Сабақ жоспары (ұмж): Рим қалай көне замандағы ең қуатты империя болды? 1-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 5 сынып, ІV тоқсан)

Пән: Дүниежүзі тарихы
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Рим империясының гүлденуі
Сабақтың тақырыбы: Рим қалай көне замандағы ең қуатты империя болды? 1-сабақ
Оқу мақсаты: 5.3.1.1 ежелгі мемлекеттердің саяси құрылымының ерекшеліктерін сипаттау
5.3.2.2 жаулаушылық соғыстары мен империялардың пайда болуы мемлекеттердің шекарасына әсер етуін түсіндіру
Сабақтың мақсаты: • Римнің көне замандағы қуатты империяға айналуына әсер еткен факторларды анықтау. ......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Педагогика | ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ҚИЫН БАЛАЛАРМЕН ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ

Курстық жұмыстың көкейкестілігі: «Адамның баласын заман өсіреді. Кімде-кім жаман болса, оның замандасының бәрі кінәлі" деп Абай атамыз айтқандай, бала тәрбиесіне бәріміз: мектеп, ұстаз, қоршаған орта, қоғам жауаптымыз.
Орта білім дамыту тұжырымдамасында "Қоғамымыздың ірге тасын нығайту мақсатында ең алдымен адамгершілік, ізгілік, имаңдылық тәрбиесін көркейту керек" делінген. Сондықтан қоғам талабына сай психология, педагогика ғылымдарының жетістіктерін пайдалана отырып, дені сау, ұлттық сана-сезімі жоғары рухани ойлау дүниесі биік, мәдениетті, (еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттері қалыптасқан Қазақстан азаматын тәрбиелеу баршамыздың міндетіміз. Ол "Қоғамымыздың ірге тасын нығайту мақсатында ең алдымен адамгершілік, ізгілік, имандылық тәрбиесін көркейту керек" делінген. Сондықтан қоғам талабына сай психология, педагогика ғалымда-рының жетістіктерін пайдалана oтырып, дені сау, ұлттық сана-сезімі жоғары рухани ойлау дүниесі биік, мәдениетті, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттері қалыптасқан Қазақстан азаматын тәрбиелеу баршамыздың мінде-тіміз. Ол сондай-ақ тіршілік көшіне ілескісі келіп, жеке басы үшін әрқандай қам-қаракет жасайды, өзін болашаққа бағыттайды. Осындай ұмтылыс әрбір жас жеткіншектен көрінгенімен, оның сапалық дәрежесі әркімде әр түрлі болады. Мысалы, «тәрбиесі қиын балалар» әдетте өмір тәжірибесінің таяздығынан, ерік-күшін аздығынан кездескен қиыншылықты жеңе алмай, тағдырдың тәлкегіне түседі. «Қиын балалар» ұғымы 1920-1930 жылдарда тәрбие мәселесінде пайдаланып жүрді. 1950-1960 жылдары қайтадан қолданыс-қа енді. Ал қазір мұндай жасөспірімдер көп.
«Қиын» оқушыларды екі топқа бөлуге болады: 1) тән кемтарлырғы және жан-жарақаты бар оқушылар; 2) отбасында, мектепте тәрбиелеуден шет қалған, жеке басын қалыптас-тыруда сыртқы кері факторлардың, әлеуметтік жағдайдың әсері болған және өтпелі кезеңнің күрделілігінен мінезі дұрыс қалыптаспай қалған оқушылар.
Отбасындағы тәрбиеден кеткен кемшіліктер мектеп жағдайында одан да бетер шиеленісе түсетіндігі айқын. Себебі, мектепте кейбір мұғалімдер баланың жеке басын сыйламай, педагогикалық этикаға жат қылықтар көрсетеді.
Оқушының жан-жақты тәлім-тәрбие алуға, олардың ішкі қасиеттерін анықтап, дарынын шыңдап, сол арқылы өздері көздеген тәрбие бұлағына жағдай жасауымыз қажет. Оқу-санқырлы рухани өмірдің тек бір ғана құрамды бөлігі. Егер ұжым ішінде идеялық, азаматтық, интеллектуалдық, еңбектік, эстетикалық қарым-қатынастар болған жағдайда оқушылар толық мәнді рухани өмір сүре алады.
Қазіргі жас ұрпақтардың –болашақтағы еліміздің ертеңі болып табылатын балалардың сана-сезімін, мінез-құлығын, ақыл-ойын дамыту үшін өзін-өзі басуды нығайтып, ұжымдық шығармашылық істерге дағдыландырудың тәлім-тәрбиелік маңызы үлкен. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қазақ әдебиеті | Төле би және оның заманы

Қазақ - сөз қадірін өз қадірім деп білген халық . Кеңдігін де, елдігін де, кемеңгерлігін де, көсемдігін де сөзге сыйғызған жұрт. Оның тарихы да, тағдыры да, тәлімі мен тәрбиесі де, даналығы мен дала көңілі де сол сөзде табылады.
Сайын дала төсінде мал - жан тіршілік қамымен көбіне аттың жалы, түйенің қамында көшіп қонып жүрген дарынды халқымыз көршілес Батыс - Шығыс елдеріне қарағанда жазу - сызу мәдениеті кенжелеу дамығанмен, мазмұны мен сапасы, көлемі жағынан алғанда қай халықтікінен болса да кем түспейтін, олқы соқпайтын орасан бай ауыз әдебиетін жасады. Халқымыздың мақтанышына айналған көне ауыз әдебиетінің інжу - маржаны деуге боларлық бір түрі - шешендік сөздер.
Бұл сөздердің қаны мен жаны-төзім, мәрттік, кеңдік, адалдық, ақ жүрек, қайырымдылық сияқты халық қасиеттері еді.
Шешендік сөз суырып салма ақындық өнермен туыстас.
"Түйеге мінгеннің алты ауыз өлеңі бар", - демекші, кез - келген үлкен-кіші, әйел-еркек, "ауылдың алты ауызын", "қонақ кәде", бет ашар, "той бастарды" домбыраға қосып әндете жөнеледі.
Небір аумалы - төкпелі, алмағайып замандарды бастан кешірсе де, халықтың алты ауызы жоғалмады, халықтың өзінен басқару жүйесі болды, ел қамын жеген ерлері, сөзін сөйлеп жағдайын жайлаған шешендері, білімпаз билері болды. Би - халықтың көкейіндегісін айтқан, көмейіндегісін жарыққа шығарған әділет жоқшысы. Би байлық та, барлық та, жасай алмаған .Би тұғырына топты жарып таразы басын тең ұстап, әділін айтқан, қара қылды қақ жарған кісі көтерілген.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Журналистика | Қазіргі замандағы БАҚ ғы әйелдердің орны мен ықпалы

Мен қарастыратын тақырып әйелдердің БАҚ –ғы орны мен ықпалы. Қай заманда болмасын қоғамның өзекті мәселесінің бірі «Әйел тақырыбы». Заман талабына сай әйелдер мәселесі де өзгеріп отырады. Менің қозғап отырған тақырыбым әйелдердің қоғамдағы орны болып табылады. Соның ішіндегі бұқаралық ақпарат құралдарындағы әйелдердің орны мен ықпалы. Яғни, жалпы айтқанда журналстикада жүрген әйелдердің атқарып отырған қызметтерін қарастырамын. БАҚ-та, оның ішінде теледидар, радио, баспасөз, интернет жүйесінде қандай мәселелер көтеріліп отыр. Әйел тақырыбы қандай дәрежеде жазылып жүр. Шет елдерде әйел тақырыбы қаншалықты өзекті, қаншалықты деңгейде көтеріліп жүр. Өзге мемлекеттерде әйел журналистикасы қандай деңгейде, қандай проблемалармен кездесіп отыр. Ал, Қазақстанда ше? Неліктен бүгінгі таңдағы журналистика әйели қалыпқа еніп отыр? Әйедердің ақпарат таратуда ерлерден айырмашылығы бар ма, неде?
Тарихымызда қандай әйел журналистері болған, олар не себептен қолдарына қалам алды? Міне, осы мәселерді жете қарастыруға тырыстым.
Осы әйел журналистикасы дегеніміз не?
Бұл термин біздің Қазақстанда әлі қолданысқа енген жоқ .Ал, шет мемлекеттерде әйел журналистикасы кең көлемде дамып, дәуірлеп келеді. Алысқа бармай-ақ көршілес Ресейдің өзінде, бүгінгі таңда әйел журнарлистика саласынан дәріс беруші барлық университеттер жыл сайын журналистиканың гендерлік аспектісіне құрылған ғылыми конференциялар өткізіліп тұрады. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Эволюциялық ұғымдардың қалыптасуы және дамуы. Ч. Дарвиннің эволюциялық ілімінің негізгі қағидалары. Эволюцияның қазіргі заман теориясының пайда болуы. (Биология, 9 сынып, IV тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Эволюциялық даму
Сабақ тақырыбы: Эволюциялық ұғымдардың қалыптасуы және дамуы. Ч. Дарвиннің эволюциялық ілімінің негізгі қағидалары. Эволюцияның қазіргі заман теориясының пайда болуы.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 9.2.5.1 К. Линней, Ж.Б. Ламарк еңбектерінің негізгі қағидаларын оқып зерттеу;
9.2.5.2 эволюциялық ілімінің қалыптасуындағы Ч. Дарвин
еңбектерінің рөлін түсіндіру.
Сабақ мақсаттары: • К. Линней, Ж.Б. Ламарк, Ч. Дарвин еңбектерімен танысу;
• Олардың негізгі қағидаларын оқып зерттеу.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Жаңа заманның байланыс құралдары (6 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Ғылым мен технология жетістіктері
Сабақтың тақырыбы: Жаңа заманның байланыс құралдары
Осы сабақ арқылы іске асатын оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 6.3.5.1. Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді іріктей отырып, жинақы мәтін жазу.
Сабақтың мақсаты:
Оқушылар:
Оқылым мәтінінен негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді іріктейді.
Жинақы мәтін жазады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Информатика | Қазіргі замандағы Интернет технологиялар HTML негіздері

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру еліміздің даму стратегиясының негізгі бағыттарының бірі, себебі ХХІ ғасыр – білім беру жүйесін ақпараттандыру ғасыры.
Информатика пәнінің орта білім беру жүйесіндегі ролі ақпараттық білімнің, ақпараттық орта мен адамның өзара қарым-қатынасын үйлесімді етудегі және жаңа ақпараттық қоғамда кәсіпкерлік қызметтің басты құрамды бөлігі болып табылатын ақпараттық бейнесін қалыптастырудағы алатын орнымен қамтамасыз етіледі.
Бүгінгі таңда компьютерлік дизайн, Web-дизайн, жүйелік программалушы, администратор және тағы басқа мамандардың қажет екендігін түрлі жарнамалық газеттерден, бұқаралық ақпарат құралдарынан да көруге болады. Аталған мамандықтарды қалай дайындап, оларға қандай программалық құралдарды үйрету арқылы жетілдіруге болатыны әдістемелік жұмыстың өзекті мәселелерінің бірі болып отыр.
Мектеп бітірушілер компьютерлік сауатылықты меңгеріп шығады, бірақ келешекте олар программист, инженер, жүйе администраторы болуы міндетті емес. Дегенмен кез-келген шығармашылық мамандық сізден қазіргі заманға сәйкес компьютерлік технологияларды меңгеруге талап етеді. Шығармашылық жұмыстын қортындысы әр қашан жаңа білім, жаңа ақпарат, ал осы ақпаратты таратудың ең жеңіл әдісі – Интернетте жариялау.
Интеренетте материалды жариялау тиімді болу үшін ол Web-дизайн ережелеріне сәйкес болу керек. Демек, Web-дизайн негіздерін білу кез келген мамандықта қажет болады, өткені Web-бет дизайны – бұл ақпараттық дизайн.
Бұл жұмыс өзінің сайтын дайындауды үйренем деушілерге арналған.
Жұмыс екі бөлімнен тұрады, біріншісі теориялық: мәтінді форматтау, графиканы қолдану, тізім жасау, кесте құру. Ал екіншісі болса практикалық, бұл бөлімде біз дайын бір сайт жасап шығамыз. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0