Жаңадан қосылған жұпқа арналған кеңестер

Шынайы өмірдегі махаббат кітап пен кинодағыдай емес. Себебі ол тек романтикалық кездесулерден құралмайды. Бақытты отбасы — өзара түсіністік пен сыйластыққа негізделген еңбектің жемісі. Бірақ бір мезетте отбасыңыздың ойраны шығуы мүмкін. Біз бүгін сіздердің назарларыңызға жаңадан қосылған жұптарға арналған бірнеше кеңесті ұсынамыз.

Бірін-бірі өзгертуге ұмтылу

Мінсіз адам болмайды. Бірақ оның әдеттері мен мінез ерекшеліктерін шатастырмаған жөн. Адам бойында не істесең де өзгермейтін нәрселер болады. Сондықтан әр жерге тасталған шұлық (әдет), бесінші рет жоғалған қолшатыр (ұмытшақтық) үшін жүйкеңізді тоздырмаңыз.......
Кеңестер
Толық
0 0

Ірімшік қосылған баялды

Баялдының көмегімен түрлі тағам дайындауға болады. Қызанақпен араластырып, майонез қосып салат дайындасақ, енді бірде ішіне фарш саламыз. Бұл жолы кезекті мәзірімізде баялды мен ірімшік дәмін үйлестіруді жөн көрдік. Етті тағамдар денсаулыққа зиян болғандықтан, олардан бас тартып, көкөністерді көбірек жегеніміз жөн. Олай болса, іске кірісейік!

Ірімшік қосылған баялдыны дайындау үшін бізге:

- 3 баялды;

- 4 қызанақ;

- 1 бас сарымсақ;......
Кеңестер
Толық
0 0

Пісте шағу пайдалы ма зиян ба

✅ Пісте шақпайтын адам аз шығар, сірә. Бұл уақыт өткізудің бірден-бір жолы. Ал сол ермектің сізге қаншалықты пайдасы не зияны бары жайында білгіңіз келе ме? Ендеше, төменге көз тігіңіз.

Пісте шағудың зияны

✅ Күнді сүйіп өскен күнбағас пістесін зиян деуге де қимайсың. Көбі пісте шағуды мәдениетсіздіктің белгісі ретінде таниды. Кешірерсіз, бірақ кинотеатрда отырып поп-корн қытырлату мен сағыз шайнау мәдениетсіздікке жатпай ма сонда?......
Кеңестер
Толық
0 0

Бет терісіне арналған табиғи нәрселер

Қарапайым ингредиенттердің өзі тері күтіміне арналған косметикалық құралдың (скраб) құрауыштары бола алады. Бет терісін таза әрі балғын ететін табиғи өнімдерді ұсынамыз.

1. Ас содасы теріні терең тазартып, безеу шығуға себеп болатын бактерияларды өлтіреді. Ол үшін аздап ас содасын алып, оған қоймалжың болатындай етіп су құйыңыз. Пайда болған қоспаны бет терісіне жағып, саусақтарыңызбен уқалаңыз. Бірнеше минуттан соң суықтау сумен шайып тастаңыз.

2. Бал мен аздап тұзды араластырыңыз. Егер теріні терең тазарту керек болса, тұз мөлшерін көбірек алыңыз. Қоспаны бетіңізде бірнеше минут ұстап, жылы сумен шайып тастаңыз.......
Кеңестер
Толық
0 0

Жаман ой жанды аздырады

Адам баласы туылған сәтке дейін, таза ақ парақтай періште болып келеді. Өмірге келгенен кейін өмірдің түрлі кезеңдері мен қиындықтары адамды құлазуға жалғыздыққа итермелейді.Соның салдарынан жаман ойлар мен үмітсіздік ұялап жанын азаптап аздыруға және соңы түрлі қиындықтарға соқтырады. Ойыңызды жаман әдеттен арылтып жақсы ойлауға тырысу үшін, психологтың көмегіне құлақ салыңыз:

Әр күннің бастауын түн кезінде жоспарлап ертеңгі күнге қадам басыңыз.
Таңды әдемі күлкіден бастаңыз.
Күніңіз жақсы өтсін десеңіз бір жақсылық жасауға тырысыңыз.
Адамдардың сізге жаман айтқан пікірін қабылдамауға тырысыңыз.
Адамдармен сөйлесу барысында, жақсы пікір айтуға тырысыңыз.
Ойыңыздағы жаман ойды арылту үшін де, спортпен айналысуға тырысыңыз.
Ренжіген болсаңыз мән бермеңіз.......
Кеңестер
Толық
0 0

Ағзаны сумен тазарту және сауықтыру

Су — бүкіл тіршілік иелерінің негізгі құрамдас бөлігі. Сусыз өмір жоқ. Ағзада су болмаған жағдайда жасушалар жұмысын тоқтатып, ағза уланады. Дәрігерлер мен салауатты өмір салтын ұстанатындар күніне 2 литр су ішуге кеңес береді.
Бірақ адамдар судың емдік функциясы жайлы біле бермейді. Ағзаны сумен тазартып, сауықтыру ең қымбат және сирек дәрі-дәрімектердің күшімен бірдей болуы мүмкін.......
Кеңестер
Толық
0 0

Тіс ауруын басатын 7 тәсіл

Тіс ауруы – күтпеген кезде келетін қонақ. Бұл мәселе сіз үшін бейтаныс болуы мүмкін. Алайда тіс – адамның ең жанды жері. Бұл жағдайды түзетіп, қорқынышты сезімнен қалай арылуға болады? Біз сіздерге ауруды бірден басатын 7 әдісті ұсынғымыз келіп отыр.

✅ 1.Тіс ауруына қарсы сарымсақ, пияз және тұз көмектеседі. Бұл тағамдарды уатып, тіске басу арқылы аурудан арыла аласыз.

✅ 2. Мақта тығынын самырсын майында жібітіп, ауырған тісіңізге немесе қызыл иекке 10-15 минут басып, 1,5-2 сағаттан соң тағы бір рет қайталасаңыз, нәтижесін көресіз.

✅ 3. Тіс ауруынан құтылуға бас бармақ пен сұқ саусақтың сүйектері кездесетін жерге массаж жасау көмектеседі. Массажды тіс ауру аймағына қарама-қарсы саусақпен жасаймыз. Әрекетті 5-10 минут сайын жасап тұру керек. ......
Кеңестер
Толық
0 0

ҚАЙРАТТЫ ЖӘНЕ ҰЗЫН ШАШ

Бір-ақ айда +5 см!

✅ Әр қыз-келіншек шашы қайратты болсын десе, осы масканы міндетті түрде қолдану керек

? В6 дәрумен - 1 ампула;
? В12 дәрумен - 1 ампула;
? С дәрумен - 1 грамм (дәріханада сатылады);
? майсана (касторовое) майы - 2 үлкен қасық;
? балл - 2 улкен қасық (су банясында жылыту керек);
? шашқа арналған (кезкелген) бальзам - 2 үлкен қасық.

✅ Бәрін араластырамыз. Шаш жуу 1 сағат алдында біріншіден шаш тамырларына, содан кейин біркелді шаштын бойына жағасыз. Басымызға арнайы бас киім (пакеттен жасалған) киіп, орамалмен, сүлгімен орайсыз (басының сауна жағдайына жету керек, ысу керек).

✅ Маска оңай жуылып кетеді, өйткені құрамында бальзам бар ......
Кеңестер
Толық
0 0

Жүзіңізді жайнататын 5 әдіс

Жүзіңіздің іштей жайнауы - сымбатты көрінудің бірден-бір әдісі. Бұл үшін сыртқы күтім де, ішкі жан дүниенің тазалығы да керек.

Сонымен назарларыңызға жүзіңізді жайнататын 5 әдіс.

Ғашық болыңыз

Ғашықтық сезімі ағзамызда небір қызық процесстер бастайды. Мысал үшін, дофамин мен окситоцин шығарылады. Бұл бақыт гормондары теріні қоректік заттармен байытып, оны жайнатады.......
Кеңестер
Толық
0 0

Шомылатын орындардан жұғатын ауру түрлері

Жаздың жайдарлы күндерінде сергудің бір жолы – шомылу. Шомылу – денсаулыққа өте пайдалы. Дегенмен көпшілікке арналған демалыс орындарында жұқпалы аурулардан сақ болғаныңыз абзал.

Демалыс орындарына барғанда гигиеналық тазалықты қаншалықты сақтайтынына көз жеткізіңіз. Сонымен шомылатын орындардан қандай ауру түрлерін жұқтыру қаупі барын айта отырайық.

- Жыныстық жолдар арқылы берілетін (ЗППП) ауруларды жұқтыру қаупі бар. Олар – уретрит, пиелонефрит, цистит т.б. аурулар болуы мүмкін.

- Дерматомикоз ауруын жұқтырып алуыңыз мүмкін. ......
Кеңестер
Толық
0 0