Бұрынғы өткен заманда бір хан өзінің қол астындағы халқына жар салады.
Бүкіл халық жиналған соң, хан:
— Кімде-кімнің әкесінің жасы алпыстан асқан болса, ол шалды айдалаға алып барып тастау керек. Жасы алпыстан асқан шалдың не керегі бар. Оның қолынан іс келмейді. Үйде жатып, тапқан-таянғандарыңды ішіп-жегеннен басқа оның бітірер ісі жоқ. Шалдарыңды құртыңдар! Ал мұны қабыл алмағандардың басын аламын! – дейді.
Хан жарлығы екі бола ма? Жаңағы сөзді естіген халық: «Шал әкемізді аман алып қаламыз деп жүргенімізде, өзіміздің басымыз кетер, ханның дегені-ақ болсын» дейді. Ханның үкімі жүзеге асырылып, көп замандар бойы жұртқа міндетті заң болады. Жасы алпысқа келгенше шалдар өз ажалынан өлсе, өледі, өлмесе елсіз жерге апарып тасталып, ит-құсқа жем болады. Бірқатары шалдарды таудың жағасындағы дарияға тастап өлтіретін болған.......
"Өздеріңмен бірге болсын, - деді әжесі әке-шешесіне. - Енді мектепке баратын уақыты да жақындап келеді. Ақыры қаланың мектебіне оқытамыз деп отырсыңдар ғой. Үйренісе берсін. Өздеріңнің балаларың ғой".
Қалаға келгелі содан бері жақпағаны, әуелі, әке-шешесі тұратын үй болды. Аядай ғана бір бөлме еді. Былай шапқыласа да, былай шапқыласа да шешесінен ескерту алып қала береді. Бірақ......
Қазақ тілі Т2 Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жанды табиғат Сабақ тақырыбы: Күз келді. Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 1.3 Тыңдаған аудио/бейнематериалдың мазмұнын түсіну 3.1.3.1 тыңдаған материалдың (ұзақтығы 1,5-2 мин) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру және сюжеттің даму желісі бойынша иллюстрациялар орналастыру/кесте толтыру/ мазмұндау 2.2 Берілген тақырып бойынша сөйлеу 3.2.2.1 берілген тірек сөздер негізінде сөйлеу (3-4 сөйлем) 5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау) 3.5.1.2 өз бетінше шағын мәтіннен көптік/ тәуелдік/септік/жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану...