Эссе: Арманым көп ту қылып қойған алға мың

Мен Тәуелсіз Қазақстан азаматы болғанымды мақтан тұтамын.Тарихымызды парақтап қарасақ ата-бабаларымыздың тәуелсіздік жолында қар жамылып,мұз жастанып,ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен ұрпақ үшін,ел үшін еліміз бен жерімізді қан қырғын жаугешілік заманында қалай қорғағанына тәнті боламыз.Қаншама жылдар бойы тәуелсіздікті аңсап,арманда кеткен ата-бабаларымыз көре алмаған тәуелсіздік мына біздің еншімізге бұйырып отыр.Тәуелсіздік деген не?Біз, қәзіргі балалар,осы тәуелсіздіктің қәдірін қалай бағалаймыз?осы жайлы ойланып көрейікші.Тәуелсіздік өз-өзінен оңай келе салдыма?әрине олай емес!басқа мемлекеттермен салыстырып қарайықшы.Небір мемлекеттерде бір үзім нанға зар болып,оқу дегеннің не екенін білмейтін де балалар бар екенін ұмытпайық.Ал біз ше? Біздің еліміз-Тәуелсіз Қазақстан.Батыстан шығысқа қарай, сонау Каспийдің жағалауынан Алтайдың баурайына дейін созылып жатқан кең байтақ жерімізде емін-еркін, алаңсыз өмір сүріп жатырмыз.Қәзіргі ел басқарып отырған мемлекет қызметкерлері,бізге тәлім-тәрбие беріп,барлық жағдайымызды жасапотырған ата-аналарымыз,жаңа технологиялық құралдар арқылы саналы тәрбие мен сапалы білім беріп отырған аяулы ұстаздарымыз біздің болашағымыздан зор үміт күтіп отыр.

Олай болса,осындай Көк Байрағы биікте желбіреген еліміздің еңсесін түсірмей,барлық мемлекеттермен бәсекеге лайық болатын еліміздің ертеңі болу-біздің парызымыз.С.Торайғыров атамыз кезінде:»Алдыма толған мақсат,толған таңдау,Алайын анасын ба,мынасын ба?» деп толғағандай, менде болашағым жайлы көп ойланып, көп толғанып отырамын.Арманым көп ту қылып қойған алға мың. . .Кім болсақ та,қандай мамандық иесі болсақ та елімізге қызмет ету біздің қолымызда....
Эсселер
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Неліктен Батыс Рим империясы құлады (Дүниежүзі тарихы, 7 сынып, І тоқсан)

Пән: Дүниежүзі тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Рим империясының құлауы
Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Неліктен Батыс Рим империясы құлады
Оқу мақсаттары: «Ерте, орта, кейінгі орта ғасырлар» хронологиялық шегін білу және уақыт сызығында белгілеу
Рим империясының ыдырау себептерін анықтау және жіктеу
Сабақтың мақсаттары:Орта ғасырлар кезеңдерінің ерекшеліктерін сипаттайды;
Батыс Рим империясы ыдырауының себептерін анықтайды және топтастырады......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): 1300 жылдан 1500 жылға дейінгі кезең аралығында Еуропадағы мәдениет қалай және неліктен өзгерді? (Дүниежүзі тарихы, 7 сынып, IV тоқсан)

Пән: Дүниежүзі тарихы
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Қайта өркендеу
Сабақтың тақырыбы: 1300 жылдан 1500 жылға дейінгі кезең аралығында Еуропадағы мәдениет қалай және неліктен өзгерді?
Осы сабақта қол жеткізілуі тиісті оқытудың мақсаты (оқу бағдарламасына сілтеме жасау): 6.2.2.3 көне замандағы мәдениетпен (сурет өнері, мүсін) өзара байланысты белгілей отыра Қайта өркендеу дәуірінің мәдениетін сипаттау
6.2.3.2 гуманистік идеялардың ортағасырлық мәдениеттің дамуына ықпалын анықтау
Сабақтың мақсаты: Қайта өркендеу дәуірінің мәдениетін сипаттау......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Ферменттердің белсенділігіне әсер ететін факторлар (Биология, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Молекулалық биология
Сабақтың тықырыбы: Ферменттердің белсенділігіне әсер ететін факторлар
Осы сабақтың көмегімен қол жеткізілетін оқу мақсаттары: Әр түрлі факторлардың (температура, рН, субстрат концентрациясы, ингибитор) ферменттердің белсенділігіне әсерін зерттеу
Сабақтың мақсаттары: Білу:
• Ферменттер ерекшелігі және олардың қасиеттері
• Жалпы белгілері және ферменттердің шығу тегі бейорганикалық заттар катализаторларынан айырмашылығы
• Ферменттер әрекетінің механизмін
Түсіну:
• Тамақ өнеркәсібінде, медицинада және халық шаруашылығының басқа да салаларында ферменттердің маңызын
Қолдану:
• Фермент белсенділігіне әсер ететін факторларды анықтағанда
• Зерттеуді жоспарлауда
• Болжам тұжырымдауда
• Тәуелсіз және тәуелді айнымалыларды анықтағанда
• Деректерді жинауда және өңдеу жүргізуде
• Деректер бойынша қорытынды жасауда......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): XIX ғасырдың 40-60 жылдарындағы қазақтардың ортаазиялық хандықтармен қарым-қатынастары 4-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.3 АОтарлау және ұлт-азаттық күрес
Сабақ тақырыбы: XIX ғасырдың 40-60 жылдарындағы қазақтардың ортаазиялық хандықтармен қарым-қатынастары 4-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты: 7.3.1.6 – ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының рөліне баға беру
Сабақтың мақсаты: Жанқожа мен Есет батырдың Орта Азия хандықтары мен Ресей отаршылдығына қарсы азаттық күрестегі рөліне баға беру....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Шығарма: Қаншама жас боздақтар

Бiздiң жүрегiмiз темір емес. Бiрақ бiздiң кек отымыз қандай темірді болса да ерітіп күйдiрiп жібере алады. Бiздiң үрейдi жеңетiн ең күштi қаруымыз бар, ол–Отанға дегенсүйiспеншiлiк.
Бауыржан Момышұлы
Ұлы Отан соғысының тарихы көптеген жеке адамдардың өмірінен кұралады.Олар жанын құрбан етті,бірақ артқа шегінген жоқ,туған жерінің алдында борышы өлім туралы ойлардан,қорқыныш сезімдерінен алда тұрды.Біздің еркіндігіміз және бостандығымыз қандай бағамен бізге келгенің біз жақсы білеміз.Бұл батыл және қайсар адамдарының алдында біз әрқашан да парыздармыз . Осы жылы біз Ұлы Жеңістің 71-жылдығын тойлаймыз.Қазіргіұрпақтарымызға кеңес адамдардың иығына түскен барлық қиындықтарды елестету қиынға түседі.Жеңіске жетуінің қайнар қөзіхалқымыздың асқақ рухы мен туған жеріне деген ыстық махаббаты болып табылады. Жеңіске адамдардың терең патриоттық сезімдер арқасында жеттік деп есептеймін.Туған жерін жау қолына бермеу әрбір кеңес адамы түсінгені мәлім. Әр жылмен біз соғыс кезінен алыстап бара жатырмыз.Бірақ,адамдар соғыс кездегі жамандықты уақыт ешқашан өшіре алмайды.71 жыл арамызда қалды.Соғыс зардабын көрген адамдардың қатарлары азайып бара жатыр.Халықтың жадында сол кездегі қиындыққа төзеп алған бүкіл елдің ерлігі мәңгі сақталады.Адамдар Отан үшін,өз өмірлерін ойламай қиып берген. Ұлы Отан соғысы... Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн.....
Шығармалар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Мерекелерді тойлау мәдениеті мен спорттық ойындар (Дүниетану, 3 сынып, IV тоқсан)

Пән: Дүниетану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Демалыс мәдениеті. Мерекелер»
Сабақ тақырыбы: Мерекелерді тойлау мәдениеті мен спорттық ойындар
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 3.1.6.1 Зерттеу негізінде Қазақстанда тұратын халықтардың мерекелеріне шығармашыл көзқараспен қарау.
3.1.4.2 Спорт түрлерін топтау, спорт түрлерінің қайсысына өзінің қарым-қабілетінің жететінін анықтау.
Сабақ мақсаттары: Оқушылар
- Қазақстанда аталып өтілетін мерекелердегі спорттық ойындардың маңызын түсінеді.......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Жылулық қозғалыс. Броундық қозғалыс. Диффузия 1-сабақ (Физика, 8 сынып, I тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жылу құбылыстары
Сабақ тақырыбы: Жылулық қозғалыс.
Броундық қозғалыс.
Диффузия 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.3.1.1 Молекула-кинетикалық
теорияның негізгі қағидаларын
дәлелдейтін мысалдар келтіру және тәжірибені сипаттау.
Сабақ мақсаттары: Оқушылар білуі тиіс:
• Жылулық қозғалыстың физикалық мағынасын білу;
• Броундық қозғалысты сипаттау;
• Температураның диффузия жылдамдығына әсерін талдау........
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Шығарма: ҰОС жылдарында ерен еңбектің үлгісін көрсеткен ақтөбелік әйелдер

Совет әйелдері теңдесі жоқ табандылық пен еңбек қаҺармандығын көрсетті... Коммунистер дұшпанға қарсы күрестің ең қиын және шешуші учаскелерінде болды. Олар өз басының өнегесімен, жалынды партиялық сөзімен совет адамдарын жігерлендіріп, жеңіске бастады» /КПСС ОК-нің «Совет халқының 1941-1945 жылғы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 40 жылдығы қаулысынан/.
Ұлы Отан соғысының алғашқы күндерінен бастап Кеңес Одағындағы барша еңбекшілер сияқты ақтөбеліктер де еліміздің әскери және өндірістік қуатын молайту мен билеуші партия талаптарын орындауға жұмыла кірісе бастады. Қалалар, кішігірім елді мекендер мен кәсіпорындарда халықтық митингілер өткізіліп, көп ұзамай шаруашылықтағы маңызды нысандардың жұмысын соғыстық экономикаға бейімдеу жұмыстары қолға алынды. Неміс басқыншыларының батыстағы жойқын шабуылдарынан кейін Кеңес билігі өз үндеулерінде барлық тұрғындар үшін алдағы ауыр кезеңдердің тұрғандығын және оны жеңіп шығуда көпұлтты халықтың жұмылуы керектігін жеткізді. Республика экономикасын соғыс мүддесіне бағындыра қайта құру ісі Кеңес Одағының батыс өңірінен көшіріліп әкелінген кәсіпорындарды орналастыру жұмыстарымен қатар жүрді. Қысқа уақыт ішінде Қазақстан экономикалық жағынан маңызды әрі қуатты аудандардың қатарына жатқызылды...
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Ардагерлердің ерлігі көңілден кетпес

Ерлік сүйген еліңе салтың ұнар,
Жүздерінде жанған от жарқылы бар.
«Соғыс» деген салмағын жалғыз сөздің,
Бүгінгі ұрпақ өздерің арқылы ұғар.
М. Әміреұлы
Соғыс жаңғырығы жылдан - жылға алыстап барады. Ол туралы кинолардан, деректі фильмдерден көреміз. Әйтсе де өткенге көз жүгіртпей, болашаққа бағдар жасау мүмкін емес. ХХ ғасырдың орта кезінде болған алапат соғыс -Екінші дүниежүзілік соғыс болса, соның бір бөлшегі Кеңес Одағының тарихындағы Ұлы Отан соғысы болды. Бұл соғыс кезінде әрбір бесінші қазақстандық майданға аттанып, Отан- Анасын қорғауға атсалысты. Қаншама қазақстандықтар ұрыс даласында мерт болды. Жеңіс бізге миллиондаған адамдардың төгілген қанымен келді. Соғыс салған қасірет әрбір жанұяның тарихында із қалдырып кетті. Ұлы Отан соғысы тарихы туралы қаншама шығарма жазылып, қаншама кино түсіріліп жатса да, оның тарихына еш уақытта нүкте қою мүмкін емес.
Үстімде сұр шинелім,
Ақсаңдай басып келемін,
Ұмытса да достарым,
Ұмытар ма мені елім, – деп ақын ата Қасым Аманжолов жырлағандай, елі үшін қасық қаны қалғанша арпалысқан ер мінезді ерлердің ерлігін халқымыз ұмытпақ емес, ұмытпайды да. .......
Шығармалар
Толық
0 0