Сабақ жоспары (ұмж): Оптикалық аспаптар. Сызықтық ұлғаю. (Физика, 8 сынып, IV тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жарық құбылыстары
Сабақтың тақырыбы: Оптикалық аспаптар. Сызықтық ұлғаю.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.5.1.16 – қарапайым оптикалық құралдарды (перископ, обскура камерасы) құрастыру
Сабақтың мақсаттары: - оптикалық құралдардыӊ сызықтық ұлғаю түсінігін білу және түсіну;
- ұлғайтқыш шыныныӊ (лупаныӊ) үлкейтуін және кескінніӊ қалай пайда болуын білу;
- микроскоптыӊ сызықтық үлкейтуін және кескінніӊ қалай пайда болуын білу;
- телескоптыӊ сызықтық үлкейтуін және кескінніӊ қалай пайда болуын білу;
- проекциялық аппаратта кескінніӊ қалай пайда болуын білу;
- фотоаппаратта кескінніӊ қалай пайда болуын білу;.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Қауіпсіз орта құрайық (Дүниетану, 4 сынып, IV тоқсан)

Пән: Дүниетану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Ғарышқа саяхат»
Сабақ тақырыбы: Қауіпсіз орта құрайық
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 4.1.4.3 түрлі дереккөздер негізінде жасанды ортадағы қауіп-қатерлерді анықтау және бағалау.
4.1.4.4 өзінің жасанды ортадағы қауіпсіздігін жоспарлау.
Сабақ мақсаттары: Оқушылар
• жасанды ортадағы қауіп-қатерлер туралы біледі;
• ғарышпен байланысты экологиялық апаттарды анықтайды.......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Шығарма: Абайдың тарихи мұралары

Қазақ халқының ең бір ұлы ақыны, жазба әдебиетінің негізін салушы, дана ойшыл,халқымызды әлемге әйгілі еткен философ, ағартушы, композитор Абай Құнанбайұлының дүниеге келгеніне, міне, 175 жыл толып отыр.Небәрі 58 жыл ғұмыр кешсе де, ұзақ ізденістері арқылы халқымызға тәлім-тәрбие беретін, адамның рухын көтеріп, санасын ашатын шығармалары – бүкіл халықтың тарихи мұрасы.
 Ол – лирик, ол- ақын, ол – эпик... Жинақтап айтар болсақ, сегіз қырлы, бір сырлы аса ірі тұлға. Абай есімі – алға қарай ұмтылу мен әлеуметтік әділдіктің символы. Бұл оның әр ісі мен шығармасынан көрінеді.
Білім | Шығармалар
Толық
1 0

Сабақ жоспары (ұмж): Қазіргі замандағы физиканың рөлі 2-сабақ (Физика, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Магнит өрісі
Сабақ тақырыбы: Қазіргі замандағы физиканың рөлі 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.1.1.1 - қазіргі замандағы физиканың рөлі туралы пікір айту және өз ойын дәйектеу;
Сабақ мақсаттары: • Қазіргі замандағы физиканың ролі туралы пікір айту
• Техниканың дамуы туралы дәйектер келтіру.........
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Өсімдік тіршілігіне не қажет? (Жаратылыстану, 1 сынып, I тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тірі табиғат. Өсімдіктер.
Сабақ тақырыбы: Өсімдік тіршілігіне не қажет?
Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): 1.2.1.3 өсімдіктердің тіршілігіне қажетті жағдайларды зерттеу;
Сабақ мақсаттары: Өсімдікке өсу үшін қандай қажетті жағдайлар керек екенін біледі;
Болжамдар мен бақылау нәтижелерін салыстырады;
Түрлі жағдайда өсімдіктердің өсу нәтижелерін салыстырып, қорытынды жасайды.........
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Санның стандарт түрі 1-сабақ (Алгебра, 7 сынып, I тоқсан)

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Бүтін көрсеткішті дәреже
Сабақ тақырыбы: Санның стандарт түрі 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 7.1.1.1 өте үлкен немесе өте кіші шамаларды жазу үшiн сандарды стандарт түрде жазудың қажеттiлігiн түсiнеді (мемлекет халқының санын немесе молекула өлшемін жазу үшін);
7.1.1.2. санның стандарт түрі ұғымын, оның маңызды бөлігін және ретін біледі;
Сабақ мақсаты: Санның стандарт түрінің мағынасын түсінеді.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Қазақ даласы не себепті «Дешті Қыпшақ» деп аталды? 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 7 сынып, ІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімдік жоспардағы тарау: 7.2A X – XІІІ ғғ. Қазақстан.
Сабақтың тақырыбы: Қазақ даласы не себепті «Дешті Қыпшақ» деп аталды? 1-сабақ
Оқу мақсаты:
7.3.1.3 X – XIII ғғ. мемлекеттерді білу және картаны қолдану арқылы саяси үдерістерді түсіндіру
7.3.2.4 қыпшақтардың Еуразия тарихындағы орнын анықтау
7.2.2.3 көшпелілердің әскери өнері жетістіктерін талдау
Сабақтың мақсаты: Ақпараттарды анықтай отырып негізгі сұрақтарға ауызша жіне жазбаша жауапар беру.
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Шығарма: Мәңгі жаса менің Қазақстаным!

Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамбелиясы мен Конститудциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 71 жылдығын ерекше атап өткен болатын.Ұлы жеңіске биыл 71 жыл толып отыр.1945 жылы 9мамыр күні дәл осы шаттық хабарды есітіп тұрып, бүкіл әлем шаттыққа бөленіп, теңселіп кетті.Кеңес Одағынынң тұрғындары 5 жыл бойы күндей күркіреген соғыста-1418 күн мен түндерде, бүкіл жігерімен Жеңіске ұмытылған... Миллиондаған адамдар мерт болды.Миллиондаған адамдар мүгедек болып, өзінің жақындарынан көз жазып қалды. Бірақ бәрібір Берлингтегі рейхстаг үстінде жеңіс туы желбірей көтерілді. Осы жеңісте Қазақстаннан шыққан қаһармандар, қаншама ер жүрек батырлар бар жан-тәнімен, мына жарық өмір үшін аянбай ұмытылған зор үлестері бар еді. Біз Жеңіс күнін жақындатқан, қара түнек фашизмге қарсы жан аямай күрескен әрбір жауынгерге қарыздармыз. Ұлы Жеңіс біздің халқымыздың орасан зор құрбандықтарымен келген қасіретті ортасы.Соғыс салған зардап әлі күнге дейін толық жойылған жоқ. Олардың Отан үшін қан кешкен әрбір қадамы, жеңісті жақындата түскен әрбір қадамы, жеңісті жақындата әрбір күні ұмытылмайды. Өйткені, ерлік шежіресі ұрпаққа ұлағат, ертеңгі күнге үлгі боларлық сабақ.Биыл ТМД елдері осы соғыстағы ортақ ұлы Жеңістің 70 жылдығын мерекелеуде. Біз соғыстан кейін туған ұрпақ кешегі Ұлы Отан соғысы жылдарындағы аға ұрпақтың-қазақтар мен қазақстандықтардың жанкешті ерлігін тек қана кітаптардан, кинолардан көре аламыз. Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында Ұлы Отан соғысында қаза тапқан боздақтардың рухына бас иіп, олардың ерліктерін-бағалай білу қажет. Соғыс жылдарында біздің ата –бабаларымыз өздерінің ерліктерімен қазақ халқының батырлығын әлемге паш етті. Қазақұлты ұландарының антқа адалдығын көрсетті.Отан соғысы майдандарында, жау тылындағы партизандар мен Еуропа елдеріндегі қарсыласу қозғалысы қатарында шайқасып, фашизм концлагерьлерінде қаза тапқан өжет, қайсар қандастарымыздың рухына бас иеміз......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Айналайын, атажұртым

...Уақыт қарқыны зымыран. Күні кеше өткен сияқты уақиғалар бүгінде тарих беттеріне айналып та үлгірді. Бұл жаңа мемлекет пен жаңа қоғамның дүниеге келуінің азапты толғаққа толы, сонымен бірге ғаламат сәті еді. Сол сәт әлі аяқталған жоқ, бірақ ең қиын белестерден аса білдік. Ең қиын жылдар дәл қазір артымызда қалды, сондықтан да мен еліміздің еңсесі биіктей беретініне сенемін.
Н.Назарбаев
Отан... Атамекен... Атажұрт... Тарих... Бұл қай құлаққа да асқақ естілер асыл ұғымдар. Адам өмірге келіп, ес жиып, етек жия бастаған сәттен өз Отанының тарихына ден қоя бастайды... Адам, адам болып жаралғаннан бері ұлан – асыр даму көшінің өн бойында жер үшін, ел үшін сан қилы дүрбелеңдер көп болған.
Әдетте, осындай дүрбелеңдерден, яғни үлкен аумақтарды қамтыған қанқұйлы соғыстардан соң ғана, әлем картасы аталатын ала қағаз бетіне түзетулер түсетін. Ал ХХ ғасырдың соңында әлем келбеті ешқандай дүрбелеңдерсіз – ақ өзгеріп шыға келді. Оған жер жаһанның алтыдан бір бөлігіне иелік етіп, қаһарымен алыс – жақын жұрттардың бәрін ықтырып келген алып империяның ың – шыңсыз ыдырай бастауы себеп болды. Ыдыраған империяның орнына он бес тәуелсіз мемлекет өсіп шықты. Солардың бірі – Орталық Еуразия алабындағы ғажайып әрі қайталанбас тарихы бар – Қазақстан Республикасы еді. Қазақстан – қазақ халқының ата – баба мекені, ежелгі қонысы. Бұл жерде ата – бабамыз туды, өмір сүрді, оның топырағында ата – бабамыздың кіндігі кесілген... Қазақстан картасы – қазына картасы. Даласы дархан, топырағы қасиетті, қойнауы қазыналы. Қазынаның барлығы да қазақ жерінің топырағында тұнып жатқанын екінің бірі айтпай – ақ біледі... Ғылым адамзатқа қанат бітірді, ғаламат істерге бастады, ғажайып жаңалықтар ашты. Соның куәсі – адам көкзеңгір ғарышқа қадам басты, айға қонды, жұмыр жерді аялай айналып ұшты. Ал, ғарышқа жол – Байқоңырдан от алғанын мақтан етпейтін кім бар? Ғарышқа қадам жасаған елдер қатарында еліміздің де еңсесі биік, жалауы жоғары......
Шығармалар
Толық
0 0

Эссе: Балалықтың – бал дәурені

Жетінші қара сөзінде Абай : «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі- ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар – тәннің құмары, екіншісі –білсем, көрсем, үйренсем деген жан құмары» -дей келіп, баланың көргеніне талпынатынын, көзі көрген мен құлағы естігеннің бәрін білгісі келетінін жақсы сипаттайды. Шынында да, бала кезде бәріміз де дүниенің бар сырын танып –білгіміз келіп, алға ұмтылып, тезірек өскіміз келіп, үлкендерге еліктеп жүретініміз анық. Мүмкін, сонысымен де балалық шақты бал дәуренге теңеген болар?! Әйтеуір, үлкендер бала кездерін еске алса, еріксіз жымиып не қатты қиялға батып, қайта айналып келмес бал дәуренді аңсап жатады. Себебі балалық шақ – адам өмірінің ең аяулы, ең тәтті, ең қызық сәті. Иә, бал шақтың қадірін ерке кезде аңғармай өткізіп аламыз. Мен де қазір сол бір ата-анамның басымнан сипап, қыңқылдап сұрағанымның бәрін де алып беріп, асты-үстіме түскен кездеріндегі шат көңілім мен сәбилік еркелігімді еске алып отырмын. Сол кезде Мұқағали ақынның «Сәби болғым келеді» деген әні еріксіз еске түседі. Шынында да, «тұлымында күн сәулесі ойнақтаған, аузынан ана сүті арылмаған сәби» болу қандай бақыт десеңші, шіркін! Ата- ана үшін сол сәбидің амандығынан артық бақыт болмайды, бар әлем оған бас иіп тұрғандай. Бала кезде дос болу да оңай, дос табу да оңай. Себебі бала көңілі аппақ қардай тап-таза болады. Сол кіршіксіз сезімнен таза достық, жақсы ниет, адал көмек туындап жатады. Біреудің жылағанын көріп, өзі де жылай салатын да сол бала көңілі емес пе?! Сол сияқты қолындағысын ойланбай бере салатын ақ көңіл жомарт пен дарқан жүректің иесі де – көбіне тәп-тәтті балдырғандар. Олардың тілін айтсаңызшы!.....
Эсселер
Толық
0 0