Жаратылыстану Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өсімдіктер Сабақ тақырыбы: Өсімдіктерге қалай күтім жасау керек 2-сабақ Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): 2.4 Өсімдіктерді қорғау Сабақтың мақсаттары: 1.2.4.1 Өсімдіктерге зиян келтіруге болмайтындығын түсіну 1.2.4.2 Өсімдіктердің қорғалатынын түсіну.........
Дәстүрлі емшілер ауыз қуысындағы барлық патогенді микробтардан арылу үшін күніне бір рет пияз шайнау жеткілікті дейді. Оны үнемі жеу асқазан - ішек моторикасын түзеуге, дисбактериозды, диарея мен асқазан ауырсынуын жеңілдетеді.