Еліміздің нарықтық экономикаға өткеніне аз уақыт болғанымен, жалпы экономикалық өсу байқалғаны барлығына белгілі. Дегенмен, ұлттық байлықтың молайуы мұнайға байланысты екені барлығымызды мазалайды. Өйткені, біздің экономикамыз тек әлемдік мұнай сұранысы мен бағасына тәуелді болмақ. Сондықтан да республика экономикасын тұрақтандыру үшін тек табиғи байлықты қазып алумен ғана шектелмей, өндіру, өңдеу салаларын да дамыту бүгінгі күннің басты міндеті. Кеңес Одағы кезінде үлкен қарқынмен жұмыс істеген зауыт, фабрикалар бүгінгі күні жекешеленді, ол толығымен сапалы өнім өндіріп, оны нарыққа бәсеке қабілеттілігі жоғары етіп шығару өте қиын. «Тұрмыс – ақшаға» тәуелді дегендей өнеркәсіптің жұмыс істеуінің қайнар көзі ақша-қаражаттар екені мектеп оқушысына да белгілі. Соңғы бес-алты жылда бұл мәселенің де шешілуі табылғандай.Еліміздің басын жүйесінің әлемдік стандарттарға сай дамуы экономиканың салалрына көптеген ақша-қаражаттарының келуін қамтамасыз етуде. Адам Смиттің экономиканың қозғаушы күші «халықтың жинақ ақшасы» деп өз заманында айтып кеткен ойы бүгінгі танның өзінде де өз күшін орнамағанына еріксіз мойын. Екінші деңгейлердегі банктарда шығарылған халықтың жинақ ақшасын экономиканың жекелеген салаларын, оның ішінде өнеркәсіпті дамытуға бағыттау қажет. Қазақстан Республикасының нарықтық экономиканың қатынастарға көшуіне байланысты елдің экономикалық өмірінде, соңғы жылдары ұйымдар арасындағы шаруашылық қатынастар жүйесінде, сондай-ақ тұтастай алғанда халық шаруашылығының барлық салаларында терең, ауқымды өзгерістер көрініс тапты. Тәуелсіздік алғаннан кейін ел экономикасын тұрақтандыру қажет болды. Барлық завод, фабрикалар жабылып, тоқырау кезең басталды. Жабылған кәсіпорындарды қайта іске қосу үшін ірі ақша-қаражаттары қажет. Бұл қаражат көзі инвестиция немесе банктерден алынған несие алу болып табылады. Кәсіпкерлік қызметтердегі несиелеудің орны ерекше. Себебі, белгілі бір іспен айналысу үшін кәсіпкердің қолында күрделі қаржы ресурстары болуы қажет. ....
Еліміздің өткеніне көз салсам, әрине, жүрегім қынжылады. Сонау қиын шақтарды басынан өткізген халқымыз тәуелсіздік үшін қасықтай қаны қалғанша күрескен, жастайынан өмірі қиылған жастарымыз есіме түседі. Бүгінде Қазақ елі егеменді ел болды. Бодандықтан босану мен Тәуелсіздік біздің елге оңай келген жоқ. Осы жолда халқымыз өзінің батырлығы мен қайсарлығын, батылдығы мен ержүректілігін көрсетті. Елі, жері, тәуелсіздігі үшін жандарын ғана емес, абыройы мен жанұясын да, сүйікті жары мен бауыр еті балаларын да, өмір сыйлаған ата-аналарын да құрбан етті. Қазақ тілі мен әдебиет пәнінен сабақ беретін ұстазымыз: «Сендер бақыттысыңдар. Біз кезінде қазақтың болашағы мен еркіндігі үшін күресіп, қиянаттың құрбаны болған Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов сынды Алаш арыстарының туындыларын оқыған жоқпыз. Қазақтың бетке ұстар азаматтарының тамаша-тамаша шығармаларын бізден жасырып, оларды ұлтшылдар деп қаралап келген еді. Сонда біз көп нәрседен мақрұм болғанымызды кеш түсіндік. Ал сендер осы аталарыңның өлеңдерімен ұлғайып, әңгімелерімен сусындап жүрсіңдер»,-деген сөзі бізді ерте есейтіп жібергендей болды. Иә, біз осы аталарымыздың ерлігі мен еңбегінің құдіретін сезініп келе жатқанымызға қуаныштымыз. Іргесі сөгілмейтіндей етіп 15 республикадан құралған КСРО мемлекетінің ыдырауына Қазақстанда 1986 жылы желтоқсан айында болған жастардың көтерілісінің әсер еткені ме деген ойға барамын. 70 жылдай өз айтқанын істетіп, өз дегенімен жүргізген кеңес өкіметіне деген қарсылықты қазақ жастары жүрегінің қалауымен, қайсарлықтың рухымен көрсете білді. Себебі, өз ұлтын құрметтейтін, өз елін сүйетін жандар ғана мұндай ерлік жасай алатын еді. Өкініштісі, олардың ерлігі сол кезде қолдау таппай, талай жас оқу орнынан шығарылып, талай қыршын құрбандыққа шалынды. Олар сол кезде өлім үшін емес, өмір үшін күресіп, қазіргі әнұранымызға айналған әнді бірлесе жүріп орындаған екен. ....
Әкең – қазақ, шешең – қазақ қарағым, Сен де ұлысың мынау дархан даланың. Әр халықта ұлттық намыс деген бар, Оны биік қасиет деп санағын, деп әрбір әке баласына өсиет қалдыратыны анық.
Әке – асқар тау, ана – мөлдір бұлақ деген өнегелі ұғымды ойға түйіп, отырып мен өз әкеме ұқсағым келеді. Әкем содай мейрімді , қарапайым жан. Әкемнің ағасы, інілері бар оларда мейрімді және қарапайым адамдар. Атамызда ақ көңіл, балаларын өзінен артық көреді. Әсіресе қыздарын жақсы көреді. Менің әкем өз әкесіне ұқсайды, ал мен әкеме ұқсағым келеді. Әкем өте намысшыл, жаман қылық көрсетпеуімді талап етеді. Оның кейбір істеріне еліктегім келіп тұрады. Адам баласы отбасында нені көрсе, үлкен болып, өскенде, сол көрген нәрсені қайталауы мүмкін ғой. Менің әкеме атамыз қандай тәрбие берсе, әмекем маған сондай тәрбие беруде. Олар балалық шақтарында өте тату-тәтті болып өстік, сендер де тату болыңдар дейді,- бізге әкеміз. Менің ағам, әпкем бар. Олар анамызға жақын. Әкем өзін бізбен достық қатынаста ұстауға тырысады. Бос уқытында бізбен бірге уақыт өткізуге , мүмкіндік туғызады. Ол жұмыс көп істейді, ерте кетеді кеш келеді. Сонда да бізге көп көңіл бөледі. Әрбір мерекеге бірге барамыз. Ақылын айтып , өзі бізге үлгі көрсетеді. Оның достары көп. Сабақ орындауға ,ойнауға маған көмектеседі. Ол оқушы күнінде спортпен, би үйірмесіне баратын екен. Мен билеуді ұнатамын. Оның достары көп. Әкемнің сыныптастары, достары келгенде айтып отырады менің әкем туралы. Достары жыл сайын бізге қонаққа келеді. Әкемдер оларға барады. Олар үнемі балалық кездері туралы айтады. Маған әкем туралы тыңдау ұнайды. Ол адамдармен тез тіл табысады. Барлығын бірдей қабылдайды. Оны жұмыс орнында да сыйлайды, беделі жоғары әріптестерінің арасында.....
Пән: Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.3A XIII – XV ғғ. Қазақстан Сабақтың тақырыбы: Орталық Азияға ең үлкен өзгерісті кім әкелді: қыпшақтар ма, әлде моңғолдар ма? 1-сабақ Сабақтың мақсаты: XIII-XV ғғ. Қазақстан аумағында құрылған мемлекеттердің этноәлеуметтік құрылымын анықтау; ассимиляция Қазақстан аумағындағы мемлекеттердің басқару жүйесінің ерекшеліктерін анықтау;
Ұлы Отан соғысының Жеңісіне 9-шы мамырда 71 жыл толады. Жылдар өткен сайын бізге Ұлы Жеңіс сыйлаған ардагерлеріміздің саны азайып барады. Сондықтан, біздің басты борышымыз, сол майдангерлерімізді сыйлау, құрметтеу, оларға қамқорлық көрсету. Соғыс 1941 жылы басталып 1945 жылы аяқталды. Қазақ елінің азаматтары да соғысқа бірінші күннен бастап қатысты. Отанымызды қорғау үшін жастар да, кәрілер де қатысты. Сол соғыста қаншама адам қазақ тауып, қаншамасы мүгедек болып қайтты, қаншама ана жесір қалып, балалар жетім қалды. Оңай келмеген жеңісте ерлік көрсеткен, ерекше сый-құрметке ие болған майдангерлердің ішінде біздің қазақ аталарымыз бен апаларымыз бар. Біз батырларымызды ешқашан ұмытпаймыз. Біздің елімізде көптеген көшелерге, ғимараттарға, оқу орындарына осы соғыста ерлік көрсеткен қазақ батырларының есімі берілген. Биылғы жеңістің 71 жылдығына орай әр-түрлі қалаларда мерекелік ісшаралар өткізіледі. Ардагерлерге құрмет көрсетіледі. Осы кісілердің арқасында біз бейбітшілікте өмір сүріп жатырмыз. Көп – көп рақмет сіздерге, құрметті ардагерлер! И.В.Сталин халыққа 1941жылдың 3шілдесінде радио арқылы үндеу жариялады. Оны бүкіл ел тыңдады.Қазақстан халқы соғыстың алғашқы күндерінен бастап-ақ өздерінің борышын өтеп майдандағы армияның қатарын толықтырды. Әскери міндеттілерді әскерге алу өте қысқа мерзімде жүзеге асырылды. Тарихи әдебиеттерде бұл соғыс « Ұлы Отан соғысы» деген атқа ие болды. Бүкіл кеңес халқы ортақ жауға қарсы күреске жұмылды. Алғашқы күндердің өзінде ақын В.Лебедев-Кумач пен компазитор А.Александров жауға қарсы күресте көпке ортақ ән ұранға айналған «Қасиетті соғыс» әнін шығарды. ......
Пән:Дүниетану Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Демалыс мәдениеті. Мерекелер» Сабақ тақырыбы: Мерекелерді тойлау мәдениеті мен спорттық ойындар Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 3.1.6.1 Зерттеу негізінде Қазақстанда тұратын халықтардың мерекелеріне шығармашыл көзқараспен қарау. 3.1.4.2 Спорт түрлерін топтау, спорт түрлерінің қайсысына өзінің қарым-қабілетінің жететінін анықтау. Сабақ мақсаттары: Оқушылар - Қазақстанда аталып өтілетін мерекелердегі спорттық ойындардың маңызын түсінеді.......
Пән: Көркем еңбек Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Демалыс мәдениеті. Мерекелер Сабақ тақырыбы: Әр түрлі халықтардың мерекелері Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 3.1.3.2 Шығармашылық идеяларды дамыту үшін әртүрлі дерек көздерінен ақпарат жинау Сабақ мақсаттары: • Шығармашылық идеялар мен сезімдерді жеткізуде техникаларды таңдау; • Ақпарат көздерінен деректер жинақтау........
Айналайын ағайын, Мұңымды айтып шағайын. Ағекем кетіп арманда, Дерттенді көңіл сарайым. Ағекем, ақыл сәулетің, Тойтарушы едің жау бетін. «Ер намысы—ел ісі» Деуші едің аға, дәулетім. Жайраңдап жүрген күн қайда? Тас жүрек тағдыр мұндай ма? Ағеке, сізді ойласам, Көз жасым менің тоқтай ма? Әділет еді сөз басы, Ағекем еді ол басы. Істерің ізгі арман боп, Төгілді көптің көз жасы. Ел сұлтаны арысы-ай, Жүректің тоқтап тынғаны-ай.....