Нарықтық экономика және бәсекелестіктің дамуы жағдайларында кәсіпорындардың қаржылық менеджментінің ролі мен міндеттері ең маңызды мәселердің бірі болып отыр. Кәсіпорынның табыстылығы, бәсекелестік жағдайлардағы өміршеңдігі, қаржылық тұрақтылығы мен төлем қабілеттілігі мәселелері қаржы менеджментінің негізгі басқару объектісі болып табылады. Отандық экономикалық теорияда және тәжірибе жүзінде кәсіпорын қызметін стратегиялық басқару мәселелері әлі де болса жеткіліксіз қарастырылып келеді. Мұның басты себебі – еліміздегі экономикалық бетбұрыстардың басталуына дейін стратегиялық басқару мемлекеттің өз қолында болып келді. Мемлекет өзінің экономикалық саясаты шеңберінде елдің дамуы мен келешегінің стратегиясын қалыптастырып, салалар мен кәсіпорындардың өзекті стратегиялық мақсаттарын анықтап келді. Алайда, нарықтық қатынастардың қалыптасуы және дамуы бәрін де өз орнына қойды. Қазіргі таңда кәсіпорындардың өміршеңдігі, табыстылығы, бәсекелестікке жарамдылығы өз қолдарында, яғни олардың өз қаржылық және шаруашылық жағдайын нығайту кәсіпорынның қаржы менеджментінің стратегиялық міндеті балып табылады. Жалпылай айтқанда қаржы менеджменті дегеніміз – бұл кәсіпорынның табыс табудың және өндірісті дамытудың стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыру үшін қажетті ақша ағындарын қамтамасыз етумен, қаражаттар мен ақша қорларын қалыптастырумен және қолданумен байланысты кәсіпорындардың басқару қызметі болып табылады. ....
Кіріспе Бұл курстық жұмыста банктік қызметіндегі тәуекелділік мәселесі қарастырылып отыр. Новиков И.А. айтқандай « Банктік нарық тәуекелділіксіз – нарық емес, сонымен қатар барлық банктік операциялардың спецификасы тәуекелділікке байланысты ». Соған сүйене отырып, банк үшін тәуекелділіктен қашу емес ( өйткені ол мүмкін емес), оны басқару арқылы шығындарды барынша азайту керек. Банк тәуекелділігі дегеніміз не? Тәуелділік негізінде ықтималдылықты, ал нақтырық айтсақ, банктің қаржылық операцияларды жүргізу кезінде өз ресурстарының табысы бір бөлігін жоғалту немесе қосымша шығын шығару қаупін түсіндіреді. Банктік қызмет зиянсыз болу үшін келесі категорияларды ескеру керек: жоғалтулар, шығындар және залалдар. Тәуекелділік пен жоғалту түсініктерін өзара тығыз байланысты. Сол себептікті тәуекелді жоғалту категориясын қолдану арқылы сан жағынан да бейнелеуге болады. Бұл тәсіл тәуекел теориясының дамуы үшін негіз болып табылады. Банктер өз қызметі барысында белгілі бір шығындар шығарады. Шығын категориясына қатысты тәуекелдік, көзге көрінбейтін жағдайларға байланысты белгіленген мөлшерден көбірек шығын шегу нәтижесінде пайда болады. ....
КІРІСПЕ Қаржылар нарықты экономиканы басқарудың ең тиімді нысаны болып табылады. Қаржы негізінде құрылатын мемлекеттік бюджеттің кірісіне қарай әлеуметтік-кепілдік қызметінің мүмкіндігі белгілі болады. Қаржы саясаты аса нәзік және күрделі аспап, ол жеңілдіктер мен жазалау шаралары арқылы шаруашылық қызметтің барлық жақтарына әсер етеді. Қаржылар мемлекеттің құрылуымен бірге пайда болады және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі қашан да болса оның қаржы жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен бірге қалыптасады. Қаржылар-шаруашылық жүргізуші субъектілердің, жеке тұлғалардың мемлекет пен екі арадағы мемлекеттік бюджет арқылы жүзеге асырылатын, қаржы қатынастарын сипаттайтын экономикалық категория. Қаржы жүйесін құрайтын міндетті төлем – салық болып табылады. Қандай да болмасын мемлекеттің салық жүйесі негізінен екі қызметті атқарады. Біріншісі фискалды қызмет болса, екіншісі басқарушы қызметі. Фискалды қызмет ешкімді де алаңдата қоймайды, себебі кез келген мемлекеттің өмір сүруі үшін қаражаттың қажеттілігі өте маңызды нәрсе. Ал басқарушылік қызметі - қаржының ең негізгі қызметі.....
Тәуекел Мүслім (1988 жылы желтоқсанның 9 жұлдызында Алматы қаласында дүниеге келген.) – әнші, тележүргізуші және актер. Кішкентай кезінен Тәуекел спортқа жақын болған. Әрқашан футбол ойнағанды жақсы көрген, тіпті футболист болу оның бала кезгі арманы болған. Сонымен қатар жүзумен және күреспен айналысқан. Әртурлі спорттармен айналыса Тәуекел өзінің формасын сақтауға тырысқан. Алматы қаласындағы №140 мектеп-гимназиясын бітірген соң анасы Тәуекелге шарт қойды: өз күшімен грантқа түсу немесе әскерге бару. Тәуекел түндерін кітаптармен өткізіп, нәтижесінде емтиханды жақсы тапсырып институтқа түсті. Тәуекел Мүслім машина жасау мамандығын бітіріп «инженер-механик» мамандығын алған. Студенттік жылдары тек қызықты кездер ғана емес, өмірінің маңызды кезеңі болған. Себебі,Тәуекел өнер саласында өзін сынап көргісі келді. Бастапқыда модель болып, кейіннен жарнамаларға түсті. «Махаббатым жүрегімде» телесериалында басты рөлді сомдап, қазір Хабар телеарнасындағы «Жаңа күн» бағдарламасының жүргізушісі. Сонымен қатар,Тәукелді әншілік жағынан тануға болады. Өкінішке орай, әкесі оның өнер саласындағы жетістіктерін көре алмады. Тәуекел Мүслім әкесінен 22 жасында айырылды. Түсірілімнен қолы босамай жүретін сері биылғы жазды демалысқа, жеке өміріне арнаған сыңайлы. “Шынымды айтсам, дəл қазір алдыңғы маусымдағыдай қыруар жұмыс жоқ. Түсірілімдер азайып, өзіме, отбасыма, достарыма көңіл бөлудемін. Жуырда жаңа отандық комедияға түстім. Бірақ, басты рөлде емес, қосалқы кейіпкер образын сомдадым. “Сырт келбеті үшін басты рөлді сомдаған” деп кінə артқыш жандарға бұл үлкен жаңалық болмақ»,-дейді актер.....
Мисс Полит шығыршық тұтқадан ұстап, коттедждің есігін жайлап тықылдатты. Сәл кідіріп, есікті жайлап қайта қағып еді, сол жақтағы қолтығына қысқан ораулы заты төмен сырғып кетті. Онысын қайта қымтып көтеріп қойды. Әлгінің ішіндегі Спенлоу ханымның жаңадан қысқы маусымға арнап тіккізген жасыл көйлегі болатын. Даяр болған соң кигізіп көруге алып келген.
Метраж, ине-түйреуіштерге арналған жастықша, үлкен іс қайшысы салынған қара жібек матадан тігілген ұзын баулы сөмкесін Мисс Полит сол қарына іле салыпты.
Ол сұңғақ бойлы, ашаңдау, қыр мұрынды, оймақ ерін, жұқалау сары шашты әйел болатын. Есікті үшінші рет соғуға батылы жетпей ойланып тұрғанда, көше жаққа көзі түсіп, жедел басып келе жатқан біреуді байқап калды. Бұл шат көңілді, бетін күн қаққан, жасы елу бестердегі Мисс Хартнелл болатын. Ол зор даусымен әдеттегісінше гүрілдей сөйлеп, «Сәлеметсіз бе, Мисс Полит!» — деді.
Тігінші: «Есенсіз бе, Мисс Хартнелл»,— деп жіңішке әрі құлаққа жағымды үнмен сызыла жауап қатты.— Кешіріңіз,— деді ол сөзін қайта сабақтап,— сіз Спенлоу ханымның үйде бар-жоғын білмейсіз бе?
— Мүлде бейхабармын,— деді Мисс Хартнелл.
— Ептеп ыңғайсыз болып тұрғаны. Спенлоу ханымның жаңа тігілген көйлегін кигізіп көруге алып келіп едім. Үш жарымға келіскен едік. .....
Атынан айрылып жаяу атанса да жаны жасымаған Жаяу Мұсаның «Ақсисасын» білмейтін қазақ жоқ. Солардың көбі біліп қана қоймай, ойын - тойларында сол әнді шырқаумен келеді. Шырқай да бермек.
Сол әндегі: -Жігіттер, шамаң келсе маған ұқса, - деген жалғыз тармақтың өзі неге тұрады. Осы күні халық композиторларының әндерінің өміршеңдігін сөз етушілер, себебін іздеушілер аз емес. Оның себебі неде? Оған әртүрлі жауап беруге болады. Соны ықшамдап айтар болсақ, олардың әндері ойдан шығарылған байбалам емес.
Күштіден көрген қорлығын күйіне, күйзеле сөз ете отырып өзін де, өзгелерді де зорлыққа көнбей, әзілдік үшін айбаттанып, қайраттанып күресуге үндеді. Ал рухы жасымаған еңселі ел мұндай сананы сілкетін асқақ әндерді әманда аялай бермек.
Бұл – өмір сынына суарылған сұрапыл шындық. Өткен тарихтың шаң баспас, жоғалып жойылмас өмірмен бірге жасай берер мәңгілік ізі.
Коммерциялық банктер бизнестің басқа түрлерімен салыстырғанда жоғары левередж негізінде жұмыс істейді. Депозиттердің тарту мүмкіндігі мен депозиттердің құнында бұл заңдылық және жиі кездесетін айқынсыздық бизнеске ссуда беру – қалыпты жоғары тәуекелді – банктің негізгі функциясын жасайды. Жалпы айтқанда, банктік менеджмент өзінің әрбір жобасында тәуекел пайда қатынасының оптималдысын таңдауы тиіс. Батыстық әлемде коммерциялық банктер тәуекел категорияларының кең аймағын мойындайды, солай болса да олар тәуекелдердің көп бөлігін әр түрлі банктік мақсаттар мен стратегиялар шеңберінде белсенді басқарады. Тәуекелдің негізгі категориялар • өтімділік тәуекелі; • несиелік тәуекел немесе төлемеу тәуекелі; • портфельдік тәуекел; • салалық тәуекел; • елдік тәуекел, • валюталаық тәуекел; • проценттік тәуекел: Соның ішінде менің осы жұмыста қарастырғанын проценттік тәуекел. Проценттік тәуекел, басқа да банктік тәуекелдер сияқты айқынсыздықты білдіреді, берілген жағдайда проценттік мөлшерлеменің алдағы уақыттағы өзгеру бағытымен және уақытымен байланысты айқынсыздықты білдіреді. Проценттік тәуекел проценттік мөлшерлемелердің өзгеруінен туындаған қаржылық активтерден алынатын – құн немесе табыстардың ауытқуы ретінде анықталуы мүмкін. Ссудалар активтердің негізгі категориялары болып табылатын коммерциялық банктер үшін бұл анықтама белгілі бір ссуданы беру үшін банктің тартылған ресурстарының орташа құны оны толық өтеу кезіңінде ссуда бойынша орташа проценттік ретінде анықталуы мүмкін. Қазіргі уақытта проценттік тәуекелді басқару көп жағдайда ақша нарығы жеткілікті дәрежеде жақсы дамыған және сәйкесінше, төмен инфляция деңгейі бар елдерде орналасқан банктермен жіктеледі. Бұрынғы Кеңес Одағындағы Республикалардағы банктердің де проценттік тәуекелі жоғары болған. Сонда да, бұл елдерде дамыған ақша нарығының жоқтығын, жиі болатын инфляцияның жоғары деңгейі және ақша саясатын болжаудың мүмкіндігінің жоқтығын есепке ала отырып, проценттік мөлшерлемені “басқару” депозиттер мен кредиттер бойынша мөлшерлемені келісіп өзгерту негізінде проценттік маржаны максимизациялау саясатымен жіктеледі. ....
Пән:Дүниетану Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өзім туралы Сабақ тақырыбы: Әдептілікті сақтау қолымнан келе ме? 2-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 2.1.1.3 Түрлі дереккөздерді зерттеу арқылы жалпыға ортақ әдеп нормаларын анықтау. Сабақ мақсаттары: Дереккөздерді зерттеу арқылы жалпыға ортақ әдеп нормаларын анықтау..........