Әңгіме: Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады


Қазақ елінің азаттығын аңсап қана қоймай, ұлт тәуелсіздігі жолында күрес көрігін қыздырған Алаш ардақтыларының тіл тақырыбында жазған көсемсөз мұраларын жүйелі жинау, егжей-тегжейлі зерттеу, нәтижелерін ел игілігіне жаратудың маңызы орасан зор.

Ұлттық құндылықтардың ішінде өзектісі болып саналатын тіл мәселесін оң шешу қашанда маңызды болып қала беретініне ешқандай күмәніміз жоқ.

ХХ ғасыр басында Алаш көсемсөзінің көш басшысы Ахмет Байтұрсынұлы «төңірекке қарасақ түнерген-түнерген бұлттар көрінеді» деп жазып, қауіп-қатердің қайдан келіп жатқанын дөп басып танып, ұлттық құндылықтарымызды сақтап қалудың жолын іздеді. Әсіресе, біртіндеп қолдану аясын қолдан тарылта бастаған қасиетті ана тілі- міздің қамын ойлағанда жанын қоярға жер таппай, шыр-пыр боп араша түсті, қолы қабарғанына қарамастан көсемсөз жазып, дамылдамай дабыл қақты, күрескерліктің тың даңғылын салды. Солардың бірінде бүй дейді: «...Қазақ деген қашаннан өз алдына ұлт болып, Еділден Ертіске, Оралдан Ауғанға дейін тұтас тұрған халық еді. Арамызға әр түрлі жұрт кіріскенде солармен қатар, атымыз жоғалмай, қазақ ұлты болып тұра аламыз ба? Осы біздің төсекте дөңбекшітіп ұйқымызды бөлетін нәрсе. Басқа жұртпен араласқанда өз алдына ұлт болып, өз алдына тілі бар, өз тілінде жазылған сөзі (әдебиеті) бар жұрттарға не тұрады. Өз тілімен сөйлескен, өз тілімен жазған жұрттың ұлттығы еш уақытта адамы құрымай жоғалмайды. Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл. Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады. Өз ұлтына басқа жұртты қосамын дегендер әуелі сол жұрттың тілін аздыруға тырысады. Егерде біз қазақ деген ұлт болып тұруды тілесек, қарнымыз ашпас қамын ойлағанда тіліміздің де сақталу қамын қатар ойлау керек. Қазақтың балалары қалай оқып жүр? .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Түркі жастарының алып қара шаңырағы немесе бағызы өркениеттің кіндік жұртындағы таңғажайып


Азия кіндігінде алаулап тағы бір таң атты. Сол таң нұрымен бірге ұлы ел оянды. Бөркін аспанға атып алпыс екі тамыры бусанып, шер мен налаға толы көкірегі қуаныштан бүр жарып, ақ түиенің қарыны жарылған, дүлдүл тұяқтың дүбіріне от беріп, көбеңсіп жеткен тәуелсіздік атты алтын бақ қазақтың басына қонды. Оң иығына күн сүйген қыранын көтеріп, сол иығына құл сүйген құранын ұстап бодандықтың уысынан шығандап барып еркіндікке қол жеткізді. Тілі, діні, ділі азат ел болды. Сүйтіп Қазақстан аты күллі әлемге жорғадай тайпала жөнелді. Желтоқсан желімен жарысып...

Маңдайына жаңадан қонған бұл тәуелсіздік бақыты аспаннан тегін май шелпек секілді жауа салмады. Жанға-жан, қанға-қан берген, елі үшін, жері үшін еркек тоқты құрбандық деп басын бәйгеге тіккен рухы өр алдаспан жарқылындай асылдардың қызыл қанымен келді. Алғашқы оттың тұтануы «1986 жылы желтоқсан оқиғасы» болып жүрегінде оты бар, ұлтын езіле, емірене сүйген қазақ жастары бүкіл комунизм дүниесіне қарсы наразылығын көрсетіп, дұшпанына жасын ойнатып, азуын айға біледі. Арыстандай айбар шегіп, барыстай атылды. Бірлігін көрсетті. Қасының десін басып көңіліне күдік орнатып жүрегіне қорқыныш атты ұя салды. Алқағаны ел, қарғағаны жер боларын ұғындырды. Шешінген судан тайынбай Қайрат Рысқұлбеков бастап ерліктің құрбаны болды. Соңғы демі таусылғанша шындық жырын шырқады. Көп ұзамай ақиқаттың ақ таңы туып соңы егемендікке ұласты. Елі тау мінезді ұлдары мен намысы алдаспан жүзіндей қыздарының ерлігін адақтап еске алып ұлықтады. Тәуелсіздіктен кейін боздақтарды еске алу күнін әр жыл сайын салтанатты әрі айбынды күллі қазақ жерінде тойлау дәстүрге айналды. Тәуелсіздік таңында туылған жас ұрпақтар ерліктеріне сүйіне қарап, таңдана жырлайтын, еске алып бой түзеп рухын оятып үлгі тұтар аңыздар тіліндей желтоқсан құрбандарының мәңгілік асқақ рухы қалды.

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Мақал - мәтел: Жұрт, қауым, халық, әлеумет, жамағат, халайық, ел

Жігіттің жақсылығын
Жұрты білер.

Қарты бардың жұрты бар,
Кемпірі бардың құрты бар.

Көшермен болса жұрт жаман,
Кетермен болса қыз жаман.

Күйінбеген жұрт күйдірген кезінде,
Құтқарады өзгені де, өзін де.

Ауыл болсаң - қауым бол.

Ат алсаң, ауылыңменен ақылдас,
Қатын алсаң, қауымыңменен ақылдас.

Ауыл болсаң, қауым бол,
Көрші болсаң, тату бол.
Мақал-мәтелдер
Толық
0 0

Өлең: Күләш Ахметова (Ескі жұртта)

Жол түседі төмен қарай дөңестен,
Өткен өмір...
Шығардық біз оны естен.
Бір кездегі түйе жүрген жерлерде
Түйдек-түйдек түйе жапырақ шөп ескен.
Қақталады қалған ескі қалайы,
Құс сайрайды, болар, бәлкім, бал айы.
Жабайы өмір
Табиғаттың анасы,
Ескі жұртта — шөп те,
Құс та
Жабайы!......
Өлеңдер
Толық
0 0

Шығарма: Айналайын, атажұртым

...Уақыт қарқыны зымыран. Күні кеше өткен сияқты уақиғалар бүгінде тарих беттеріне айналып та үлгірді. Бұл жаңа мемлекет пен жаңа қоғамның дүниеге келуінің азапты толғаққа толы, сонымен бірге ғаламат сәті еді. Сол сәт әлі аяқталған жоқ, бірақ ең қиын белестерден аса білдік. Ең қиын жылдар дәл қазір артымызда қалды, сондықтан да мен еліміздің еңсесі биіктей беретініне сенемін.
Н.Назарбаев
Отан... Атамекен... Атажұрт... Тарих... Бұл қай құлаққа да асқақ естілер асыл ұғымдар. Адам өмірге келіп, ес жиып, етек жия бастаған сәттен өз Отанының тарихына ден қоя бастайды... Адам, адам болып жаралғаннан бері ұлан – асыр даму көшінің өн бойында жер үшін, ел үшін сан қилы дүрбелеңдер көп болған.
Әдетте, осындай дүрбелеңдерден, яғни үлкен аумақтарды қамтыған қанқұйлы соғыстардан соң ғана, әлем картасы аталатын ала қағаз бетіне түзетулер түсетін. Ал ХХ ғасырдың соңында әлем келбеті ешқандай дүрбелеңдерсіз – ақ өзгеріп шыға келді. Оған жер жаһанның алтыдан бір бөлігіне иелік етіп, қаһарымен алыс – жақын жұрттардың бәрін ықтырып келген алып империяның ың – шыңсыз ыдырай бастауы себеп болды. Ыдыраған империяның орнына он бес тәуелсіз мемлекет өсіп шықты. Солардың бірі – Орталық Еуразия алабындағы ғажайып әрі қайталанбас тарихы бар – Қазақстан Республикасы еді. Қазақстан – қазақ халқының ата – баба мекені, ежелгі қонысы. Бұл жерде ата – бабамыз туды, өмір сүрді, оның топырағында ата – бабамыздың кіндігі кесілген... Қазақстан картасы – қазына картасы. Даласы дархан, топырағы қасиетті, қойнауы қазыналы. Қазынаның барлығы да қазақ жерінің топырағында тұнып жатқанын екінің бірі айтпай – ақ біледі... Ғылым адамзатқа қанат бітірді, ғаламат істерге бастады, ғажайып жаңалықтар ашты. Соның куәсі – адам көкзеңгір ғарышқа қадам басты, айға қонды, жұмыр жерді аялай айналып ұшты. Ал, ғарышқа жол – Байқоңырдан от алғанын мақтан етпейтін кім бар? Ғарышқа қадам жасаған елдер қатарында еліміздің де еңсесі биік, жалауы жоғары......
Шығармалар
Толық
0 0