Балабақша сабақ жоспары: Алақай қыс келді

Алақай қыс келді!
Мақсаты: Балалардың қыс мезгілі және оның ерекшеліктері туралы түсініктерін кеңейту. Қысқы табиғат көрінісі, қысқы ойын түрлерін атау. Қоршаған ортаға деген сүйіспешілігін арттыру. Балаларды жапсыру іскерлік дағдыларына машықтандыру, жапсыруды меңгеру. Ұсақ қол моторикасын дамыту.
Психологиялық сәт
Амандасу үлкенге
Тәрбиенің басы ғой.
Ал, кәнекей бәріміз
сәлем дейік үлкенге
Сәлеметсіздер ме, қонақтар!
Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы: «Алақай қыс келді!»
Аяз қысып,
Өрнек сызып
Терезені торлайды.
Қарда омбығып,
бет домбығып
Балалар сырғанап ойнайды.
Кейде ұлып
кейде ысқырып
ұйқып боран соғады.
Бөбектерім айтыңдаршы
Бұл қай кезде болады?
Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Қыс мезгілі.
Қыс мезгілінде ауа-райы қандай болады?
Суық, аяз болады......
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Қош келдің Әз - Наурыз

Мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт - дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Нақыл, қанатты сөздер, киіз үй жабдықтары, дастархан.

Жүргізуші: Армысыздар ата - аналар, ұстаздар, қонақтар! Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз келіп жетті. Тойларыңыз құтты болсын!
Наурыз – «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн – біздің ата - бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойы мерекесі құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда денсаулықтарыңыз мықты болсын, тілектеріңіз қабыл болсын!
Олай болса «Қош келдің, Әз - Наурыз!» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер!
Армысыңдар, халайық,
Бармысыңдар, халайық.
Наурыз тойын жұп жазбай
Жылда қарсы алайық - дей келе балалардың наурыз мерекесіне арнап айтатын өлең жолдарына кезек беремін. .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Ертегі: Жұмсауық келін

Ерте, ерте, ертеде бір қарияның келіні болыпты. Ол өзі өте жұмсауық екен, маңайындағы ауыл үй адамдарын талғаусыз жұмсай беріпті. Көршілері оны сондықтан «жұмсауық келін» деп атап кетіпті.

Мұны естіп бір күні қария отауына беттейді. «Келінге барып хабарласайыншы, мені де жұмсар ма екен», – деп ойлайды ол.

Қарт отауға таяй бергенде, үйден......
Ертегілер
Толық
0 0