Журналист қай кезеңде де қоғамды толғантып, көпшілікті ойландырып отырған мәселелерге үн қосады және оларды шешудің оңтайлы жолдарын іздестіреді. Әңгіменің өн бойындағы ойлар мен пікірлерді ұлттық мүддеге негіздеп, елдің ертеңіне қызмет жасауға икемдейді. Жүректерді мазалаған жалынды ойлар көкіректі жарып шығып, мейлі ол президент не премьер болсын, сол биік дәреже иелеріне құлаққағыс болып және журналистің сөз майданындағы айқасына алып келеді. Тақырыбымның өзектілігі сол қазіргі кезде, тіпті бұрын да көгілдір экранда, радиода, баспасөзде де ең көп тараған жанр– сұхбаттың әлі күнге дейін өз ерекшелігімен көрермендерін таң қалдырып, өзектілігін жоймай, замана талаптарына сай өзгеріп жаңа қырымен танылуында. Біріншіден әрі жанр, әрі ақпарат алу әдісі ретінде дуалистік ....
Донорлық - әрбір адамның азаматтық борышы ғана емес, сол адамның денсаулығының кепілі де. Мәселен, Еуропа елдерінде көптеген қоғам қайраткерлері, кино, эстрада жұлдыздары белсенді қан тапсырып, өзгелерді де осындай қайрымдылық жасауға үндейді. Өз елдеріндегі донорлық қауымдастықтармен қоян-қолтық жұмыс істеп, олардың дамуына қолдау көрсетеді. Донорлардың тағдыры әр түрлі болғанмен, атқаратын қызметтері ортақ. Олар қан беру арқылы өзге біреудің өмірін сақтап қалады. Өмір мен өлім арасында арпалысып жатқанда өздеріне қан берген донорларға миллиондаған адамдардың айтар алғысы зор. Ақысыз қан тапсырған азаматтардың әрекеті ерлікпен пара-пар. Өйткені, сіз берген қан өзге адамның тамырымен жүгіріп, жүрегінің онан әрі дүрсілдеп соғуына көмектеседі. Жалын отын онан әрі жандандырады. Көңілдегі күдікті сейілтіп, езуіңе күлкі, қуаныш сыйлайды. Өміріне араша түскен донорды ешкім де ұмытпайды. Керісінше, Алладан сол қайырымды жанның бас амандығын тілеп, өмірінің ұзақ болуын тілейді. Құдай бетін әрі қылсын, бірақ, қалада бір төтенше жағдай, терракт бола қалған жағдайда зардап шеккендерге қан беріп көмектесуге кез келген адам дайын тұрары хақ. Өзгенің өмірін сақтауға тырысқан адамдар қан тапсыру үшін кезекке де тұрар. Бірақ, өкінішке қарай, донорлардың саны бейбіт кезеңде сирек. Біз мыңдаған адамның қан компоненттеріне зәру екенін біле тұра, қан тапсыруға келгенде селқостық танытамыз. Ал біз берген қан біреудің өмір сүрсем деген соңғы үмітінің ұшқындауына септігін тигізеді. Техника қанша дамыса да, донордың қанын жасанды түрде өндіру мүмкін емес. Осы ретте, айта кететін бір жайт, адамзат тапсырған қанның барлығы бірдей пайдаға аспайды. Белгілі мөлшердегі дозаны компонентттерге бөледі. Соның ең маңыздысын науқасқа құяды. Яғни бір донор тапсырған қан бірнеше адамның өмірін сақтауға көмектеседі. Сол үшін медицина мекемелерінде қан қоры жеткілікті болуы тиіс. Қан қабылдау қызметі өз еркімен қан тапсырамын деушілерді арнайы тексеруден өткізіп, ауруханалардың қанмен қамтамасыз етуді қадағалап отырады. ....
«Журналистика — күнделікті өмірдің жаршысы». Сондықтан журналистика әр кезде өз биігінен көрінеді. Кеңес үкіметі тұсында цензураның мысы қатты болды. Ол кездегі қаламгерлер саясат, экономика жөнінде өткір мақалалар жаза алмады. Сондықтан қаламгерлер өнер мен мәдениет тақырыбын азық еткенді. Ал қазір жағдай мүлде басқаша. Қоғам алмасқанда журналистиканың баяғы деңгейінің артта қалғанына көзіміз жетіп отыр. Қазіргі қазақ журналистикасының деңгейі қандай?-деген сұраққа жауап беретін болсақ- қазіргі қазақ журналистикасы еркіндіктің босағасында, оның өзінің деңгейі мен дәрежесі бар. Кез-келген тақырыпта, кез келген мәселеге қалам тарта алады. Ол баспасөздің, Бақ құралдарының еркіндігі десек те болады. Бірақ дей тұрғанмен қазақ журналистикасының жолын дамыту бар ....
Кіріспе Журналист мамандығы дүние жүзіндегі ең қауіпті мамандықтың бірі ретінде белгілі. Қоғамның жоғын жоқтайтын, түсін түстейтін, қоғамдық пікір қалыптастыратын журналистер. Елге араша түсіп, халықтың жан ашыры болатын да журналистер. Бірақ күнделікті осы жан ашырлардың құқықтары белден басылып, өмірлері мен шығармашылықтарына түрлі қауіп-қатер төніп тұрады. Осыған орай «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қордың жұмысын қарай келе, Қазақстандағы рөлі мен қызметіне тоқталып өттім. «Әділ сөздің» негізгі мақсаты мен міндеті қандай, журналистердің құқығын қалай қорғайды, сондай-ақ, өзге елдердегі баспасөз өкілдерінің құқығы қалай қорғалатыны сияқты тақырыптарды көтердім. «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры өз жұмысын 1999 жылдың 12 сәуір күні бастады. Аталған қордың басты мақсаты – елімізде еркін, объективті, прогрессивті журналистиканы қалыптастыру. Ал жұмысының негізгі бағыты – заңымызды одан әрі жетілдіріп, БАҚ және журналистердің құқығын қорғау мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін заң жағынан сауаттандыру. ....
ХХІ ғасыр – ақпарат ғасыры. Әсіресе, технологиялық үрдістердің қарыштап дамуы ақпарат алуды мейлінше жылдамдатып жіберді. Бұл тұрғыдан интернет парақшаларының маңызы өте зор. Ал, бұған дейін қасаң, ресми ақпараттарға мейлінше орын беріп, цензураның қармағына іліккен қазақ журналистикасы үшін ХХІ ғасырдың басында үлкен таңдау тұрды. Бұл – ақпараттық кеңістікті иелену, Қазақстан журналистикасында жетекші рөлге ие болу мәселесі еді. Қазақ ақпараты ХХ ғасырдың басынан бастап дамыды десек, кеңестік кезеңді артқа тастап, тәуелсіздік баспалдағына шыққан қазақ ақпаратының мәні мен маңызы, атқаратын рөлі, қамтитын тақырыбы мүлдем басқаша сипатқа ие болды. Қазақ журналистерінің алдында ауыр жүк тұрды. Ақпараттық экспансиядан қорғану, өзге ұлттың өзге идеологияны көздейтін ақпараттық тасқынынан құтылу мәселесі алға қойылды. Дәл осы мақсаттың үдесінен қазақ баспасөзі қалай шыға білді? ....
Менің дипломдық жұмысымның тақырыбы Оңтүстік – Қазақстан облысы телеарналарының жұмысымен тығыз байланыста. «Қазақстан – Шымкент» телеарнасы: «өткені мен бүгіні» менің ғылыми жұмысымның тақырыбы осылай аталатындықтан, өз ғылыми жұмысымда аты аталған телеарнаның басты мәселелерін ашамын. Сонымен қатар Оңтүстік Қазақстан облысы аймақтық телеарналарына: мәселелерін шешуге жол көрсете отырып, телеарнаның құрылу тарихына терең үңілемін. Өз жобамның бірінші бөлімінде мен Оңтүстік – Қазақстан телеарналарының жұмыс жоспарын және де сол жоспардың құрылымын ашып көрсетемін. Басты мәселе ақпараттық таралымдардың бүкіл Республика аумағына және де шет аумақтарға таралуы. 2000 жылдың сәуірінде Еуразиялық экономикалық самиті бүкіл дүние жүзілік Давос форумының қолдауымен өтті. Сол самитте сөз алған Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев былай деді: - «Бүкіл Орта Азия мемлекеттері саяси, экономикалық, техникалық дамудың қажетті сатысына аяқ басып келуде, бұл біз үшін өмірлік маңызы бар кезең». Давос форумын құрушы және президенті Клаус Шваб өз сөзінде заманауи талаптардың ең бастысы бұл жаһандану кезеңі. Жаһандану кезеңіндегі басты мақсат – экономикалық және әлеуметтік жетістікке жету бұл жетістік адам баласының гүлденіп көркейуіне жол ашады. Қазіргі таңдағы ....
XX ғасырдың бас кезінде, яғни 1911 жылдың қаңтарынан бастап, 1915 жылдың қыркүйек айына дейін Тройцкі қаласындағы «Энергия» баспахансында қазақ тілінде үзбей шығып тұрған «Айқап» журналы халқымыздың әлеуметтік саяси-өмірінде, әдебиет пен мәдениетімізді насихаттап таратуда елеулі роль атқарды. Ол қазақтың тұңғыш қоғамдық-саяси және әдеби журналы болды. «Айқап» өзінің сипаты жөнінен жалпы демократиялық болғанымен, іс жүзінде Шоқан Уәлихановтың, Ыбырай Алтынсариннің, Абай Құнанбаевтың ағартушылық идеялары негізінде дамып келе жатқан қазақтың қоғамдық ой-пікірінің, әдебиетінің, публицистикасының прогресшілдік және демократиялық дәстүрлерін жалғастырған ілгері дамытқан журнал болды. «Айқап» журналын ұйымдастырушы және редакторы демократ –жазушы Мұқаметжан Сералин (1872-1929) болды. М. Сералин журналдың төңірегіне өзімен ниеттес көрнекті ақын жазушыларды, қоғамдық қайраткерлерді топтастырды. Журналдың секретары 1911-12 жылдары Әкірам Ғалимов, 1913-14 жылдары Сұлтанмахмұт Торайғыров болды. Әр уақытта тілші, автор болып Сәкен Сейфуллин , Бейімбет Майлин, Сәбит Дөнентаев, Спандияр Көбеев және осылар сияқты ақын-жазушылар қатысты. [45]. «Айқап» журналы осылай аталуының себебі мен алдағы мақсаты туралы 1911 жылғы 11-санында бастырушылар алқасының атынан былайша түсінік береді: «Айқап» деген сөз қазақтың төл сөзі, ол ғасырлар бойы мәдениеттен, білімнен, кенже қалған бүкіл қазақ халқының өкініші ретінде алынды. «Ай, қап!» деп санымызды соқтық, енді ел қатарына қосылайық деген үнді білдіреді. «Айқаптың» төңірегіне жиналып, қазақ халқының қоғамдық ой –пікірінің қалыптасуына елеулі үлес қосқан әдебиеті мен мәдениетті жайында байсалды талғамдар айтқан журналдың редакторы М. Сералиннің «Айқап» журналының басқармасында қызмет еткен жазушылардың еңбектері ерекше. «Айқап» журналының бетінде қазақ совет поэзиясының алыбы - С. Сейфуллиннің алғашқы өлеңдері, Б. Майлиннің тұңғыш мақалалары басылды және С. Дөнентаевтың бірнеше өлеңдері жарияланды. Журнал оқу, жас буындарды тәрбиелеу және мәдени-ағарту ісіне шын мәнісінде прогрестік және демократиялық тұрғыдан көңіл бөлді. Бұл іске Сералин өзі сияқты мұғалім , жазушыларды публицистерді тартты. «Айқап» отырықшы болуды мәдениет мәселелерімен байланыстыра үгіттеді. М. Сералин орыс халқының ғылымын, өнерін, тілін үйрену керек дей келіп, бұларды білу үшін школа мектеп ашу қажет. Бұл 4-5 үйдің қолынан келетін іс емес, кедейлердің баласын алыс жерге жіберіп оқытуға қалі келмейді. Сондықтан « бір жерге қала болып жиналудан басқа ем жоқ». Ал «50-60 үй бір жерде , жиналып отырса, оларға орталарынан молда (мұғалім) ұстап бала оқыту оңай ....
Средства массовой информации - это зеркало, которое отражает окружающую нас действительность. Иногда это зеркало бывает кривым (значит, ложным), а иногда и правдивым (значит, не всегда приятным). Журналистика - это отражение нашей жизни, такой, какая она есть. Она показывает нам политическую, экономическую, социальную, криминальную, культурную ситуацию в нашей стране. Актуальность выбранной мной темы заключается в том, что криминал - это такое же отражение окружающей нас действительности, что и политика, экономика, культура. Криминал показывает состояние преступности во всей республике. Он вскрывает такие общественные язвы, как бедность, безработица, наркомания , - все то, что является основной причиной возросшей сейчас преступности. Сегодня не только в нашем государстве, но и во всем постсоветском пространстве сложилась очень тяжелая криминальная ситуация, которая не может не освещаться в средствах массовой информации. Поэтому на нашем газетном рынке появляется много криминальных газет из ближнего зарубежья, пользующихся определенным спросом у населения, поэтому такие газеты, как "Караван", "Время", "Столичная жизнь" имеют постоянные криминальные рубрики. Новизной данной работы является то, что криминал на страницах казахстанских газет никогда не изучался пристально. Журналистика постоянно находится в развитии, она никогда не стоит на месте. Так происходит и с криминальными изданиями. Одни рождаются, другие умирают, третьи трансформируются, каждые пытаются выжить и делают это различными способами. В этой работе я попыталась по возможности охватить все газеты подобной направленности, выпускающиеся сегодня и выходившие в прошлом, а так же те зарубежные издания, которые продаются на газетно-журнальном рынке Казахстана. Цель моей дипломной работы - обзор криминальной тематики на страницах казахстанских газет. Анализ криминальной прессы, попытка проследить ее развитие за последние десять лет, сравнение с кыргызскими, российскими и белорусскими изданиями подобного рода - это задачи, которые я поставила перед собой в этой работе. Методологические приемы, которыми я пользовалась, исследуя эту тему: 1) диалектический - я рассматривала свою тему в разрезе ее развития. 2) сравнительный - путем сравнения анализировала сегодняшнее состояние криминальной тематики на страницах казахстанской прессы. В своей работе я опиралась на Конституцию РК, на закон о СМИ, стратегию 2030, на труды Марата Карибаевича Барманкулова и, естественно, на сам источник моих пристальных исследований - на газеты.....
Информационно-аналитическую программу, как и новости можно назвать "лицом" канала. Но если новостийные выпуски претендуют на объективность, их задача - исключительно отражение факта, и они находятся как бы "над" происходящим событием, то информационно-аналитические программы - это субъективный взгляд на произошедшее событие, это свободный комментарий факта, взгляд изнутри. В классификаторе программ информационно-аналитическая программа определяется как "еженедельное или ежемесячное (а иногда и ежедневное) комментирование событий, имеющих значение для аудитории и откровенно-субъективная их трактовка (в отличие от чисто новостных программ, стремящихся к объективности). Функция - формирование общественного мнения". Исходя из этого, актуальность исследования выражена в необходимости исследования телеаналитики и особенностей подачи аналитической информации. Исследовать ее необходимо, поскольку надо учитывать, что те же вопросы, которые возникают в отношении к выпускам новостей, можно относить и к выпускам аналитических программ. Те же требования: достоверность, актуальность, оперативность, объективность. Особенность аналитики в том, что к одной информации добавляются другие. В новостях же выдается одна. То есть к аналитике даже больше требований, поскольку значимость удваивается. К аналитике эти требования жестче. Если в выпусках новостей выдается информация с определенной долей ее анализа, то в аналитических программах она не только выдается, ее еще необходимо прокомментировать, разобрать, изучить, преподнести ряд доказательств верности именно такого изучения, необходимо привести общий анализ, к тому же сделать некоторые прогнозы. И при всем при этом учитывается желательность объективности. Здесь она тоже играет немаловажную роль. Говорят, что наиболее объективная информация передается по радио – сухая, сжатая, без комментариев. В выпусках новостей в любом случае есть определенная доля субъективности. Здесь учитывается творческий процесс журналиста плюс ведущего, особенности самого канала, еще некоторые факторы. Все это влияет на объективность самым непосредственным образом. Как говорится, все относительно. Так и относительно аналитических программ выпуски новостей объективней. Большая проблема аналитики – ее определенная субъективность. Нельзя говорить, конечно, что все абсолютно субъективно. Вместе с тем относительная субъективность – это и преимущество аналитики. Наблюдая за программой, можно судить и о политике самого канала, о его специфике. ....