Сұлулық сыры: Алия Телебарисовадан кеңес

Қарапайым ғана құпия – мен әрқашанда позитивте болуды қолдаймын. Көңілді жүріп, әр нәрсеге қуана білемін. Себебі, менің жан дүниеммен сыртқы келбетім бір-бірімен үйлесім табуы керек. Сонымен қатар, күніне 2 литр су ішіп, үнемі фитнеспен айналысуға тырысамын, таңғы аста жемістер жегенді жөн санаймын.

Әйгерім деген әпкем дәрігер-косметолог болғандықтан ылғи да терімнің күтімі жөнінде әпкемнен кеңес алып тұрамын. Ал жазғы уақытта терімді күннен қорғайтын кремдер арқылы қорғаймын. Таңертең.....
Қыздарға (бойжеткен) пайдалы кеңестер | Аналарға және әйелдерге кеңестер
Толық
0 0

Күйеуінен күнде таяқ жейтін ақтөбелік келіншекті полицейлер мазаққа айналдырды

Ақтөбе облысы Кеңқияқ ауылының тұрғыны Гүлдана Тұрғалина күйеуінің соққысынан шаршаған келіншектердің бірі. Тұрмыстық жанжалдан әбден мезі болған ол әйелдер құқығын қорғайтын ұйымға жүгінгісі келеді.
Жаңалықтар
Толық
0 0

Күйеуін абайсызда өлтіріп алған келіншек жалғыз ұлын қайын атасынан сатып алды (фото)

Қорғанамын деп күйеуін абайсызда өлтіріп алған ақтөбелік келіншекке туған баласын бермей қойған қайын атасы немересін автокөлікке саудалаған деп хабарлайды nur.kz порталының өңірдегі тілшісі.
Жаңалықтар
Толық
0 0

Ақтөбеде жолдасы алты баламен тастап кеткен ана өлместің күнін кешіп жүр (фото)

Ақтөбеде алты балалы жалғызбасты ана өлместің күнін кешіп жүр. Келіншек балаларын асырау үшін емізулі баласын тастап, ертеден кешкен дейін еден жуады. Ал жолдасы ішімдікке салынып, алты баласымен тастап кеткен деп хабарлайды nur.kz.
Жаңалықтар
Толық
0 0

Күйеулері тоқал алып кетпеу үшін қазақ келіншектері не істеу керек?

Instagram әлемінде «Құралай ханым» есімімен белгілі блогердің тұшымды жазбалары қазақ тілді қолданушылар арасында соңғы кезде үлкен сұранысқа ие. Көптеген қыз-келіншектердің көкейдегі сұрақтарын жауапсыз қалдырмайтын блогер nur.kz порталына сұхбат берді.
Жаңалықтар
Толық
0 0

Мұғалім болғысы келді

Оқушылар "Кім болам?" деген тақырыпқа шығарма жұмысын жазып жатты.

***

Ұстаздық мамандықтың беделін қоғамда қалай көтереміз деген ұзақ талқылаудан
кейін мұғалімге кабинет, кресло және хатшы берілетін болған еді. Енді оқушылар
мұғалімнің қабылдауына жазылады. Осыған орай......
KZ
Толық
0 0

Патриоттар

Жігіт туды үйінің төріне іліп қойды да, келіншегіне қарап:
- Қарашы, қандай болып тұр екен? - деді.
Келіншегі туға қарап тұрды да, былай деді:
- Жаным, алып тасташы, ұятты жұрттан.
- Неге?
- Қойшы, кімді көрдің, үйінің төріне ту іліп қойып отырған?
- Ой, сенің осы мінезің-ай, жоқ нәрседен......
KZ
Толық
0 0

Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Келіншек

Күйеуінің қолы тиіп кеткен еді. Бұрынғы сезіммен қосылып тұрмысқа шыққан көңілінде содан кейін оған деген пайда болған өкпе ме, реніш пе, әйтеуір, бірдеңе бұрынғы оған арналған жүрегіндегі сүйіспеншілік сезімімен бірге ішкі сарайында бірін-бірі жеңе алмай, итжығыс түсіп, алмасып келді де отырды.

- Айдын, әу, Айдын! Мына көйлекті киіп көрші! Саған алып едім! Қане! Дұрыс алған екем ғой! Мә, керемет жарасып тұр екен! Тура бір көйлектің жарнамасындағы жігіттердей болдың да қалдың! (Осы кезде ұрғаны есіне түсіп кетіп, ішінен). Қолың сынғыр, қолың сынғыр. Мені ұрған қолың сынып қалмайды-ау сенің. Қолың сынып, көйлектің жеңі салбырап тұрса, жақсы болар еді.

- Айдын, әу, Айдын! Ертең Жұмабектер қарындасын ұзатқалы жатқан жоқ па? Осы көйлекті сол кезде киіп барасың ғой! Жарасымды болып барғаның өзіңе жақсы ғой! (Ұрғаны есіне түсіп кетіп). Сені кім шақырғалы жатыр соған?! Тек мен жүргесін шығар қасыңда.
.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Шерхан Мұртаза | 41 жылғы келіншек


— Сен мені танымай қалдың ба, неге үндемейсің Мақсұт?

Ол тіл қатпады. Босағада тұрды да қойды.

— Бір-бірімізді көрмегелі отыз жылға жуық болды, Мақсұт. Сен соғысқа кеткенде, мен жиырма сегізде едім ғой.

Ол үндемеді.

— Қартайдым, Мақсұт. Ал сен дәл осыдан отыз жыл бұрынғы қалпыңда қалыпсың.

Ол үндемеді.

— Танымадың ба, Мақсұт? Мен Хадишамын ғой! Сені әне келеді, міне келеді деп отыр едім. Жұрт көрсе, сені менің балам дер. Сен, сірә, сол сөзден қорқып тұрсың ғой.

Ол үндемеді.

— Босағада тұрғаның қалай, Мақсұт! Төрге шық, өз үйің ғой.

Хадиша Мақсұтты қолынан ұстап төрге алып шықпақ болып,ілгері аттайын деп еді — орнынан қозғала алмады. Арада екі адым жер, бірақ алынбас асу сияқты. Жілік-жілігіне қорғасын құйып, жерге қағып қойғандай тырп етуге дәрмен жоқ.

Ал Мақсұт табалдырықта әлі тұр. .....
Әңгімелер
Толық
0 0