Сабақ жоспары (ұмж): Қытайлықтар мен еуропалықтардың теңіз саяхаттарының айырмашылығы неде? 3-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 6 сынып, ІІІ тоқсан)

Пән: Дүниежүзі тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Сауда, қолөнер және әлемді игеру
Сабақ тақырыбы: Қытайлықтар мен еуропалықтардың теңіз саяхаттарының айырмашылығы неде? 3-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.4.1.2 - ортағасырлардағы халықаралық сауда мен саяхаттардың рөлін түсіндіру;
6.2.4.3 - картада XV-XVI ғасырлардағы саяхатшылардың негізгі бағыт-бағдарларын белгілей отырып, Ұлы географиялық ашылулардың адамдардың әлем туралы түсінігіне ықпалын анықтау
Сабақ мақсаттары: Қытайлықтар мен еуропалықтардың теңіз саяхаттарының ұқсастықтары мен айырмашылығын анықтап, себептерін талдау.......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Графикалық файл форматтары 1-сабақ (Информатика, 7 сынып, I тоқсан)

Пән: Информатика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ақпаратты өлшеу және компьютерлік жады
Сабақтың тақырыбы: Графикалық файл форматтары 1-сабақ
Осы сабақ арқылы іске асатын оқыту мақсаттары: файлдарды сақтау кезінде олардың әр түрлі форматтарын қолдану
Сабақ мақсаты: Әр түрлі форматтағы графикалық файлдарды ұолдану
Графикалық файл форматтарының ерекшеліктерін білу .......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Энергетикалық деңгейлер 2-сабақ (Химия, 8 сынып, I тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Атомда электрондардың орналасуы
Сабақ тақырыбы: Энергетикалық деңгейлер 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 8.1.3.4 алғашқы 20 элементтің электрондық конфигурациясы мен электронды-графикалық формулаларын жаза білу.
Сабақтың мақсаты: - алғашқы 20 элементтің электрондық конфигурациясы мен электронды-графикалық формулаларын жазады.
- электрондық конфигурация негізінде элементтердің периодтық жүйедегі орнын сипаттайды......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Кері тригонометриялық функциялар, олардың қасиеттері мен графиктері 2-сабақ (Алгебра, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Кері тригонометриялық функциялар
Сабақ тақырыбы: Кері тригонометриялық функциялар, олардың қасиеттері мен графиктері 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 10.2.3.5 кері тригонометриялық функциялардың графиктерін салу;
Сабақ мақсаттары: кері тригонометриялық функциялардың графиктерін салу;.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Шығарма: Шын жеңіске жеткен елім

Ұлы Отан соғысы қазақ халқы үшін үлкен сынақ болды.Әйгілі қолбасшы, соғыс батыры Б.Момышұлы «Соғыс қазақ халқының тарихын күрт өзгерткен, бұрылыс әкелген, миллиондаған отандастарымыздың арасында өшпес із жазылмас жара қалдырды» деп өз ойын айтып еді Ұлы Отан соғысы халық өмірімен, тағдырымен тығыз байланысты.
Бұл оқиғаны біз жүрегімізден алып тастай алмаймыз.Отан қорғауға ерлер мен әйел-дердің құқығы тең болған еді. Сондықтан әйелдерде Отан үшін күресіп, жауға қарсы тұрды. Шығыстың екі батыр қызы М. Мәметова мен Ә. Молда- ғұлова осы соғыстың батыр құрбандары болды. Халықтың басына қиын қыстау кез туғанда М. Мәметова жане Ә. Молдағұлова сияқты біз көмектесуге, күресуге дайынбыз.1418 күнге дейін созылған Ұлы Отан соғысы Қазақстан тарихында өте күрделі кезеңдердің бірі. Соғыстың барлық ауыртпалығын қарапайым солдаттар мен офицерлер көтерді. Олар рейхстагқа Жеңіс туын тіккен болатын. Бөлімшенің жауынгерлері мен офицерлері қазақ халқының батырларын зор құрметпен жерледі.
Ата – бабаларымыз майданға жан аямай арпалысты. Олар біз үшін, біздің болашағымыз үшін, туған жеріміз үшін, туған тіліміз үшін жауға қарсылық білдіріп, үлкен ерліктер көрсетті.Біз енді осы ата – бабаларымыздың үмітін ақтауымыз керек. Себебі, болашақ біздің қолымызда..........
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Болмасыншы еш соғыс

«Соғыс» деген сөзді естігенде жүрекке қорқыныш ұялатады.Сұрапыл соғыс кімді жылатпады, бала әкесінен, ана баласынан айырған кез еді. Ұлы Отан соғысынан көптеген адамдар дүниеден өткен дегенді естігенде жүрекке оқ болып қадалады. «Мен соғысты жек көремін!» - деп, Қайрат Жұмағалиев жырлағандай соғыс ешбір жанға жақсылық әкелмегендігі хақ. Қаншама ер- азаматтар, әкелер, ағалар өз Отандарын қорғау мақсатында арттарына қарамай жұбайларының жанарына, жас сәбилердің жалтаңдаған көздеріне ерік берместен соғысқа аттанып кете барды. Олар Отан үшін артқа қарамай, тек алға қарай ұмытылды. Ұлы Отан соғысы күннен – күнге, айдан – айға, жылдан – жылға созылып өрши түсті. Сол уақыттарда қаншама қиын кезеңдерді бастан кешіргендіктеріне мойымай, қайта жаудың бетін қайтару үшін аянбай еңбек етті. Сұрапыл соғыста жүріп аштыққа да, суыққа да, қиыншылыққа да төзгендерін аталарымыздан естігенде, жаным түршігеді. Осы тұста ержүрек батырларымыздың ерен ерлігі мен қайтпас қайсарлығын аса мақтанышпен айта кетсем деймін. Кеңес Одағының батыры атағын алғандар: Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Төлеген Тоқтаров, Бауыржан Момышұлы сияқты апаларымыз бен ағаларымыздың ерліктерін бағалаймын.
Біздің ауылымыздан соғысқа қатысқан аталарымыз да болған екен. Атап кетер болсам; Жұманбаев Білал, Жексенбин Боранбай, Тілеубаев Баймұқат, Балажанов Сәтенбек тағы басқа да аталарымызды білемін.Сөйтіп 1945 жылы еліміз жеңіс туын желбіреткен екен. Соғысқа кеткен ер – азаматтардың ішінде аман – есен оралған адамдар да болған. Соғысқа қатысқан аталарымызға зор және ерекше құрмет көрсетіп, еске алып отыру біздің міндетіміз......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Астана және Президент

Шығарманың жоспары
1.Кіріспе: Елім, жерім - Қазақстаным, Ата Заңым – тірегім.
2.Негізгі бөлім:
а) Астана қаласының тарихы.
ә) Елорда және Елбасы.
б) Астана – Азияның ең солтүстігінде орналасқан елорда.
в) «Бәйтерек» кешені жаңа ел орданың - басты символы.
г) Астана - Еуразия кеңістігінің орталығы.
3.Қорытынды:
а) Елбасының - ізгі саясаты, арманы.
ә) Астана - бүгін өскелең қала.
Қазақстан Республикасының Конституциясы — Қазақстан мемлекетiнiң Ата (негiзгi) заңы. 1995 жылы 30 тамызда Республика референдум өткізу (бүкіл халықтық дауыс беру) жолымен қабылданды. Конституцияны қабылдай отырып, Қазақстан халқы мемлекеті билiктiң қайнар көзi — өзiнiң егемендiк құқығын баянды етті. Ата заң қабылданған күн демалыс — мемлекеттік мереке — ҚР Конституциясының күні деп жарияланды. Бұл жаңа Конституция Қазақстанның төртiншi Ата заңы (1937, 1978, 1993, 1995). Оның құрылымы кiрiспеден, 9 бөлімнен, 98 баптан, көптеген тармақтар мен тармақшалардан тұрады. Жаңа Конституцияның ең жоғары заңдық күші бар және ол ҚР-ның бүкіл аумағында тікелей қолданылады.
Бүгінде Қазақстанның негізгі ұлтын қазақ халқы құрайды. Одан кейін славян халықтарының өкілдері орыс және украин халықтары. Сонымен қатар ең елеулі этносты құрайтындар өзбек, немістер және татар халықтары. Осы біздің елдегі халықтар басын біріктіріп, олардың ұлттық тегіне қарамастан, теңдігін бекітетін құжат бар. Ол еліміздің Ата Заңы, Конституциямыз. 2а) Қазақстанның ең бірінші астанасы 1920 жылы Орынбор болған. 1925 жылы астана Қызылордаға көшті.Түрксібтің салынғанына байланысты астана Алматыға көшті. Заң түрінде бұл оқиға 1927 жылдың 3-ші сәуірінде болды, шындығында көшу 1929 жылы болған. Ақмоланың тарихы 1830 жылдан бастап, яғни Қарауыткөл алқабында Ақмола бекінісі салына бастаған кезден басталады. Ақмола – Есіл өзені жағасындағы Ақмола округінің Сібір қазақтарының негізгі қаласы болған. XIX ғасырда да Ақмола сол кездегі сауда – экономикалық орталығы болды. 1863 жылдың 16-шілдесінде Ақмола ашық түрде округтік қала болып саналды. 1868 жылдың қазанында “Орынбор және Батыс Сібір генерал губернаторлығының уақытша басқару жағдайына” байланысты Омбы орталығымен Ақмола облысын тудырды. .....
Шығармалар
Толық
0 0

Эссе: Ел тірегі-Елбасы

Біз тарихы терең,рухы мықты елдің ұрпағымыз. Осы елдің ұрпағын жоғалтпай,одан әрі өрбтіп,бүкіл әлемге танытып отырған жеке дара ақылшымыз,тірегіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев болашақтың бағдарламасы ретінде Қазақстан 2050 стратегиясын жарыққа шығарып ,2050 жылға дейін әлемдегі 50 дамыған мемлекет қатарына кіруіміз керек екенің мақсат етті. Ол дегеніміз бүкіл әлемді өзіне қаратқан,дамыған мемлекет ретінде өз мемлекетімізді тану. Біздің елбасымыз –ол көшбашымыз. Көшбасшы мықты ел-ешқашан құрдымға кетпейтіне кімге болса да мәлім.

Біздің еліміздің тірегі,көшбасшысы,жүрегі,елімізді әлемге танытқан дара тұлғамыз-біздің елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Ол біздің патша,патша деген атқа кез-келген адам ие бола алмас. Ол кісінің атқарған жұмыстары Қазақстан үшін ұлы мәртебе. Біздің ата-бабаларымыз қасық қаның төгіп,осы жерімізді бізге аманат етіп кеткен.Дәл бүгінгі күні біздің елімізді бүкіл әлем таниды десек қателеспейміз. Бұл кімнің арқасы? Әрине,елбасымыздың арқасы,оның дұрыс құра білген саясатының арқасы,оның елге деген сенімі, жерге деген махабатының арқасы. Ол кісінің біздің мемлекет үшін атқарған жұмыстары,елім деп соққан жүрегі,барлығы біздің болашағымыз үшін,яғни Қазақ елінің болашағы үшін жасалып жатқан дүниелер. Сонымен қатар рухани жаңғыру бағдарламасын құру мақсатында көптеген белестерге,елімізді рухани жағынан жаңғырту да сол кісінің алға қойған мақсаттарының бірі десек те қателеспейміз. .....
Эсселер
Толық
0 0

Шығарма: Ғабит Мүсірепов шығармаларындағы әйел бейнесі

Еліміздің ірі қоғам қайраткері, ХХ ғасыр қазақ әдебиетінің көрнекті өкілінің бірі – Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов. Жазушының шығармашылық жолы өте бай, туындылары әдебиет тектерін толық қамтыған. Қай туындысын алсақ та Ғ.Мүсіреповтің қаламгерлік ерекшелігін қыр-сырынан тани аламыз. Ол қазақ әдебиетінің барлық жанрын дамытуда аянбай еңбек еткен академик-классик жазушы. Ғабит Мүсірепов өзінің қоғамдық, публицистік, журналистік, сыншылдық қызметімен де туған халқының мәдениетінің дамуына зор еңбек сіңірді. Алайда қазақ халқы оны үлкен суреткер жазушы деп таниды, көркем сөздің хас шебері деп біледі, құрмет тұтады.

XX ғасырдың басындағы қазақ прозасында әйел теңсіздігі тақырыбы ерекше орын алғанын білеміз. Қазақ әдебиетіндегі ірі, орта эпикалық туындылардың алғашқыларының -«Бақытсыз Жамал», «Қалың мал», «Шұғаның белгісі» атауларынан-ақ олардың тақырыптық-идеялық сипатын айқын аңғарамыз.

Жалпы осы тақырыпта да қазақ әдебиетінің кемеңгері Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов ана бейнесін ашуда үлкен үлес қосты. Әйел-Ана тұлғасын сомдауда бүкіләлемдік аналар галереясын байыта түсті. Сонымен қатар сөз өнеріне де тақырыптық-идеялық сипатта зор үлес қосты. Жазушының әдеби-шығармашылық еңбегіне үлгі болған Пушкин, Лермонтов, Гоголь, Крылов, Чехов, Толстой, Салтыков-Щедрин сияқты орыс классиктері және батыс классиктері болды. Отызыншы жылдардың орта шенінде жазушыны М. Горькийдің ана тақырыбына жазған романтикалық әңгімелері қызықтырады. .....
Шығармалар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Феодалдық экономика қалай құрылған? (Дүниежүзі тарихы, 7 сынып, І тоқсан)

Пән: Дүниежүзі тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Рим империясының құлауы
Сабақтың тақырыбы: Феодалдық экономика қалай курылган?
Оқу мақсаттары: «Экономикалық жүйе» мағынасын біледі.
Экономикалық қатынас формасын түсіндіре отырып, феодалдық шаруашылық түрлерінің ерекшелігін сипаттайды.
Экономикалық міндеткерліктің формаларын түсіндіреді. Оброк, барщина, шіркеулікк десятина).......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0