Әңгіме: Бейімбет Майлин | Аманкелді

ҚАТЫСУШЫЛАР:

Аманкелді – он алтыншы жылғы қозғалыс бастығы, батыр.
Мұқан. Сейіт– Аманкелдінің үзеңгі жолдастары.
Андреев – орталықтан келген жұмысшы, коммунист.
Мәмбет – оқытушы, коммунист.
Баян– бұл да.
Қамар – оқытушы қыз.
Әсия– қызметкер қыз.
Абдол – наборщик.
Қайдар,
Серке,
Құлатай – ауыл қазақтары.
Кәрім – Аманкелдінің көмекшісі.
Ахмет
Міржақып,
Шоңмұрын,
Мырзағазы,
Кенжеқара – «Алаш» бастықтары.
Тайбай – Міржақыптың көшірі.
Әбіш – Міржақыптың адъютанты.
Айбала– Міржақыптың әйел і.
Аманбай – болыс.
Әзірет.
Хан.
Тағы басқалар.

БІРІНШІ СУРЕТ

Ортада кеңсе бөлмесі. Екі есігі бар, бірі тысқа, екіншісі бөлмеге шығады. Кеңсе бөлмесінде Сейіт пен Мұқан. Сейіт қамшы ондап отыр. Мұқан жалбаланған ескі қысса оқып тұр. Аз тыныс.

Сейіт (орнынан тұрып, қамшысын білемдеп). Жаңа келісті білем... Мұның да керек орны болады, шырағым. Оқып тұрғаның «Қыз Жібек» емес пе, әй? Төлегенмен қосылған жерін соғып жібересің бе?

Мұқан. Ғашық па ең?.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Реферат: География | Жекеленген аймақтардағы халықтардың құрамы, мәдениеті және тұрмыс салты

Адам – планетамыздың басты баға жетпес байлығы.Адамзат факторының қоғам өміріне барлық саласындағы алатын орны маңызды.Сол себепті оны зерттеп білудің мәні де зор.
Жер шары халқының көбеюі мен таралуының алғышарттары,зерттелуі.
Тұрғындар географиясы зерттейтін басты нысандар қатарына – халықтың саны,оның құрамы,таралып орналасуы мен ырғақты түрдегі ұдайы өсу режимі жатады.Бұл мәселені демография және этнография ғылымдары да зерттейді.Осы ғалымдар негізінде географияның зерттейтін шептес саласы «демогеография» мен «этногеография» пайда болды.Ал тұрғындар географиясы халықты кеңістікте орналасу тұрғысынан,оның ерекшеліктерін және дамуын қарастырады.Маман-географтар үшін халықтың құрамын,оның ұдайы өсуін,олардың арасындағы айырмашылықтарын білу арқылы,еңбек ресурстарының сан мөлшері мен құрамы жайлы мәліметтерді білу өте маңызды.Сол сияқты бұл ресурстарды зерттеу барысындаәрбір халықтың этникалық тобының материалдық және рухани-мәдени жақтары,әдет-ғұрпы мен еңбек дағдылары ескеріліп сипатталады. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Журналистика | Тікелей эфирдегі сұхбат

Журналист қай кезеңде де қоғамды толғантып, көпшілікті ойландырып отырған мәселелерге үн қосады және оларды шешудің оңтайлы жолдарын іздестіреді. Әңгіменің өн бойындағы ойлар мен пікірлерді ұлттық мүддеге негіздеп, елдің ертеңіне қызмет жасауға икемдейді. Жүректерді мазалаған жалынды ойлар көкіректі жарып шығып, мейлі ол президент не премьер болсын, сол биік дәреже иелеріне құлаққағыс болып және журналистің сөз майданындағы айқасына алып келеді.
Тақырыбымның өзектілігі сол қазіргі кезде, тіпті бұрын да көгілдір экранда, радиода, баспасөзде де ең көп тараған жанр– сұхбаттың әлі күнге дейін өз ерекшелігімен көрермендерін таң қалдырып, өзектілігін жоймай, замана талаптарына сай өзгеріп жаңа қырымен танылуында. Біріншіден әрі жанр, әрі ақпарат алу әдісі ретінде дуалистік сипат алған бұл жанр өз еңбек жолын теледидардан бастаған жас мамандар таңдайтын бірден-бір жетекші жанр болып отыр. Себебі өзге жанрлардың да құрамында кездесетін сұхбат ең оңай болып көрінеді. Мен айтар едім сұхбат– жүргізушіден табиғи талантты талап ететін өнер жанры. Сұхбатты терең зерттеп, оның қыр-сырына үңіле берсек, оның сыры көп сыршыл жанр екенін аңғарамыз. Уақыт талабына сай сұхбатқа қойылатын талап пен талғам да өсуде. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Өлең: Келіннің атасын жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)

Аспаннан ұшқан самұрық,
Жұлдыздай кетті-ау ағылып.
Айрылман деген атам-ай,
Айрылып қалдым не қылып?!
Мінгенде атым бурыл тай,
Алтын қазық сурылды-ай.
Атекем сені ойласам,
Амалым менің қурылды-ай.
Айналайын атам-ай!
Ықылас берген батаң-ай.
Осынша сізді қинайтын,
Жоқ еді ғой қатаң-ай.
Атекем сізді силағам,
Шын жүректен қимағам.
Арқан соғып, арық қазғанда,
Шыбын жанды қинаған.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Ертегі: Корольдер мәткелер мен балталар

Қағаздан қиып, желімдеп, қандай ғажап ойыншықтар жасап алуға болады десеңші! Бірде қиып, желімдеп ойыншық қорған жасалынды; оның үлкендігі сондай бір өзі бүкіл үстелдің үстін алып кетті; сонан соң оны құдды қызыл кірпіштен жасалғандай етіп бояп қойды. Қорғанның әдемі мыс шатыры, мұнарасы мен ашылмалы көпірі болды, ордың ішіндегі суы айнадай жалтырады, ол араға өзі де айнала шыны қойылған болатын. Ең биіктегі қарауыл мұнарасында қолында кернейі бар күзетші қойылды, ол кернейді......
Ертегілер
Толық
0 0

Реферат: Қазақ әдебиеті | Ескелді би

Ескелді би (шамамен 1692 —1770 жж.) Әмбе жалайыр әулие атанған Ескелді би — күллі қазақ халқына қауіп төнген ХVIII-ғасырда ел қорғаған ерлердің бірі. Ол өзінен екі жас кіші Балпық әулиемен, Қабылиса сияқты әрі ақын, әрі батырмен, қол бастаған Орақ батырмен бірге жоңғар басқыншыларына қарсы жойқын жорықтар жасап, елінен, жерінен айырылып босып кеткен жалайырлардың басын құрап, Жетісу өлкесіне қоныстандырған тарихи тұлға.
Мазмұны
1 Шежіреден
2 Өмірбаяны
2.1 Балалық шағы
2.2 Ер жеткен шығы
2.3 Батыр Ескелді
3 Ескелді би туралы жырлар
4 Әулие Ескелді
5 Ескелді би айтқан сөздер
6 Пайдаланған әдебиет
Шежіреден

Ұлы жүздегі он екі ата Жалайырдың бір тармағы Сиыршы руынан өрбіген бес баланың бірі — Тоқымбеттен Бейімбет туады. Одан тараған үш ұлдың ортаншысы — Жанғабыл. Оның баласы Жылкелді — бес ұлдың әкесі. Үшіншісі Ескелді екен. Жылкелдінің бәйбішесі .....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Қазақ әдебиеті | Өткелбай би Исаұлы

Өтетілеу би – Кетебайдың үлкен ұлы және әкесіні билік жолын ұстаған баласы. Өтетілеу шамамен 1760 жылдары дүниеге келген. Өтетілеу қарақалпақ, Бұқара, Қоқан, Хиуа хандықтары арасындағы түрлі келісімдерге араласқан би. 1834 жылы Бұқараға сапар шеккен П.И.Демезон мен И.В.Виткевичтің «Записки о Бухарском ханстве» атты еңбектерінде (жазбаларында) Өтетілеу би туралысөздер бар. Негізгі мазмұны: «...1824 жылға дейін хиуалықтар қазақтарды жыл сайын тонап отыратын, бірақ арнайы алым түрі жоқ болатын. Кейіннен тонаушыылық шектен шыға бастайды. Сол тұста Шөмекейлер Хиуа ханына арнайы елші жіберіп, зекетті өздері апарып тұратын болып келіске-ді. Бұл келісім 1832 жылға дейін созылады. Өтетілеу би 1832-33 жылдарда Хиуа ханына жолығып, бұдан былай зкетті өздері келіп жинауын ұсынады. Осыны күтіп отырғандай Хиуа бектері Сырдария бойына еркін ене бастаған.
Атақты Балқы Базар Төребай биге .....
Рефераттар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Аудиторлық тәуекелдік

Қызмет жүзеге асыру барсында өзінің ресурстарының белгілі бір бөлігін жоғалтуын табысты толық көлемде алмауын және қосымша шығындарын көбейюін тәуекел дегенді түсініктемесін береді.
Курстық жұмыс негізгі үш бөлімнен тұрады.
Бірінші бөлім, тәуекелділік түсінігі және түрлері деп аталады. Бұл бөлімде тәуекелділіктің түсініктемесі мен мағынасын түсіндіреді. Сонымен қоса кәсіпорында пайда болатын тәуекелділіктерді анықтайды және түрлерін атап өтеді.
Екінші бөлім, аудитторлық тәуекелділік және оның компаненттері деп аталады. Бұл бөлімде аудиторлық тәуекел дегеніміз не, оның үш компаненттері (бөлімбейтін, бақылау және айқындамау тәуекелділіктері) туралы айтылады және оларды толық ашып түсіндіріледі.
Үшінші бөлім, маңыздылық деңгейі мен аудиторлық тәуекелділік және тәуекелділікті талдау мен бағалау деп аталады. Бұл бөлімде маңыздылық деңгейі мен аудиторлық тәуекелділіктің қаншалықты тығыз байланысы барын айтады және аудиторлық бағалаудың негізгі екі әдісін қолдануын, формуласын көрсетеді. Тәуекелділікті талдау жасалу әдістерін аталып бөлек талдаулары мен фомуласы көрсетіледі.
Ең соңында қортынды жасалады.
Курстық жұмысының мақсаты – ұйымның қаржылық тұрақтылығын ескере отырып мүмкін болатын тәуекел аймағын анықтау және әдістерін қоланумен байланысты барынша оны төмендету көздерін анықтау.
Тақырыптың өзектілігі. Нарықтық қатынастар экономикасы жағдайында аудиторлық фирмалардағы аудиторлық тәуекелділік үлкен роль атқарады.
Курстық жұмысының міндетті. Бұл курстық жұмыс ХАС – 400 «Тәуекелділікті бағалау және ішкі бақылау» негізінде жүргізілуі тиіс. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0