Ішіп-жеген асымыз ағзамызда «қалдық» қалдырады. Ал ағзамызды тазартпасақ, түрлі ауруға әкеліп соқтырады. Олай болса, ағза тазалауға таптырмас 11 дәмге көз жүгіртелік.
1. Миндаль Оның құрамында қандағы қант мөлшерін қалыпты ұстауға көмектесетін кальций, магний, ақуыз көп. Ал миндаль құрамындағы май ағзадан холестеринді шығарып, ішек жолдарының жұмысын жақсартуға көмек болады.
2. Авокадо Ол холестерин мөлшерін азайтып, қан тамырларын кеңейтеді. Құрамындағы глютатион 30 түрлі канцрогендердің (организмде қатерлі ісік ауруларын және қатерлі-қатерсіз ісіктерді туғызушы химиялық қосылыстар) жолын кеседі. ......
Еліміздің оңтүстік өңірінде жаңа түскен келіннің бетін оқтау байланған орамалмен ашса, Батыс Қазақстанда қамшымен ашады. Қазақстанның әр өңірі беташарды өзгеше өткізуінде қандай сыр бар? Неліктен қамшы немесе оқтау таңдалады? Қазақтың күнде көріп жүргенімен, аса мән бермейтін ырымының астары жайлы nur.kz жазады.
Алақай қыс келді! Мақсаты: Балалардың қыс мезгілі және оның ерекшеліктері туралы түсініктерін кеңейту. Қысқы табиғат көрінісі, қысқы ойын түрлерін атау. Қоршаған ортаға деген сүйіспешілігін арттыру. Балаларды жапсыру іскерлік дағдыларына машықтандыру, жапсыруды меңгеру. Ұсақ қол моторикасын дамыту. Психологиялық сәт Амандасу үлкенге Тәрбиенің басы ғой. Ал, кәнекей бәріміз сәлем дейік үлкенге Сәлеметсіздер ме, қонақтар! Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы: «Алақай қыс келді!» Аяз қысып, Өрнек сызып Терезені торлайды. Қарда омбығып, бет домбығып Балалар сырғанап ойнайды. Кейде ұлып кейде ысқырып ұйқып боран соғады. Бөбектерім айтыңдаршы Бұл қай кезде болады? Балалар қазір жылдың қай мезгілі? Қыс мезгілі. Қыс мезгілінде ауа-райы қандай болады? Суық, аяз болады. Жұмбақ шешіңдер: Қыста ғана болады, ұстасаң қолың тоңады. (Қар) Айналаны, үйлердің шатырын не басып тұр? Қар басып тұр. Қар қайдан жауады? Аспаннан жауады. Қардың түсі қандай? .....