Мақсаты: Балалардың алған білімдерін қорытындылау, одан әрі толықтыру. Балаларды шапшаңдылыққа, ұқыптылыққа талпындыру. Көрнекіліктер: интерактивті тақта, суреттер, т. б. Әдіс - тәсілдер: Көркем сөз, сұрақ - жауап, жұмбақтар, жаңылтпаш.
Жер бетін рухани қараңғылық басқан. Барша әлем адамзат баласының небір хайуандықтарына куә болып, санасында сәулесі барлардың рухы мен жүрегі қан жылаған заман. Адам азып, ел тозған. Жақсылықтың жұрнағы да қалмай бара жатқан уақыт. Жер жүзі бақыттың, қуаныш пен шаттықтың бастауы - тәухид, яғни бір Жаратушыға сенім дегеннен мақрұм еді. Қайда қарасаң да күпір, күнә-руханиятты әбден көлеңкелеп тастаған. Әркім әр нәрсеге табынып, болар-болмастың бәрін қолдан Тәңірге, Жаратушыға айналдырған. Ақиқат билеушісін, шын Жаратушысын іздеп аласұрған көңілдер медет іздеп жанталасуда еді. Адамдар надандықтың шегіне жеткені сонша, зұлымдық пен күпір батпағы қалыпты жағдайға айналған. Күштінің әлсізге әлім жеттігі, дәрменсіздің жапа шегуі ешкімді де елеңдетпейді. Күллі әлем қайғыға шомып, қасірет толы көңілдер уайымға берілген. Ақыл мен сананы, рух пен жүректі рухани қыспаққа алған күпіршіліктің, көпқұдайлылықтың бұлайша жалғаса беруі мүмкін емес-ті. Құдіреті күшті Аллаһ Тағаланың пенделерінің ары қарай надандыққа, мұң-шерге шыдай беруіне өз тарапынан медет жібермей қалмасы шындық еді. Өйткені Ол қайырымдылардың қайырымдысы, ең мейірімді Жаратушы. Аллаһ осынау тұманды сейілту үшін рақымдылығының дәлелі ретінде Ұлы тұлғаны - Хазіреті Мұхаммедті (с.а.у.) дүниеге жолдамақ болады. Дүниенің рухани кейпін өз нүрымен сәулелендіріп, адамзатқа, пері мен періштеге - бүкіл болмысқа мәңгілік бақыттың жолын көрсететін жолбастаушының келер күні таяған-тын. Әлем үлкен ізетпен өз сұлтанын тағатсыздана күтуде. Жаратылыстағы әрбір зат өздеріне тэн тілімен, әрекетімен теңдессіз тұлғаға "Хош келдің!" деуге дайындалып, шаттанып тұрды. ....
Бұл курстық жұмыстың мақсаты – жеке кәсіпорынның нарықтың белгілі бір моделіндегі, яғни жетілген бәсекелестік жағдайындағы іс-әрекетін зерттеу болып табылады. Бұл модель зерттеуді жеңілдететін алғышарттардан туындайтын, нақты экономикада толық күйінде кездесе бермейтін таза нарықтық құрылым болып саналады. Алайда, ол шешім қабылдау барысында өндірушілерге көптеген негізгі жорамалдау кезеңдерге түсінік береді, атап айтқанда, өнім өндіру көлемі мен тауардың бағасы және жеке сатушылардың ұсынысына әсер ететін факторларды анықтауға көмек береді. Нақты нарық құрылымдардағы кәсіпорындардың тауар өндіру және қызмет көрсету процесін толық түсіну үшін аталған модельді қарастырудың маңызы зор. Сонымен, зерттеу нысаны жетілегн бәсеке нарығындағы кәсіпорын болып табылады, ал оның мақсаты – тауар өндіру мен қызмет көрсету және оларды нарықта сату барысында пайданы мейлінше арттыру. Менің талдауымның мақсаты, біріншіден, өндірушінің қысқа мерзімді кезеңде өндіріс көлемі жөнінде қалай шешім қабылдайтындығын және оның ұсынысына қандай факторлар ықпал ететіндігін көрсету. Екіншіден, жеке бір кәсіпорын және жалпы сала үшін ұзақ мерзімді өзгерістердің табиғатын зерттеу ....
Кіріспе Нарықтық қатынастар жағдайында экономикалық тәуекелді бағалау және есептеу мәселесі басқарудың тәжірибесі мен теориясының құраушы бөлігі ретінде өзіндік теоретикалық және қолданбалы маңыздылыққа ие болады. Басқарушылық шешімдердің көбісі тәуекелділік жағдайында қабылданады және оны бірқатар факторлар сипаттайды – толық ақпараттың жоқтығы, қарсы тенденциялардың бар болуы, кездейсоқтық элементтері және тағы басқалар. Бизнес әлемінде сәттілік шешуші түрде кәсіпкерлік қызметтің таңдаған стратегиясының негізділігі және дұрыстылығына байланысты. Сондай-ақ критикалық жағдайдың ықтималдығы ескерілуі тиіс. Кәсіпкерлік қызметті тәуекелдіксіз көзге елестету мүмкін емес. Тәуекелсіз бизнес мүмкін емес. Тәуекелдің күшеюі – кәсіпкерлік тәуекелдіктің екінші қарама-қарсы жағы, сол үшін өзіндік өтем. Нарықтық қатынастар жағдайында өмір сүру үшін техникалық жаңашылдықтарды енгізуге және батыл іс-әрекеттерге бару керек, ал ол тәуекелдікті күшейтеді. Осыдан мынадай шешімге келуге болады – кәсіпкер тәуекелдіктен қашпауы керек, оны азайту үшін тәуекел деңгейін бағалай білуі керек. Кәсіпкердің ең маңызды мінез-құлық ережелерінің бірібылай: «Тәуекелден қашпау, одан да оны мүмкіндігінше төмен деңгейге түсіруге тырыса отырып, оның алдын ала білу». ....
Осыдан 75 жыл бұрын, таң ата бере фашистік Германия Кеңестік Социалистік Республикалар Одағына шабуыл жасады. Соғыс кенеттен басталғанымен, Қазақстан, бүкіл Кеңес Одағы сияқты алғашқы күннен бастап, жұдырықтай жұмылды. Республиканың түкпіртүкпірінде әскери комиссариаттар ағылды. Кеше мектеп партасында отырған бозбалалар мен бойжеткендер соғысқа сұранды, аталар мен әжелер зар қақсады. Барлық жастар майданға, Отанын қорғауға ағылып, асықты. Ешкімнің сағы сынбады, жігері жасымады. Олардың Отаншылдық, патриоттық сезімі қолына қару алып, сапта тұрған көптеген солдаттардың, ұлт өкілдерінің тізе қосқан бірлігі мен ерлігі, рухы мен қайсарлығы жеңісті бір табан жақындата түсті. Сұрқия соғыс біздің Қазақстанда аттап өтпегені баршамызға мәлім. Сан миллиондаған адамдар минуттап, сағаттап жеңісті сарыла күтті. Әйтеуір жеңіс келді. Үміттері мен сенімдері, армандары орындалды. Осы жеңіс жолында Отан үшін от кешіп, миллиондаған адамдар, асыл азаматтар, батыр аналар мерт болды. Жауларымен жан аямай күресіп, ерліктің ерен үлгілерін көрсете білді. Әйгілі қолбасшы, соғыс батыры, жазушы Б.Момышұлы «Соғыс қазақ халқының тарихын күрт өзгерткен, бұрылыс әкелген. Миллиондаған отандастарымыздың арасында өшпес із, жазылмас жара қалдырды», - деп өз ойын айтқан. Ұлы Отан соғысы халық өмірі мен тағдырымен тығыз байланысты.......
Ешкім де, еш нәрсе де ұмытылмақ емес! Соғыс – күйретуші күш! Дәл солай! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін. Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын тажал. Сол қанды кезеңді еске түсіріп, елестететін газет-журнал матералдары немесе радиотелехабарлар, кинолар аталар ерлігін мақтаныш тұта бізге жеткізді. Ұлы Отан соғысы... Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды. Неменеңе жетістің бала батыр, Қариялар азайып бара жатыр Бірі мініп келместің кемесіне, Бірі күтіп, әнеки, жағада тұр, - деп тебіренген Мұқағали мұңында жұмырбасты пенде үшін теңдессіз құндылық ұрпақаралық қимастық, сыйластық сезімдері мөлдіреп тұр. Сол кездегі Кеңес Одағының басқа халқымен бірге жауды талқандап, жеңіске жету ісіне Қазақ халқы да өзінің лайықты үлесін қосты. Қазақстандық жауынгерлер Брест қамалынан бастап Берлинге дейін барды. Олар Сталинград түбіндегі шайқаста, Днепр өткелінде, Москва мен Ленинград үшін болған ұрыстарда ерен ерліктер көрсетті. Қазақ ел басына күн туғанда толарсақтан саз кешетін жауынгер халық. Ұлы Отан соғысының қатпарлары парақтарына үңіліп қарасақ, қазақтардың қанды қырғынға қаймықпай соғысқанына ашық көзіміз жетеді. .....
Таңдай ақшыл жарасып көйлектерің, Тәнмен сезіп ұзақ жол бейнеттерін, Жапония жері ме, Африка ма, Қай арадан қайттыңдар, ләйлектерім! Мейірімге арналып алғыстарың — Ескерткіші ед қалдырған соңғы ұстаның Мұнараның басынан......
Шүйінші ,халқым,шүйінші! Шүйіншіге сүйінші! Шаттан ата-анамыз, Шаттан ата-бабамыз, Кек қайтарып фашистен, Соғыс бітті жеңіспен, Жеңдік жауды күресте Жасалсын той-мереке Міне,Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына 71 жыл болады. 9 мамыр-сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн.Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды.Бұл мейрамды өздерінің тылдағы қажырлы еңбегімен жеңісті шыңдаған , станоктың қасынан, егін даласында, күні-түні мал бағып, тынымсыз жұмыс істеген жұмысшылар, ауыл адамдары тойлайды.Бұл мейрамды біздің аяулы да даңқты әйелдеріміз- өздерінің әкелерін,ерлерін , ұлдарын және сүйіктілерін көзінен жасы сорғалай жүріп төзімділікпен күткен, олардың орнын жоқтатпаған аналар мен жұбайлар,қалыңдықтар мен қыздар тойлайды.Бұл мейрамды өздерінің әкелері мен ағалары қанын төгіп, жанын қиып бақытты өмірін қамтамасыз еткен Ұлы Жеңістің құрдастары тойлайды......