Өкінішке орай, қазіргі таңда көптеген адамдар асқазан ақауларынанан зардап шегіп отыр және де осы сырқатты әбден асқындырып алып, емін таба алмай отырғандардың жағдайы тым ауыр. Саныңызды соғып қалмас үшін, асқазанның ауырсынуы байқалған жағдайда міндетті түрде дәрігердің көмегіне жүгініңіз дегім келеді. Дәрігердің сізге тағайындайтын дәрі-дәрмектері сізге жәрдем бере алады.......
Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны Қазақ телевидениесінің майталманы Шымкент қаласының тумасы екен. Ол 1972 жылы қарапайым отбасында дүниеге келген. Қызылорда қаласынан бастауыш мектепке барып, кейін Алматы облысының Есік қаласына орта білім алған. Дана отбасының үлкені, оның екі бауыры бар. Оның інісі Рүстем Нұржігіт те әнші ретінде Қазақстанға танымал азаматтардың бірі. Тележүргізушінің ата-анасы Дананың сахнада жүргенін қалаған және өнерге бейім етіп тәрбиелеген. Ол анасының қалауымен Алматыдағы А.Жұбанов атындағы музыка мектебіне оқыған. Танымал тележүргізуші музыка мектебінда білім алғанын мақтаныш санап, өнердегі ұстаханасы ретінде айтып жүр.....
1. Қара шоколад. Қара шоколадтың сүтті шоколадтан калориясы аздау болса да, құрамында адам денсаулығына пайдалы нәрселер өте көп. Мысалы: антиоксиданттар, флавоноидтар, дәрумендер, кальций, темір, магний секілді элементтер бар.
2. Зефир. Басқа тәттілерге қарағанда зефирдің құрамында калорий саны өте аз. Алайда бұлшық етіңізді қатайтатын темір, фосфор, ақуыз секілді элементтер бар.
3. Жеміс қағынан жасалған кәмпит. Бұл кәмпиттер пішініңізді бұзады деп ойламаңыз. Ол мармелад сияқты. Ағзадағы ауыр тұзды металдарды шығарады.
4. Мармелад. Мармеладта пектин өте көп. Ол холестирин мөлшерін азайтып, ішек-қарын жолын қалыпқа келтіреді. Сонымен қатар бұл тәттіде калорий аса көп емес. ......
Қарапайым ингредиенттердің өзі тері күтіміне арналған косметикалық құралдың (скраб) құрауыштары бола алады. Бет терісін таза әрі балғын ететін табиғи өнімдерді ұсынамыз.
✅ 1. Ас содасы теріні терең тазартып, безеу шығуға себеп болатын бактерияларды өлтіреді. Ол үшін аздап ас содасын алып, оған қоймалжың болатындай етіп су құйыңыз. Пайда болған қоспаны бет терісіне жағып, саусақтарыңызбен уқалаңыз. Бірнеше минуттан соң суықтау сумен шайып тастаңыз.
✅ 2. Бал мен аздап тұзды араластырыңыз. Егер теріні терең тазарту керек болса, тұз мөлшерін көбірек алыңыз. Қоспаны бетіңізде бірнеше минут ұстап, жылы сумен шайып тастаңыз. ......
Сұлу болу үшін бет күтіміне аса мән беру керек. Ең болмаcа аптасына бір рет маска жасап, теріні жаңартқаныңыз абзал. Киви жемісі бет күтіміне арналған қоспаларды дайындауға көмектеседі.
✅ Нәрлендіретін маска
1 кивиді алып тазартып, езбе дайындаңыз. 2 ас қасық езбеге 1 шай қасық бал мен 1 шай қасық қаймақ қосыңыз. Қоспаны бет, мойын мен кеудеге жағып, 10-15 минуттан соң жылы сумен жуып, салқын сумен шайыныңыз.
✅ Ылғалдандыратын маска
2 ас қасық киви жұмсағын 1 шай қасық зәйтүн майы және 2 шай қасық сүзбемен араластырыңыз. Масканы бетке жағып, 10 минут күтіңіз. Уақыт өткен соң көк шаймен мақтаны сулап, масканы тазартыңыз. 5 минуттан соң бетті мұзбен сүртіңіз.......
Декрет - бала бағу үшін мемлекет тарапынан әйел адамына берілетін заңды демалыс. Декретке ер адамға да шығуға болады. Бірақ бұл біздің елде сирек кездесетін құбылыс. Әйел үшін декрет - өміріндегі ең жауапты, шыдамдылықты, жинақылықты қажет ететін қиын кезең. 24 сағат үйде отыру, ешкіммен бұрынғыдай етене араласпау, үй шаруасынан көз ашпау жүйкені біраз жұқартады. Ғалымдар еркектің әйел энергиясынан қуат алатындығын дәлелдеген болатын. Олай болса отбасы ішіндегі жаймашуақ.....
Жаңғақтың қоректік құны жоғары. Оның құрамында ақуыз, қанықпаған май қышқылы, көмір-су қосылысы, кальций, фосфор, темір, каротин, рибофлавин, никотин қышқылы бар. Ол адам денесіне өте қажетті, пайдалы азықтық ретінде қарастырылады.
Миды қуаттандырады. Жаңғақтың құрамындағы белоктализин мен фосфатид ми жасушаларын жандандырып, жүйке қуатын жоғарлатады. Холестеринді төмендетеді. Жаңғақ дәнінің құрамында 65% май бар. Ол адам денесіндегі қан айналысын жақсартады. Өтке байланған тасты ерітеді. Дұрыс тамақтанбауға байланысты өтке байланған тасты ерітіп, сыртқа ығыстырады. Дәрігерлердің айтуынша, өтіне тас байланған адамдар жаңғақты үнемі жесе, операция төсегіне жатуының қажеті жоқ екен. Теріні ажарландырады. Жаңғақтың құрамындағы мол кальций, фосфор, темір сияқты микро элементтер адам денесін түрлі ферменттермен қамдайды. Мұның ішіндегі Е витамині жасуша босауының алдын алады. Жаңғақты лайықты мөлшерде жесе, бет терісін ажарландырып, ағартып, майдалылығын, жылтырлығын арттырады. Босануға жақындаған жүкті әйелдер көбінесе жаңғақ дәнін жеу арқылы өз келбеттерін сақтайды....
Қазақ халқы төрт түліктің төресі деп төбесіне көтеретін жылқының қасиетін тауысып айту мүмкін емес. Ата-бабамыз еті мен сүті шипа жануарды бағалай білген.
Қазірде қазақ қана емес, көп ауруға ем саналатын жылқы етін дамыған Еуропа елдері де мойындап отыр. Шетелдік зерттеуші-дәрігерлер еттің ішіндегі ең пайдалысы – жылқының еті екендігін, жылқы майының адам организмінде ешқашан тұнбаға түспейтіндігін зерттеп білді. Олар жылқы етінің 17 түрлі ауруға ем болатындығын мойындады.
Жылқы етінің ең басты қасиеті- жүрек, қан тамыр ауруларына, бүйрек жұмысын жақсартуға, буын сүйектерінің сырқырауына, ішкі ағзаның дұрыс жұмыс жасауына тигізер әсері мол. Ағза жасушаларын жаңартып отыратын қасиеті де дәлелденген. Ал бұл дегеніңіз қартаймаудың басты қағидас......