Шығарма: Көрікті де келбетті – Балқашым

Ерке толқыны жағаға ұрып, балығы тайдай тулағын, көкше көлдің теріскейіндегі шағын қаламыздың жетпіс жылдан астам тарихы бар. Осы жылдар ішінде талай тарихи оқиғаларды бастан кешкен Балқаш қаласы қазіргі таңда барша әлемге сары алтындай мысымен және орталық қазақстанның жауһары атанған – Балқаш көлімен де әйгілі.Жер шарындағы ішкі су қоймалары бар ең көне көл деп саналады. ......
Шығармалар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: География | Байқоңыр зымыран әкелетін зардап

1.1. Байқоңыр қаласы және ғарыш айлағы
Байқоңыр ( бұрынғы Ленинск ) – Қызылорда облысы, Қармақшы ауданында орналасқан қала. Іргетасы 1955 жылы қаланған. Тұрғыны – 53 мың адам ( 1997 жылғы халық санағы бойынша ). Климаты – тым континенттік. Бұл аймақтың ауа – райы өте құбылмалы. Қысы-суық, жазы-ыстық, әрі-қуаң, жауын-шашын 90-150мм-дей аз жауады. Сол себепті ауа – райы ылғалсыз, әрі құрғақшылық жиі болып тұрады. Жер бедері жазық, тау – тастар жоқ. Тек қана құм белестері мен көшпелі құмдар көп кездеседі. Өсімдік әлемі онша көп емес. Орман – тоғай бұл аймақта өспейді. Өсімдіктердің систематикалық түрлері де өте аз. Көпшілік өсімдіктер ботаника тілімен айтқанда – эфемерлер. Көктем айларында құлпырып өсіп, қызылды – жасылды бәйшешектер атып, ұрық береді де, жаз айлары туысымен олар тіршілігін жойып, қурап қалады. Дегенмен, мал жайылатын жайылымдар бұл аймақта өте көп. Шөбі шүйгін, жұғымды келеді. Бірнеше мың гектар жерді алып жатқан қала ұзақ жылдар бойы «аса құпиялы қала» болып есептелініп келді. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Әңгіме: Шерхан Мұртаза | Келіншектау сағымдары

Шілденің күні шаңқай түс болғанда батыстағы Келіншектау сағымданып, үздік-создық қимылдай бастайды. Баяғы байдың ұзатылған қызының көші қайта тіріліп, уап-шуап бара жатқандай.

Байдың қызы ұзатылған ғой. Қыз әкесіне өтініш айтыпты: Менің жасауыма алтын шаңырақты, күміс уықты ақ отау дайындатыңыз. Қазан, ыдыс-аяқ, табақ бәрі де алтын жалатқан күмістен болсын. Төсегімді пілдің сүйегінен жасат. Көрпе-жастық шытырма шәйі, сусыма жібектен болсын, — деп тағы басқа керек-жарақтың бәрін небір асылдан әзірлеткен ғой.

Жасау мүлкі қырық түйеге артылып, қалыңдық көші шұбатылып жолға шыққанда, кенет байдың қызы көшті тоқтатып, әкесіне:

— Әкетай-ау, біз бір нәрсені ұмытып кетіппіз ғой — дейді.

— Нені, шырағым?

— Итаяқ алтыннан болмады ғой.

Әкесі аттың үстінде келе жатып, қос қолының алақанын көк аспанға қарата жайып жіберіп:

— О, Тәңірі! Бар болсаң, мына көшті тас қыла гөр! — деп, сақалын көзінің жасы жуып, құдіретті күшті Құдайға шын ниетімен жалбарынған екен дейді. Әкенің қарғысы қатты, тілегі тәтті, байғұс қыз келіншек болып келе жатып, лезде бүкіл көш ұзақтан-ұзаққа созылған қаратас болып қатып қалған ғой.

Содан бері Келіншектау аталады. Күндіз оны сағым буып тұрады. Кешке жақын, күн батарда Келіншектау алыстан ерекше ап-айқын көрініп, келбеттеніп, құдіреттеніп кетеді.

Шілденің күні шаңқай түсте ысып, ми айналдыратын тұста, тірі жан кірерге тесік таппай, бәрі де алақандай болса да көлеңке іздейді. Тал түсте көлеңке де барынша қысқарады.

Киіз үйдің көлеңкесі қураған терідей қусырылған жерде келісті ақ ешкі екі лағымен бүйірі бүлкілдеп, ыстықтап жатқан болатын. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Құқық | Қылмыстардың жекелеген түрлері мен топтарын тергеудің әдістемесі

Қылмыстық сипаттың сапалық өзгеруі, қоғамның криминализациялануы жағдайларында теріс, жағымсыз ой мақсаттардың алдын алудың кешенді шараларын өңдеу үшін әлеуметтік және заң ғылымдарының ынтымақтастығы өзекті мәселеге айналуға тиіс.
Қылмыстың ұйымдасқандығы, кәсібилігі, жаңа техникалармен қарулануы криминалистикалық ғылымды жаңадан өңдеп зерттеуге, яғни озық технологияларды қолдануды, қылмыстардың алдын алу, тергеуге жаңа әдістемелік тәсілдерді енгізуді қажет етеді.
Соңғы жылдарда елімізде қылмыстың өршуі, оның ішінде аса қауіпті қылмыстардың жасалу саны одан әрі өсуде.
Бұл жай құқық қорғау, атап айтқанда , тергеу органдарының жұмысын одан әрі жақсартылуын, олардың қылмысты ашуда, тергеудің нәтижелі және тиімді тәсілдерді жан – жақты пайдалануын талап етеді.
Жасалған қылмысты тез арада ашып, қылмыс жасаған адамдарға тиісті жаза тағайындау, қылмысқа қарсы күрестің нәтижелігін арттырады, қылмыс жасаудан кейбір адамдарды сақтандырады.
Қазіргі кезде елімізде қылмыстың өте көп тараған түрі болып – ұрлық саналады. Ол көлік ұрлау, үй – жайларға еніп ұрлық жасау, жеке адамдарға, мүлікке, меншікке ұрлық, т.б. болып табылады. Адамдардың қылмыс жасаудың себебі: әлеуметтік – экономикалық жағдайдың нашарлығы, жанұяда тәрбие көрмеуі, басқа біреудің айтқанына еріп, алданып қалуы, т.б.
Осындай қылмыстармен күрес жүргізу үшін, оларды алдын алу үшін ІІО – нда қылмысты ашу, тергеу және алдын алу үшін криминалистикалық техника, тактика және тергеу әдістемесін жеткілікті меңгерген, кәсіби білікті заңгер мамандарды дайындау ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Әңгіме: Мәнкеева Айгерім | Сөзіңізді тыңдатқыңыз келсе

Сөз тазалығы – сөйлеушінің немесе жазушының әдеби тіл нормасын сақтаумен бірге, ана тілінің мүмкіндігін пайдалана білу. Тіл тазалығының да тілдің дұрыстығына ұқсас кейбір жерлері кездеседі. Тіл мәдениетінің ең басты коммуникативтік сапаларының бірі болғандықтан, сөздің тазалығына ерекше мән беріледі. Дәлірек айтқанда, сөзді қолданғанда, баламасы бар сөздердің әдеби тілге қатысты бірден-бір ұғынықты ана тілінің тазалығын танытатын сөзді таңдай білу керек. Былайша айтқанда, тілді шұбарлауға бармаған жөн. Ал, тілдің тазалығын бұзатын, оған нұсқан келтіретін факторлар аз емес. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қаржы және кәсіпкерлік тәуекелдерін бағалау және басқаруды талдау

КІРІСПЕ
Әлемдік қаржы нарығының дамуы, әлемдік экономикалық кеңістіктің мүшелері болып табылатын ірі қаржы несие институттарына, өндірістік және сауда корпорацияларына тікелей әсер етеді. Әлемдік нарықтың қатысушылары глобализация, интернационализация процестерінің өз қызметтеріне тікелей әсер ететінін біле отырып қаржы нарығының жаңа даму тенденцияларын ескеруі керек. Осындай компаниялардың қызметі барысында пайда болатын тәуекелдер жылдан жылға көбеюде. Бұл нарықтың қатысушылары белсенді түрде пайдаланатын жаңа қаржы құралдарының пайда болуымен байланысты. Қаржы құралдарын пайдалану қабылданған тәуекелдерді төмендеткенмен қаржы нарығының қатысушыларының қызметі белгілі бір тәуекелдермен тікелей байланысты болады. Сондықтан да менеджер тәуекелге қатысты жағдайда уақтылы, дұрыс шешім қабылдауы керек. Ол үшін болуы мүмкін шығындар мен зияндардан сақтандыру мен хеджирлеудің әр түрлі құралдарын пайдалану қажет. Соңғы жылдары мұндай қаржы құралдарының әдіс-тәсілдері едәуір көбейді. Компания қызметінің тиімділігің артуы қандай құралдың пайдаланылғанына тікелей байланысты болады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Информатика | Қонақ үй жұмысы Программада келесі мәселелер қарастырылуы керек

Әртүрлі ұйымдардың табысты жұмыс жасауы үшін ақпаратты жүйенің дамығанын талап етеді. Сонда сол деректермен автоматтандырылған жинауды, өңдеуді және монипуляциялауды іске асырады.
Мәліметтер базасы деп, деректердің электрондық сақтаушысын айтады. Оларға қатынас, бір немесе бірнеше компьютерлер көмегімен іске асады. Әдетте деректер базасы деректерді сақтау үшін жасалады.
Мәліметтер базасы – ақпаратты сақтауды және де мәліметтерге ыңғайлы, тез кіруді қамтамасыз етеді. Мәліметтер базасы өзінен белгілі бір ережелерге сай құрылған деректер жиынтығын құрайды. Деректер базасындағы ақпарат :
• қайшылықсыз
• артықсыз
• тұтас
болуы керек.
Мәліметтер базасын басқару жүйесі деректер базасын құруға, толтыруға, жаңартқанға, жоюға арналған программалық жабдық болып табылады.
DELPHI жүйесі деректер базасын басқару жүйесі болып табылмайды, егер сөздің тура мағынасын алатын болсақ, бірақ толық МББЖ ( мәліметтер базасын басқару жүйесі) мүмкіндіктеріне ие. Ұсынылып отырған DELPHI құралы локальдік және тораптық деректер базасын құрып, және оның ішінде жұмыс істеуге және кез-келген деректер базасымен жұмыс істей алатын қолданба құруға мүмкіндік береді .
Локальді МББЖ барлық бөліктері қолданушы компьютерінің деректер базасында орналасады. Егер бір мәліметтер базасына бірнеше қолданушылар бір мезгілде қатынас жасаса, әрбір қолданушының компьютерінде өзінің локальді МББЖ-нің көшірмесі болуы керек.
Тораптық МББЖ-ге файл-серверлік, клиент-серверлік, бөлінген МББЖ-лар жатады. Осы жүйенің негізгі атрибуты болып, торап саналады. Торап−бірнеше компьютерлерді байланастырып, бір дерекпен бірнеше қолданушылардың корпоративті жұмысын қамтамасыз етеді.
Көпқолданбалы МББЖ ақпараттық жүйе құруға мүмкіндік береді. Көпқолданбалы МББЖ-леріне: Oracle,Informix, SyBase, Microsoft SQL Server,
InterBase және т.б жатады.
DELPHI-ді кәдімгі МББЖ деп айтуға, оның өзінің кестелік форматының болмауы ( деректерді сипаттау тілі ) бөгет жасайды. Сондықтан ол басқа МББЖ кестелік форматын қолданады. Мысалы: dBase , Paradox , InterBase .
Бұны бірақ та жетіспеушілігі деп те айтуға болмайды, себебі аталған форматтар өздерін жақсы қолданушылық қабілетін көрсетті. Сонда да DELPHI мүмкіншіліктері арнайы МББЖ мүмкіншіліктерінен қалыспайды, кей-кезде олардан асып та тұрады.
МББЖ дегеніміз бағдарламалық қамтама. Бұның арқасында қолданушылар деректер базасын (ДБ) анықтай, құрай және қолдай алады, сонымен қатар оған қатынасты бақылай алады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Нан дастарханға қалай келеді

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Айналамен таныстыру
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің тақырыбы: «Нан дастарханға қалай келеді?»
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің мақсаты: Дән тұқымымен танысу, бидайдан нан жасалатынын айта отырып, дастарханға жеткенге дейінгі істелетін еңбек мазмұнымен, қолданылатын техникалардың аттарымен таныстыру. Үлкендердің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық мақсаты: Балалардың ақыл - ой белсенділігін арттыру. Өлең, нақыл сөз, мақал - мәтел арқылы тіл байлығын дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Берілген тапсырманы орындауға, еңбекқорлыққа тәрбиелеу, нақыл сөздердің тәрбиелік мәнін түсінуге талпындыру.
Жаңа сөздер: наубайхана, диірмен, комбайн, дихан, элеватор.
Әдіс - тәсілдер: түсіндіру, сергіту, ойын, әңгімелеу, сұрақ - жауап.
Көрнекі құралдар: Еңбек адамдарының суреттері, нан түрлерінің суреттері, нан, бауырсақ, ойынға дидактикалық құралдар, ұн, смайлик.
Пәнаралық байланыс: тіл дамыту, бейнелеу, сауат ашу. .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0