Шығарма: Тарихта мәңгі қалатын күн

Ұлы Отан соғысы... Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн. Ұлы Отан соғысының басталғанына міне, 75 жыл. Осыдан 75 жыл бұрын, 22 маусым күні таң қылаң бере фашистік Германия Кеңестік Социалистік Республикалар Одағына шабуыл жасады. Соғысты бірінші болып қарсы алғандардың қатарында Кеңес Одағының батыс шебін күзеткен ондаған мың қазақстандықшекарашылар болды. Соғыс кенеттен басталғанымен, бүкіл Кеңес Одағы алғашқы күннен бастап жұдырықтай жұмылды. Республиканың түкпіртүкпірінен әскери қатарға еріктілер ағылды. Кеше ғана мектеп партасында отырған бозбалалар мен бойжеткендер де, қала мен ауыл тұрғындары да соғысқа сұранды. Қазақстан армия мен флот үшін офицерлік кадрлар және резервтік күштер дайындауға да лайықты үлес қосты. 1941-1945 жылдары әскери оқу орындарына 42 мыңнан астам жас қазақстандық жолданды, ал Қазақстанның аумағында сол жылдары жұмыс істеген 27 әскери оқу орны 16 мыңдай офицер дайындап шығарған.
Біздің жерлестеріміз майдан даласында ерлікпен шайқасқан. Жауынгерлік ерліктері үшін жүздеген мың қазақстандық медаль-ордендермен марапатталса, 500-дей адам Кеңес Одағының Батыры, 100-ден астам адам - Даңқ орденінің толық иегері атанған. Төрт қазақстандық екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атанды, олар - Талғат Бигелдинов, Сергей Луганский, Иван Павлов және Леонид Беда. Кеңес Одағы Батырларының қатарында қазақтың екі қызы - мерген Әлия Молдағұлова мен пулеметші Мәншүк Мәметова бар. Рейхстагқа Жеңіс туын тіккендердің бірі - қазақ жігіті Рахымжан Қошқарбаев. Жаудың тылында партизандардың қатарында да қазақстандықтар шайқасқан. Солардың бірі - Қасым Қайсенов. Ал танымал қолбасшы, әскери жазушы Бауыржан Момышұлын, 28 панфиловшылардың ерлігін білмейтін қазақ жоқ шығар. Соғыстың тек майдан даласында ғана емес, тылда жүргені мәлім.......
Шығармалар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): 1836-1838 жж. Бөкей Ордасындағы қазақтардың көтерілісі 2-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.2В Отарлау және ұлт-азаттық күрес
Сабақ тақырыбы: 1836-1838 жж. Бөкей Ордасындағы қазақтардың көтерілісі 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 7.3.1.6 – ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының рөліне баға беру
Сабақ мақсаттары: 1836-38жж болған ұлт-азаттық көтеріліс барысындағы тұлғалардың тарихтағы орнын талдайды.
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Эссе: Туған жер

Бар қазақтың қан тамыры ауылда,

Сол ауылдан шықты ақын, ғалым да.

Сол ауылды көркейтуді мақсат қып,

Елбасы да жарлық етті қауымға.

Туған жер - адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенімен, болашағымен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап - ақ әрбір жеке тұлға адамда Отанға деген махаббат сезімі оянады. Менің отаным кішкене болса да, мен үшін аса қымбат жер Хромтау ауданы, Бөгетсай ауылынан бастау алады. Дәл осы жерде менің көңілді де, шаттықты, уайымсыз балалық шағым өтті. Туған жердің қадірін ұясынан ұзаққа кеткен адам ғана түсінеді. Туған жердің топырағы, суы мен ауасы, түтіні де қымбат. Оның тауы мен тасынан да, өзен көлінен де, тіпті құмы мен шөлінен де әсем әуен естуге болады.......
Эсселер
Толық
0 0

Шығарма: Тәуелсіздік – нұрлы тағдыр, елдігім

Халқымның сан ғасырлық ғұмыры да,
Уақыттың жұқ болмапты жұмырына.
Армысың, Азаттығым, қыран қанат,
Қалықтап қайта қонған тұғырына.
Кең ашып берекеңе есігіңді,
Түзетіп, тербете біл бесігіңді.
Сан ғасыр бұршақ салып мойыныңа
Құдайдан күтіп едің осы күнді.
Несіпбек Айтұлы
Еліміз егемендігін алып, еңсемізді көтеріп, Тәуелсіздік тойын тойлап келе жатқанымызға да 25 жыл болыпты. Осы 25 жыл ішінде біз толағай табыстарға жеттік, қазақ елін әлем таныды: Қазақстан бүкіләлемдік деңгейдегі дамыған елдердің қатарында көрініп келеді. Біз тәуелсіздік тұғырын бекіте түстік, жарқын болашаққа сеніммен қарайтын заманға қадам бастық. Осындай жарқын заманға жету бізге оңай болған жоқ.Зарықтырып жеткен Тәуелсіздік жолының соншама шырғалаң, сондай бұралаң әрі соншама ұзақ болғанын жұрт жақсы біледі. Елдің басына не келіп, не кетпеді дейсің! Опық жесек, қорлық көрсек, аңқаулығымыздан, жікшілдігімізден көрген елміз. Оның айқын мысалын VIII ғасырдағы Күлтегін ескерткіштерінен оқимыз:
«Ей, түрктің бектері, халқы! Сендер таққа кіріптарсыңдар, алауызсыңдар. Әкелі-баланың ымырасыздығынан, ағалы-інілінің дауласқандығынан, бекті- халқының жауласқандығынан, дұшпаныңның сөзіне алданғандығыңнан, қағаныңнан, қағандығыңнан, елдігіңнен, төріңнен айырылдың. Жер-жерге босып сандалдың. Біресе ілгері шаптың, біресе кері шаптың, сонда не таптың? Бек ұлдарың құл болды, пәк қыздарың күң болды. Түрк бектері, халқы өкін!» Сай-сүйегіңді сырқырататын осы сөздерді бабаларымыз мәңгі өшпестей етіп жүрегінің қанымен, көзінің жасымен осылай тасқа қашап жазып кеткен. Ел тағдыры, ер тағдыры сынға түсіп тұрған шақта мұны ұмытуға болмайды. Ұлтарақтай жер үшін ұлы бабаларымыздың қаны төгілді. Қаншама арыстарымыз тар қапаста көз жұмып, құны сұраусыз кетті. Жігеріміз құм болып, жұртымыз құл болды. .....
Шығармалар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Проблеманы анықтау және талдау 2-сабақ (Информатика, 9 сынып, IV тоқсан)

Пән: Информатика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Үдерістерді электрондық кестелерінде моделдеу
Сабақ тақырыбы: Проблеманы анықтау және талдау 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 9.3.1.1 – Процесс моделдерін (физикалық, биологиялық экономикалық) электрондық кестеде әзірлеу және зерттеу
Сабақ мақсаты: Экономикалық үдерістерін электрондық кестелерінде зерттеу және әзірлеу...
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Судың құрамы, қасиеттері, қолданылуы (Химия, 8 сынып, IV тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Су
Сабақтың тақырыбы: Судың құрамы, қасиеттері, қолданылуы
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 8.4.2.6 -судың табиғатта кең таралғандығын, бірегей қасиеттерін және оның өмір үшін маңызын түсіндіру
8.4.2.7 -судың табиғаттағы айналымын түсіндіру
Сабақ мақсаттары:
судың құрамы мен құрылысын айқындайды;
судың бірегей қасиеттері мен оның өмір үшін маңызын байланыстырады;
судың табиғаттағы айналымын сипаттайды.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Қылмыстық процестің міндеттері мен қағидаттары 1-сабақ (Құқық негіздері, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Құқық негіздері
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Іс жүргізу құқығының негіздері
Сабақ тақырыбы: Қылмыстық процестің міндеттері мен қағидаттары 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.4.1.1 қылмыстық процестің негізгі міндеттері мен қағидаттарын түсіндіру
Сабақ мақсаттары: Қылмыстық процестің негізгі міндетін түсінеді;
Қылмыстық процесстің қағидаттарын талдайды.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Судың тіршілік үшін маңызы (Биология, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Молекулалық биология және биохимия
Сабақ тақырыбы: Судың тіршілік үшін маңызы
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): Жердегі тіршілік үшін судың іргелі маңызын түсіндіру
Сабақ мақсаттары: Оқушы біледі:судың биологиялық қызметін түсінеді.
Оқушы түсінеді: судың құрамындағы молекулалық байланысты біледі.
Оқушы жасай алады: су мен мұздың салыстырмалы тығыздығын және еріткіштік қасиетін талдайды және дұрысқ орытынды жасайды.......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Теңүдемелі қозғалыс кезіндегі кинематиканың негізгі ұғымдары мен теңдеулері (Физика, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Кинематика
Сабақ тақырыбы: Теңүдемелі қозғалыс кезіндегі кинематиканың негізгі ұғымдары мен теңдеулері
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): - y = kx+b түріндегі тәуелділіктерді талдай білу
- Суретте векторлық шамалардың – орын ауыстыру, жылдамдық, үдеу -бағытын көрсете білу
- Жылдамдықтың уақытқа тәуелділік графигінен үдеуді анықтау;
Сабақ мақсаттары: 10.1..1.1-кинематика теңдеулерін есептер шығаруда және қозғалыс графиктерін түсіндіруде қолдану........
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Қазақстанның Америкамен қарым-қатынасы

АҚШ-тың қазіргі өркендеп отырған жағдайы орасан мол табиғи байлықтарды игеруінің нәтижесі. Бүгінде АҚШ Батыс әлемінде тас көмір мен қоңыр көмір, сондай-ақ уран қоры жөнінен бірінші орын, газ, мыс, мырыш қоры жөнінен екінші, мұнай, темір рудасының қоры жөнінен алтыншы орын алады. Соның өзінде пайдаланылып жатқан көптеген кен орындары (әсіресе мұнай, газ, темір рудасы) сарқылған. Никель, марганец, хромит, кобаль және т.б. жетіспейді (не мүлдем жоқ).
Америка көптеген экономикалық көрсеткіштер бойынша дүние жүзінің жетекші державасы. Оның 50 штат пен федералдық Колумбия округінен (астана Вашингтонның аумағы) тұратын демократиялық республика екені белгілі. 48 штат шоғырлана орналасқан, екеуі негізгі аумақтан бөлек: Аляска (патша үкіметінен 1869 жылы сатып алынған) және Гавая аралдары. «Мұхиттың арғы жағына» орналасқандығы және Еуропа мен Азияда тұтанып тұрған соғыс ошақтарынан шалғайлығы бұрынғы уақытта бұл елдің қауіпсіздігіне сенімді кепіл болды, Атлантика, сондай-ақ Тынық мұхит аймағында орналасқан мемлекеттермен еркін сауда қарым-қатынастарын оңайлатты.
АҚШ-тың су ресурстары мол әрі сан алуан. Бірақ олардың көбі елдің шығысында. Мұнда АҚШ-тың басты өзен артериясы – тармақ салаларымен бірге шаруашылық маңызы зор (көлік, энергетика, жер суару тұрғысынан) – Миссисипи ағып өтеді. Осы өңірде, Канадамен шекарада әлемдегі ең зор көлдер жүйесі – Ұлы американ көлдері орналасқан.
Тұтас алғанда Құрама Штаттардың орасан зор аумағы (Кордильдер мен Аппалачтың биік таулы өңірін, сондай-ақ Аляска мен шөлдерді қоспағанда) адамның тіршілік және экономикалық қарекетіне қолайлы. Ал климат жағдайының әр алуан екені соншалық іс жүзінде қоңыржай белдеудің барлық өсімдіктерін, көптеген субтропиктік және тіпті тропиктік дақылдарды өсіруге мүмкіндік береді.....
Рефераттар
Толық
0 0