Шығарма: 75 жыл — бейбіт көктем таң атқалы

Жанынңнан күдер үзе соғыспасаң, жауды күйрете алмайсың
Бауыржан Момышұлы
Ұлы Отан Соғысы... Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігімен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн. Жеңіс күнін қайсарлықпен шақас жүргізі, ерліктін сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды. Қариялар азайып бара жатқанын әсіресе олардың ортасында Ұлы Отан соғысынан аман оралған ақсақалдарымыздың жыл санап азайып барады. Біз Ұлы Отан соғысындағы Ұлы жеңіске ештенеге теңеспейтін ғажап күшпен жеттік. Ол күш әрине «бірлік». Қаншама халық бір тудың астына бірігіп күштерін бір арнаға салды. Ұлы Жеңіс он бес одақтас болған мемлекеттердіңортақ мерейтойы. Ұлы Отан соғысының қатпарлы парақтарына үңіліп қарасақ, қазақтардың қанды қырғынға қаймықпай соғысқанына ашық көзіміз жетеді. Кеңес Одағының батыры атанған Бауыржан Момышұлы. Найзағайдай жарқылдаған отты ой бар каһарлы сөйлесе де қайырымы мол, өз мүддесін, ұрпақ муддесін ойлаған, қара қылды қақ жаратын әділдіктен жаралған ойы тұңғиық, қимылы қылыш Бауыржан Момышұлы есімі, ерлігі жадымызда мәнгі қалып, өнегесі болашаққа күш, қайрат, рух береді. «Ер есімі – ел есінде» - демекші бізге жарқын болашақ, бақытты ғұмыр сыйлаған аталарымызды ешқашан ұмытпайық Солардың қасиетті рухы бүгінгі бейбітшілігімізде нұрындай мәңгі шуағын шашпақ. КСРО Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен 1945 жылдың 24 наурызында ерлігі және соғыс тапсырмаларын бұлжытпай орындағаны үшін Мұқат Мұсаевқа Кеңес Одағының Батыры атағы беріліп, Ленин орденімен және «Алтын Жұлдыз» медалімен марапатталды. Оқ пен от ортасынан оралған Мұқат Мұсаев Астрахан облысы Наримановск ауданы Буруны ауылында жұмыс жасап, түйе шаруашылығын меңгерді......
Шығармалар
Толық
0 0

Өмірбаян: Тілектес Мейрамов Уахитұлы (1948 жылы 5 мамыр)

Тілектес Уахитұлы Мейрамов (1948 жылы 5 мамырда Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Көкпекті ауылында туған) — актер, театр педагогы, профессор. Қазақстанның халық әртісі (1996). Қазақстанның еңбек сіңірген артисі (1982). Құрмет орденінің иегері.
Тілектес Уахитұлы 1948 жылы 5 мамырда Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Көкпекті ауылында дүниеге келген.
1967 - 1971 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының (бұрынғы Алматы мемлекеттік өнер институты) актерлік бөлімін Қазақ КСР халық артисі, профессор Асқар Тоқпанов және КСРО халық артисі, профессор Шолпан Жандарбекованың жетекшілігімен бітірген.
2011 жылы Қырғыз Мемлекеттік Б. Бейшеналиев атындағы Өнер Институтының «Режиссура» мамандығын сырттай оқыды.
1973 - 1983 жылдары Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының жанындағы студияда оқытушы.
1983 - 2007 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының оқытушысы, аға оқытушысы, доценті, профессоры болды.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Реферат: Әдебиет | АЛФАВИТ РУХАНИ БІРЛІК НЕГІЗІ

Қазір қазақ халқының рухани дамуы бір жолайрықта тұрған сияқты. Руханиятымызға батыс мәдениетін үлгі етеміз бе? Жоқ дәстүрлі ұлттық мәдениетімізді негіз етіп алып, соны одан ары дамытамыз ба? Ғаламдасу бағытына бүтіндей бейімделіп, оның ауыр да, рахымсыз талаптарына шартсыз тізе бүгеміз бе? Жоқ ұлттық болмысызды сақтай отырып, әлемдік қауымдастықтың құрамында дербес рухани құндылығы бар ұлт ретінде өмір сүреміз бе? Осының бәрі бүгінгі күннің алдындағы аса жауапты міндеттер. Осындай шешімін таппаған мәселелердің қатарында алфавит таңдау проблемасы да тұр. Бұл өзі шешімін тапқан, таңдауы біткен мәселе секілді. Басқа түркі текті халықтармен бірге латын алфавитіне көшеміз деген пікір жұрт арасында орнығып үлгерген. Түркия бұрыннан латын алфавитін қолданып келеді, басқа туысқан жұрттар да ептеп көшіп жатыр. Көптен бөлінбеу, көштен қалмаудың қамын ойлағанда бұл да дұрыс таңдау болып тұрғандай. «Барар жерді мақтай бер, қалар жерді таптай бер» дегендей латын алфавитінің ерекшелігін айтқанда таңдайымыз таңдайымызға жұқпайтын шешен болып алдық. Жұрттың көбі латын графикасын алу тиімді дегенге шынымен сенеді, оның артықшылығын дәл бір өзі зерттеп біліп отырғандай тамсана отырып айтады. Олардың тұжырымдары бойынша түркі халықтарының біразы латын графикасына көшіп жатыр. Түркілік қауымдастықтан бөлініп қалмас үшін бізде латын графикасына көшуіміз керек. Онан қалса бұл алфавит экономикалық жақтан тиімді, техникалық жақтан артықшылықтарға ие. Озық ғылыми техникаға жеткізетін жол. Көз алдағы жағдайларды ескергенде және мәселеге бір ғана экономикалық тұрғыдан қарағанда, бұл пікірлердің орынды жағы да жоқ емес. Дегенмен, біз қандай алфавитті таңдаймыз, оның болашақ үшін қандай тиімділігі бар деген сауалдың төңірегінде әлі де асықпай ойланып келелі шешім қабылдауымыз қажет әрі оған мүмкінідігіміз бар.
Бірінші алфавит халықтың рухани болмысын қалыптастыратын негізгі факторлардың бірі, ол бір топтың, жекелеген қайраткерлердің еркімен немесе басқалардың ықпалымен шешілетін мәселе емес.
Екінші алфавит болашақ үшін де тарих үшін де қызмет ететін болу керек. Латын алфавитіне көшу түркі халықтары ортақ тұжырымға келіп барып қабылданған шешім деп көңілімізді алдарқатамыз. Солай бола тұрса да біздің ойымызша латын графикасын қабылдауда алфавит таңдаудың алғы шарттары мен себебі толық ғылыми негізде қарастырылып отырған жоқ.
Алфавит таңдауда үш түрлі басты шарт болуы керек: бірінші – тарихи шарт, екінші – ғылыми шарт, үшінші – саяси шарт.
Тарихи шарт – қабылданатын алфавит руханияттың тарихи тамырын тануға қызмет ететін, төлтума алфавит болу керек. Сол алфавитті қолдану халықтың тарихи жадын сақтауға негіз болуы лазым.
Ғылыми шарт – қабылданатын алфавит сол ұлттың дыбыс жүйесіне сәйкес келетін және дыбыстың даму мүмкіндігіне кедергі болмайтын алфавит болу керек. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Энергетикалық деңгейлер және деңгейшелер. Кван сандары және орбитальдар 2-сабақ (Химия, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Атом құрылысы
Сабақ тақырыбы: Энергетикалық деңгейлер және деңгейшелер. Кван сандары және орбитальдар 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.1.3.4 алғашқы 36 элементтің электрондық конфигурациясын құрастыру;
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар үйренеді:
- әрбір энергетикалық деңгейлерге неше электрон сиятындығын білу;
Оқушылардың көбісі үйренеді:
- электрондардың орбитальдарға толтырылу ретін білу;
Кейбір оқушылар үйренеді:
- электрондарды орбитальдарға толтыру үшін энергия минимумы, Паули принципі, Хунг ережесін қолдану......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Политология | Ұлыбританияның саяси кеңістігіндегі Маргарет Тэтчердің атқарған саяси қызметтері

Тақырыптың өзектілігі. Британ тарихындағы әйел затынан шыққан саяси қайраткерлердің бірінен саналатын, Маргарет Тэтчер есімі, әлем тарихының жадында мәңгі сақталады. М.Тэтчер дүниедегі ең озық саяси идеологиялардың негізін салушы болып табылады. Ол тарихта «тэтчеризм» деген атпен қалды. Бұл саяси идеология Британияда бірқатар әлеуметтік, экономикалық, саяси құрлыстар барысында реформалар жүргізді. Тарихқа терең үңілер болсақ, Маргарет секілді Британ тарихында терең саяси-әлеуметтік экономикалық реформалар жүргізген әйел затынан шыққан қайраткерлер аз болмаған. Мысалы: Елизавета, Виктория ханшайымдардың есімі тарихта мәңгі ұмытылмастай сақталып қалды. М. Тэтчер де сол есімдердің ішінен өз ерекшелігі, құндылығы бар дара есім болып саналады. М.Тэтчер және «тэтчеризм» атауларына қатысты Ұлыбританияда көптеген түбегейлі бет-бұрыстар жасалынды. Бұл туралы бүгінгі таңда да өз бағасын алып, талқыланып келеді. М.Тэтчердің қолдауымен әлемде көптеген өзгерістер орын алды. Оның Кеңес Одағымен 80-жылдардың ортасында байланыс ұстауының өзі көптеген саяси идеологиялардың алмасуы мен төңкерісіне алып келгенін көре аламыз. Осы мәселелерге қатысты әлем баспасөздерінде және Британияда «Тэтчер факторы», «Тэтчер феномені», «Тэтчер революциясы» деген терминдер қалыптасты. Бұл терминдердің сипаты өте жоғары мәнге ие. Бүгінгі таңда әлем саясаткерлерімен, Британ үкімет органдарының ірі өкілдері М.Тэтчердің жүргізген саяси бағыттарына біржақты қолдау білдірмегенімен, оның іскерлігі мен терең саяси атқарған қызметтерін еріксізден мойындайды. М.Тэтчер партия бойынша, консервативтік партияның өкілі болып табылады. Консерваторлар осы күнге дейін оның есімін толықққанды мақтаныш тұта алады. Оған себеп болар айғақтарды біз өз кезегінде толық, тиянақты талқылаймыз.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Өмірбаян: Бейбіт Амантайұлы Кушкалиев (1984 жылы 23 мамыр)

Бейбіт Амантайұлы Кушкалиев (23 мамыр 1984 жыл Атырау облысы Атырау қаласында дүниеге келген) — Қазақстандық поп әнші, композитор, биші.

Өмірбаяны
Ю. А. Гагарин атындағы №4 орта мектеп түлегі (1990-2001). Атырау Мұнай және Газ институтынн және (2001-2006) Нұр Мүбәрак Ислам университетін аяқтаған (2006-2011). 2002 жылы Республикалық Жас Қанат ән сайысына қатысып, "Көрермен көзайымы" наминациясын жеңіп, лауреат атанған. 2003 жылы Ренат Гайсинннің шақыруымен KZ тобында Рүстем Нұржігітпен өнер көрсеткен. 2007 жылы KZ тобымен "1" атты үнтаспа жазған. 2009-2010 жылы Египет елінде араб тілін дамытып және 2011-2012 жылы ағылшын тілін дамыту үшін Малазия елінде білім алған. 2014 жылы KZ тобынан кетіп, продюсер Ғалымбек Исмбергеновпен жеке шығармашылық бастаған. 2015 жылы Халықаралық Turkvision байқауының лауреаты. 2015 жылы бірінші "Қайтесің өзгені" атты бейнебаяны жарық көрген. 2015 жылы Muzzone арнасының санауы бойынша "Қайтесің өзгені" атты әні жылдың ең үздік маxаббат әні болып номинациясына иеленген. Кейін, "Аяқты қимылдат", "Елім деп соқсын жүрегің", "Лаула (бүйтіп биле)" бейнебаяндары жарық көрген. "2017 жыл таңдауы" наминациясының иегері. 2018 “Stars of Asia” номинация иегері. Отбасын құрған. Төрт баланың әкесі. ....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Гравитациялық өрістегі снарядтың қозғалысы (Физика, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Динамика
Сабақ тақырыбы: Гравитациялық өрістегі снарядтың қозғалысы
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 10.1.2.3 - көкжиекке бұрыш жасай және вертикаль лақтырылған дененің қозғалысы кезіндегі физикалық шамалардың өзгерісін сипаттау;
Сабақ мақсаттары: көкжиекке бұрыш жасап лақтырылған дене қозғалысын сипаттау;
көкжиекке бұрыш жасап лақтырылған дененің жылдамдығын есептеу;
лақтырылған дене қозғалысының негізгі параметрлерін есептеу......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Әңгіме: Сүлеймен Баязитов | Ат



Павлодардың көдесін текке таптаман,

Базар кезіп Гробнодан Тысаға аттанам.

Келген жұртты алдау үшін ойнадым,

Уыс толы олжа таппай қоймадым.

Әткеншектер көздің жауын алатындай айнала

Көңіліңді аулар еді жай ғана,

Қырдан келген табындардың ішінен

Аузын ашып ат таңдадым тісінен,

Аумалы бақ мағандағы бұйырды.

Ат алдым базардан аңдарсың күйімді,

Қалдырмас ол мені, сірә, алыс-жақын жолда ол.

Атыластай құлпырған қара түсті сәйгүлік енді

Маған жолдас ол. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Қазақстан территориясында ұлыстардың құрылуы 2-сабақ (Қазақстан тарихы, 6 сынып, ІІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.3 А ХІІІ-ХV ғғ. І жартысындағы Қазақстан
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан территориясында ұлыстардың құрылуы 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.1.1.2 – XIII-XV ғасырлардағы мемлекеттердің этноәлеуметтік құрылымын анықтау;
6.3.1.7 – ортағасырлық мемлекеттердің ыдырауының негізгі және жанама себептерін анықтау.
Сабақ мақсаттары: Алтын Орда мемлекетінің тарихындағы негізгі оқиғаларды талдау, саяси өзгерістерді түсіндіру, Алтын Орда хандарының ішкі-сыртқы саясатына баға беру.
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0