Эссе: Зулайды менің өмірім

Өмір... Сірә, өмір жайлы толғанбаған, сырлы қаламымен жырламаған ақын-жазушы дүниеде жоқ шығар. Талай ғасырдан бері «дүние қалай пайда болды, адам қалай жаратылды, өмірдің мәні неде?» деген сұрақтар адамзатты мазалағаны даусыз. Ол туралы философтар, ғалымдар, саясаткерлер бір-бірінен ерекшеленетін тұжырымдар келтірген. Менде өзімнің өмірге көзқарасымды, өмірдің мәні неде екенін айта кетейін.

Ештеңені ойламай, алаңсыз, уайымсыз күн кешіп жүрген балалық шағым. Әжемнің ертегісін тыңдап, атамның ақылын есте сақтап, әкеме еліктеп, анама еркелеп, бауырларыма қамқор болып жүрген бақытты кезім. Ауылдың таза ауасын жұтып, достарыммен ойнап, өрістен қайтқан малдарды тамашалап, күннің ыстығына қарамай қызық қуып кететін шаттыққа толы балалық шағым. Қолыма гүл алып мектептің табалдырығын аттаған қорқыныш пен қызыққа толы сәт, сыныптастарыммен жарысып, мұғалімнің тәлімін алып, білім қуған кез. Бәрі өткеннің еншісінде. Қайта айналып келмейді. Өйткені, бұл өмір. Ал, «өмір» деген не? Біріншіден, тоқтаусыз зымырап жатқан алтын уақыт. Екіншіден, күнделікті күйбең тіршілік. Үшіншіден, отбасы, мектеп, жұмысты ойлап өтіп жатқан күнің... Сіздің өміріңіз қалай өтуде? Осы жасыңызға дейін істеген істеріңіз, уақытыңызды қалай жұмсап жатқаныңыз жайлы ойланасыз ба?

Адам адам болып жаратылғаннан бері біраз уақыт өтті. Сол уақыт аралығында адамзат соғыс, жұт, табиғи апат және басқа да қиыншылықтарды басынан өткізді. Өз қолдарымен жасалған әрекет қаншама. Осыдан кім қандай пайда көрді? Олар үшін өмірдің мәні неде?

Адамдардың армандары, мақсаттары, қалаулары әр түрлі болады. Біреуі – бай болсам, менің атымды дүниежүзі білсе екен, екіншісі – адамдарға қалай көмек көрсетсем, оларды таза жолға түсірсем екен десе, үшіншісі – тек бір сәттік ләзатты іздеп, ойын-сауықтан қуаныш табады. Олар үшін өмірдің мәні осылар. Және өздерінің арман-мақсаттарына жеткеннен кейін риза болып, қанағаттанбайды. Не себепті? Сіз сол жайында ойланып көрдіңіз бе?.....
Эсселер
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Функцияның кесіндідегі ең үлкен және ең кіші мәндері 1-сабақ (Алгебра, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.4А Туындының қолданылуы
Сабақ тақырыбы: Функцияның кесіндідегі ең үлкен және ең кіші мәндері 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.3.3.3 функцияның ең үлкен (ең кіші) мәндерін табуға байланысты қолданбалы есептер шығару;
Сабақтың мақсаты: функцияның ең үлкен (ең кіші) мәндерін табуға байланысты қолданбалы есептер шығару.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): №1 Зертханалық жұмыс «Көлбеу жазықтық бойымен қозғалатын дененің үдеуін анықтау» 3-сабақ (Физика, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Кинематика
Сабақтың тақырыбы: №1 Зертханалық жұмыс «Көлбеу жазықтық бойымен қозғалатын дененің үдеуін анықтау» 3-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.1.2.3 - физикалық шамалардың өлшеу дәлдігін ескере отырып, тәжірибелік зерттеудің соңғы нәтижесін жазу;
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар үйренуі тиіс:
Зертханалық құралдармен жұмыс жасау
Оқушылардың көбісі үйренуі тиіс:
y=kx+b (V = V0 + at) түріндегі тәуелділік графигін талдау, график арқылы мәліметтерді оқу
Кейбіреулер оқушылар үйренуі тиіс:
физикалық шамалардың өлшеу дәлдігін ескеріп, үдеудің мәнін анықтау.........
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Екі айнымалысы бар теңсіздіктер (Алгебра, 9 сынып, I тоқсан)

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Екі айнымалысы бар теңдеулер, теңсіздіктер, және олардың жүйелері
Сабақ тақырыбы: Екі айнымалысы бар теңсіздіктер
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 9.2.2.3 екі айнымалысы бар теңсіздіктерді шешу;
Сабақ мақсаттары: Екі айнымалысы бар сызықты теңсіздіктерді шешуді үйрену.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Шығарма: Ерліктерімен аңызға айналғандар

Ұлы Отан соғысы еліміздің басына ауыр қасірет пен бейнет, азап пен қайғы алып келді.Аналарымыз жылап, бауыр еті балаларын майданға аттандырып, өздері ауыр жұмысқа жегілді. Жеңгелеріміз қимас ерлерін соғысқа шығарып салды. Сәбилеріміз ел басына төнген мына бір қасіретке көндіге алмай, жәутеңдеп қала берді.Ауыл өмірі сондай бір жұпыны, көңілсіз күй кешті. Әйелдер мен қарттар, қабырғасы қатпаған жеткіншектер күн шықпай егіс басына барып, күн ұзақ егін егіп, майданға азық дайындаған. Қас қарайғанда шаршап келіп, сүлделері құрып, омақаса құлаған. Оның үстіне майданнан күнде бір үйге қара қағаз келіп, онсыз да қоңыр ауылды күңірентіп, жоқтаумен тітіркендіріп жіберген. Иә, майданға ұлдарын аттандырған ауылдың тіршілігі осындай болғанмен, майдандағы аға-әпкелеріміз өз борыштарын абыроймен өтеп жатқан. Олар қазақтың қайсар халық екенін дәлелдеп жатты. Еліміз бұл соғысқа бір миллион 366 мың адамды атттандырған. Олардың 5183 қызкеліншектер болған.
Жалпы республикамыздан 12 атқыштар дивизиясы, 7 атқыштар бригадасы, 4 атты әскер дивизиясы және 2 артиллериялық , 4 минометтік, 3 аавиациялық полк, 14 жеке батальон құрылып, майданға жіберілген. Осындай дивизиялардың бір тобы батыс майданы құрамына еніп, Мәскеуді қорғауға қатысты.......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Отты жылдарды ұмытпайық

Дүниені дүр сілкінтіп, бейбіт жатқан дархан даланы от шарпытқан, ана мен баланы зар жылатып, өксігімен ел тұншықтырған, арлан азаматтарды туған ел топырағынан айырып, бөгде елде жер құштырған Ұлы Отан соғысының залалы әлі де жадымыздан өшкен емес. Бірімізге әке болатын, енді бірімізге ата болатын абзал аталар әлі күнге отты жылдарды күңірене еске алады, түсінде көріп жанталасады. Бірі майданда болып, қыршыннан қиылып жатқан бауырлардың қан жоса болғанын, бомбаның жарылысына тап болып күлінің көкке ұшқанын көріп көз жасын бұлайды. Енді біреулері бұғанағы қатпаған бала бола тұра аналар мен қарттар қатарында тылда еңбек етіп, бауырлар мен ел ағаларының аман- есен оралуына тілектес болды. Әлбетте, қазіргі жас ұрпақ бейбіт заманда өмір сүріп жатырмыз. Қазіргі тәуелсіз бақытты заман бірден орнай салмағанын біріміз біліп, біріміз білмей жатамыз. Отты жылдардың естеліктерінен сыр шерткен ата-әжелеріміз бен ата-аналарымыздың әңгімесі, болмаса қан майданда хатталып жазылған көне сары қағаздар мен кітаптар ғана бәз біреулерге ой салып, санасын қозғайды. Бұған құлақ асып, қайсар батырлардың жолын жалғауға уәде ететіндер, өздерінің ел қорғаны бола алатынына кәміл сенетін құрдастар мен замандастар қаншалықты көп екен деп ойланамын. Менің анамның айтуы бойынша, оның нағашы атасы үш ағайынды болған. Олардың ең кішісі 17 жасар бозбала еді. Осы бір үйден кеткен үш азаматтың бірі де қан майданнан оралмады. Бір атаның ұрпағы түгелімен соғыстың құрбанына айналады. Ал өз жұрағаты бойынша, анамның әкесінің әкесі үш ағайындының бірі болып, соғысқа аттанады, бейтаныс елді мекеннен мәңгілік орын табады. Өзге аталар да хабар-ошарсыз кетіп, оралмайды. Елде еңіреп қалған анамның әкесінің анасы сол уақыттағы ашаршылық пен дерттің салдарынан көз жұмады. Бұл бір ғана менің атаәжелерімнің басында болған қасіреттің бөлігі десек, тұтас қазақ елінің қайғысының қаншалықты қалың болғанын елестетудің өзі өте ауыр емес пе? .....
Шығармалар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Қимақтарда қалалық мәдениетінің дамуын қандай деректер дәлелдейді? 2-сабақ (Қазақстан тарихы, 7 сынып, І тоқсан)

Пән: Қазақстан
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.1A VI – IX ғғ. Қазақстан
Сабақ тақырыбы: Қимақтарда қалалық мәдениетінің дамуын қандай деректер дәлелдейді? 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 6.4.2.1 – Ұлы Жібек жолының қала мәдениетінің дамуына әсерін анықтау; 6.4.1.1 – көшпелілер мен отырықшылар арасындағы өзара экономикалық байланыстарын анықтау
Сабақ мақсаттары: Қимақ қағанатының ішкі және сыртқы саяси жағдайын түсінеді.
Қимақ қағанатының қала мәдениетінің дамуын сипаттайды.
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Ұлы Жібек жолы халықаралық байланыстардың нығаюына әкелді ме? (Қазақстан тарихы, 7 сынып, ІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.2A Х – XІІІ ғғ. Қазақстан территориясындағы мемлекеттер
Сабақ тақырыбы: Ұлы Жібек жолы халықаралық байланыстардың нығаюына әкелді ме?
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 7.4.2.2 Ұлы Жібек жолының халықаралық қатынастарды нығайтудағы орнын анықтау
Сабақ мақсаттары: Ұлы Жібек жолының тарихи маңызын аша біледі.
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): XVIII ғасырдағы Қазақстандағы казак-әскери отаршылдығы 2-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.2В XVIII ғасырдағы Қазақстанның мәдениеті
Сабақ тақырыбы: XVIII ғасырдағы Қазақстандағы казак-әскери отаршылдығы 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 7.3.1.3 – Ресей империясының отарлық саясатының себеп-салдарын анықтау
Сабақтың мақсаты: Патша өкіметінің отаршыл саясатының жүру барысы мен оның нәтижесін талдау.
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Эссе: Асыл ана

Ана бұл – сен дүние есігін ашқанда бар мейірімімен қарсы алатын жан. Сені өмірінің соңына дейін бағып- қағып, өз бойындағы бар асылды сенің бойыңа құюға тырысатын жан. Сенің жан – жақты дамыған ойшыл, саналы адам болуыңа зор үлесін тигізетін жақын ұстазың. Сен ауырғанда оның жаны маза бермей, сен жылағанда жүрегі жылайтын жалғыз жан. Бұл өмірде әрине, бәрі уақытша, тек ананың шексіз махабатынан басқалары. Сені анаңнан артық тірі жан бұлай шексіз сүйе алмайды. Ана бар мейірімді бойына жинаған аяулы адам. Ананың балалары үшін қаншалықты қадірлі, қаншалықты қымбат екенін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Сүрінгенде демеу болар тіреуішің, сені әрқашан ынталандырып, жігерлендіріп отыратын да- ана.

Ана сенің жылағаныңа бей - жәй қарап отыра алмайды. Сенің болашағыңа алаңдап, өмірден көргенін өз баласына жеткізуге тырысады. Ананың табанының астында жұмақтың кілті жасырулы, сонда аяулы алақанында не жасырылған екен?Кім біліпті?! Әйел заты ең мейірімді, ең нәзік жан болғасын ана болу бақыты бұйырған. .....
Эсселер
Толық
0 0