Реферат: Өндiрiс шоты

Өндiрiс шоты өндiрiстiк процестердi қамтиды және екi бөлiктен тұрады:
1) Ресурстар бөлiгi;
2) Ресурстарды пайдалану бөлiгi.
Шоттың ресурстар бөлiгiнде өндiрiлген өнiмнiң құны өнiмге және импортқа салынатын салықтар көрсетiледi. Ал пайдалану бөлiгiнде өнiм өндiруге жұмсалған шығындар, өндiрiстiк емес сферадағы тұтыну шығындары, яғни аралық тұтыну шығындары болады. Аралық тұтынудың нәтижесiнде (шикiзатты, материалды, отынды, т.б. тұтыну) өндiрiлген өнiмнiң құны азаяды. Жалпы шығарылған өнiм құнынан аралық тұтыну шығындарын шегергенде қалған қалдық жаңадан қосылған құнды анықтайды. Аралық тұтыну шығындарының құрамында негiзгi капиталды тұтыну болмағандықтан, жаңадан қосылған құн шартты таза өнiм болып саналады және өндiрiс шотының балансы статьясы болады. Халықаралық экономикалық теорияда және статистикалық пратикада бұл көрсеткiштi жалпы iшкi өнiм деп атайды. ҰЕЖ-нiң концепциясы бойынша өндiрiстiк iс әрекет кәсiпорындардың, ұйымдардың және жеке тұлғалардың материалдық өндiрiс сферасындағы,сол сияқты материалдық емес қызметтер сферасындағы әрекеттерiн қамтығандықтан, жалпы шығарған өнiм, жалпы iшкi өнiм, т.б. көрсеткiштер ХШБ-дегi оларға ұқсас көрсеткiштерден өзгеше болады. Өндiрiс шоты экономика салалары, секторлары және тұтас экономика үшiн құрылады. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Негізгі қызметтен түсетін табыс неден қалыптасады және қайда жұмсалады

Табыс – деп кәсіпорындар, фирмалар мен басқа да ұйымдар жұмысының аса маңызды экономикалық көрсеткіші, табыс олардың қызметінің барлық түрлерінен түскен қаржы тәсімдерін көрсетеді.
Негізгі қызметтен түсетін табыстар – есептелінген қосымша құн слығын, акциздерді және осыған ұқсас салықтар сомасын, міндетті төлемдерді, сондай-ақ қайтарылған дайын өнімдер, тауарлар, сату және баға жеңілдігін кеміту сомаларын шегергеннен кейінгі дайын өнімдерді (тауарлар, жұмыстар, қызметтер) сатып алушыларға сатқаннан түскен табыстар сомасынан құралады.
Негізгі қызметке жатпайтын қызметтен түсетін табыстар – айналым сыртындағы активтерді басқаларға сатудан, биржа айналысына түскенқұнды қағаздарды қайта бағалаудан т.б. құралады.
Табыс көлемі, сонымен қатар, жасалынған келісім шартқа сай ұйымның қойған бағаны кеміту, бағаны қосу, сомаларын есептеу арқылы, содай-аұ шетелдік валюта (шартты ақша бірлігі) сомасына эквивалентті теңгемен есеп айырысудағы срмалық айырымның (көбеюі, не азаюын) қосымша немесе үстеме қосып есептеу арқылы да анықталады.
«Жалпы табыс» бабы түскен нетто- түсім және өзіндік құны сомасының айырымын есептеп шығару көрсеткіші болып табылады.
Ұлттық есеп жүйесінде табыс жиынтығының көрсеткіші ретінде ЖҰӨ қолданылады. ЖҰӨ кейбір құрауыштар арқылы ерекшеленетін басқа да табыс көрсеткіштері қолданылады. Практика жүзінде табыс көрсеткіштерінің айырмашылығы шамалы, себебі олардың қозғалысы бірдей. (Әр түрлі табыс көрсетаіштерінің байланысты нақты білу үшін кезекпен ЖҰӨ-ден әр түрлі құрауыштарды игере отырып қарастырамыз). Ұлттық есеп жүйесінде капиталдың негізгі тозу құны амртизациялық шығын деп аталады. Капиталдың негізгі тозу құны бұл өндіріске кеткен шығындар, сонда ЖҰӨ -ң осы құннан айырмасы экономикалық қызметтің таза нәтижесінсипаттайды. Осы себептен, көптеген экономиканың айтынша таза ұлттық өнім көрсеткіші ЖҰӨ -ге қарағанда экономикалық жағдайын жақсы сипаттайды. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): 1836-1838 жж. Бөкей Ордасындағы қазақтардың көтерілісі 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.2В Отарлау және ұлт-азаттық күрес
Сабақ тақырыбы: 1836-1838 жж. Бөкей Ордасындағы қазақтардың көтерілісі 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты:
7.3.1.5 – халықтың отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күресінің себеп-салдарын анықтау;
7.3.1.6 – ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының рөліне баға беру
Сабақтың мақсаты: Отаршылдыққа қарсы азаттық күрестің себеп-салдарын анықтап, көтерілістің маңызын талдайды. Исатай мен Махамбеттің ұлт-азаттық күрестегі рөліне баға береді.
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Шығарма: Қаз тұрып қадам басқан Қазақстан!

Ертеден ата-бабамыз тәуелсіздікті аңсап, елін, жерін жат-жұрттыққа бергізбей, ұлан-байтақ жерімізді қасықтай қандарымен қорғап, келешек ұрпақтарына аманатпен жеткізген.Тарихқа терең үңіле отырып, мен өз қазағымның батырлығына риза боламын. Қазақстан — тарихы тереңге кеткен ел. Менің көшпенді жұртым ғасырлар бойы қандай қиыншылық көрсе де, бостандық пен тәуелсіздікті аңсап өткен. Бір жағынан анталап қоршаған, аюдай ақырған көрші, мықты мемлекет — Ресей, екінші жағынан жанкешті айдаһарлы — Қытай. Менің көп қиындықты басынан кешірген елім қатыгез Шыңғысханның талай жаугершілігін де басынан өткерсе де еш мойымаған. Аптап соққан ыстық желмен алысып жүріп , салқын самал соққан таулы бөктерлерде рахаттана өмір сүрген көпке белгісіз халық ол — менің ХАЛҚЫМ!Қазақ елі алғаш рет бостандық дәмін Жәнібек пен Керей ханның тұсында тапты. Есін енді жия бастаған кезде ел басына қара бұлт тағы төнді. Ол «Ақтабан шұбырынды» еді. Тәуелсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңші?!
Еліміздің басынан азап та, аштық та, сұм соғыс та өтті. Әсіресе ХХ ғасыр қазақ үшін қайғыға толған кезең болды. Менің әке-шешемнің айтуы бойынша, Кеңес Одағы тарағаннан кейін ел ішінде көп қиыншылықтар болды. Халық тұтынатын тауарлар мен азық түлік күрт азайды, зауыттар мен фабрикалар жабылып, электр жарығын өшіріп, еңбекақы уақытында берілмеді. Әркім өз қарекетімен күн көрді. Басқа елге көшкендер көп болды. Ал 1986 жылғы Желтоқсанның қанды оқиғасы туған жер төсінде төгілген қазақ қанының ең соңғысы болсын деп тілейміз. Сол төңкерістен бес жыл өткен соң қазақ үшін аңсаған күн де келіп жетті. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы өз Тәуелсіздігін салтанатты түрде жария етті. Елбасы:«Біз тәуелсіздікке аңсап, зарығып жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін қастерлеуіміз керек. Әрбір азамат Қазақстанның Туын, Елтаңбасын, Әнұранын тұмардай қасиет тұтуы қажет. Бұл баршамыздың туған ел алдындағы перзенттік борышымыз», деген халыққа жолдаған үндеуінде үлкен мағына жатыр. Тәуелсіз ел, дербес мемлекет болып XXI ғасыр табалдырығын сенімді аттадық. Халық өз қалауымен президентін сайлап, Ата Заңымыз бен мемлекеттік рәміздерімізді қабылдадық. Ана тіліміз — қазақ тілі мемлекеттік тіл болып жарияланды. Қазақстанның астанасы — Астана қаласы болды.....
Шығармалар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Фотоэффект құбылысы 2-сабақ (Физика, 9 сынып, IV тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Атом құрылысы. Атомдық құбылыстар
Сабақ тақырыбы: Фотоэффект құбылысы 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 9.6.1.3 фотоэффект құбылысын сипаттау және фотоэффект құбылысының техникада пайдаланылуына мысалдар келтіру;
Сабақ мақсаттары: Оқушылар біледі:
-фотоэффект электромагниттік сәулеленудің корпускуларлық сипатын дәлелдейтіндігін түсінеді;
-фотоэффектінің қызыл шекарасы деген ұғымды түсіну.
-фотон энергиясы, электронның шығу жұмысы арқылы фотоэффекті құбылысын түсінеді;
-hf = Aшығ+ mv2ma x/2 формуласын біледі, түсіне алады және пайдаланады;
-фотоэффект құбылысының техникада қолданылуына мысалдар келтіре алады......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Кездейсоқ шама 2-сабақ (Алгебра, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Кездейсоқ шамалар және оның сандық сипаттамалары
Сабақ тақырыбы: Кездейсоқ шама 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.2.1.1 - кездейсоқ оқиға ұғымын, кездейсоқ оқиға түрлерін білу және оларға мысалдар келтіру;
10.2.1.2 - ықтималдықтар қасиеттерін қолданып, кездейсоқ оқиғалардың ықтималдығын есептеу.
Сабақ мақсаттары: Кездейсоқ шамалардың түрлерін ажырата алады
Үлестірім кестесін құрады және үлестірім функциясының графигін салады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Еңбек шарты қандай құқықтар мен міндеттерді туындатады? 1-сабақ (Құқық негіздері, 9 сынып, IV тоқсан)

Пән: Құқық негіздері
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 9.4.4 Еңбек шарты
Сабақтың тақырыбы: Еңбек шарты қандай құқықтар мен міндеттерді туындатады? 1-сабақ
Оқу мақсаты: 9.4.4.1 құқықтық жағдаяттарды талдап еңбек шартының мазмұнын ашу
Сабақтың мақсаты: •Еңбек субъектілері, жұмыс уақыты, тынығу уақыты, жалақы ұғымдарын біледі.
• Жұмыс беруші мен жұмыскердің құқықтарын, міндеттерін жіктейді........
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Асқорыту жолының аурулары 1-сабақ (Биология, 8 сынып, I тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қоректену
Сабақтың тақырыбы: Асқорыту жолының аурулары 1-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: 8.1.2.4 асқорыту жолы ауруларының мен астан уланудың себептерін анықтау
Сабақтың мақсаты: Асқорыту мүшелерінің ауруларының:
-себептерін
- алдын алу жолдарын білу....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Көкжиекке бұрыш жасай қозғалған дененің қозғалысын зерттеу (Физика, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Гравитациялық өріс
Сабақ тақырыбы: Көкжиекке бұрыш жасай қозғалған дененің қозғалысын зерттеу
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): Көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің қозғалысын модельдеу: Оқушылар Жер бетіне жақын жерлерде вертикаль үдеу тұрақты болатынын және ауаның кедергісіз горизонталь үдеу де тұрақты болатындығын білулері қажет.
Сабақ мақсаттары: Көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің қозғалысын сипаттау.
• Қозғалыстың тәуелсіздігін ажырата алу.
• Уақыттың тәуелсіз шама екендігін сипаттау.
• Тәжірибе жүзінде орын ауыстырудың орын анықтай алуы..........
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 1

Сабақ жоспары (ұмж): Өсімдікке жарық қалай әсер етеді? 2-сабақ (Жаратылыстану, 3 сынып, I тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жанды табиғат. Өсімдіктер
Сабақтың тақырыбы: Өсімдікке жарық қалай әсер етеді? 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 3.2.1.2 өсімдіктердің қоршаған орта жағдайларына (жылу, жарық, ылғал) бейімделу жолдарын түсіндіру;
3.1.2.2 ақпарат көздерінің артықшылығы мен кемшілігін анықтау;
Сабақтың мақсаты: Оқушылар:
өсімдікке жарықтың әсері жайлы ақпарат алады;
қоршаған орта жағдайына бейімделуіне байланысты өсімдік құрылысындағы ерекшеліктерімен танысады.
Барлық оқушылар: өсімдіктердің қоршаған ортаға бейімделетінін біледі;
Оқушылардың көбі: жарықсүйгіш және көлеңкесүйгіш өсімдіктерді ажыратады;
Оқушылардың кейбірі: өз жерінде өсетін өсімдіктер жайлы біледі.......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0