Қазірде қоғам бұрын болып көрмеген ақпараттар ағынынының көбеюі кезеңінде өмір сүруде. Бұл экономика, элеуметтік және басқару саласында айқын байқалады. Нарықтық қатынас ақпараттың уақтылы берілуіне, шынайылығына, толықтығына жоғары талаптар қояды, мұнсыз маркетингтік, қаржы – кредиттік, инвистициялық іс әрекеттер тиімді жүргізілмейді. Ақпаратқа түрлендіруші, анықтаушы қасиет тән. Информатика индустриясын құру және ақпараттық өнімнің тауарға айналуы –қоғамда терең әлеуметтік өзгерістерге алып келеді. Ақпарат материалдық өндірістен әлеуметтік салаға дейінгі қоғамның барлық салаларын қамтиды. Адам шаруашылығының ақпараттық процесстерінің сапалы атқарылуы қазіргі заманғы дербес электронды есептеуіш машиналарын, телекоммуникация жүйелері мен электронды есептеуіш машиналарының желілерін құруға байланысты болып табылады. Осыған байланысты қоғам ақпараттандырудың бірқатар мәселелерін мемлекеттік деңгейде шешуі қажет.....
Мен қарастыратын тақырып әйелдердің БАҚ –ғы орны мен ықпалы. Қай заманда болмасын қоғамның өзекті мәселесінің бірі «Әйел тақырыбы». Заман талабына сай әйелдер мәселесі де өзгеріп отырады. Менің қозғап отырған тақырыбым әйелдердің қоғамдағы орны болып табылады. Соның ішіндегі бұқаралық ақпарат құралдарындағы әйелдердің орны мен ықпалы. Яғни, жалпы айтқанда журналстикада жүрген әйелдердің атқарып отырған қызметтерін қарастырамын. БАҚ-та, оның ішінде теледидар, радио, баспасөз, интернет жүйесінде қандай мәселелер көтеріліп отыр. Әйел тақырыбы қандай дәрежеде жазылып жүр. Шет елдерде әйел тақырыбы қаншалықты өзекті, қаншалықты деңгейде көтеріліп жүр. Өзге мемлекеттерде әйел журналистикасы қандай деңгейде, қандай проблемалармен кездесіп отыр. Ал, Қазақстанда ше? Неліктен бүгінгі таңдағы журналистика әйели қалыпқа еніп отыр? Әйедердің ақпарат таратуда ерлерден айырмашылығы бар ма, неде? Тарихымызда қандай әйел журналистері болған, олар не себептен қолдарына қалам алды? Міне, осы мәселерді жете қарастыруға тырыстым. Осы әйел журналистикасы дегеніміз не? Бұл термин біздің Қазақстанда әлі қолданысқа енген жоқ .Ал, шет мемлекеттерде әйел журналистикасы кең көлемде дамып, дәуірлеп келеді. Алысқа бармай-ақ көршілес Ресейдің өзінде, бүгінгі таңда әйел журнарлистика саласынан дәріс беруші барлық университеттер жыл сайын журналистиканың гендерлік аспектісіне құрылған ғылыми конференциялар өткізіліп тұрады. ....
КІРІСПЕ Жұмыстың өзектілігі: Дарындылық дегеніміз не? Сирек кездесетін жеке-дара қасиет пе немесе әлеуметтік шындық па? Және дарынды балаларға қалай қарау керек? Олар ерекше бағыт пен еркеше даму, көзқарасты қажетсіне ме? Дарындылық көптеген балалар үшін, ата-ана мен мұғалімдер үшін әлі де жұмбақ күйінде қалып отыр. Қалың көпшілік қауым үшін маңызды проблема болып, ең алдымен оның шынайы байқаулары, анықталу тәсілдері, дамуы мен әлеуметтік жүзеге асуы табылады. Дарынды балалар жөніндегі бүгінгі қамқорлық - бұл ертеңгі ғылым, мәдениет пен әлеуметтік өмірдің дамуы туралы қамқорлық. Қазіргі таңда мұндай ерекше балаларды, анықтау тәсілдері, өз қабілеттерін жүзеге асыруға көмек беру бағдарламалары бар. Дегенменен, дарынды және талантты балаларды анықтау және дамыту проблемасы бүгінгі күні де бар, балалардың өз дарындылығы мен оны шығармашылық тұрғыда жүзеге асыруда жеке жауапкершілікті түсінуде әлі де проблема бар. Балалардың дарындылығы мәселесімен шетелдік және отандық психологтар айналысты. Шығармашылық дарындылық психологиясы саласы бойынша ауқымды зерттеулер жүргізілгені белгілі. Ол американдық психологтар: Дж. Гилфорд, П. Торренс, Ф. Баррон, К. Тейлор. Ал психологтар Дж. Кэрол мен Б. Блумның идеялары негізінде дарынды балаларды оқыту әдістемесі жасалынды. Ерекше дарынды балалар мәселесімен Ж. Брюно айналысты. (“одаренные дети: психолого-педагогические исследования и практика”). Дарындылық проблемасын отандық психологтар да зерттеді. Олар: А. М. Матюшкин өзінің “Шығармашылық дарындылықтың тұжырымдамасы” еңбегінде, Шумакова Н.Б. өзінің бірқатар еңбектерінде, Чистякова Г.Д. өзінің “Танымдық құрылымды дамытудағы шығармашылық дарындылық” атты мақаласында С. Юркевич “Практик психолог жұмысындағы дарындылық диагностикасы мен оны болжау проблемалары” еңбегінде баяндалады. Біздің дипломдық зерттеу жұмысымыздың мақсаты: дарынды бастауыш сынып оқушыларының дарындылығын зерттеу. Зерттеу міндеттері: 1. Дарынды балалардың ерекше қасиеті жөніндегі әдебиеттерге толық теориялық талдау жүргізу. 2. Дарынды балалар ақыл-ой ерекшеліктерін және жеке қасиеттерін зерттеу. 3. Дарынды балалармен жұмыс істеудің ерекше бағдарламасын құру. Зерттеу әдістері: 1. балалардың дарындылығын бақылау. 2. Олардың ерекшелігін психологиялық анықтау әдістері. 3. Ата-ана, балалармен жүргізілетін сұхбат, сауалнама. 4. Дарындылық деңгейлерін анықтайтын әдістемелер кешені. Зерттеудің әдіснамалық негізі: Л.С. Выготскийдің мәдени-тарихи даму тұжырымдамасы, А.М. Матюшкиннің шығармашылық дарындылық тұжырымдамасы, С. Юркевичтің, дарындылықты анықтау еңбектері, С.М. Джакуповтың танымдық іс-әрекет психологиясы. Зерттеудің теориялық құндылығы. Дарынды балалармен жұмыс істеудің теориялық негіздемесі құрылып, дарындылық табиғаты жөнінде қазақ тіліндегі әдебиет қатары толықтырылды.....
Сынып жетекшісінің қызметі. Мұғалім, белгілі бір сыныпқа балалар ұжымының жетекшісі ретінде тағайындалып, жұмысқа кіріскен жағдайда, өзінің қызметін сынып ұжымына әрі жекелеген оқушыға қатысты жүзеге асырады.Соған сәйкес оның қызметін 3 бағытта қарастыруға болады. 1. Педагогикалық және әлеуметтік – гуманитарлық. Оның бұл қызметі балаға барлық бағытта көмектесу: оның әлеуметтік қалыптасуы мен дамуына жағдай тудыруға, баланың тұлғалық өзекті мәселесін шешуге, оны әлеуметтік өмірге араластыру және өз бетінше өмір суре білуіне көмектесуге бағытталған. Баланың отбасымен, тәрбиенің басқада мекемелерімен тығыз байланыс орнату. Рухани – адамгершілік және рухани – эстетикалық мәдениетін қалыптастыру. 2. Ұйымдастырушылық қызметі. Тәрбие процесін ұйымдастыру.Балалардың орынды талап – тілектерін қолдай отыра, ынтымағы жарасқан, саналы да белсенді әрі іскер сынып ұжымын қалыптастыру.Олардың танымдық, еңбек, эстетикалық әрекеттерін және демалысы мен еркін қарым – қатынасын ұйымдастыру.Сыныптағы өзін - өзін басқаруды дамыту. 3. Оқушылардың жалпы әрекетін асқару. Оған: диагностикалық,мақсат қоюшылық (целеполагания), жоспарлау, болжам жасау немесе жобалау (проектировать), бақылау және түзету (коррекция) енгізіп отыру қызметін жатқызуға болад ....
Пән: әдебиеттік оқу Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен Сабақ тақырыбы: Шығармашылық жұмыстарды түрлі формада ұсыну №2 Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 3.2.1.1 мәтінді дауыстап түсініп/ рөлге бөліп/ мәнерлеп/ теріп оқу 3.3.3.1 шығармашылық жұмысын сурет/сценарий түрінде ұсыну Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: өлеңді мәнерлеп және қажетті ақпаратты теріп оқиды, шығармашылық жұмысын сурет түрінде ұсынады. Көптеген оқушылар: шығарманың маңызды тұстарын түсіндіре алады. Кейбір оқушылар: өлеңнің жанрлық ерекшелігі туралы білетін білімін пайдалана алады.....
Қылмысқа қатысу қылмыстық құқық бойынша қылмыс iстеудiң ерекше нысаны peтiндe қарастырылады, өйткенi жеке дара қылмыс жасаyғa қарағaнда қылмысты осы нысанда iстеудiң қауiптiлiк дәрежесі және келтiретiн залалы да зор. Бiрнеше адам¬ның күш бiрiктiрiп бiр немесе бiрнеше қылмысты icтeyi олар¬дың - қатысушылардың - өзара бiрiн-бiрi қолдауы, қылмыс iстеудi жеңiлдетiп қана қоймайды сонымен бiрге қылмыстық заң қоpғайтын қоғамдық қатынастapғa үлкен қауiп келтiредi немесе соны келтiру қаупiн туғызады. Қылмыс iстеудi осылай жүзеге асыру қылмысты ic-әрекеттiң өзiн жоюғa, қайсыбiр жағ-дайларда бiр адамның қолынан келмейтiн қылмысты iстеудi дайындауға немесе жүзеге acыpyғa мүмкiндiк бередi. Қылмыс - бiр адам apқылы немесе бiрнеше адамның бiрле¬cyi арқылы iстелуi мүмкін. Бiрнеше адамның қылмыс iстeyiнiң нәтижесiнде iстелген қылмыстың мәнi, одан туындайтын зиянның мөлшерi де жеке дара адам iстeгeн қылмысқа қарағанда едәуiр өзгередi және мұндайда қылмыс icтeгeнi үшiн жауапты болатын адамдардың санын тура анықтау қажеттiлiгi туын¬дайды. Қылмысқa қатысуда ic-әрекет пен қылмытың зардабының өзара байланысының жеке адамның iстeгeн қылмысына қара¬ғaнда өз ерекшелiгi бар. Қьлмысқа қатысуда қылмыстың зарда¬бы мен орындаушылардың немесе бiрге орындаушылардың ic-әрекеттерi ғaнa байланысты болады. Айдап салушы, көмекте¬сушi, кейде ұйымдастырушы тiкелей зиян келтiрмейдi. Олар тек қана қылмыстың зардабының тууына себепшi болады. Мұндай себепшi болу қылмысты тiкелей орындаушығa оның қылмыс iстeyre деген шешiмiн қоздыру арқылы жүзеге асырылады. Субъективтiк жағынан алғaнда қылмысқа қатысу барлық қаты¬сушылардың қылмысты қасақана icтeгeнiн бiлдiредi. Қылмысқа қатысушылардың әрқaйсысының ниетінің мазмұ¬нына орындаушының iстейтiн қылмысының қoғaмғa зиянды¬лығының мәнiciн сезу, сондай-ақ сол адамның қылмысты жал¬ғыз өзiнiң емес, басқалардың әpeкeтiмeн бiрге жасайтын мән ¬жайларды сезiнyi шарт. ....
Кітап – адамзат тарихындағы тұңғыш бұқаралық ақпарат құрал. Оның шығуы, дамуы жазу мәдениетімізбен тығыз байланысты. Арғысы тас кітаптан, одан ғана қағаз бетіне түсе бастады. Сол дәуірдегі біздің алғашқы қолжазбаларымыз - әл-Фарабидің, М. Қашқаридің шығармалары. Интеллектуалдық білімнің қайнар көзі – кітап болғандықтан Қазақстандағы кітап рыногі мен кітап басылымын сөз ету - өз алдына бөлек дүние. Тақырыптың өзектілігі: Кітап бизнесі – жұртшылыққа мерзімді емес баспа өнімдерін таратып сатумен шұғылданатын сауда түрі. Кітап бизнесі туралы білім жүйесін зерттегенде кітап өнімнің тауарлық құнын ғана емес, тұтыну құнын бірге қарастыру керек. Бұл – киер киім, ішер ас емес, сонда да адам боп өсіп толысуымыз үшін бірден-бір азық. Ми, руханият азығы. Дәлірек айтқанда, рухани тауар. [1] Кiтапты тауарға айналдырып саудалау оның сонау папирус бумасы, күйдiрiлген балшыққа, тақтайшаға не қайың қабығына жазылған түрлерiнен басталғаны белгiлi. Тiптi, сол замандарда- ақ қолжазба кiтапты көшiретiн орын даяр өнiмдi, яки қолжазба кiтапты сататын дүкендер де болған.[2] Көне гректер кiтап сатушыны библиопол деп атапты. Осы сөзден француз кiтаптанушысы Г.Пеньо «Библиология жөнiндегi түсiндiрме сөздiк» деген кiтабында «библиополистика» атты термин туғызған. Бүгiнде библиополистика алғашқыдағыдай кiтап бизнесі деген ғана мағына емес, кiтап бизнесінің теориясы, тарихы, ұйымдастырылу негiздерi деген ұғымдарды бiлдiредi. [3] Папирус қағаздары мен ағаш қабығына, теріге, жарғақ бетіне ою-өрнек арқылы жазылған кітаптарды сауда айналымына шығару әуелі Көне Шығыс мемлекеттерінде бой көрсеткен Ежелгі Грекия мен Ежелгі Римнің кітап сатушылары тұңғыш рет кітап сату жабдығын жасап, оларды орналастыру, жарнамалау шараларын жүзеге асырды. Батыс Еуропада XIII-XIV ғасырларда университеттер мен ірі монастырьлар жанында кітап сатушылар корпорациясы құрыла бастаған. Мұнан соң қолжазба кітаптарды, ксилографиялық әдіспен немесе ағаш бетіне түсірілген өрнектер арқылы алынатын басылымдарды таратумен айналысушы тұрақты кітап рыногі ашыла бастады. Көне Русьте кітап бизнесі тұңғыш рет Григорий Печорский заманында (шамамен 1120-жылдар) пайда болып, І Петр реформалары тұсында айтарлықтай өрістеді.Мәскеу университеті жанынан ашылған кітап ләпкесінің қызметіне М.В. Ломоносов та көңіл бөліп отырған. Санкт-Петербург ғылым академиясы жанынан құрылған Кітап палатасы академияның өз басылымдарын сатумен әрі сырттан кітаптар әкелумен айналысты. Ресейдегі кітап бизнесінің дамуына оқырмандарға бағыт-бағдар беріп отыратын «Кітап хабаршысы» (1884-1916), «М.О. Вольф серіктестігіне қарайтын кітап дүкендерінің хабаршысы»(1897-1917), «Кітап биржасы»(1905-07), «Книжник»» (1898-1912). «Кітап сатушылар ....
КІРІСПЕ Құқық адам мен қоғамның жаратылысымен байланысты тұлғаның бостандығын білдіретін, қоғамдық қатынастарды реттейтін, ресми құжаттарда анықталған, мемлекеттің күшімен қамтамасыз етілетін құқықтық нормалардың жиынтығы. Заң ғылымының негізі мемлекет және құқық теориясынан басталса, аталған пән өз бастауын құқық терминінің мазмұнын ашудан басталады. Бұл жерде “неге?” деген сұрақ заңды туындайды. Жауап іздер болсақ, мынаны айтуға тура келеді: 1) құқық мемлекетпен пайда болған. Демек, мемлекет атаулы билік құралдарының жүйесімен ішкі, сыртқы көпқырлы функцияларды біріктіре білген жиынтықты зерттеу қажет болса, онда оның бастауы міндетті түрде құқық ұғымына тіреледі деген сөз.....
Жоспарлау мен болжау экономикалық заңдылықтарға сәйкес өндірістің ішкі және сыртқы үйлесімділігін, оның өнімдерін бөлу мен тұтынуды реттеуге бағытталған адамдардың саналы әрекеті болып табылады. Сондықтан жоспарлау халық шаруашылығын басқарудың басты құрамдас бөлігі болып саналады. Оның негізгі мақсаты – экономикалық даму барысында кездесетін қайшылықтар мен жағымсыз құбылыстарға жол бермеу. Жоспарлау жүйесі нарықсыз, нарықтық қатынастар механизмінсіз сәтсіздікке ұшыраса, тиісінше нарықтық шаруашылықты болжаусыз және реттеусіз жүргізу аса тиімді болмайды. Жоспарлау мен болжау – қоғамдық өндірістің дамуы мен оның нәтижелерін ғылыми тұрғыдан көре білу жолы. Ол халық шаруашылығы салаларының өзара байланысына, бір – біріне объективті тәуелділігіне, ғылыми-техникалық және әлеуметтік тенденциялардың заңдылықтарына негізделеді. Жоспарлау ғылыми тұрғыдан қоғамдық дамудың қарқыны мен өзара тепе – теңдігіне байланысты процестер мен экономикалық заңдардың ерекше көріністерін зерттейді. Жоспарлау мен болжау – ресурстарды пайдалану және табыс табу үшін болашақта орындалуы қажет әрекеттерді анықтау процесін білдіретін басқарудың аса маңызды бір функциясы Қаржылық жоспарлау – бұл қаржы жоспарларын (тапсырмаларын) әзірлеу, қаралған мерзімде оларды орындау, белгіленген мақсаттарға жетуге бағытталған процесі. Жоспарлау мен болжау басқарудың элементі ретінде қаржы саясаты құралдарының бірі болып табылады. Ол ірі шаруашылық өзгерістерді байсалды және елеусіз жасауға мүмкіндік туғызады. Біздің Республикамызда кең көлемде кәсіпкерлікті, әсіресе кіші және орта бизнесті қолдау бағдарламасы іске асырылуда. Қазақстан Республикасының Президентінің 2003 жылғы 29 желтоқсандағы №1268 жарлығымен бекітілген «Шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдаудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасы» бойынша шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдау мемлекеттік экономикалық саясаттың ең маңызды саласы болып табылады. Қазіргі жағдайда экономиканы мемлекеттік реттеудің басты механизмдерінің бірі жаңа мағыналы және іске асырудың түрлері бар индикативті жоспар болуы керек. Қазақстан Республикасында экономикалық жоспарлау жүйесі ұзақ мерзімді «Қазақстан - 2030» стратегиясына негізделген. Осыған сәйкес Үкімет стратегиялық жоспарлау агенттігімен бірлесе отырып, 15 жылға арналған өндіргіш күштерді дамыту және орналастыру үлгісін жасайды ....