Сіңір тартылуы

Сіңір тартылуы және бұлшық ет діріліне қарсы үйде не істеуге болатынын көбіміз біле бермейміз. Барлығы өмірінде бірнеше рет бұлшық ет діріліне тап болған. Сіңір тартылуы әдетте қол, аяқ және арқада пайда болады. Сіңір тартылудың кейбір себептері: Қатты қиналу, жарақаттану және ұзақ уақыт қимылдамай, бір қалыпта отыру. Үйде жасауға болатын кейбір емдік тәсілдер:

Жеңіл массаж: Сіңір тартылған жерді ақырын уқалау.

Ыстық монша: Ыстық душқа немесе жылы ваннаға түсу. Сіңір тартылған жерді ыстық суға біраз уақыт ұстап тұрылады.......
Кеңестер
Толық
0 0

Босанғаннан кейін қалай қауіпсіз арықтауға болады

Босанған келіншектер кешегі қыз күніндегі әдемі мүсінін жоғалтқандарына қатты уайымдап жатады. Тезірек арықтап, қалпына келуі үшін артық салмақтан арылудың жолдарын қарастыра бастайды. Бірақ түрлі диеталар, дәріханаларда сатылатын арықтататын дәрілер мен шайлардан көп жағдайда оң нәтиже болмай, тіпті кері әсерлері де тиіп жататыны өтірік емес немесе ойдағы межеге жету үшін олардың кейбіреуін айлап ішу де қажет.
Сондықтан да арықтағысы келетін жандар, әсіресе, босанғандарына көп бола қоймаған келіншектер мұндай диетелар мен дәрі-дәрмектен аулақ болғандары жөн. Өйткені босанғаннан кейін әлі толықтай орнына келе қоймаған олардың организмдеріне бұл дәрілер мен диеталардан төнер қауіп көп. Ендеше, қауіпсіз арықтаудың бірнеше жолымен танысыңыздар.......
Кеңестер
Толық
0 0

Лавр жапырағының адам денсаулығына пайдасы

Лавр жапырағы бәріміздің де ас үйімізде бар. Оны көбіне қуырылған және бұқтырылған ет, сорпа секілді тағамдарға қосамыз. Алайда бұл жапырақтың халық медицинасында көп қолданатынын біріміз білсек, енді біріміз білмеуіміз мүмкін. Оның құрамындағы эфир майы, органикалық қышқылдар қабынуға қарсы әсер етеді. Лавр жапырағы субтропикалық климатта күн сәулесінен энергия алып өседі. Сол себепті оның адам ағзасына пайдасы көп. Енді біз көптеген дәрі-дәрмектің орнын қарапайым жапырақтың баса алатынын білеміз. Лавр жапырағы төмендегідей аурулардың алдын алуға көмектеседі.

✅ Диабет кезінде.
Лавр жапырағының көмегімен қаныңыздағы қант мөлшерін төмендете аласыз. Ол үшін термосқа 10 жапырақ салып, 3 стақан қайнаған су құйыңыз. Тұнба 3 сағаттан кейін дайын болады. Бұл емдік сусынды күніне 3 рет тамақ жерден жарты сағат бұрын ішіңіз. Емделу курсы - 2 апта. ......
Кеңестер
Толық
0 0

Пайдалы кеңестер Киімді дұрыс тазалау жолдары

Жаңадан алған киімімізге байқаусызда бір нәрсе тамызып, төгіп алып, кетіре алмай жатамыз. Немесе қымбат киімді «бүлдіріп аламын» деп, киюге қимай, гардеробта тоздырамыз. Сондықтан назарларыңызға киім жуып, тазалағанда пайдасы тиетін кеңестерді ұсынамыз.

✅ 1. Жиырылып қалған трикотаждан жасалған киімді дымқыл матамен сулап, үтіктеу керек.

✅ 2. Ақ түсті жүннен жасалған киімдерді ағарту үшін арнайы дайындалған ерітіндімен жуу керек. Ерітіндіні дайындау үшін 10 литр суға 2 ас қасық сабын салып, араластырыңыз. Киімді 2 сағаттай ерітіндіде ұстап, уақыт өткен соң, жуу керек. Жүннен жасалған киімді ыстық немесе салқын суда жууға болмайтынын ескеріңіз. Сондықтан суыңыз жылы болсын. ......
Кеңестер
Толық
0 0

Ұялы телефонды қолдану қағидасы

✅ 1. Қоңырауға 4 секундсыз жауап бермеу, өйткені бұл сәтте электромагниттік толқындар әсері өте күшті болады және тарайды.

✅ 2. Сөйлесіп болған соң телефонды құлақтың түбінде ұстап тұрып өшірмеу, себебі өшірген кезде толқындар лезде құлаққа тарайды.

✅ 3. Найзағай соғу қаупі жоғары болғандықтан, мүмкін болса, жаңбырлы күні ұялы телефонды қоспау, магниттік күші көбейеді.

✅ 4. Телефонмен ең ұзақ дегенде 15 минуттай сөйлесу.

✅ 5. Ұйықтаған кезде 1,5 не 2м алыс жерге қою керек.

✅ 6. Қалтадан бөлек, сөмкеде ұстау немесе қалиаңыздан тастамайтын болсаңыз, қорғаныс қапшығына салып жүріңіз. ......
Кеңестер
Толық
0 0

Қиярдан жасалатын маска түрлері

✅ Қияр – адамның денсаулығына ғана емес, бет терісі үшін де пайдасы мол көкөніс. Құрамында теріге қажетті әрі пайдалы дәрумендер – кальций, темір, фосфор болғандықтан, әжіммен күресте тез әрі жақсы нәтиже береді. Сонымен қатар беттегі дақ пен безеуден арылтады. Қиярдан жасалатын маска түрлерін өзіңіз үйде әзірлеп көріңіз.

✅ Майлы теріге арналған маска. Орташа бр қияр мен алманы үккіштен өткізіп, дайын қоспаны бетте 30 минут ұстайды. Мұны аптасына 2 рет жасаса, тері өңі жақсарады.

✅ Дақты кетіруге арналған маска. Үккіштен өткізілген қиярды лимон шырынымен араластырады. 15 минуттан соң жылы сумен бетті шаяды. Маскадан соң бетке нәрлендіретін крем жағуды ұмытпаңыз. Қияр мен лимон шырынына дәкені малып, оны бетте ұстауға да болады. Бұл тәсіл бетті ағартып қана қоймай, теріні керемет сергітеді. ......
Кеңестер
Толық
0 0

Әр бойжеткен білуі тиіс сұлулық сырлары

Сырт келбетке күтім жасау — әр бойжеткеннің міндеті. Ол не үшін керек? Теріңіз мерзімінен ерте қартайып, бұзылмауы және үнемі сұлу, сымбатты болып жүру үшін қажет. Назарларыңызға сұлулық сырларын ұсынамыз.

1. Дәріханадан Е дәруменінің майлы ерітіндісін (капсула түрінде) сатып алыңыз. Оны бетке уқалап жағып, 30 минуттан кейін жұмыртқа сарысын жағыңыз. 30 минуттың ішінде теріге толықтай сіңуі керек. Уақыт өткен соң салқын сумен жуып тастаңыз. Бұл әдіс беттегі безеуді кетіріп, ұсақ тесіктерді тазартуға көмектеседі. Үнемі жасап тұратын болсаңыз, бет терісі жылтырап, жұмсара түседі.

2. Бетті тазартып, қабыршақтануды кетіру үшін соданы 3 пайыздық сутек тотығымен араластырыңыз. Бетке уқалап жағыңыз. ......
Кеңестер
Толық
0 0

Ағзаңызды тазартқыңыз келсе

✅ Біздің денсаулығымыздың мықтылығы - ертеңгі күннің кепілі. Сондықтан денсаулық сақтаудың әдістерін қолданып, өзімізге өзіміз күтім жасауымыз керек. Назарларыңызға ішек тазалаудың әдістерін ұсынамыз.

✅ Айран мен қарақұмық ұны. Қанның құрамындағы қант мөлшерін азайту, ішек пен қан тамырларын тазарту, зат алмасу үдерісі мен ұйқы безінің қызметін қалыпқа келтіруге айран мен қарақұмық ұнынан жасалған қоспа көмектеседі.

✅ Сұлы киселі. Сұлу киселі көптеген сырқаудың бетін қайтарады. Жасұнықтың (клетчатка) көп мөлшерлі болуының арқасында ішекті тазарту, асқазан ауруларын емдеу, артық салмақтан құтылу мен бүйрек ауруын емдейтін қасиеті бар. ......
Кеңестер
Толық
0 0

Тісті қорғау денсаулық кепілі

Қазақта «Тісімен тас шайнаған» деген сөз бар. Бұл тіске байланысты сөз емес екені бәрімізге аян. Сау денелі, қарулы азаматтарға қолданылатын сөз. Ал кейбір тайпалық елдерде адамның денсаулығын тістің бүтіндігімен өлшейтін ғұрып та бар. Тістің адам денсаулығына қаншалықты әсері бар екенін көріп отырған шығарсыз. Тістің денсаулыққа ғана емес, адам сымбаттылығына да үлкен әсер ететінін медицина ғалымдары дәлелдеп отыр. Тісіңіздің маржандай әппақ болуын қалайсыз ба? Ендеше, қарапайым әдістерге де сүйене біліңіз. ......
Кеңестер
Толық
0 0