Азан шақырып ат қою

«Әке мен шешенің баланың алдында үш міндеті бар: туғанда жақсы ат қою, дінге тәрбиелеу, үйлендіру (қыз болса — ұзату)» Хадис-шариф
Азан шақырып ат қою — сәбиге ат қоюдың мұсылманша дәстүрі. Сәбидің бір құлағына азан шақырып, екінші құлағына қамат айтып есім қою сүннет амал болып саналады. Бұл амал нәрестенің жынысына байланысты емес: ұлға да, қызға да жасалады. Ислам дінін ұстанған қазақ халқы үшін тым жат емес дәстүрлердің бірі болғандықтан «азан шақырып қойған аты» деген тіркесті күнделікті қолданысқа енгізіп жібергенбіз.......
Кеңестер
Толық
0 0

Безеуге қарсы аспирин маскасы

✅ Аспирин маскасы – бет терісін оңай және жылдам жақсартуға таптырмас, арзан маска. Кез келген дәріханадан табылатын аспириннен пайдалы маска жасауға болатынын көпшілік біле бермейді.

✅ Аспирин майлы бет терісін құрғатып, безеудің алдын алады. Егер бет терісі құрғақ болса, аспириннің өзінен ғана жасалған масканы қолданбаған дұрыс. Эпидермисті нәрлендіру үшін аспирин маскасына ара балын қосқан жөн. Мұндай маска ерекше күтімді қажет ететін проблемалы тері үшін өте пайдалы, сонымен қатар, бет терісін безеулерден арылтып, теріні тегістейді, әрі ондағы ұсақ тесіктерді тазалайды. Масканы бетке жақпас бұрын одан қандай да бір аллергия болмайтынына көз жеткізу керек. Ол үшін дайын маска қоймалжыңын аздап қолдың сыртына жағып көріңіз.......
Кеңестер
Толық
0 0

Ұлттық тағамдардың емдік қасиеті

Қазақ халқының ұлттық тағамдары пайдалы дәрумендер мен минералдарға бай, сонымен бірге көптеген ауру түрлеріне де ем. Тағамдардың емдік қасиеті жөніндегі ұғым медицинада пайда болмай тұрып-ақ ата-бабаларымыз қымыз, шұбат ішіп көптеген дерттің алдын алған.

Шұбат

Түйе сүтінен әзірленетін бұл сусын биологиялық құрамы бойынша құнарлы және дәмді азық қана емес, В, В1, В2, С дәрумендерінің де қайнар көзі. Шұбат өзіндегі В1, В2 дәрумендері бойынша сиыр сүтінен асып түседі. Шұбаттың бір литрі адам ағзасында С дәруменіне және рибофлавиніне тәуліктік қажеттілігін қанағаттандыра алады. Шұбат – сиыр сүтіне қарағанда май, ақуыз, минералды заттарға және дәрумендерге өте бай. Емдік қасиеті де күшті. Ол қант диабеті, асқазан жарасы, диарея, бауыр, аллергия тәрізді аурулардан айықтырады.......
Кеңестер
Толық
0 0

Балды емделуге қолдану.

Балды, әсіресе, бауыры және өт жолы ауыратын адамдар көбірек пайдаланады. Оны белгілі бір мөлшерде ақ ірімшікке (творог), сәбізге, лимон шырынына қосып жеген дұрыс. Кейде тұрыптың (редька) ішін үңгіп, оған балды толтырып қойып, үш – төрт сағаттан соң дайын болған шырынды өт жолы ауыратын ересек адамға ас...
Денсаулыққа пайдалы кеңестер
Толық
0 0

Шашқа арналған маскалар

Егер шашыңыздың түсін қанық қылып, мықты еткіңіз келсе, мейлінше жиі маска дайындап, күтім жасап тұру керек.

✅ Бұзылған шашқа арналған маска

1-2 жұмыртқаны жарты стақан сүтпен араластырып, шашқа жағыңыз. 30-60 минуттан кейін сусабынмен жуып тастауға болады. Жұмыртқа бұзылған шашты қалыпқа келтіріп, сүт ылғалдандырып, нәрлендіреді.

✅ Шашты жылтыр ететін маска

Бір кесе сүтті бір кесе түймедақ қайнатпасымен араластырып, бірнеше тамшы алма сіркесуын қосыңыз. Шашты сусабынмен жуып, дайындаған қоспаңызбен шайыңыз. 2-3 минуттан соң жылы сумен жуып тастаңыз.......
Кеңестер
Толық
0 0

Қарыннан құтылу жолдары

Май – адам өмір сүруіне керекті механизм. Ол адамға суық мезгілден аман-есен шығуға көмектеседі. Сол себепті, денеде майдың жинақталуы - қалыпты үрдіс. Тек оны белгілі бір деңгейден асырмаса болғаны.

Май жиналуының механизмі қандай? Біріншіден, әрине, көмірсуды мөлшерден тыс пайдалану. Ағзада көмірсудың мөлшерін артық сақтайтын арнайы орын болмағандықтан, ол біртіндеп жинақталып, майға айналады. Аталған механизм ликоген ретінде бұлшық етте 80 грамм және сондай мөлшерде бауырда сақталады. Ал қалған артық көмірсулар денеде май түрінде кездеседі. ......
Қыздарға (бойжеткен) пайдалы кеңестер
Толық
0 0

Жақсы ер мына нәрселерді жасамайды

Ер азамат – отбасының басшысы әрі қамқоршысы. Әйел адамдардың міндеттері болатыны секілді, ер адамдардың да отбасында атқарар өз жұмыстары бар. Ал жақсы жолдас нендей нәрселерді жасамайды? Ол:

✅ 1. Сынамайды. Жақсы күйеу әйел адамның қисық қабырғадан жаратылғанын біледі. Сондықтан да сынап, мінеумен оны сындыруға тырыспайды. Бір хадисте: «Әйел адам қисық қабырғадан жаратылған. Оны түзетемін десең сындырып аласың» - деген (Абу Һурайрадан Муслим риуаят еткен). Әйелді тек ақылмен, мейірімділікпен ғана тәрбиелеу керек. Кемшіл тұстарын айтып, кемсіте бергеннен гөрі, жақсы жағын айтып, мақтап қойсаңыз, әйеліңіз сіз үшін жақсы болуға бар күшін салатын болады.

✅ 2. Тексермейді. Сенімсіздік – ерлі зайыптылардың ортасындағы ең үлкен кедергі. Дініміз де бір-біріне сенуге, күмәнді, теріс ойлардан аулақ болуға шақырады. Сенім бар жерде өзара сүйіспеншілік те, тыныштық та арта түседі. Абу Һурайрадан Байхақи риуаят еткен хадисте: «Сендердің ең жақсыларың, әйеліне жақсы қарайтындарың» - делінген. ......
Кеңестер
Толық
0 0