Сабақ жоспары (ұмж): Крест жорықтары христиандық Еуропа мен мұсылман әлемін қалай өзгертті? 2-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 6 сынып, ІІ тоқсан)

Пән: Дүниежүзі тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Крест жорықтары
Сабақ тақырыбы: Крест жорықтары христиандық Еуропа мен мұсылман әлемін қалай өзгертті? 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.3.2.6 – картада оқиғаларды даму динамикасында белгілей отырып, 1-4 жорықтар мысалында крест жорықтарының себеп-салдарларын анықтау
6.2.2.1 – тарихи оқиғалардың өзара байланысын орнату арқылы діндерің әлемдік мәдениетке ықпалын анықтау;
Сабақ мақсаттары: Шығыс және Батыс елдеріне арналған крест жорықтарының салдарын зерттеу......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Құндылықтар өзгеруі қоғам дамуына қалай әсер етеді? (Дүниежүзі тарихы, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Дүниежүзі тарихы
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: 10D.3.3. Жаһандану жағдайында рухани-адамгершілік құндылықтарды трансформациялау мәселесі
Сабақ тақырыбы: Құндылықтар өзгеруі қоғам дамуына қалай әсер етеді?
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу жоспарына сілтеме): • 10.4.3.4 қоғамның орнықты дамуы үшін қазіргі заманғы әлемдегі жалпы адамгершілік құндылықтардың маңыздылығын түсіндіру
• 10.4.3.5 жаһанданудың ұлттық мәдениет дамуына ықпалын талдайды
• 10.4.3.6 адамның рухани-адамгершілік дамуының мүмкін болатын жолдарын болжау, болашақ адамның моральдық түрін анықтау
Сабақтың мақсаттары мен міндеттері: Қоғамның тұрақты дамуы үшін заманауи әлемдегі жалпы адамгершілік құндылықтардың рөлін түсіну.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Шыныныӊ сыну көрсеткішін анықтау. Толық ішкі шағылу 2-сабақ (Физика, 8 сынып, IV тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жарық құбылыстары
Сабақтың тақырыбы: Шыныныӊ сыну көрсеткішін анықтау. Толық ішкі шағылу 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.5.1.8 – тәжирибеге сүйене отырып толық ішкі шағылу құбылысын түсіндіру
Сабақтың мақсаты: Оқушылар білуі керек:
- n=sinα/sinβ есептеуді ;
- тәжірибеде шыныныӊ сыну көрсеткішін анықтауды;
- толық ішкі шағылу құбылысыныӊ жүзеге келу шартын;
- толық ішкі шағылудыӊ шекті бұрышын есептеуді......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Дұрыс көпбұрыштар салу 1-сабақ (Геометрия, 9 сынып, IV тоқсан)

Пән: Геометрия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:[/b] Дұрыс көпбұрыштар мен шеңбер
[b]Сабақ тақырыбы:
Дұрыс көпбұрыштар салу 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 9.1.2.3 дұрыс көпбұрышты салады.
Сабақ мақсаттары: - Дұрыс көпбұрыштың анықтамасын біледі;
- Дұрыс көпбұрышты салады;.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Неліктен біз денелерді көре аламыз? (Жаратылыстану, 4 сынып, IV тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Табиғат физикасы. Жарық, дыбыс, электрлік, магниттілік.
Сабақтың тақырыбы: Неліктен біз денелерді көре аламыз?
Оқу мақсаты: жарықтың шағылуы, жұтылуы сияқты қасиеттерін зерттеу және түсіндіру;
зерттеу әдісін (бақылау мен эксперимент) таңдау себебін оның артықшылығы мен кемшілігіне байланысты негіздеу;
Сабақтың мақсаты: Барлық оқушы: жарықтың түзу бойымен таралатынын біледі.
Оқушылардың көбі: айналық және кедір-бұдырлы беттерге мысалдар келтіре алады.
Оқушылардың кейбірі: тұрмыста, техникада немесе әр түрі мамандық иелері жарықтың шағылу заңын қалай қолданылатындығына мысалдар келтіреді.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): №2 практикалық жұмыс «Бейорганикалық қосылыстар құрамынының сапалық талдауы» 1-сабақ (Химия, 9 сынып, I тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Бейорганикалық талдау
Сабақтың тақырыбы: №2 практикалық жұмыс «Бейорганикалық қосылыстар құрамынының сапалық талдауы» 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 9.4.1.11 -белгісіз заттардағы катион және аниондарды анықтау тәжірибесінің жоспарын құру және оны практикада жүзеге асыру
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың сапалық талдау бойынша негізгі дағдыларын қалыптастыру: сапалық реактивті тандау, сапалық белгіні бақылау, катиондар мен аниондарды сапалық реакциялар арқылы анықтау, реакция тендеулерін молекулалық және иондық түрде жазу.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс 3-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.2В Отарлау және ұлт-азаттық күрес
Сабақ тақырыбы: Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс 3-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты: 7.3.1.5 – халықтың отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күресінің себеп-салдарын анықтау
7.3.1.6 – ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының рөліне баға беру
Сабақтың мақсаты: Отаршылдыққа қарсы азаттық күрестің себеп-салдарын анықтап, көтерілістің маңызын талдайды. Исатай мен Махамбеттің ұлт-азаттық күрестегі рөліне баға береді.
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Шығарма: Тәуелсіздік – халықтың бақ жұлдызы

Талай-талай қас батырлар жанын қиып, қорғап қалған, талай арулар махаббат құрбаны болған, талай өзегі өртенген өкінішті жандар мен қуаныштан жүрегі жарыла шаттанған пенделердің куәгері болған қасиетті Отанымыз – Қазақстан! Қазақстан – тәуелсіз ел. Сол тәуелсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңізші?! Еліміздің басынан азап та, аштық та, сұм соғыс та өтті. Әсіресе, ХХ ғасыр қазақ халқы үшін ауыр тиіп, қайғыға толы кезеңімен есте қалды. «Өткенімізді ұмытсақ, болашақ бізді кешірмейді» деген ұлы даналық сөз бар емес пе? Осы даналықтың әрдайым жадымызда сақталғанын қалаймын. Тәуелсіздік – ұлттық тілдің, дәстүрдің, салт-сананың мызғымас тірегі, күші, алтын діңгегі, халықтың бақ жұлдызы.
Тәуелсіздік – арман! Жер бетінде қанша ұлт болса, сонша арман бар. Сол арманға біздің қазақ халқы жетті. 1991 жыл – еліміздің тәуелсіз Қазақстан деген атпен бүкіл әлемге алғаш қадам басқан жылы. Сол сәттен бері, міне, 25 жыл да өте шықты. Қазіргі Қазақстан әлем сахнасында мақтанарлықтай беделге ие. Жас мемлекетіміз осындай аз ғана уақыттың ішінде көптеген ірі экономикалық, саяси және әлеуметтік жетістіктерге қол жеткізді. Қазіргі таңда Қазақстан жас мемлекет бола тұра, көптеген елдермен деңгейлес. Еліміздің аяғынан нық тұруы, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және экономикамыздың жедел қарқынмен дамуы – қазіргі таңда негізгі стратегиялық бағыттар. Бүгінгі Қазақстан – тек өзі орналасқан аймақта ғана емес, бүкіләлемдік мәселелерді талқылауда және шешуде ықпалды рөл атқаратын Азия барысы. Қазақстан үшін, қазақ халқы үшін тәуелсіздік аспаннан түскен сый емес. Халқымыз бостандықты аңсап, Тәуелсіздікке зарығып жетті. Тәуелсіздік деген ұлы жеңіске қол жеткізуде әлі де жаңғырып тұрған кешегі Желтоқсанның да септігі аз болған жоқ – студент жастардың көшеге шығып, оқ пен оттың астында өктем биліктен шектен шықпауды сұрауы және егемендік үшін зардап шегуге дайын екендігін көрсете білуі барша халыққа сенім мен жігер берген болатын. Қазіргі таңда Тәуелсіздік – барлығымыз үшін ерекше қасиетті күн. Мемлекетіміздің тәуелсіздігі – ең алдымен, халқымыздың бақыты. Алғашқы жылдарда басым мақсаттардың қатарында егемендікті нығайту, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, экономикадағы қиыншылықтарға жауап беру болған еді......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Тілі мықтының – елі мықты

Тілі мықтының – елі мықты. Тіл - аса қадірлі ұстайтын байлығымыз. Л.Н.Толстой 2012 жылы Тәуелсіздік күні қарсанында Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан -2050 стратегиясы- қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына жолдаған жолдау арнады. Жолдауда қазақ тіліне айрықша көңіл бөлінді. Тіл – қай ұлтта, қай елде болсада қастерлі, құдыретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Адамдар арасындағы қатынас құралы, өйткені адамдар қоғамдық өмірде бір-бірімен тіл арқылы сөйлеседі, пікір алмасады, ойын жеткізеді. Тіл арқылы даналар сөзін оқып білеміз, одан ғибрат аламыз. “Өнер алды – қызыл тіл” деген осыдан шыққан болар. Тіл халықпен бірге жасайды, дамиды, өркендейді. Оның бітпесті бітіретін, жетпесті жеткізетін, үзілгенді жалғайтын құдіреті, мүмкіндігі бар. Бір ауыз сөз опық жегізіп, өмір бойы өзегіңді өртесе, бір ауыз орынды айтылған сөз жадында жатталып, бақытқа жеткізеді. Сонымен қатар тіл - әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол – атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра, өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем, асыл ойдың бұлағы, еліміздің іргетасы, тәуелсіздік тұғыры, ұлттың қуаты, ұлттың жан дүниесі. Расында қазақ халқының басында талай қиын нәубет, зұлматтың, қайғылы күндердің болғаны тарихтан белгілі. Сондай ауыр сәттерде, сын сағаттарда атамекен қонысын тастап босқан халықтың өзімен бірге алып жүрген байлығы – ана сүтімен санасына дарыған ана тілі ғана. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануына қарсы тұруы тиіс. Ата-бабамыздан қалған асыл қазына – тілімізді сақтаудың тиімді жолы – отбасында ана тілінде сөйлеп, айналадағы дүние туралы сол тілде айтып, сол тілде қуаныш ренішіңді бөлісіп, өзіңді, өзгені жұбату болып табылады. Бұл - ана тілінің қадір-қасиетін арттыра түсері даусыз. ......
Шығармалар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Ежелгі грек философтары (Сократ, Аристотель, Платон) мінсіз қоғамды қалай елестетті? 2-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 5 сынып, ІІІ тоқсан)

Пән: Дүниежүзі тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ежелгі Грекия мәдениеті
Сабақтың тақырыбы: Ежелгі грек философтары (Сократ, Аристотель, Платон) мінсіз қоғамды қалай елестетті? 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 5.2.3.1 ежелгі грек философтарының көзқарастары туралы қарапайым түсінік беру
Сабақ мақсаттары: ежелгі грек философтарының көзқарастары туралы қарапайым түсінік беру;
олардың дүниежүзілік мәдениет пен ғылымға қосқан үлесінің маңыздылығын анықтау;
мінсіз қоғамның не екенін түсіндіру;......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0