Реферат: ТУА БІТКЕН ЖҮРЕК АҚАУЛАРЫ

Жүректің туа біткен ақаулары қауіпті патология болып табылады, ол жас нәресте өлімімен, әсіресе өмірінің бірінші жылында ұласады. Жүректің туа біткен ақауларының жиілігі түрлі авторлардың деректері бойынша 0,7-1,7% құрайды. Салыстырмалы деректерге қарағанда, кеңестер одағында жыл сайын туылған 5,5 млн нәрестенің 44000- да жүректің түрлі ақаулары анықталған.
Жүректің туа біткен ақаулары эмбриогенез процессінің бұзылуынан және постнатальды кезеңде қалыпты дамудың тежелуінен дамиды. Барлық жүрек сырқаттарының арасында туа біткен ақаулар 1-2% жағдайда кездеседі. Жүректің туа біткен ақауларының 90 түрі және олардың көптеген үйлесулері анықталған.
Туа біткен ақаулар арасында қарынша аралық перденің дефекті (15-20%), магистральды тамырлардың транспозициясы (9-15%), Фалло тетрадасы (8-13%), аорта коарктациясы және сол қарынша гипоплазиясы синдромы (7,5%), ашық артериальды өзек (6-7%), ашық атриовентрикулярлы каналдың түрлі формалары (5%) кездеседі.
Жүрек ақауларымен туылған нәрестелердің 14-22% алғашқы 1-апталық өмірінде өліммен ұласады, 1-айда 19-27%, 30-38% бір жасқа дейін жетпейді.
Бір жасқа дейінгі өлім 40% құрайды, яғни нәрестелердің басым көпшілігі емшек жасында, ал олардың 70% алғашқы айда өледі екен. Тірі қалған науқастардың басым көпшілігі өкпе гипертензиясы, ОЖЖ зақымдалуы, септикалық эндокардит сияқты асқынулардың немесе ақаудың әлсіздігі арқасында операциялық емге келмейді. Үлкен жастағы науқастардың шағын тобы ғана оперативті емге мүмкіншілік алады.
Жүректің туа біткен ақауларын шартты түрде мынадай топтарға біріктіруге болады:
Веналық қанның артериялық өзекке түсуімен сипатталатын (оңнан солға, біріншілік-көк) жүрек ішілік патологиялық қатынастары бар ақаулар. Бұл топқа: Фалло триадасы, тетрадасы, пентадасы, үш жармалы қақпақша атрезиясы, үш жармалы қақпақшаның оң қарыншаға қарай ығысуы және жүрекше аралық перденің дефекті, тамырлардың транспозициясы.
Артериялық қанның веналық өзекке түсуімен сипатталатын (солдан оңға, біріншілік-ақ) жүрек ішілік патологиялық қатынастары бар ақаулар: жүрекше аралық перденің дефекті (бітпеуі), қарынша аралық перденің дефекті, ашық артериалды өзек, аорта-өкпе жыланкөзі, митральды қақпақша тарылуы мен жүрекше аралық перденің дефекті.
Қанайналым бұзылыстары жүректің магистральды тамырларының тарылуымен сипатталатын туа біткен жүрек ақаулары: өкпе артериясының жекеленген тарылуы, аорта ұшының тарылуы, аорта коарктациясы.
Туа біткен жүрек ақауларына ортақ бір себеп жоқ. Олар генетикалық жүйенің көптеген факторларының және сыртқы әсерлердің қатынасында дамиды.
Мысалы, жүктілік кезіндегі қызамық, нәресте туылған соң бір қатар дефекттерге (саңырулық, катаракта, микроцефалия), сонымен қатар жүрек ақауларына (қарынша аралық перденің дефектіне, өкпе артериясының
тарылуына) алып келетіні анықталған. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Шығарма: Елім деп соғар жүрегім

Мен-патриотпын ! Мен елімді, жерімді, ұлтымды сүйемін! Мен отанымды , отбасымды сүйемін! Мен - тілімді, дінімді, ділімді сүйемін! Мен Қазақстан Республикасының Туын, Гимнді, Елтаңбаны құрметтеймін. Мен үшін аса қымбат осы құндылықтарға деген махаббатыммен мақтана аламын, және сол махаббатымды дәлелдей аламын. Мен өзімді шын патриот санаймын.
Кез-келген адамды отансүйгіштікке тәрбиелейтін ең бірінші - ата-ана тәрбиесі, екінші - ұстаздардың тәлімі. Ал өзіңді-өзің отансүйгіштікке тәрбиелегендегі тірегің ол - кітап.......
Шығармалар
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Ержүрек батырлар (6 сынып, II тоқсан )

Пән: қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі : Тарихи тұлғалар
Сабақтың тақырыбы: Ержүрек батырлар
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 6.3.3.1 Ұсынылған тақырып бойынша деректер жинақтай отырып, графиктік мәтін (диаграмма, кесте, сызба) түрінде құрастыру;
Сабақтың мақсаты: Деректерді графиктік мәтін жазуға қолдана алуға үйрету.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Математика | Математика сабақтарында дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстар

Кіріспе
Қазіргі өскелең өмір талаптарына сай жастарға білім және тәрбие беру, оларды жан – жақты дамыту қоғам алдында тұрған басты міндеттердің бірі. “Білім беру – бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интелектуалдық мәдени дамуының жоғары деңгейін және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз процесі”. Осы процесте дарынды балалар мен жастардың жетілуіне өркениетте жағдай туғызу қажет. Мемлекеттік деңгейде маңызды құрал болып саналатын дарынды балалар мен жастарды оқытып, қолдаудың жүйесін жасау қажеттілігі негізделді. Балалар дайындаған ертерек айқындауға байланысты жүргізілген зерттеу тәжірибесі дарынды балаларды қолдау үшін мемлекеттік арнайы бағдарлама жасау қажеттігін дәлелдейді. Қазақстан Республикасы Президентінің “дарынды балаларға арналған мектептерді мемлекеттік қолдау” нұсқауына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен 1998жылы 24 наурызда Республикалық ғылыми – практикалық “Дарын” орталығы құрылды.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Әңгіме: Балғабек Қыдырбекұлы | Үлкен жүрек

Таңертеңгі қоңырау соғылды. Класқа жапырлай кipген балалар тегіс орындарына отырды. Мұғалім келгенде олар әдеттегідей орындарынан тұрып қарсы алды. Кіріп келе жатып-ақ мұғалім Жанардың көзі алдыңғы партада бір баланын. жоғын байқады. Класс іші күрек тісінің бірі түскен кісінің аузы сияқтанып омырайып қалғандай. Тары Нұрлан жоқ. Мүмкін тағы да кешіккен болар. Бірінші кластан бері оқытып келе жатқан төрт жылдың ішінде Нұрланнан мұндай нәрсе байқалмап еді. Нұрлан кеше де, бұрнағы күні де сабақ басталып кеткен соң келді. Жанар оны тұрғызып қойып, неге кешіккенін сұрап еді: ол үндемеді, ештеме айтпады: «Кешігіп қалдым, кінә өзімнен» дегеннен артыққа бармады. Жанар бұл сабаққа да даярланбаған шығар деп сұрап көріп еді, сабақтың бәрін айтып берді. Үйге берілген жазу, есеп жұмыстарын да тап-тұйнақтай етіп орындапты. Барлығы да әдеттегіден бес қоярлық.

Мұғалім ойға қалды. Үйінде басқа жағдай болып қалды ма екен? Бірақ ондай кірбің шәкірт қабағынан байқалмайды. Тіпті осыдан үш күн бұрын ғана Нұрланның әкесі де, шешесі де Жанарға келіп жолығып кетті. Мұғалім осындай ой үстінде отырып балаларды түгендеп, тізімнің аяғынан шыққанын да білмей қалды. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Ветеринар | Ет және ет өнімдеріне бактериологиялық әдістермен зерттеулер жүргізу

КІРІСПЕ
Республикамызда халықты азық түлікпен қамтамасыз етуде қойдың маңызы өте зор, себебі ол етке қажеттіліктің 50% өтейді, сонымен қатар қой жүні, терісі жеңіл өнеркәсіптің қажеттілігінің негізін қалайды. Қой еті халқымыздың ерте заманнан келе жатқан негізгі тағамы. Ал ет адам организмінің қалыпты жұмыс атқаруына қажетті ақзаттың малдың, көмірсудың, витаминдердің, минералды заттардың негізгі көзі.
Әрине, кейбір жағдайларда ет арқылы адамға әр түрлі ауру да жұғуы мүмкін. Сондықтан мал дәрігері тағамдық өнімдерді өндіруде сатуға қатаң бақылау жүргізу қажет.
Елімізде мал санын көбейтуде және одан алынатын өнімнің мөлшерін, сапасын арттыруда малдардың індетті, инвазиялық ауруларының тигізетін әсері орасан зор. Соңғы жылдардағы паразитооздардың алдын-алу жұмыстарының толық және уақытылы жүргізілмеуі бұл аурулардың кең таралуына әкеп соқты.
Сонымен індетті, инвазиялық аурулардың халық шаруашылығына көптеген зиян тигізуімен қатар, олардың әлеуметтік маңызы да зор.
Сондықтан, ауру мал етінің сапасын биологиялық, тағамдық құндылығын анықтау ветеринариялық санитариялық бағалау нормаларын белгілеу, ветеринария ғылымының маңызды мәселелерінің бірі.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Психология | Психодиагностикалық талдау жүргізуге қойылатын талаптар

Психологиялық қызмет көрсетуді теориялық және практикалық жағынан кеңес психологтары (А.Г.Асмолов, А.А.Бодалев, Ф.Е.Василюк, Б.а. Вяткин, Н.Н. Обозов, В.В.Рубцов, Т.И.Шульга және т.б) И.В. Дубровина жетекшілігімен лабораториядағы әріптестері (А.Д.Андреева, Н.И.Гуткина Н.Н. Толстых және т.б.) білім беру мекемесіндегі осы қызметті дамытудың ғылыми өзектілігін және бағытын көрсетті.
Осы мақсатта білім беру жүйесінде практик психологтар қызметінің көрсеткіштері туралы төл тіліміздегі әдебиеттердің жетіспеуі.
Осы кітап психологиялық қызмет көрсетудің алғашқы бағыты - психодиагностикаға арналады. Психодиагностикалық жинаққа Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылының Ғ.Мұратбаев мектеп – гимназиясының (психолог Салихова С), Тараз қаласының Жамбыл атындағы №5 мектеп – зертханасы (психолог Мейірқұлова Н), №30 орта мектептің (психолог Берікбаева С.) тәжірибеде қолданылып жүрген психодиагностикалық зерттеулері негізге алынды
Бұл психодиагностикалық жинақ бөлімдері төмендегідей:
1. Мектепке дейінгі кезеңдегі психодиагностика.
2. Кіші сынып жасындағы психодиагностика.
3. Жеткіншек жас кезеңдегі психодиагностика.
4. Жас өспірімдік шаққа психодиагностика.
5. Ата – аналарға арналған психодиагностика.
6. Кәсіби біліктілікке психодиагностика. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0