Дүниеде мұң ғана мұңнан да ауыр — Мұңайғанда жол таппай тұрған бауыр, Кегі кеткен далама келдің бе есен, Тарихи әділетті туған дәуір! Еске түсіп, езіліп отыр ішім, Тарих қойны қан мен жас — өкінішім.......
Египет жер шарындағы тұңғыш мемлекет қана емес, сонымен бірге дүниежүзілік үстемдікке талпынған қуатты да, құдіретті де мемлекеттердің бірі болды. Ауыз бірлігі күшті, ұйымшылдығы берік, халық — билік жүргізуші тапқа толық бағынған мемлекет. Египеттің жоғары өкіметі мызғымастық және түсініксіздік принциптері негізінде құрылды, ал өз кезегінде бұл принциптер біртұтас Египет мемлекеті пайда болған кезден бастап-ақ оның толық билеушілері — парғауындарды кұдай деп санауды өмірлік қажеттілікке айналдырды. Фараондар (перғауындар) құдайдың ұлы деп саналды, сондықтан да фараон өзін «Раның» («Ра» күн деген мағына береді. Ол — құдай-лардың құдайы және «алтын» ұғымымен қосылып айтылады. — «Алтын» нұр шашқан күн) ұлымын деп жариялады. Перғауынның жеке — дара билік жүргізуі тіпті оның билігінің Египет халқына ғана емес, көршілес жатқан патшалықтар мен тайпаларға да күшейе түсуі, мәдениеттің дамуына өзіндік ықпалын тигізбей қойған жоқ. Ал осы бір шексіз билік пен мансап, байлық пен құдірет кенеттен жоқ болады. Оны өшіретін ұлы күш — өлім. Міне, соңдықтан да болар — көне Египеттің мәдениетінің ең басты ерекшслігі — ажалға қарсылық болды. Бұл табиғи қарсылық, мәңгілік өмір сүруге талпынушылық Египет халқының бүкіл діни санасына тереңдей еніп, оның мәдениеті мен өнерін қалыптастыруда айрықша аткарды. Египеттіктер табиғаттың жыл сайын жаңаратындығын аңғарған, өйткені Ніл өзені тасығанда жерлерді құнарландырады, сөйтіп төңірекке өмір мен береке туғызады, ал тартылганда құрғақшылық келеді, бірақ бұл ажал емес, өйткені — одан кейін де жыл сайын Ніл қайтадан тасып отырады. Табиғатта болып жатқан осы сияқты құбылыстардың негізінде «өлген адам тіріледі» деген діни ілім пайда болды. Бұл ілім діни және мәдени салада ғана емес, сонымен қатар саяси, экономикалық, саяси өмірде де үлкен роль атқарады. Тереңірек ойлап қарасақ, бұл ілімнің өмірге келуі ажалға деген табанды қарсылықтан туған. Жыл сайын буырқанып таситын Ніл өзені сияқты адам жаны да денеге кайтып оралады деген діни түсінік адамдар санасында берік орнықты. Олар қабірді адамның уақытша баспанасы деп санады. Ендігі жерде мәңгілік өмірді қамтамасыз ету мәселесі тұрды ....
Ол айтарлықтай кең негіздерге ие. Өйткені, бедел — билік пен билік құрудың қажетті құры- лымдық элементі. Оны биліктің атрибутивтік белгісі деп есептеуге болады. Сондықтан билік, билік құрушы субъект өз беделінің сақгалуы мен өсуіне әрдайым қамқорлық жа- сап отырады. Бедел биліктің және оның шешімдері мен әрекеттерінің заңдылығын қамтамасыз етеді. Билік құру тек қана зорлық-зомбылық пен мәжбүрлеу емес, оны бағыну- шының келісімі негізінде басқару болып табылады. Бедел билік құрушы субъектіні бағынушылардың үстінен қарай- тын және олардың тіршілік әрекеттеріне бағдар беретін күшке айналдырады......
Кіріспе Экономиканы басқарудың реформасы материалды ресурстармен қамтамасыз етуді тереңірек қарастыруды талап етеді. Материалдық ресурстарды үнемдеу мен өндірістік қорларды азайтуға, шаруашылық айналымға қалдық шикізаттарды кіргізу, жабдықтаушылар мен өндірушілердің арасындағы қатынастарды жақсартуға негізделген. Барлық табиғи ресурстарымыз- еңбек, негізгі қорлар, отын мен шикізаттар- орасан зор байлық. Алайда ресурстарды дұрыс игере алмағандықтан, оларды тиімді және ұтымды пайдаланбау нәтижесінде көптеген елдердің кедей елдердің қатарынан шыға алмағандығы өмір көрсетіп отыр. Сондықтан табиғи ресурстарды үнемдеу мен тиімді пайдаланудың даму старатегиясын немесе оларды іске үшін, келесі іс-шараларды атқару қажет: 1. Материалды ресурстарды үнемдеу және тиімді пайдалану; 2. Материал сыйымдылығы мен өндірістік қорлар деңгейін төмендету; 3. Материалдардың айналымдылығын жеделдету; ....
КІРІСПЕ Меншік жалпы халықтың санасының өрісі кеңеюінің, экономиканы тұрақтандырудың маңызды факторларының бірі болып табылады, сондықтанда бұл жұмысымда меншікті капиталдың есебіне талдау, талқылау және маселелерді шешуіне байланысты өз пікірлерімді, ой толғауларымды ұсыныс, нұсқау ретінде келтірдім. Сонымен қатар шетелдің озық тәжірибелерінде жүйелеп, жіктеп, саралап жазып қарастырдым. Өркениеттің әлеуметтік дамуының бүкіл тарихында шешуші орын алатын, осыған сәйкес іс-қызмет атқаратын әлеуметтік құралдың бірден-біреуі меншік капиталының құбылысы болып табылады. Адам сезімін көрінбей-ақ қытықтайтын, оған өріс ашып күйлеңдіретін сиқырлы күш ретінде меншік капиталының тарихы адамзат тарихының жанды ескерткішін көрсетеді. Еңбек құрал-жабдықтарының дамуына сәйкес еңбек қабілетінің дамуы, сана мен ойлаудың әлеуметтік сипат алуы меншік ұғымын адам болмысымен мәңгілік байланыстырады. Адамның табиғаттан жіктеліп ерекшеленуі, өзара қатынастар арқылы сана-сезім деңгейіндегі таным күші өз қасиеттерін меңгеруіне, одан, өзімдікі, "мен-менікі-меншік" ұғымдарын, "басқалар және бөтендікі" арқылы шектейді. Біздің отандық әдебиеттерде меншік капиталын субъектілердің, адамдардың затқа байланысты қатынасы ретінде қарастыру кең етек алды. Бұл оның экономикалық анықтамаларымен үндесіп жатады. Ал меншік объектісі (нысаны) ретінде тек заттық түрі бар игіліктерді өндіріс құрал-жабдықтары мен еңбек өніміне ғана тән алынады.....
Жұмыстың өзектіліті: Жер көлемі ұлан - ғайыр, табиғат байлықтарымен халық әркелкі орналасқан Қазақстан Республикасы үшін көліктің маңызы аса зор.Көліктің жеке алғанда ешқандай өнім өндірмейтіні мәлім, бірақ халықсыз шаруашылығының өркендеуі мүмкін емес. Көлік еңбек бөлінісін кеңінен дамытуға және эканомикалық аудандардағы шаруашылықтардың маманднуының тереңдете түсуте мүмкіндік береді. Демек, көлік өндіртіш күштерді дамытудың қуатты құралы.Көліктің барлық түрлері әдетте өзара тығыз байланысты болып, бірін-бірі толықтырады және қызмет көрсететін біртұтас кешен түзеді.Мұнда табиғи жолдар өте аз. Сондықтан Қазақстанда көліктің құрлықтағы түрлері-темір жол және автомобиль көліктері көбірек дамыған.Қазақстан терреториясында темір жолы көлік саласында жетекші роль атқарады,бүкіл жүк айналымының 92 пайызын құрайды.Темір жол көліті бүкіл іс жүзінде жүктің барлық түрін жылдам тасымалдай алатын әмбебап түрі.Темір жол көліті бұл-іс жүзінде жүктің барлық түрін жылдам тасымалдай алатын әмбебап түрі.Көліктің бұл түрі мемлекет терреториясының әр түкпірін бір-бірімен байланыстыратын, шынайы өндірістің сан саласында өндірілтен өнімдерді, жүктерді тасымалдауда елдің өндірістік күштерін бір тұтас бірлікке біріктіретін бірде бір күре тамыр.Республикадағы жүк тасымалданатын темір жолдардың электр энергиясымен жұмыс істеуге көшірілді және көшіріліп жатыр, ал станциялардағы жүктерді тиеу, түсіру жұмыстарын механикаландырылған.Ел тіршілігінде атқаратын әлеуметтік –экономикалық даму тарихын қалыптастыруда темір жолдың маңызы айрықша.Қазіргі кезде Қазақстан темір жолының үлесіне көлік қатынасының барлық түрлері бойынша тасылатын жүктің төрттен үш бөліті қалалар мен ауылдарға және басқада жерлерге жол жүретін жолаушылардың жарымы тиеді.Темір жолдың техникалық жағынан қамтамасыз ету және тасу жөнінде Қазақстан ТМД елдері арасында Ресей мен Украинадан кейінгі үшінші орынды алады. ....
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасы өзінің егемендігін алуына байланысты республика өмірінің барлық саласында түбегейлі өзгерістер болып жатыр. Елімізде кең ауқымды терең экономикалық жөне саяси реформалар жүргізілуде, қоғамымыз демократияланып, жаңа түрпатты қатынастар орнауда.Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы егемен және тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасып, өркениетті демократиялық құқықтық қоғам құру жолына түскен ел. Демократиялану процесінің әр елдің өзіндік ерекшелігіне сәйкес түрлі кезеңдерде жүзеге асырылатыны белгілі. Осыған орай қазақстандық қоғам саяси жүйенің түрлі салаларында демократиялық құндылықтарды орнықтырудың бастапқы кезеніңде даму үстінде. Осы тұрғыдан алғанда, қоғам өмірінде демократиялық, азаматтық жіне саяси институттардың өз-өзінен орныға алмайтыны белгілі. Олар қазіргі замаңдағы өзекті мәселелерді шеше алатын, саяси, әлеуметтік, құқықтық және тағы басқа бағыт-бағдарлары жетілген жеке тұлғаларға мұқтаж.....
Қаншама қазақ баласы мен өзге ұлт өкілдерін білім нәрімен сусындатқан ҚазҰУ – дің білім саласына қосқан үлесі бөлек. Себебі, университетіміз бүгінгі күнге дейін өзінің абыройлы білім ошағы екенін дәлелдеп келеді. Сондықтан, ҚазҰУ – дің әлемдік деңгейдегі ЖОО – н бәсекелес бола алатыны айқын.
Іргесі өткен ғасырдың басынан құрылған бұл білім ордасында білім алушылардың да саны жыл санап арта түсуде. Ұстаздар мен білім алушылар білім саласына, университетімізді дамытуға жан – жақты ат салып жатыр десек артық айтқанымыз емес. Дегенмен, әлемдік деңгейдегі ЖОО – н иық теңестіру үшін бізге бұл әлі де жеткіліксіз. Сондықтан біз Ұлттық университетімізді жан – жақты дамытып, үлес қосуға тырысамыз. Университетімізде әркез сайын көптеген игі шаралар да ұйымдастырылып тұрады. Жас таланттардың, ғалымдардың жарқ етіп бой көрсетуіне де септігін тигізіп жатыр. Сонымен қатар, университетіміз білім саласына, келешек ұрпақтың жан – жақты, ізденімпаз, шығармашыл тұлға болып қалыптасуына ықпал жасайды. Ақпараттық технологияның дамыған заманында қоғамға қажетті мамандарды да дайындап отыр. Университетіміздің дамуына, көркеюіне әр білім алушылар үлестерін қосса әлемдегі ең мықты білім ұясына айналады деп сенеміз. .....
ХІХ ғ. Екінші жартысында Қазақстанның экономикасы айтарлықтай өзгерістерге ұшырады. Бұл кезеңдегі Ресейдегі капитализмнің дамуы қазақтардың орасан зор территориясын қамтыды және тауар – ақша қатынастарының жедел өсуіне әрі капиталистік тәртіптіьң пайда болуына ықпал етті. ХІХ ғ. ІІ жартыстында Қазақстанға реселік капитал белсене ене бастады. Оны салудың негізгі саласы, өлкеміз аса бай патйдалы қазбаларын өндіру мен өңдеу саласы, сондай-ақ ауыл шаруашылық шикьізатын өңдейтін өнеркәсіп пен сауда саласы болды. Мысалы, тұз кәсіпшіліген капиталистік сиьпаттағы өндірітстің барлық белгілері тән болды. ХІХғ. соңында банк капиталы ене бастады және Қазақстан территориясында несие торабы пайда болды. Катпалистік несие де дами бастады. XIX ғ. соңына таман - XX ғ. басында Қазақстан территориясында қарапайым банк операцияларын жүзеге асыратын қазына қорларын сондай-ақ 345 несиелік және сауда сақтау серіктестіктерін есептемегенде 44 банк мекемесі жұмыс істеді. XIX ғ. соңында Қазақстан территориясындағы негізгі банк Орал, Қызылжар (Петропавл), Семей, Омбь және т.б. қалаларда бөлімшелері бар мемлекетік банктер болды. Несиелік мекемелердің орталығы Ақмола облысында болды. Сондай-ақ Қазақстанда Сібір сауда банкісінің 7 филиалы болды, екінші орында 5 бөлімшесі бар орыс сауда-өнеркәсіптік банкі болды. Несиелер құны бойынша, бірінші орында мал мен ет саудасы, екіншіде-нан, үшінішде - «аралас» тауар саудасынан тұрды. Капиталистік қатынастардың дамуы сауданың дамуына да елеулі әсер етті. Ресей капиталы өлкенің ең алыс түкпірлеріне де еніп, жергілікті мал шаруашылығын Ресейдің, Орта Азияның Батыс Еуропаның нарықтары мен одан да тығызырақ байланыстыра түсті. Сауданың негізгі объектісі мал болып қала берді. Ақмола, Қарқаралы, Сарысу уездерінен жыл сайын Ресейге 60000 бас ірі қара және 200000-дай қой басы әкетілген. Астық саудасының ірі орталықтары Орал, Орынбор, Семей болды, мұңда астық Қостанай, Ақтөбе, Орал, Түркістан уездерінен әкелінді. Астықтың бір бөлігі Ферғана, Ташкент, Бұқараға жөнелтілді.....
Балықтан және балық емес тағамдық өнімдердің сапалы, эпидемиологиялық жағынан қауіпсіз болып шығарылуын нұсқау бойынша бақылап отыру керек. Дайын өнімнің сапалылығын микробиологиялық жағынан қарағанда белгілі дәрежеде өндірістің санитарлық деңгейіне байланысты болып келеді. Нұсқауда кулинарлық, тұзды өнімнің, белоктық өнімдердің және балдырлардың қайта өндірілу өнімінің санитарлықмикробиологиялық бақылауы көрсетілген болуы қажет. Өндірістің санитарлық жағдайының деңгейінің технологиялық процестің дұрыстығын, өнімді өндіру кезіндегі бұзылуларды анық көрсетуге көмегін тигізеді. Санитарлық-микробиологиялық бақылаулар негізгі және қосымша деп екіге бөлінеді. Негізгі санитарлық-микробиологиялық бақылау өнімді бақылау және өнімнің санитарлық жағдайын қамтамасыз етеді.Ол систематикалық, өндірістік лабораториялардың бактериологтарымен санитарлық эпидемиологиялық қызмет жүргізеді. Ал өнімнің қосымша микробиологиялық бақылауы дайын өнімнің жоғары обсементтік жағдайда болғанда лаборатория меңгерушісінің шешімімен, санитарлық микробиологиялық көрсеткіштер бойынша аға бактериологтың шешімі бойынша жүргізіледі. Жоғары дайын өнімді алу үшін өндірістік орындар Мемлекеттік санитарлы органдар шартарына сүйенеді. Микробиологиялық бақылауда оның қандай өнім алуына байланысты мезофильді аэробты және факультативті анаэробты микроорганизмдер (МАФАнМ), ішек таяқшасының бактериалық топтары (ІТБГ) коли формалы сары түсті стафилакокктар сульфидтейтін клостридиялар, ашытқы саңырауқұлақтары мен ашытқылар, протей туысының бактериялары, патогенді микроорганизмдер, сонымен қатар сальмонеллалар мен вибриондар. Микробиологиялық бақылаудан басқа күнделікті шикізат пен қосымша материалдарды бақылап отырады, және нағыз құрылымға сай өндірістің санитарлық жағдайын сақтайды. Құралжабдықтардың, инвентарға, цехтағы тазалыққа, дезинфекциялайтын заттармен пайдаланатын шикізат пен қосымша материалдардың сапасына кезекші шебер жауап береді. Санитарлы-микробиологиялық қорытындыларды кезекші мастерге ол лабораторияның басқарушысына және өндірістің қол астындағы жұмысшыларға жеткізіледі, олар өз кезегінде өндірістің санитарлық және технологиялық деңгейін жоғарылатуға ат салысады. Нұсқауда бактериалдық тұқымдануына қор матифтері жүргізіледі: шикізатқа жартылай фабрикаттарға, қосымша материалдар, дайын өнімнің, бақылау периодтылығына микробиолигиялық анализ әдістеріне және кейбір жеткіліксіздікті жояды. Өндірістің санитарлық жағдайын сақтау. Нормалар мен өндірістік санитарлық жағдайдың сақталуы қатерсіз бүтін өнім алудың ең бір және негізгі шарттары болып табылады. Санитарлық режимнің бірқалыпты сақталуы, дезинфекция мен санитарлық талаптарды жүргізу тәсілдері соның ішінде санитарлық-микробиологиялық жұмыс басталар алдында және санитарлы өңдегеннен кейін күнде бактериолог өндірістің санитарлық жағдайлары мен эффективтілігін қадағалап отырады. ....