Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған «Қазақстан - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» жолдауындағы, Қазақстан тарихына енетін он негізгі идеяның бірі – патриотизм.Бала тәрбиесі – мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қай елде, қай заманда болмасын, бала тәрбиесіне ерекше мән берілген, өйткені бала ата......
Болашақ ұрпақты кеудесінде намысы бар, білімді, туған елін, жерін сүйетін өнегелі ұрпақ етіп өсіргіміз келсе, бар назарды ұлттық тәрбиеге аударуымыз қажет. Қазіргі білімнің болашағы мол факторларының бірі – патриоттық тәрбие. Отанын сүю және азаматтығын мақтан тұту; өз отанының болашағы үшін, мамандығы үшін қызмет ету, ана тілін жетік меңгеріп сүйе білу, халқының салт-дәсүрін, ерекшеліктерін білу, дінге, тарихи мұраларға құрметпен қарау.......
XXI ғасыр білім мен ғылым, технология заманы екенін барлығы жақсы біледі. Бірақ бар күшімізді білім мен ғылымға салып, тәрбиені елеусіз қалдырсақ, ұтарымыздан ұтыларымыз көп болар. Менің ойымша, бала тәрбиесі әр ата-ана үшін бірінші орында. Отбасы тәрбиесі- бұл жалпы тәрбиенің ең басты бөлігі. "Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз" дегендей, отбасындағы тәрбие арқылы ғана бала елінің нағыз патриоты, елі мен жерін сүйер азаматы болып қалыптасады. Менің пікірім бойынша, баланың болашағына толғанар және ойланар отбасы көп....