«Кел, ойнайық, балақай!»
Өзіңнен ұл, қыз туса, ей азамат!
Қолда өсір - ұстай көрме алыста жат.
Мейірімді, таза болса тәрбиесі,
Баланың еркін өсер тәртібі-есі
Жүсіп Баласағұни
Жоба түрі: ойын түрлерін пысықтау.
Мерзімі: қысқа
Жобаға қатысушы топ: «Балдырған» ортаңғы топ
Жобаның өзектілігі:
1. Әдеби жобалардың көбеюіне үлес қосу, мектепке дейінгі балалардың оқу сауаттылықтарын дамыта отырып, икемділікке, ептілікке баулу.
2. Ата–аналармен бірлесе жұмыс істей отырып, балаларға ұлттық ойындар мен қазіргі ойын түрлерін меңгерту.
3. Жалпы адамзат жинаған тарихи-мәдени, рухани мұраларды тіл арқылы меңгеруге болатынын және өз ойын жеткізудің,
өзін-өзі тану мен өзгені танудың бірден - бір құралы тіл екендігін таниды.
Мақсаты: тілін дамытып,анық сөйлеуге үйретіп, сана сезімдерін қалыптастыру. Қиялын дамыту, ептілікке, алғырлыққа, білгірлікке баулу. Бойларына мейірімділік, достық, бауырмалдық сезімдерін дарыту.
Міндеті:
- баланың лингвистикалық дүниетанымын қалыптастыру;
- әрбір тілдік бөлшектердің жалпы тіл жүйесіндегі орнын, маңызы мен ерекшеліктерін түсінуіне қажетті іскерлік – дағдыларын қалыптастыру;
- тілдің қоғамдық маңызын түсіндіру, халық ауыз әдебиетінің түрлерімен таныстыра отырып, логикалық ойлауын, қабылдау, түйсіну әрекеттерін жетілдіру, шығармашылық қабілеттерін арттыру;
- таным белсенділігін күшейту;
- тіл фактілері арқылы баланың рухани дүниесін жетілдіру, адамгершілікке тәрбиелеу;
-
қазақ тілі сабағындағы пәнаралық байланыс арқылы қоғам, табиғат туралы адамзат жинап қорытқан білім негіздерімен қаруландыру.
Осы аталған мақсаттар мен міндеттерді және қамтылған тақырып мазмұндарын қолдану барысында баланың сөздік қоры дамып, сөйлеу мәдениеті қалыптасады.
Күтілетін нәтиже: Балалар анық сөйлеп, қоршаған ортада өзін–өзі тәрбиелеп, бағалап, қимыл–қозғалыс, ойындар әрекеті арқылы белсенділігі артады, халық ауыз әдебиетінің түрлерін саналарына меңгеріп, шығармашылық қабілеттері дамиды, мейірімділікке үйретеді......