Қазақстанның өзге қаласына уақытша тұру үшін барған кез келген қазақстандық міндетті түрде сол жерде тіркелуі керек. Бұл талапты орындамаған азамат 16 мың теңгеден 30 мың теңгеге дейінгі аралықта айып төлейді деп хабарлайды Егемен Қазақстан.
Интернет осыдан 25 жыл бүрын АҚШ-ң қорғаныс министрлігінің ARPnet тармағын радио және спутникалық жүйелермен байланыстырудың нәтижесінде пайда болған. ARPnet (Advanced Research Projects Agency net) эксперименталды жүйе болған. Ол әртүрлі әскери зерттеулерді қамтамасыз ету үшін құрылған. Негізгі мақсаты жүйенің кейбір бөлімдері істен шықсада ісін жалғастырады деп жасаған. Мәселен әуе соққылары кезінде, ARPnet моделімен ЭЕМ-ң арасы және бастау адресатының арасында әрқашан байланыс бар. Торап сенімділігі төмен болып саналады. Оның кез-келген кесіндісі кез-келген уақытта жоғалып кетуі мүмкін. Мысалы, бомбылағанда, кабелді кескенде. Торап арқылы хабарды жіберу үшін ақпараттарды конвертке орналастыру керек. Бұл конверт торап аралық хаттама деп аталады. Бұл шешімдер негізінен тораптың қолайлығы күмәнді болуы мүмкін, алайда тарих дәлелдегендей бұл дұрыс қадам. Белгілі бағдарламадан кейін ыңғайлы торап. (Бұл интернет негізін қалады.) Ғалымдар, оқытушылар және басқа мамандар Іnternet-ке кіре отырып, оның лайықты мүмкіндіктерін бағалады. Нәтижесінде тораптарға сұраныс бірден өсті. Стандарттаудың халықаралық ұйымы есептеуіш тораптарға байланысты көп жылдар бойы жұмыс істеді. Іnternet программасын шығарушылары, яғни АҚШ, Ұлыбритания ғалымдары ІP программасымен қамтамасыз етіп отырды. Бұл әртүрлі фирмалар шығаратын компьютерлерге дұрыс шешім болды. Бұл тұтынушылардың өзіне қолайлы компьютер алуға тиімді болды. ....
Дінтану оқыту әдістемесі тұлғаның рухани болмысын жетілдіруге және мәдениетін қалыптастыруға, руханият жетістіктерін жан - жақты түсінуге, діни ілімдерді зерделеп, талдауға үйретумен қатар, жат діни ағымдарға сыни көзқарас қалыптастыру, басқаның мәдениетіне түсіністікпен қарауға, кешірімділік, діни толеранттылық дін аралық келісім ұстанымдарын сыйлауға тәрбиелеуі тиіс.
Дінтану білім беруді ізгілендіру үдерісінде өзіндік рөл атқарады. Діни мәдениет пен шынайы руханилық бұл маңызды гуманистік құндылық. Бүгінгі өмір дінтану пәнінің оқытушысына үлкен жауапкершілік жүктейді. Дінтану пәнінің оқытушысы ақыл - парасатымен, жеке мәдениетімен, рухани дүниесінің байлығымен, шығармашылық әлеуетімен, жауапкершілік сезімімен даралануы тиіс. Дінтану пәнінің ұстазы өзінің наным - сенімін және дінге қатысты көзқарасын оқушыларға танбауы тиіс. Әрбір дін өзінің тарихы және ілімі тұрғысынан берілуі тиіс. Оқытушының дінге көзқарасы оқыту барысында бейтарап болуы тиіс. Дінтану пәні жастарымыздың бойында отансүйгіштік, ұлтжандылық, әдептілік, ибалылық, төзімділік сынды қасиеттерді артып, олардың жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды толыққанды түсініп, зайырлы мәдениетті өмірлік жолдарында ұстануына септігін тигізеді деп ойлаймын......
Косметикалық құралдар пайда болмай тұрғанда арулар бет күтімі үшін лимонды пайдаланған. Лимонның пайдасы өте көп.
1. Беттегі безеу, бөртуден арылу үшін күніне бірнеше рет бетті лимонмен сүртіп тұрыңыз. Мұны әсіресе жазда жиі жасау керек.
2. Құрғақ бетті нәрлендіріп, жасарту үшін лосьон жасауға болады. Ол үшін 120-140 мл кілегей, жұмыртқа сарысы мен 1 шай қасық балды араластырыңыз. Қоспаға бірнеше ас қасық арақ пен 1 ас қасық лимон шырынын қосыңыз.
3. Лимон қалыпты және майлы бет терісін тазартуға көмектеседі. Ол үшін лимонды үккіштен өткізіп, жарты стақан арақ құйыңыз. Бұл қоспаны 5 күн бойы қараңғы жерде тұндыру керек. Уақыт өткен соң 1 қасық глицерин қосып, қоспаны сүзіп алыңыз.
4. Безеу, бөртуді емдеп, майлы бетті қалыпқа келтіргіңіз келсе, арақ пен лимон шырынының тұнбасын пайдаланыңыз. Тұнған қоспаны мұздатқышқа салып, күн сайын пайдаланыңыз.
5. Секпілді жасыру үшін лимон шырынын қайнаған суға араластырыңыз. Бұл лосьонмен таңертең және кешке сүртініп тұрыңыз.
Аталған лосьон, қоспаларды пайдаланудың алдында бетті толықтай тазартып алыңыз.......
КІРІСПЕ Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Жаппай ақпараттандыру ғасырында оқу орындарын ғаламторда сымсыз байланыспен қамтудың қажеттілігі қаншалықты. ХХІ ғасыр - бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Ғылыми - техникалық әлеумет және оның өзін - өзі дамытуға қабілеттілігі жалпыға бірдей бәсекелестік жағдайында басты фактор ретінде қарастырылуда. Бұл орайда Қазақстанда қарышты қадаммен жүзеге асырылып отырған ғарыштық бағдарлама экономикадағы әр тараптандыру үдерісінің қуатты әрі тиімді қозғаушы күші болары сөзсіз. Ақпараттық технология – экономиканың және бүкіл қоғам мен мемлекеттің «ілгерілеуінің» белгісі. Біздің өркениетті дамуымыздың барлық маңызды өмірлік салалары бүгінде ақпараттық технологиялармен және жасалымдармен тікелей байланысты десек, асыра айтқанымыз емес. Қазіргі кезде біздің қоғамымыз дамудың жаңа кезеңіне көшіп келеді, бұл кезең ақпараттық кезең, яғни компьютерлік техника мен оған байланысты барлық ақпараттық - коммуникативтік технологиялар педагогтар қызметінің барлық салаларына кірігіп, оның табиғи ортасына айналып отыр. «Білім берудегі ақпараттық - коммуникативтік технологиялар» ұғымы «оқытудың жаңа инновациялық технологиялары», «қазіргі ақпараттық оқыту технологиялары», «компьютерлік оқыту технологиялары» және т. б. тіркестермен тығыз байланысты......
2017 жылдың 7 қаңтарынан бастап күшіне енген Қазақстан азаматтарын уақытша тіркеу туралы заң отандық желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсті. Олар бір-бірінен қалай, қай жерге барып тіркелу керектігін сұрады. Сондай-ақ, астарлы қалжыңға құрылған жазба жариялап, жаңа заңды әзілге айналдырғандар да табылды деп хабарлайды nur.kz.