Өлең: Мұқағали Мақатаев (Жүр)

«Жүр.
Кеттік біздің ауылға,
Келістік.
Әкел қолыңды?
Шөйіліп күнәң жауында,
Найзағай оссын жонынды.
Астыңа дүлдүл ат беріп,
Қиямен тауға айдайын. .....
Өлеңдер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Іс жүргізу | Ұйымдағы құжат және құжат жүйесінің мәні.

Кіріспе
Қазақстан республикасында тәжірибемен тұжырымдалған жасалатын және қолданылатын құжаттарға деген жауапкершілікті шектейтін бірыңғай заңды орган жоқ. Бұл жауапкершілік атқаратын қызыметтеріне байланысты бірқатар мемлекеттік басқару және билік органдарына үйлестірілген. Ал арнайы осы органдарды құжаттандыру жүйесіне келетін болсақ, ол әрбір саланың министрліктері мен ведомстволарына жүктелген. Бұл министрліктер мен ведомстволар басқа да салаларды қамтитын нормативтік құжаттарды қабылдауы мүмкін. Кез келген ұйым немесе мекемеде және басқада да олардың құрылымдық бөлімшелерінде құжаттандыруды атқару үшін Республикада енгізілген нормативтік құқықтық актілер ескеріледі. Себебі құжаттандыруды және іс жүргізуді айналасын арнайы қабылданған, заңмен бекітілген нормативтік құқықтық актілерге байланысты атқарған жөн. Жалпы құжаттандыру дегеніміз басқару саласындағы қызметтерінің құжатталуы бойынша мәселелерді реттеуші. Құжаттану қолжазба немесе арнайы тасымалдаушыға түсірілген ақпараттар мен қамтамасыз ету болып табылады. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: Құқық | Азаматтық іс жүргізудегі құқықтық қатынастар

Құқықтық қатынас - құқық нормаларымен реттелген, құрамында өзара алмасылып отыратын құқықтар және міндеттермен айшықталған құқық субъектілері арасында заңдық байланысы бар қоғамдық қатынастар. Азаматтық іс жүргізу қатынасы құқық қорғау қатынастарына жатады. Олардың пайда болуы, өзгертілуі және тоқтатылуы заңдық жағдаяттармен, заңдық маңызы бар нақтылы мән-жайлармен байланысты, олармен құқық нормасы азаматтық іс жүргізу құқық субъектілерінің іс жүргізу құқықтары мен іс жүргізу міндеттерінің пайда болуы, өзгертілуі және тоқтатылуын байланыстырады.Бұл қатынастардың ерекшеліктері мыналар:

- олар азаматтық іс жүргізу құқықтық нормаларымен тікелей белгіленген;

- ерекше субъективтік құрамы, яғни іске қатысушылардың құрамы;

- бірлігі мен біріктік;

- арақатынасында.

Азаматтық іс жүргізу қатынастары сотқа талап арыз, арыз және шағым берген кезде пайда боладьі. Азаматтық іс жүргізу құқықтары мен азаматтық іс жүргізу міндеттері азаматтық іс жүргізу қатынастарының мазмұнын құрайды. Азаматтық істерді қарап шешуде азаматтың іс жүргізу құқық қатынастарының мынандай түрлерін байқауға болады: негізгі, қосымша жэне қызметтік-көмек көр-сетушілік.

Негізгі іс жүргізу құқық қатынастары талап қоюмен іс жүргізу, ерекше талап қоюмен іс жүргізуде сот пен тараптар (талап қоюшы және жауапкер) арасында және ерекше іс жүргізуде сот пен арыз беруші арасында болады.

Қосымша іс жүргізу құқық қатынастары- іс бойынша қорытынды беру үшін прокурордың, мемлекеттік органның немесе жергілікті өзін-өзі басқару органның қатысуымен өткенде (АІЖК-тің 55, 57-баптары), сондай-ақ үшінші тұлғалардың қатысуымен өткенде (АІЖК-тің 52, 53-баптары) туындайды.

Қызметтік-көмек көрсетушілік іс жүргізу құқық қатынастары іс бойынша өз қызмет бабы бойынша көмек көрсету үшін аудармашының, сарапшының, куәлардың, қоғамдың өкілдердің қатысуымен өткенде туындайды.

Азаматтық іс жүргізу құқық қатынастарының ерекшелігі оның биліктік сипатында, яғни биліктік қатынастылығында. Азаматтық іс жүргізу құқық қатынастарының субъектілері - сот және өзге сот ісін жүргізуге қатысушысы билік және бағынушылық қатынаста болады. Оған дәлел ҚР Конституциясының сот билігін бекітуі.

Жоғарыда айтылғанның бәрі азаматтық іс жүргізу құқық қатынасының түсінігіне анықтама беруге болатынын білдіре. Сонымен азаматтық іс жүргізу құқық қатынасы - бұл субъективтік құқықтармен заңмен қорғалатын мүддені қорғау үшін сот пен өзге азаматтық процестің қатысушылары арасындағы азаматтық іс жүргізу құқық нормаларымен реттелген қоғамдық қатынастар ....
Рефераттар
Толық
0 0

Өлең: Дарияның ар жағы сіздің ауыл...

Дарияның арғы жағы сіздің ауыл,
Бер жағы сол өзеннің біздің ауыл.
Жүруші ең жайраң қағып, араласып,
Желкенін жел қайықтың үзді дауыл.

Дарияның арғы беті шоқ қарағай,
Жамырар шоқ қарағай топ баладай.
Көңілдің көк дөнені....
Өлеңдер
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Құқықтану | АЗАМАТТЫҚ СОТ ІСІН ЖҮРГІЗУГЕ АДВОКАТТЫҢ ҚАТЫСУЫ

Еліміз өзгерістер алдында, демократиялық реформалардың жаңа кезеңіне аяқ басқалы тұр.Сондықтан біз одан әрі жүретін реформалар пайдасына таңдау жасауымыз қажет. Қазақ ұлтының кешегісін түгендеп, ертеңін екшейтін заман туғалы қашан.
Азаматтық іс жүргізу құқығы ғылымының аясын зерттеуді Қазақстандағы заң білімінің тарихынан бөліп қарауға болмайды.
Ғылыми зертеудің қайсысы болмасын, ұқсастық пен айырмашылықтарды саралап, жинақтауды талап етеді. Зерттелетін объект белгілі бір уақыт аралығын қамтитын болса, оны топтастыру да белгілі бір кезеңге сай жүргізіледі. Осы тұрғыдан келгенде Қазақстандағы заң білімінің дамуы барысын мынадай 5 кезеңге бөлуге болады: көне дәуірдегі заң білімі , дербес Қазақ хандығының заң білімі, патшалық Ресейдің отары болған кездегі заң білімі, социалистік заң білімі, ұлттық заң білімі. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Балалардың жүрек және қантамыр жүйесінің АФЕ-рі

Балалардың жүрек және қантамыр жүйесінің АФЕ-рі. Тумастан біткен жүрек ақаулары.



Туа біткен жүрек ақаулары жайлы түсінік, даму себебі, негізгі клиникалық көріністері, диагностикалық әдісі және емдеу.

Балаларда қан тамырларының тонусының бұзылуы, себебі, клиникалық көріністері және емдеу әдістері.

Балалардың жүрегі үлкендердің жүрегіне қарағанда жоғары орналасқан, шар тәріздес. Жүректің бұлшық еті қанмен жақсы жабдықталған, сондықтан көп ауыр жағдайларды көтере алады.Артериалар мен веналар бірдей кең, сондықтан қан қысымы төмен. Жаңа туған балалардың қан қысымы 70/35 мм сын.бағ. бойынша, 1 жастағы балада бұл көрсеткіш 80/45 мм сын.бағ. Бір жастан асқан балалардың максимальды (жоғарғы) қан қысымы Молчанов формуласы бойынша анықталады: ҚҚ=80+2п, п-баланың жасы. Ал максимальды (төменгі) қан қысымы бұл санның жартысына тең. Мысалы: 5 жасар баланың қан қысымы-80+2х5=90, яғни 90/45 мм сын.бағ. Қан қысымы Рива-Роччи аппаратының көмегімен Коротковтың әдісімен айқындалады. Балалардың тамыры (пульсі) жиі тұрақсыз ағады.



Жаңа туған балада-120-140 рет минутына



1 жастағы балада -110-120 рет



7 жастағы балада -85-90 рет



15 жастағы балада -80-76 рет



Тамыр соғу жиілігін тұтас 1 минут ішінде кәрі жілік, самай, ұйқы артерияларының үстінен, үлкен еңбектің қимылдауы (соғуы) бойынша табуға болады. Бала жылағанда, дене қызуы көтерілгенде тамыр соғуы жиіленеді. .....
Рефераттар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Құқық | Апелляциялық сатыда іс жүргізу

Менің курстық жұмысымның тақырыбы «Апелляциялық сатыда іс жүргізу» тараптардың арасындағы құқықтық қатынастарды анықтаған сот барлық тұлғаларға жоғары инстанция сотына шағымдану мүмкіндігін береді, ол бірінші инстанция сотының ұйғарымдары мен шешімдері қайта қарауға негіз болады. Бұл заңмен бекітілген бірнеше әдістермен жүзеге асырылады. Аталған әдістердің біреуіне – апелляциялық өндіріс жатады.
Апелляция институты дегеніміз – заңды күшіне енбеген бірінші инстанция ұйғарымдары мен шешімнің заңдылығы мен негізділігін тексеру және істің мәні бойынша қайта қарау мен шешу бойынша апелляциялық соттың қызметін реттейтін азаматтық іс жүргізу нормаларының жиынтығы.
Апелляциялық шағымдану немесе наразылық келтіру құқығы дегеніміз – заңды күшіне енбеген бірінші инстанция сотының шешімдері мен ұйғарымдарын тексеру бойынша апелляциялық инстанция сотының қызметін қозғауға құқық. Іс апелляциялық сатыда ол бірінші сатыдағы соттан келіп түскен күннен бастап бір ай мерзімнен кешіктірмей қаралуы тиіс.
Осы тақырыпқа байланысты негізгі әдебиет З.Х.Баймолдинаның ҚР- ның азаматтық іс жүргізу құқығы. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Ветеринария | Жүрек ұлпасының жіктелуі және құрылысы

Кіріспе
Курстық жұмыстың көкейкестілігі. Жүрек - қан тамырлар жүйесі денедегі ең күрделі жүйе. Оның құрамына жүрек, қан және лимфа тамырлары кіреді. Қан тамырлар жүйесі: қан мен лимфаның денеде үздіксіз қозғалыста болуын
қамтамасыз етеді; мүшелердің арасындағы гуморальдық байланысты реттейді, ішкі секреция бездерінің сөлін немесе гормонын мүшелерге жеткізіп жалпы дененің қызметіне әсерін тигізеді; оттегіні жасушаларға, олардан көмір қышқыл газын өкпеге тасымалдайды; тіршілік әрекеті нәтижесінде пайда болған улы заттарды
сыртқа шығарады (мочевина, қандық азот т.б.); жылудың, су мен минеральды тұздардың денедегі тұрақтылығын сақтайды; қорғаныс қызметін атқарады.
Тамырлар атқаратын қызметі мен морфологиялық құрылысына қарай қан айналу жүйесінің тамырлары және лимфа айналу жүйесінің тамырлары болып екі топқа бөлінеді. Олардың орталығы — жүрек.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Шеңберге жүргізілген жанама. Шеңберге жүргізілген жанаманың қасиеттері. (Алгебра, 7 сынып, IV тоқсан)

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Шеңбер. Геометриялық салулар
Сабақтың тақырыбы: Шеңберге жүргізілген жанама. Шеңберге жүргізілген жанаманың қасиеттері.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): Шеңберге жүргізілген жанама мен қиюшының анықтамаларын білу;
Сабақтың мақсаты: - шеңберге жүргізілген жанама мен қиюшы ұғымын білу;
- шеңберге жүргізілген жанаманың қасиеттерін білу;
- шеңберге жүргізілген жанамаға байланысты есептерді шығара алу.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0