Зерттеу жұмысының тақырыбы: “Болашақ жоғарғы мектеп оқыту-шы¬лары¬ның кәсіби-педагогикалық біліктілігін Университет магистра¬-турасының білім беру жүйесінде қалыптастыру” Зерттеудің өзектілігі: Қазақстан Республикасындағы ғылым мен университеттік білімнің дамуының қарқындылық сипат алуы ХХІ ғасырдың мемлекеттік басты талаптарының бірі болып отыр. Бұл талаптар жоғарғы мектеп, әсіресе университеттегі маңызды сұрақтарды тереңірек әрі кеңінен қарастыру мүмкіншіліктерін туғызуда. Нарықтық қатынастарға өтуге байланысты қоғамымызда жаңа заман талабына сай білікті мамандар даярлау талабы өсіп келеді. Бұрынғы Кеңес одағы құрамындағы мемлекеттерінің егемендік алуы, дүниежүзіндегі дамығын мемлекеттермен дипломатиялық, экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени-ағарту байланыстарының көбеюі, қоғамдағы экономикалық және әлеуметтік көзқарастағы өзгерістер, оның салауатты қоғам орнатуы әрбір азаматтың жан-жақты дамуын талап етеді. ....
Қазіргі заманғы биологияның ең болашағы зор әдістерінің бірі өсімдік клеткасы мен ұлпасын жасанды жағдайда өсіру. Әсіресе гаплоидты технологияның тиімділігі зор. Гаплоидты организмде барлық рецессивті белгілері көрінеді. Аталық тозаңдарды өсіру арқылы гаплоидты организмдерді алуға болады. In vitro жағдайында өсімдік ұлпасын өсіріп, өсімдік жүйесінің бір клеткадан дифференциация гистогенез, морфогенез арқылы біртұтас өсімдік алу мүмкіндігінің күрделі механизмдерін зерттеуге болады. Клеткаларды In vitro жағдайында өсіру әдістерінің ең күрделі мәселесі каллус клеткаларының морфогенез процестерін реттеу болып табылады. өсімдік клеткасын жасанды жағдайда өсіргендегі технологияда қолданудың басты мақсаты біртұтас регенерант өсімдігін алу. Даражарнақты өсімдіктердің, әсіресе астық тұқымдастардың оқшауланған ұлпаларын In vitro жағдайында өсіруге өте қиын, себебі бұл өсімдіктердің тотипатенттілік қасиеті төмен. Сондықтан органогенез процесіне эффективті әсер ететін және каллус түзуге, өсу және морфогенез процестерін реттейтін жаңа биореттегіштерді іздеу қажет [1,2]. Гормондар – тірі организмдердің тіршілігі үшін маңызы өте зор. Организмдердің дамуы, өсуіндегі ең негізгі процестер гормондармен реттелуге тәуелді. ....
КІРІСПЕ Қандай халық болмасын өзінің азаматтық тарихына енжар қарай алмаса керек. Әдебиет тарихы – халықтың азаматтық тарихымен сабақтас құбылыс. Адамның тынымсыз еңбегімен, зерек ақыл, ыстық жүректің жылуымен бірлікте ғана жасауы мүмкін таланттың қыр-сырына арнайы үңілу бұл жұмыстың мақсаты емес. Алайда шығармашылық және зерттеушілік болмысын талант пен еңбектің бірлігінен тыс түсіндіруге болмайтын, табиғатында талантты, ғұмырында еңбекқор, қазақ әдебиеттану ғылымының қазіргі белді өкілі, көрнекті сыншы, филология ғылымының докторы, профессор Құлбек Ергөбектің терең еңбек жолы, терең шығармашылық келбеті, терең ғылыми ізденістері туралы сөз бола қалған жағдайда алдымен талантты өз ғұмырында шығармашылықтың қиындығы мен қызығына бірдей жұмсап үлгерген Құлбек Ергөбек қазақ әдебиеттану ғылымының қыр сырына қанық бұл жолға таланты мен күш қайратын бірдей жаныған ғалым. Әлеуметтік, танымдық-мазмұндық тұрғыдан алғанда да, эстетикалық, әдеби-көркемдік тұрғыдан алғанда да аса маңызды зерттеу еңбектерінің атына заты сай болуын қамтамасыз ететін принциптері. Мұның өзі зерттеушіге зор жауапкершілік нардың жүгін арқалатқан міндеттер. Іс жүзінде зерттей білу де – талант. Теңіздің түбінен інжу теріп алғандай көп оқып, ізденудің кірпияз талғампаздық жемісі. Сәбит Мұқанов жайлы көптеген сыни мақалалар, зерттеу еңбектері шын мәнінде де көп еңбек етіп, талғампаздық пен мұқияттылық танытқан. Құлбек Ергөбек әдеби-ғылыми мәселелерді мөлдіретіп жазған, Тіл оралымы бай, сөз саптасы шешен. Алайда ол татусыз тамсану, дәмсіз су сорудың жетегіне ешқашан ерген емес. Не айтса да деректермен, нақтылы пайымдаулармен, ұстамды ой-пікірлермен көрінді. Құлбек зерттеулерінде сарыла ізденген нәр бар, еленіп екшеленген ой бар. Осыдан болар Қазақстанның халық жазушысы Әбіш Кекілбайұлының «... Сіздің ұлттық әдебиеттануыңыз бен әдебиет тарихының заманға лайық жаңа методологиясын жасақтау академиялық орнықтылығы мен кемелділігін қамтамасыз ету жолындағы тыңғылықты ізденістеріңізгн сүйсінемін», - деп пікір білдіруі кездейсоқ емес. Иә, академиялық орнықтылық ... Бұл қасиет қателеспесем Құлбекке кезінде біреу де болса бірегей болған Қазақтың Ұлттық Мемлекеттік университетінің ұстаздарынан дарыған деп ой түюге болады. Алайда сыншы, зерттеуші Құлбек Ергөбек шығармаларының кейінгі толқынға, артынан ерген ізбасарларына беймәлім қырлары бары анық. Диплом жұмысының негізгі мақсаты мен міндеті: Қазақ әдебиетінің жарқын бейнелерінің бірі Сәбит Мұқанов шығармашылығын зерттеп, бүтін бір шеберханаға айналдырған сыншы, зерттеуші Құлбек Ергөбектің еңбегін тану арқылы оны қазақ әдебиетінің құнды беттеріне айналдыру. Жазылған шығарманы оқу бар да, оны кәсіби тұрғыдан тану бар. Осы ретте Құлбек Ергөбектің Сәбит Мұқанов туралы зерттеу еңбектерінің кейінгі әдебиеттанушылар үшін танымдық маңызы зор. Осы тақырыпты зерттеудегі біздіңі мақсатымыз да осы арнаға саяды. Сондықтан Диплом жұмысымызды Қ.Ергөбек шығармашылығына, оның ішінде заманының заңғар жазушысы, әдебиетіміздің марқасқасы С.Мұқанов шығармашылығын зерттеген еңбектеріне арнағанды жөн көрдік. Әрине, бүкіл әдебиеттің жаңа бағытына айналған зерттеулердің бір Диплом жұмысының ауқымына сыйғызу мүмкін емес. Дегенмен сыншы, зерттеуші Қ.Ергөбек зеттеулерін ғылыми түрде қарастырып, талдап таразылаудың уақыты жеткен сияқты. Әрине біздікі тек тың соқпаққа сүре салу ғана. Қалай болғанда да, диплом жұмысымызға арқау болып отырған ауқымды еңбектер әдеби ортада өз бағасын алғанымен, ғылыми түрде сараланбағаны ақиқат. Осыны негізге ала отырып Диплом жұмысының мақсатын айқындап, саралай зерттеуді міндетімізге алдық. Диплом жұмысының өзектілігі: Бізде сыншылар аз емес. Бірақ соның ішінде әдебиетке белсене араласатыны некен саяқ. Солардың бірі – сөз жоқ Құлбек Ергөбек. «Сыншы атану, сыншы міндетін сезіну - өз буыныңның жетістігін өзіңдікі санау, кемшілігін өз кемшілігің санау, сөйтіп жетістік – кемшілікті өз мойныңа көтеріп алудан басталған» дейді Құлбек Ергөбек. Б Майлин, Ж.Аймауытов, Б.Кенжебаев, Б.Соқпақбаев, Д.Исабеков, А.Сейдімбек, Ө.Нұрғалиев, Б.Қанатбаев, Қ.Түменбаев сияқты сыншыларымыздың пікірі, ой-толғамдары таразылауы қандай мәдениетті, қандай өтімді, тұщымды. Жазушыны жер бауырлататын сын бар, жазушыны көтермелейтін сын бар. Мұның екеуі де еренсіздің ісі. Сынның төресі – жазушыға көмектесетін сын. Әдебиетті көтеретін де осы сын. Құлбек Ергөбектің сыны да дәл осындай жазушыға көмектесетін әдеби сынның беделін өсіретін өміршең сын. Ұлы ақын А.С.Пушкин «Сын тарихы – ел тарихы» екенін айтқан. Демек, шығармашылығынғылыми зерттеумен байланыстырған біздің кейіпкеріміздің сыншылық көзқарасы бір әңгіме тарауы. Әрине, шығармада жәй оқырман байқай бермес бұрылыс-қалтарыстарды әдебиетші көзімен зерттегенде сынның қатар жүретіні заңды құбылыс. Сондықтан, бүгінгі әңгімеміздің өзектілігі деп Құлбек Ергөбектің сыншылық қырын алуымыз жайдан жай емес. Диплом жұмысының құрылымы: Жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, үш тараудан, қортындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Алғашқы тарауды Құлбек Ергөбек қазақ әдебиетіндегі сыншы, зерттеуші деп алып, онда Қ.Ергөбектің сыншылық жолға келуі, жалпы әдебиетке бет бұруына ықпал еткен алдынғы буын ағаларының, ұстаздарының атап айтқанда Б.Кенжебаев пен Т.Кәкішевтердің берген бағыт-бағдары негізге алынады. Сонымен қатар, құлбек Ергөбектің шығармашылығының шыңына айналған Сәбит Мұқанов тақырыбына келу жолдары сараланады. Екінші тарауда Құлбек Ергөбек «Адасқандар» романын – романнан повестке деп атап, бұл тарауда сыншының Сәбит Мұқановтың «Адасқандар» романын негізге ала отырып, түпнұсқадан алыс кетпей, нақтылықты ұстандық. Айтулы шығарманың астарына иерең үңілуге тырыстық. Соңғы тарау, бүкіл бір дәуірдің бет-бейнесін ашатын Сәбит Мұқанов шығармашылығын тағы бір қырына арналады. Оның халық ауыз әдебиетін зерттеудегі еңбектері сыншы Құлбек Ергөбектің назарынан тыс қалмаған. Сәбит Мұқановты жаңа заманның жазушысы деп тану арқылы жеке зерттеу жұмыстары сараланады.....
Ходжа Ахмед Ясави известен не только как выдающийся религиозный деятель Востока, но и как талантливый поэт, философ, отличавшийся особенной мудростью и безграничной гуманностью. Его проницательный ум охватывал все жизненные процессы эпохи, в которой он жил. Переживая и беспокоясь, он думал и заботился о будущем народа, о духовном состоянии правителей и моральном облике общественных деятелей, решавших судьбы людей. Сочинения Яссави были весьма популярны, их передавали из уст в уста, они как бы исполняли функции своеобразного морального кодекса, на который равнялись люди. Опираясь на религиозные трактаты и устои, он призывал соотечественников к самосовершенствованию человеколюбию, милосердию, веротерпимости, толерантности. В современном мире, когда у многих потеряны нравственные ориентиры, изучение наследия является Х.А. Яссави является очень важным. Мистико-теологическое учение Кожа Ахмета Яссави, ( в русской транскрипции нам встречались разные варианты написания этого имени: Иассауи, Есави, Яссави), как одно из звеньев мусульманской философии - важный компонент мировой культуры, оказало значительное влияние на дальнейшее форматирование теоретической системы суфизма, обогатив ее новым видением проблем человека и мира, сущности человека, его связи с Богом и Космосом. И это особенное заключается в том, что акцент делается на сердечные отношения между человеком и миром, которые не повторяет антропологическое направление, а представляет ее как проявление божественного в душе человек. Все это нашло отражение в его поэзии. Наследие Яссави и его тарикат изучены зарубежными учеными Л.Массигноном, А.Арберри, М.Смиттом, Х.Кислингом, Ф.Майером, А.Шиммелом, Р.Хартманом, Ф.Купрулу, Ж.Тримингэмом, К.Эраслоном, Идрис Шахом, Девин Ди Уис; в Казахстане А.Жаксылыковым, Н.Сагандыковой, А.Кодаром, Султангалиевой А.К, Абуовым А.П. и др.; в России А.Крымским, И.Петрушевским, Е.Бертельсом; в Узбекистане опубликованы работы Фитрата, А.Сагдия, Э.Рустамова, Б.Касымова, И.Хаккулова, Н.Хасанова и др. Однако переводам хикметов А.Яссави до сих по не посвящено ни одного академического исследования. В последнее время интерес к произведениям А.Яссави заметно возрос. Сто сорок девять хикметов А.Яссави в 2000 году были переведены с чагатайского на казахский и русский языки. Ранее никогда и нигде перевод такого количества хикметов Ясави на русский язык не осуществлялся. И эти переводы, конечно, должны быть изучены. Особую трудность для переводчика всегда представляла философская лирика. Переводчику хикметов А.Яссави необходимо сохранить широкий диапазон философских мыслей и рассуждений, утонченную, изысканную дидактичность психологических умозаключений поэта, особенности его стиля. Поэтому очень трудно найти при переводе подобной поэзии соответствующий эквивалент. Эквиритмичность и эквилинеарность – также важные составляющие равноценного преобразования лирического произведения....
1 пакет тұзды ыстық табаға салып, қуырып алады. Мақта матасынан тігілген дорбаға оны салып, қызған тұздың үстіне ол суығанша жалаң аяқ тұрады. Осындай процедураны 6 рет жасаса, адам циститтен жазылады. Тұздың қасиеті тез ысып, өте баяу суиды. Мұндайда табаннан өткен жылу бүкіл денеге тарап, түрлі аурулардың алдын алады.
Қуық қабынғанда піскен жүгерінің шашағын күніне бірнеше рет шай орнына қайнатып ішеді. Қуық қабынуына шиенің жемісі түбіндегі сабақтың да септігі мол. Оны шай орнына ішіп, емделеді. Оларды жиып алып кептіріп, керек кезінде дәрі ретінде пайдалану қажет.......
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі уақыт аралығында Қазақстан Республикасында болған саяси және экономикалық реформалар тұлға, оның қажеттіліктері мен мүдделеріне басты роль берген қоғам дамуының жаңа бағыттарын айқындады. Қазіргі біздің конституциялық жүйеміз бұрыңғы кеңес дәуіріндегіден өзгеше адам және оның тұлғалығына ерекше сыйластықпен қараудан тұрады. ҚР Конституциясының 1 бабында: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылады» делінген. Ал 12 баптың 2 тармақшасында: «Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумасынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, одан ешкім айыра алмайды» деп көрсетілген [1]. Аталған конституциялық ережелер мемлекет жүйесінің саяси-қоғамдық қалыптасуы мен дамуына бағытталып, адам құқықтары мен бостандықтарының кең ауқымын және оларды қамтамасыз ету мен қорғаудың механизмін бекіту арқылы жүзеге асады.....
Пән: Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қазақ хандығы - Орталық Азиядағы алғашқы ұлттық мемлекет Сабақ тақырыбы: Қазақ хандығы мемлекеттің саяси институттары Оқу мақсаты: 10.3.1.2 Қазақстанда мемлекеттілік тің қалыптасуының тарихи кезеңдерін түсіндіру; 10.3.3.2 Қазақ хандығының құрылуын Қазақстан аумағындағы тарихи процестердің заңды нәтижесі ретінде тұжырымдау; 10.3.3.3 мемлекет құрылысындағы сабақтастықты анықтай отырып, Қазақ хандығының саяси институттарының ерекшеліктерін зерттеу Сабақ мақсаты: Қазақ хандығындағы саяси институттардың қалыптасуы мен дамуы түсінеді және талдайды......
Витаминдер дегеніміз — барлық тағам мен азық-түлік өнімдерінде, жем-шөпте шағын мөлшерде ғана кездесетін, ал адам мен жануарлар ағзасында бірқалыпты тіршілік үшін өте қажет төменгі молекулалы органикалық заттар. Астық құрамында витаминдер аз мөлшерде кездескенімен, олардың ағзаға тигізетін әсері ете үлкен. Егер үнемі тамақтың бір түрімен ғана қоректену, сондай-ақ ұзақ уақытқа созылған саяхат кезінде адамдарда ұшырасатын бірқатар сырқаттардың қоректе кейбір заттардың жетіспеуінен болатыны белгілі болды. Азық-түлігінде жүгері өнімдері басым болатын кейбір елдерде (Италия, т.б.) пеллагра деген ауру таралған, ондай сырқат кезінде дененің ашық жері, терісі қабынып ауруға (дерматит) ұшырайды. Ал, негізгі қорегі күріш дақылы болып табылатын Азия елдерінде бери-бери (паралич) деген ауру кездеседі. Мұндай ауру кезінде жүйке тармақтары қабынады да, кол-аяқ тырысып қалады. Мұндай сырқат әсіресе күрішті машинамен ендеп, ақтау тәсілдерін енгізу салдарынан көбейіп кетті. Олардың едәуір бөлігінің құрамында амин тобы да, азот та болмайды. Осыған қарамастан мұндай ауыстырылмайтын тіршілік факторлары үшін "витамин" деген тарихи термин сақталып қалды. Адамның және жануарлардың ағзасында, өсімдік тектес азықтарда витаминдердің алғы шарты сияқты қосылыстар болады.....
Қазіргі таңда кез келген кәсіпорынды басқару жүйесінде бухгалтерлік есеп маңызды роль атқарады. Ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап және басқарушылық шешімді қабылдау үшін негіз бола отырып, тұтынуды, айналысты және басқа да өндіріс процесін шынайы көрсетіп береді. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебі бухгалтерлік есеп Стандарттарына және субъектілердің қаржылық-шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп шоттарының жоспарында бекітілген жалпы қағидалары мен ережелерінің негізінде құрылды және ол бүкіл алынған ақпараттарды пайдаланушылардың талабына, қызметтің құрылымына, ұйымның нысанына, айрықша ерекшелігіне есептің сәйкес келуін қамтамасыз етеді. Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында кәсіпорындардың күрделі экономикалық тетігін нақты, жақсы жолға қоймайынша, сондай-ақ толық, сенімді ақпаратсыз басқару жүйесін іс жүзінде жүзеге асыру мүмкін емес. Экономиканың барлық саласындағы кәсіпорындардың иелері мен еңбек ұжымдары шикізат пен материалдарды ұқыпты жұмсауға, өндіріс қалдықтарын азайтуға, ысырапты жоюға, бәсекеге жарамды өнімдерін өндіруге (ұлғайтуға), оның сапасын көтеруге, өнімнің өзіндік құнын төмендетуге, қоршаған ортаны сақтауға мүдделі. Бұл орайда, шаруаға қырсыздыққа, кәсіпорынның материалдық құндылықтарын, ақша қаражаттарын және басқа да ресурстарын заңсыз және тиімсіз жұмсауға және тонауға қарсы күресте бухгалтерлік есептің маңызы мен мәнін бағаламай кетпеуге болмайды.....
Рахит Күн сәулесі тимей, күн нұрының қуатты қызуын сезінбеген баланың аяғы қисайып, сүйектері басқадай деформацияға ұшырауы (рахит) мүмкін. Баланы нәрленген сүтпен және Д витаминімен (балық майы) қоректендірген жағдайда бүл аурудың алдын алуға болады. Әйтсе де рахитті болдырмаудың ең ұтымды да жеңіл жолы сол, баланың денесі күн сәулесін күн сайын кем дегенде 10 минут бойына қабылдауы керек. Бүл орайда денені күнге күйіп кетуден сақтау қажет. Ешқашанда Д витаминінің дозасын артық және үзақ уақыт беруші болмаңыз, бұдан бала уланып қалуы мүмкін.