Қимыл қозғалысы мен психикасының дамуы

• Нәрестенің ай сайынғы дамуындағы өзгерістер:
• 1 айлық бала тік көтерген кезде басын ұстауға тырысады;
• 2 айлығында етпетінен жатып, басы мен кеудесін көтереді;
• 3 айлығында етпетінен жатып, шынтақтап денесін көтереді, демеп ұстаса, жамбастап отырады, шалқалап жатып, бүйіріне аунап түседі, мойны қатайып, басын тік ұстайды;
• 4 айлығында қозғалысы ширап, жеңілдей түседі; бала көтерілгенде алақанымен жер тірейді, әрі-бері аунап түседі, шалқалап "көпір" жасайды, әр түрлі заттарды қолына ұстайды;
• 5 айлығында әлденеге сүйеніп отырады, қолтығынан демесе, тізесін бүкпей түзу тұрады;......
Кеңестер
Толық
0 0

БАЛАНЫҢ ЖӨТЕЛІНЕ ҚАРСЫ МЫНАНДАЙ БІРНЕШЕ ҚАРАПАЙЫМ ХАЛЫҚТЫҚ ЕМДЕР БАР

✅Баланың жөтеліне бұл рецепт жақсы көмектеседі. Бұл емді бірінші қолданғаннан кейін-ақ балаңыздың жөтелінің басылғанын байқайсыз. Ол үшіш жарты литр сүтті пісіріп алған соң, бір ас қасық қарағай бүршіктерін ( сосновый почки) қосып аздап араластырасыз. Бір сағаттан соң іше беруге болады. Қоспаны бір күннің ішінде ішіп тауысуы керек. Қажетінше емді жалғастыра беруге болады.

✅ 1 ірі бас пиязды үккіштен өткізіп, оған бір стақан қант қосып , 5 минут қайнатып аламыз. Жылы болған джемге 2 ас қасық бал қосып араластырамыз. Əр сағат сайын балаға 1 шəй қасықтан беріп тұрсаңыз, 1 -2 ішінде баланың жөтелі кетеді.

✅ Сəбіз шырыны мен балдың пайдасы зор. Ол үшін бірнеше сəбізді шырын сыққыштан өткізіп қалауығызша бал қосып, балаға ішкізесіз. Шырынның жаңа дайындалғанының пайдасы көбірек болады.

✅ Сұлы тұнбасының да жөтелге пайдасы зор. 1 литр қайнаған суға бір стақан сұлы саламыз да, екі сағатқа баяу отқа қоямыз. Кейін сүзгіштен өткізіп алып, аш қарынға жарты стақанын балмен бірге күніне 3 рет: таңертең, түскі асқа дейін 30 минут, ұйқы алдында бір рет .

✅ Қара шалқан шырынын да жөтелге қолдануға болады. Орташа 7 данасын жұқалап турап, үстіне қант сеуіп ,8-10 сағатқа қоямыз. Одан шыққан шырынын сағат сайын 1 ас қасықтан беру керек. ......
Кеңестер
Толық
0 0

Бөдене жұмыртқасының пайдасы туралы

Биологиялық құндылығы жөнінен бө­дене жұмыртқалары тауықтың жұмыртқа­ларын ба­сып­ озады. Бөдененің бес жұмыртқасы тауықтың біржұмыртқасының­ салмағымен тең бол­са, оның құрамындағы ка­лий мен фосфор­ тауық жұмыртқасын­да­ғы­дан бес есе көп, ал темір 4, 5 есе, В және В12 витаминдері 6 есе көп.

Сондай-ақ олардың құрамындағы ка­льций, мыс, кобальт және түрлі амин қышқылдары тауық жұмыртқасындағыдан гөрі әл­де қайда жоғары.­ Құ­рамы ос­­ын­дай аз­ық­ пен жү­йелі қоректенген адамның әр түрлі ау­ру-сыр­қауға қарсы тұрар дәр­ме­ні артып, жү­рек-қантамырлар жүйесімен асқорыту мү­шелерінің жұ­мысы жақсарады. Сон­дай-ақ бөдене еті мен жұ­мырт­­қалары адам ағзасынан радиацияны да шығарады екен. Ал жұ­мыртқа құ­рамындағы лейцитин қан­дағы холесте­ринді төмен­де­тетін көрінеді. Егер тәулігіне бөдененің 4-5 жұмыртқасын тұ­рақ­ты тұтынса, ер адамның жыныстық қуаты ар­тады. ......
Кеңестер
Толық
0 0

Бал беттегі қара нүктені кетіреді

Балдың пайдасы ұшан-теңіз. Оны тек пайдалы ас түрінде ғана емес, сұлулықты сақтаушы ретінде де қолдануға болады. Сондықтан бал үйіңізде міндетті түрде тұруы керек.

✅ Беттегі қара нүктені кетіретін бал маскалары:

5 қасық балға 1 қасық тұз салып, араластырамыз. Қоспаны бетке жағып, 10-15 минуттан кейін жылы сумен мұқият жуу керек. Аптасына екі рет жасалады.

1 қасық ас содасын суға қосып ерітіп, 1 қасық бал қосамыз. Масканы бетке 10 минутқа қойып, жылы сумен жуамыз. Маска бетті қара нүктеден, артық заттардан тазартады.......
Кеңестер
Толық
0 0

Айнаға қарап денсаулығыңызды байқаңыз

Әр күні жұмысқа кетерде айна алдына келіп өз бейнеңізге бір үңілмей жолға шықпайсыз. Дәл осы сәтте өз бет-әлпетіңіздегі өзгерістерге ден қоя назар салсаңыз, денсаулығыңыздағы өзгерістерді байқай аласыз. Бұл аурудың алдын алуға өте пайдалы.

Көзіңіздің үсті іссе

Бұл бүйректің әлсіздігінен немесе бүйректің қабынуынан дерек беруі мүмкін. Мұндайда дәрігерге барып қаралыңыз және қан қысымыңызды өлшетіп көріңіз.

Көздің айналасы қарауытса ......
Кеңестер
Толық
0 0

Сушидің денсаулыққа пайдасы бар ма

Жапониялықтар жейтін тағамдардың денсаулыққа пайдасы мол. Мемлекетте картоп пен бидай егетін жер аз болғандықтан, көкөністерді аз тұтынады. Мұнымен қатар, мемлекет халқының көп бөлігі будда дінін ұстанады. Дін ережелеріне сәйкес жануарлар мен төрт түлік малдың етін жемеуге тырысады. Олардың орнына балық, теңіз өнімдерін, күрішті көбірек жейді. Осының арқасында ұзақ өмір сүріп, дене бітімдері мінсіз болады.

Сушиді теңіз өнімдерінен, күріштен және балықтан әзірлейді. Оның қанша түрі бар екенін нақты айту қиын. Солардың бірі — макидзуси. Біз оны «ролл» деп атаймыз. Дәстүрлі суши бір түйір күріштен, шикі балық пен соя тұздығынан әзірленеді. ......
Кеңестер
Толық
0 0

Ішек тазалаудың әдістері

Біздің денсаулығымыздың мықтылығы – ертеңгі күннің кепілі. Сондықтан денсаулық сақтаудың әдістерін қолданып, өзімізге өзіміз күтім жасауымыз керек.

✅ 1. Айран мен қарақұмық ұны.

Қанның құрамындағы қант мөлшерін азайту, ішек пен қан тамырларын тазарту, зат алмасу үдерісі мен ұйқы безінің қызметін қалыпқа келтіруге айран мен қарақұмық ұнынан жасалған қоспа көмектеседі.

✅ 2. Сұлы киселі.

Сұлу киселі көптеген сырқаудың бетін қайтарады. Жасұнықтың (клетчатка) көп мөлшерлі болуының арқасында ішекті тазарту, асқазан ауруларын емдеу, артық салмақтан құтылу мен бүйрек ауруын емдейтін қасиеті бар.......
Кеңестер
Толық
0 0

Көк шайдан жасалған бет маскалары

1. 100 гр майлы сүзбе, 2 шай қасық бал және жарты кесе көк шайды араластырып, 15 минутқа бетіңізге жағып қойыңыз. Бұл тәсіл бет терісін азықтандырады, тыныштандырып, жасартатын қасиетке ие.

2. Келесі тәсілді макияждан кейінгі бетті тазалау мақсатында пайдаланса болады. 2 шай қасық көк шайды 1 жұмыртқа сарысы, 1 ас қасық қант, 50 гр өсімдік майымен жақсылап араластырып, бетті сүртсе, беттің тазалануына көмектеседі.

3. 2 ас қасық күріш ұнына 1 шай қасық күнжіт майы және 2 ас қасық көк шай араластырылады. Бетіңізді жақсылап тазалап жуып, 10 минутқа бетіңізді сүртесіз. Алдымен жылы сумен, кейін салқын сумен жуасыз. Ол беттегі майда әжімдердің жоғалуына көмектеседі. ......
Кеңестер
Толық
0 0