Туған жер, атамекен әр адамның тағдырын құрайды. Тек одан барлық алғаныңды көңіл сүзгісінен өткізіп, бал жинаған арадай,жүрегіңе құя білуің шарт. Туған жерді сүю дегеніміз өмір бақи өз жеріңде байланып қалу емес. Әлемге назар аудармай,табандап отырып алсақ,ақпайтын көл секідді, өз-өзімізбен тұйықталып,әлемдік даму мен өркениеттен құр алақан қалар едік.Десе де, жер шарының қай ендігі,эквадордың қай белдеуінде жүрсең де,қайта саған, сағынышыңды басар темірқазығың-туған жер атты ұлы ұғым біреу.......
Мен-патриотпын ! Мен елімді, жерімді, ұлтымды сүйемін! Мен отанымды , отбасымды сүйемін! Мен - тілімді, дінімді, ділімді сүйемін! Мен Қазақстан Республикасының Туын, Гимнді, Елтаңбаны құрметтеймін. Мен үшін аса қымбат осы құндылықтарға деген махаббатыммен мақтана аламын, және сол махаббатымды дәлелдей аламын. Мен өзімді шын патриот санаймын. Кез-келген адамды отансүйгіштікке тәрбиелейтін ең бірінші - ата-ана тәрбиесі, екінші - ұстаздардың тәлімі. Ал өзіңді-өзің отансүйгіштікке тәрбиелегендегі тірегің ол - кітап.......
Туған жерім - Отаным - Қазақстан. Отанымның мен үшін орны әрдайым ерекше. Қазақстан дегенде естір құлақ өзгеше. Тіпті сол сөздің өзі ыстық секілді. Қанша жерге, қандай жерге барсақ та үйімізді, отбасымызды сағынып тұратынымыз рас. Ия, тіпті сол уақытта жүрегің әлденеге елпілдеп, «туған жер, туған жер» деп дамыл қағып соғатындай көрінеді. Әр адамның туған жері өзіне ыстық көрінеді емес пе? Мен үшін өзімнің Састөбем айдан да, күннен де артық. Қызық, қазірдің өзінде сәл бір жаққа аз ғана уақытқа шықсақ , дереу сағынып, үйге қайтқымыз келеді. Ал кейін оқуға түсіп, уйден, туған жерден жыраққа кетсек не істер екенбіз? Нендей сезімде болар екенбіз?......
Мақсаты: «Жақсылық» ұғымының адамгершілік құндылықтары ретіндегі мәнін ашу. Білімділік: Өзара достық, «жақсылық» ұғымдары жөнінде түсінік беру. Адам бойындағы адамгершілік құнды қасиеттер туралы түсініктерін кеңейту, дұрыс әрекет жасауға үйрету. Дамытушылық: Өзін және айналасын сүюге, жақсы көруге деген ниеттерін ояту, айналасындағыларға, қоршаған ортаға, табиғатқа деген қамқорлық, жақсылық сезімдерін қалыптастыру және дамыту. Тәрбиелік: Қоршаған ортаға жақсылық жасай білуге, жақсы мен жаманды ажырата білуге, сүйіспеншілікке, мейірімділікке, риясыз жақсылық жасауға, айналасындағыларға қиянат жасамауға тәрбиелеу .....