Қыздарға кеңес

✅ Саған адал әйел ✅

Ертеректе бір көпес төрт әйелімен өмір сүрді.

4-ші әйелі: Көпес оны бәрінен қатты жақсы көретін. Әдемі көйлек пен бағалы сыйлықтардың бәрін соның үстіне жапсыратын. Соның күтімін жасап, соны аялап, алақанында ардақтаушы еді.

3-ші әйелі: Көпесі оны да қаты жақсы көрді. Оны сұлулығын мақтаныш көріп, әр жолы реті келгенде достарына көрсетіп қалуға тырысатын. Алайда, ертелі-кеш біреуге кетіп қалар ма екен деген қорқыныш кеудесінен кетпейтін.

2-ші әйелі: Екінші әйелін де жақсы көрді. Екінші келіншегі өте ұқыпты әрі сабырлы болатын. Әр жолы басы дауға қалғанда, содан барып көмек сұрайтын. Қиын уақыттардың бәрінде ол қол ұшын беретін.

Көпестің бірінші әйелі адал, жұмсақ жан еді, әр уақытта көпестің өсіп-өркендеуін тілеумен жүретін. Бірақ, оған көпес назар аудармайтын, назар аударса да, мән бермейтін. Ал ол болса өліп-өше сүйіп қала беретін.......
Қыздарға (бойжеткен) пайдалы кеңестер
Толық
0 0

Өмірлік мәні бар кеңестер

1. Егер адам сізге жақындағысы келмесе, оны жайына қалдырғаныңыз дұрыс.

Антон Чехов

⭐ 2. Өткен шақ қайтып келмейді, өзіңізді осы шақтан тауып, болашаққа нық қадам басыңыз.

Михаил Булгагов

⭐ 3. Мен әрдайым өзімді бақытты сезінемін. Неге екенін білесіздер ме? Себебі ешкімнен ештеңе күтпеймін. Өмір өте қысқа. Сондықтан өз өміріңізді сүйіңіз.

Уильям Шекспир......
Кеңестер
Толық
0 0

Кір сабынның пайдасы

✅ Кір сабын тек кір жуу үшін ғана емес, тұрмыс-тіршілікте де өзіндік пайдасы зор. Ендеше, сіздермен кір сабын жайлы біраз пайдалы кеңестермен бөлісе отырайын.

✅ Денеңіз сызылып, кесіліп кеткенде, жарақаттанғанда жарақаттанған жеріңіз тез жазылу үшін әсері мол және түрлі жұқпа аурулардан сақтайды.

✅ Ит тістеп алған жағдайда қан тоқтағаннан кейін жараға сабын ертіндісіне малынған дәкені басыңыз.

✅ Құлап қалған жағдайда дереу кір сабынды жағыңыз,ол көгеруден сақтайды.

✅ Тұмау кезінде сабын ерітіндісіне малынған мақта тампонын алып, мұрын қуысына тығуға болады. Бұл, әрине, жағымсыз емдеу шарасы, дегенмен, өте пайдасы зор.......
Кеңестер
Толық
0 0

Иммунитетіңіз әлсіресе

Дана халқымыз "дені сау адам - табиғаттың ең қымбат жемісі" дейді. Бәріміз де басымыз аман, бауырымыз бүтін жүргенді жақсы көреміз. Алайда табиғаттың салдарынан немесе басқа бір белгілі жағдайларға байланысты түрлі ауруға ұшырап жататын жайымыз бар. Соның бірі – иммунитетіміздің әлсіреп кетуі. Сол себепті біз бүгін сіздердің назарларыңызға иммунитетімізді небір аурудан қорғайтын шөптер мен өсімдіктерді ұсынғымыз келіп отыр.

1. Сұлы.

Бір стақан тазаланбаған сұлы мен 2 ас қасық итмұрын түйінін қайнатып, 1,5 литрлік термосқа құйып, бір түнге қалдырыңыз. Кейін жарты стақаннан күніне 2-3 рет ішіңіз. Емделуге шамамен бір ай жеткілікті. Содан соң міндетті түрде үзіліс жасауды ұмытпаңыз. Итмұрынмен бірге алма, алмұрт, шетен, өрік, жүзім секілді кептірілген жемістерді салып ішуге болады.......
Кеңестер
Толық
0 0

Ұзақ өмір сүру үшін қандай сусын ішу керек

Бұл сусынды үнемі ішіп тұрсаңыз, онкологиялық ауру, инфаркт, инсульттың алдын аласыз. Ұйқыңыз да қанып, ағзаңыз қуаттанады.

Ғұмыр жасыңызды ұзартып, ағзаны қалай емдейміз?

1. Куркума мен лайм сусыны

Бізге:

1 стақан қайнаған су
¼ шай қасық куркума
1 шай қасық лайм немесе лимон шырыны
1 шай қасық қант керек болады.

Куркумаға қайнаған су құйып, бірнеше минутқа тұндырып қоямыз. Лайм шырыны мен қантты қосып, араластырамыз. Сусынның пайдалы компоненттерін күшейту үшін құрғақ жанжабіл бұтағын қосуға болады.......
Кеңестер
Толық
0 0

Бетті жұмсартатын маскалар

⚡ Көптеген қыз-келіншек жас кезінде ғана бет терісі жұмсақ болады деп сенеді. Алайда, жас ұлғайғанда да бетті жұмсақ, нәзік қалпында сақтауға болады. Арнайы күтімнің көмегімен бет терісі 25-те де, 35, 40-та да жұмсақ, созылғыш болады.

⚡⚡ Зәйтүн майы

⚡ Зәйтүн теріні нәрлендіріп, жұмсақ етеді. Күнделікті жағатын иісмайдың орнына өсімдік майын пайдаланып көріңіз. Біраз уақыттан соң өзгерісті де байқайсыз.

⚡⚡ Сұлы

⚡ 1 ас қасық сұлы қауызын 1 ас қасық бал мен сүтке араластырыңыз. Масканы бетке жағып, бетті уқалаңыз. 15 минуттан кейін жылы сумен жуып тастаңыз.......
Кеңестер
Толық
0 0

Мұсылманша есімдер немесе есім таңдай білесіз бе?

Ислам діні балаға мағынасы дұрыс, естір құлаққа жағымды, көркем ат қоюға шақырады. Сондықтан балаға есім беру – аса жауапкершілікті іс. Тіпті, Ибн Аббас (оған Алла разы болсын) айтқандай, баланың әкесіндегі үш хақысының бірі саналады.

Жақсы есім – баланың болмысына, тұлға болып қалыптасуына тікелей әсер етеді. Оған өзінің есімінің артықшылықтарын айтып, өзімен аттас тұлғалардың өмірі, жеке қасиеттері туралы жиі айтып отырған жөн. Сонда ізгі қасиеттер баланың бойына да даритын болады.......
Кеңестер
Толық
0 0

АСҚАЗАНҒА СУПЕР СКРАБ

✅ Нәтиже көру үшін бір ай ішінде азанда осы пайдалы "скрабты" ішіңіз. Айдың соныңда айнада өзіңізді танымай қаласыз.

✅ Бет терісінің реңі, шашыныз, тырнақтарыңыз күшті болады, және іштегі майлар кетеді. Ешқандай зияны жок, өзім тексергенмін.

✅ Құрамы:

? сұлы жармасы (овсяные хлопья) - 5 үлкен қасық;
? су - 5 үлкен қасық;
? сут - 5 үлкен қасық;
? бал - 1 кішкентай қасық;
? жаңғақтар (кез келген) - 5.......
Кеңестер
Толық
0 0

Халқымыздың төл құрал саймандары

Қазақтың тұрмыс-тіршілігінде құрал-саймандарына қатысты төл сөздерін ұсынып отырмыз.
Ақсақ темір – бір аяғы ұзын, бір аяғы қысқа циркуль тәрізді өлшеуіш әрі ою салатын құрал.
Бақауыз – темірді соққанда ұстайтын тіссіз аспап.
Бұрғы – ағаш кесетін құрал.
Білтегіш – тоқымашының тоқу құралы.
Жонғы – ағаш жабдығын жонатын құрал.
Көземел ине – жасуы үлкен ине.
Инелік – ау тоқитын құрал.
Тебен – қалың бұйымдар (текмет, киіз) тігетін үлкен әрі жуан ине.
Мәймөңке – ұшы қисық ине. Терме жібін теретін қайқыбас кішкентай ағаш.
Сыдырғыш – өрімшінің өрімді тегістейтін құралы (сүйек, қатты ағаш).
Сояу – талдырма киіздерді жөрмейтін, тігетін иненің бір түрі.
Сүргі – терінің көк етін алатын құрал.......
Кеңестер
Толық
0 0