Реферат: Биология | Гастрит

Гастрит - асқазанның шырышты қабатының қабынуы.



Этиологиясы. Әдетте жедел ағымды гастриттің дамуында экзогендік жайлардың маңызы бар; токсикалық инфекциялар, тамақтану бұзылыстары (режим, рацион жайы, пісіп жетілмеген көкөністер, майлы, тәтті, көпклеткалы тағамдарды мөлшерден тыс қабылдау, өте ыстық не өте салқын, қорытылуы ауыр не жағымсыз тағамдар, кейбір тағамдардың жақпауы (аллергиялық сезімталдық).



Клиникалық көрінісі:ауру өте жылдам, кейде кенет басталуы мүмкін, алдында бала аз уақыт мазасызданады - енжарлық қалтырау, лоқсу, асқазан толу сезімі, сілекей ағуболады.. Бұған қоса бас ауыру, бас айналу, тәбеттің жоғалуы, іш бүріп, қайталап құсу болады. Ұзақтығы-2-5 күн. Инфекциялық гастритте улану белгілері, дене қызуының көтерілуі, сусыздану байқалады. Ұзақтығы-7-10 күн. .....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Лимфангит

Лимфангит - лимфангит. Лимфа тамырларының қабынуы. Микроб уымен зақымданған ткань клеткалары бөліп шығаратын улы заттардан пайда болатын дерт.

Стоматология терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі [1] [2]

Пайдаланған әдебиет



↑ Стоматология терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. – Алматы, Қазақстан, 1991. ISBN 5-615-00789-3

↑ Патологиялық анотомия терминдерінің, орысша – латынша – қазақша түсініктеме сөздігі.- Ақтөбе. ISBN 9965-437-40-8 .....
Рефераттар
Толық
0 0

Тісі ауырған кісіге дем салу дұғасы

Бисмиллаһир-Рахманир-Рахим!
1. Уа зараба лана мәсәлән уа насийа халқаһу қала ман йу-хил изома уа һийа рамим.
2. Лә илаллаһу уә аллаһу әкбару. Лә иләһа илаллаһу уә һәдәһу лә шәрика. Ләһу ил мулһу уәләһу әлһамду. Уә һуә ъалә куллу шайин қадирун. Ләһу иләһа илаллаһу уәлә һәулә уәле куәта. Илла биллаһи ил ъали ил азим.
( осы аятты оқып, суға дем салады да ауру сол сумен аузын шайып, ішіп қояды).
Дұғалар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Маркетинг | Қазақстандағы кондитерлік өнімдерінің нарықтық жағдайын маркетингтік зерттеу

Адамзат тіршілігіндегі әрбір жаңа кезеңнің өзіне тән жетістігі мен мұқтажы болады. Өркениет деңгейіне қарай өсе түскен өмірлік қажеттілік өндіру мен тұтыну арасындағы орамдылыққа қол жеткізуді алға тартады. Осы талапты жүзеге асыру өмірге маркетингнті алып келіп отыр.
Біздегі өтпелі дәуір деп аталып жүрген нарықтық экономикаға көшу кезеңі маркетингке үлкен жаңалық енгізеді деген сенім бар. Өйткені ғасырлар бойы жинақталған нарықтық экономика саласындағы тәжірбиеге, қуатты экономикалық әлеуетке, жоғары дәрежедегі бизнестік білім психологиялық дайындыққа сүйенген маркетингті біздің жағдайымызға бейімдеудің өзіндік ерекшеліктері бар.
Ал менің курстық жұмысыма арқау болып отырған тақырып «Қазақстандағы кондитерлік өнімдерінің нарық жағдайын маркетингтік зерттеу».
Қазіргі ХХІ ғасыр заманында тұтынушы талғамы әр қилы болып келеді. Олардың кондитерлік өнімге деген сұранысы мен талабы, қалауы мен қанағаттану дәрежесі сан түрлі және ұдайы өзгеріске ұшырауда. Осыған байланысты таяуда жүргізілген зерттеулерге келсек, олар келесі ақпараттарды беруде.
Еуромонитор Интернейшнл мәліметтері бойынша кондитер өнімдерінің әлемдік нарық сыйымдылығы 2002 ж. 154 млн. тоннаны құрайды және жалпы тауарайналым 95 млрд. АҚШ долларын құрайды. Болжамдар бойынша 2002 ж. салыстырғанда кондитер өнімдері 2007 ж. әлемдік нарық сыйылымдылығы 16.6 млн.т тоннаға жетуі мүмкін немесе 10.7% өсуі мүмкін және тауарайналымы 117 млрд. АҚШ долларын құрайды.
Кондитер өнімдерін өндіру жер шарының көптеген мелекеттерінде зор дамыған. АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Бельгия мемлекеттерінде аты шыққан тауар маркалары нарықта өз орындарын тауып, дамыған және әлемге ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Төтенше жағдай ошағында эпидемияға қарсы шаралар және санитарлық гигиеналық ұйымдастырулар

Қалыпты жағдайда сырқаттанушылық деңгейінің жоғарылауына бір немесе бірнеше инфекция тіркелуі себеп болады, өйткені эпидемиялық процесске берілу факторлары қосылады (су, тағам өнімдері, тасымалдаушылар) немесе науқастардың көбеюі мен қоздырғыштың таралуы жоғарылайды, мысалы: ауа арқылы. Жұқпалы аурулардың эпидемиялық "жарылысы” пайда болады. Бұл жағдайда да бір қалада науқас саны тұмау ауруы тіркелсе де, тұрғындардың 1/3-нен аспайды.



Апат немесе зілзәлә нәубәті ауданында эпидемиялық ошақта бірінші инфекция көзін жалпы берілу факторы болса анықтау қиын, яғни эпид. процесстің бірінші звеносы болмайды, зақымдану көздері анықталмайды, тек қана берілу жолы пайда болады. Жұқпалы ауруларда "жарылыс” болады, содан кейін ғана эпидемия "соңын” науқаспен қатынаста болғандарды зақымдайды, тұрғындар тығыз орналасқан жерде, жанұяда, жұмыста, құтқарушылар арасында, науқастар мен зақымданғандарды көшіру жолында зақымдайды. .....
Рефераттар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Есеп және аудит | Негізгі құралдардың есебі және аудиті

Бухгалтерлік есеп және аудитті нарық қатынастары жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектілерінің есеп жұмыстарын дұрыс ұйымдастырудың маңызы мен ролі өте зор. Шаруашылық жүргізуші субъектілерінде бухгалтерлік есеп жұмысы “Бухгалтерлік есеп туралы”, “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жасалған бухгалтерлік есеп стандарты мен қаржы шаруашылық қызметі бухгалтерлік есебінің бас шоттар жоспарына сай бекітілген ортақ принциптер мен ережелері және Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің бухгалтерлік есеп жөнінде шығарған нұсқаулары мен ережелері, сондай-ақ ұсыныстары негізінде ұйымдастырылады. Қазіргі кезде елімізде қолданылып жүрген бухгалтерлік есеп жүйесі халықаралық есеп стандарттарына барынша АҚындатылған.
Бухгалтерлік есеп және есеп беру мәліметтері шаруашылық жүргізуші субъектілердің және олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жедел басқару үшін, экономикалық жоспарлар жасап, оның орындалуын бақылау үшін қолданылады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: Құқық | Қазақстан Республикасының 1993 және 1995 жылдардағы Конституциялары

Қазақстан Республикасының Конституциясы – демократиялық, өркениетті даму жолына түскен мемлекет пен қоғамның негізгі, басты нормативтік актісі. Конституция қоғамдық өмірдің барлық салаларын өз нәрімен сусындататын зор ауқымды саяси – құқықтық күшті бойына жинаған. Конституция мемлекеттік және қоғамдық құрылысты, оның болашаққа бағытталған ұйымдастырылуы мен қызметі принциптерін белгілейді. Онда адамдар мен азаматтардың, мемлекеттің қайнар көзі және әлеуметтік негізі ретінде бүкіл халықтың конституциялық мәртебесі бекітіледі.
Қазақстан Республикасының Конституциясы, бірнеше ондаған, жүздеген жылдардан бері өмір сүретін мемлекеттің қатардағы кезекті Конституциясы емес. Ол жаңа құрылым мен басқару нысандарымен, қоғамның экономикалық құрылысының жаңа негіздерімен және басқаларымен мүлдем жаңа үлгідегі мемлекет құрды. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы құқықтық мәдениетінің тарихи жадын белгілейді. Ешқашан енді мұндай Конституция болмайды. Ол Қазақстан мемлекетінің нақ қазіргі кезеңдегі қалыптасуы мен дамуының тарихи өзгерістерінің аясында туды. Сондықтан, ол өзіне айрықша мұқият қарауды, нақ осындай түрінде, қабылданған күйінде сақталуын талап етеді.
Қазақ елінің саралап өткен даму жолдарын бірнеше кезеңдерге бөлуге болатындығы жөнінде пікірлер аз емес. Белгілі заңгер ғалым А.К.Котов Қазақстанның конституциялық эволюциялық дамуын мынадай 4 кезеңдерге бөледі:
- Кеңес дәуіріне дейінгі (1900-1917 ж.ж. ұлттық – демократиялық идеяларының Алаш конституциясының жобасына ұласуы);
- Кеңес дәуірі (20 жылдар мен 80 жылдардың аяғы);
- Кеңес дәуірінің аяқталуы (80 жылдардың аяғы мен 1990 жылдар аралығы);
- Кеңестік дәуірден кейінгі (1991 – 1993);
- Қазақстан дамуының алғашқы сатысы «де-фокто» (1993 жылдың қарашасынан бастап).
КСРО – ның күйреп, саяси аренадан кетуі, сөйтіп барлық бұрынғы социалистік республикалардың енді өз алдына тәуелсіз мемлекеттерге айналуы заңды процесс.
Социализмнің қоғамдық құрылысы түбегейлі өзгерістерге ұшырады. Социалистік одақтас республикалардың орнына демократиялық, құқықтық, зайырлы, әлеуметтік өмірге аяқ басқан тәуелсіз, егеменді мемлекеттер келді. Осындай елеулі құбылыстарды Негізгі заңда нақыштап белгілеу - өмір заңы. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Есеп және аудит | Дебиторлық берешек есебі мен аудиті

Инвесторлар мен тапсырыс берушілердің сонымен қатар құрылысшылардың қызметтерінің қарқынды дамуына байланысты Қазақстан Республикасының құрылыс жағдайында құрылыс ұйымдарындағы бухгалтерлік есеп ақпараттарының дәйекті болуы мен оның тәуелсіз бақылануына сұраныс мердігерлер үшін де, тапсырыс берушілер үшін де өсіп келеді.
Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастардың қалыптасуына дейін құрылыс кешенінде құрылысқа қатысушылардың арақатынасында СНиП, ГОСТ,СН, ТУ, т. с.с. экономикалық сауатты құқықтық-техникалық базасына негізделген, инвестицияны қолдануды, нақты өзіндік құн мен нормативті пайданың құрылуын және құрылыс шикізаттарын бақылау, олардың жүйелік есебін жүргізуге мүмкіндік беретін, жақсы қалыптасқан салалық жүйе орын алған.
Қазіргі мың құбырып өзгеріске ұшырап отырған нарықтың шарттарына сәйкес дебиторлық берешек есебі мен аудиті маңызды роль атқарады. Құрылыс жұмыстарын өндіру мен жоспарлаудың арнайы шарттарына байланысты (өндіріс бөлімшелерінің әртүрлі салаға бөлінуі, және жұмысшылардың қауыптілігі артық орындарда жұмыс істеуі, т.б) барлық ресурстардың ұтымды жүргізілетін есебі мен оның негізінде ұйымдастырылған ресурстардың қолдануына қатаң бақылау жүргізу ең тиімді құрал ғана емес, ресурстарды рационалды қолдану мен экономика режимін қажетті шарттармен қамтамасыз ету болып табылады. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0