Пән:Жаратылыстану Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ғалам. Жер. Адам. Сабақтың тақырыбы: Жер қабықтары және олардың құрамдас бөліктері 2-сабақ Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаты: 6.2.3.1 Жер қабықтарының өзара байланыс тәсілдерін түсіндіру Сабақ мақсаттары: Оқушылар: Жер қабықтарын (литосфера, атмосфера, гидросфера, биосфера) бір-бірінен ажыратады; Жер қабықтарының өзара байланысына мысалдар келтіреді; Жер қабықтарын тірек-сызабада графикалық түрде ұсынып, сипаттайды.....
Ортаңғы тап. Осы терминмен АҚШ-ты сипаттасақ жөн болар. Шынында да, көптеген ғалымдар таптық стратификацияның принциптері түгелдей дерлік жүзеге асқан мемлекетке мысал келтірсе, бірінші орында АҚШ-тың болуы айдай анық. Егер Еуропада XX ғасырдың басына қарай сословиелік бірлестіктердің қалдығы қалса, АҚШ-та таптық қоғамның пайда болуы жаңа парақтан басталған болатын. Өйткені бұл мемлекетті әр елден келген эмигранттар құраған болатын, олар өздерімен бірге ақшаны, үй заттарын, білім мен ғылымды, тіпті дәстүрін әкелсе де, стратификация жүйесін әкеле алмаған еді. Олар жаңадан пайда болды. Ортаңғы тап деп- жоғарғы және төменгі орын алатын қоғамдағы статустық позицияны айтамыз. Көп жағдайда, осы тап социалдық таптың ең көбін құрайды, қоғамдағы реттеуші және мамандандырылған жұмыс күшін береді. ....
Жас ұрпақтың туған елге, оның тарихы мен мәдениетіне, жастарды бүкіладамзаттық деңгейдегі тұлға етіп тәрбиелеу, ұлы адамдарға еліктеп өсуге жетелеу және әрбір жасты ғылым мен өнерге баулу, ар-ұяты мен намысы биік нағыз адам етіп өсіру деген мақсатта мен де тұлға болып тәрбиеленуші қазақтың қызының бірімін. Бұл шығармамда нақты тұлғаның туған ел тарихындағы үлесін айтқым келеді. Менің ауылым ертеректе балық шаруашылығымен айналысқан.Атам Рахметов Жұқалтай 1905 жылы Атырау облысы Исатай ауданы Манаш ауылында Қызылбалық ұжымшарында дүниеге келген.Әкесі Құрманғазиев Рахмет өмір бойы балық шаруашылығымен айнласқан. Еңбек жолын 1920-29 жылдары №4 жүзбелі балық зауытында жұмысшы болып бастаған. 1919-1923 жылдары бастауыш кластық білім алып, 1935 жылы Астрахань қаласындағы кооператив техникумында оқып, бухгалтерлік мамандық алады. 1929-33 жылдары есепші, 1936-40 жылдары бухгалтер қызметін атқарған.1940-41 жылдары Манаш балықшылар кооперативінің төрағасы, 1941-54 жылдары Забурын балықшылар кооперативінің төрағасы қызметінде болған.Соғыс жылдарында халықты азық-түлікпен қамтамасыз етудің маңызы өте зор болды. Осыған байланысты осы жердегі ұжымшардағы балықшыларды әскер қатарына алмаған. Забурын балықшылар кооперативі Новобогат (қазіргі Исатай), Теңіз (Құрманғазы) аудандарының тұрғын халқын азық-түлікпен қамтамасыз етуде көп еңбек сіңірген. Атам өзінің жеке шаруасындағы малын сатып, одан түскен қаржыны Отан қорғау қорына жұмсайды. Бұл турасында Жоғарғы Бас қолбасшы И.В.Сталиннің атына жолданған жеделхатында көрсетілген.....
Жеңіс туы, Желбіресін мәңгілік! Жеңіс жыры, Асқақтасын жаңғырып! Жеңісім – салтанат, сән, сәулет, Жеңісім – береке, бақ, дәулет! Дүниеге келдім. Бақытты балалық шағым өтті. Есейдім. Мектеп табалдырығын аттап, сапалы білім алып жатырмын.Ешқандай қиындықсыз, қарным тоқ, көйлегім көк, аспаным ашық, бейбіт өмір сүрудемін. Қоғамды танып, елімнің тарихын біліп, Отанымның салт-дәстүрін үйреніп жүрмін. Соғыс. Тарихта осы бір сөзді естігенде менде бір жеккөрушілік сезім оянады. Бұл соғыс талайдың өмірін қыршын қиған жауыз десем де болады. Өйткені, соғыс талай дүниені талқандап, бұзып, жер бетіндегі барды жоғалтып кетті. Ол туралы біз, өскелең ұрпақ, газет -журнал материалдарынан, радио мен телехабарлардан, ардагерлеріміздің әңгімелерініен естіп, кинолардан көріп біліп отырмыз. Аталарымыз бен аналарымыздың Отан үшін көрсеткен ерліктерінің арқасында біз бүгінгідей бақытты күнге жетіп , бейбіт өмірде өсіп жатырмыз. И. В. Сталин халыққа 1941 жылдың 3 шілдесінде радио арқылы үндеу жариялады. Оны бүкіл ел тыңдады.1941 жылғы 22 маусым - тарихта мәңгі қалатын қасіретті күн. Жетпіс бес жыл бұрын осы күні Ұлы Отан соғысы басталды.Аталған күні таңға қарайфашистік Германия Кеңес Одағына тұтқиылдан шабуыл жасапты.Ұлы Отан соғысы Екінші дүниежүзілік соғыстың құрамдас бөлігі болды. Екінші дүниежүзілік соғыс орасан зор кеңістікте жүргізілгенімен, соғыс қимылдары кеңес елінің аумағында өтті. Кеңес Одағы Ұлы Отан соғысына дайындықсыз кірісті. Алғашқы жылдары сәтсіздіктер көп болған. ......
Еліміз тәуелсіздік тәжін кигеннен бері көптеген қазақ тілшілері латын әліпбиіне көшу мәселесін көтеріп келеді. Латын әліпбиіне көшу туралы ой-пікірлер 1926-1929 жылдардан бастап бастау алғаны баршамызға тайға таңба басқандай белгілі. Ағартушы-педагог ғалым Ахмет Байтұрсынұлы айтып кеткендей, «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тілі» деген.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 12 сәуірдегі Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру мақаласында еліміздің әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына қосылу мақсатында нақты атқаратын мақсат-міндеттерді айқындап, бірнеше жоба ұсынды. Солардың бірі қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстары болып табылады. Бұл мәселе жөнінде Елбасы 2012 жылғы желтоқсан айында жария еткен «Қазақстан-2050» стратегиясында «2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз қажет деген болатын.
Н.Ә.Назарбаев өз мақаласында:
латыншаға көшудің тиімділігі қазіргі заманғы технологиялық ортаның, коммуникацияның, сондай-ақ, ХХІ ғасырдағы ғылыми және білім беру процесінің ерекшеліктеріне байланысты сонымен қатар, мектеп қабырғасында балаларымыз ағылшын тілін оқып, латын әріптерін онсыз да үйреніп жатыр. Сондықтан, жас буын үшін ешқандай қиындық, кедергілер болмақ емес. 2017 жылдың аяғына дейін ғалымдардың көмегімен, барша қоғам өкілдерімен ақылдаса отырып, қазақ әліпбиінің жаңа графикадағы бірыңғай стандартты нұсқасын қабылдау керек .....
Пән:Информатика Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мәтін Сабақ тақырыбы: Мәтінмен жұмыс 1-сабақ Осы сабақ арқылы жүзеге асатың оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 3.2.1.1 мәтіндік редакторда қарапайым сөйлемдерді теруді жүзеге асыру; 3.2.1.3 құжаттағы ерекшеленген мәтінді қиып алу, көшіру, қою; 3.3.1.1 нақты сұрақтарға жауап табу үшін Ғаламтор қолдану. Сабақтың мақсаттары: • Мәтіндік файлды мәзір пәрмендері арқылы өңдеуге үйрету; • Белгілі бір бумаға файлдарды сақтауға, файлдарды ашу және сақтау үшін пәрмендермен жұмыс істеу дағдыларын нығайту; • Мәтін бөліктерін көшіру және ауыстыру операцияларымен таныстыру.....
Пән:Химия Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Көмірсутектер. Отын Сабақ тақырыбы: Еріткіштерді алу мақсатында алкандардың жану және хлорлау реакцияларын қолдану Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 9.4.3.7 алкандардың химиялық қасиеттерін сипаттау және оны реакция теңдеулерімен дәлелдеу; 9.4.3.8 еріткіштерді алу үшін алкандарды хлорлаудың маңызы мен бұл еріткіштердің қауіптілік дәрежесін түсіндіру Сабақ мақсаттары: Алкандардың жану және хлорлау реакцияларын жаза білу,еріткіштердін қоршаған ортаға әсерін түсіну.....
Пән:Химия Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:Периодтық заң және химиялық элементтердің периодтық жүйесі Сабақ тақырыбы: Басты топшалар мен периодтардағы элементтер қасиеттерінің периодты түрде өзгеруі Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.2.1.3 химиялық элементтер атомдарының қасиеттерінің өзгеруі заңдылықтарын сипаттау: радиус, иондану энергиясы, электронға ынтықтық, электртерістілік және тотығу дәрежесі. Сабақ мақсаттары: Оқушылардың барлығы: - Элемент атомдарының радиусы, электртерістілігі, электронға ынтықтық энергиясы және тотығу дәрежесінің периодтар мен топтардағы өзгеру заңдылықтарын атайды және түсіндіреді Оқушылардың көбісі: - Элементтердің осы қасиеттерінің периодтарда және топтарда өзгеру периодтылығын түсіндіре алады Оқушылардың кейбірі: - Зерттелмеген элементтедің физикалық қасиеттерінің өзгеруінің периодтылығын болжайды және себебін түсіндіреді......
Пән:Алгебра Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер және олардың жүйелері Сабақтың тақырыбы: Мәтінді есептерді теңдеулер жүйелері арқылы шығару 1-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 9.4.2.1 мәтінді есептерді теңдеулер жүйелері арқылы шығару; Сабақтың мақсаттары: мәтінді есептерді теңдеулер жүйелері арқылы шығару;.....
Егемен Қазақстанның дамуының онжылдығы елдің әлеуметтік-экономикалық жүйесінің кең көлемді және түпкілікті қайта құрылуымен ерекшеленеді. Осы жылдары радикалды реформалар мемлекеттіліктің орнығуы мен КСРО кезеңінде пайда болған терең экономикалық дағдарысты жеңіп шығуы жағдайында жүзеге асты. Өткен ғасырдың 70-80 жылдары шаруашылық механизмін жетілдіру, командалық-бөлініс жүйесін әлсірету мен тауар өндірушілердің құқықтарын кеңейту, шаруа ісін жүргізудің рыноктық принциптеріне өтудің алғашқы бағдарламаларын іске қосу бойынша қолданылған шаралардың нәтижесі сәтсіз болғаны белгілі. 90 жылдардың басындағы экономикалық өндірістің құлдырауы, кәсіпорындар арасындағы шаруашылық байланыстардың үзілуі, қаржы-несиелік жүйенің бұзылуы, рубльге деген сенімнің жоғалуы, дүкендердің бос сөрелері мен тауар бөлудің талапдық жүйесі тән болды. Елдегі жүйелік экономикалық қайта құру жолындағы өткен онжылдықты белгілі бір кезеңдерге бөліп қарауға болады. Алғашқы кезең 1992—1993жж. яғни экономиканы түпкілікті реформалаудан өз төл ақшамызды шығаруға дейінгі уақытты қамтиды. Бұл кезеңде макроэкономикалық саясат Ресейде белгіленетін еді. Жалпы республиканың бүкіл экономикасы көрші елді қабылданған шешімдерге тәуелді болатын. Инфляция бұрын болмаған қарқынмен өсті. Өткен жылдың желтоқсанының басындағы процентке шаққандағы тұтынушылық құн индексі 1992ж. соңында — 3060-ты, 1993ж. — 2265-ті құрады. Елдегі нарықтық қайта құрулардың екінші кезеңі 1993ж. қарашадағы ұлттық валютаның енуімен және дербес макроэкономикалық саясаттың қалыптасуымен басталды. Ол салық салу, бюджеттік және банктік салалардағы, сыртқы экономикалық жұмыстардағы, оның ішінде шетел капиталын тарту мен кеден ісі, нарықтарды дамыту мен нарықтың инфра-құрылымдардағы қатынастарды қалпына келтіріп отыратын нормативтік-құқықтық базаның құрылуымен ерекшеленеді. Инфляцияға қарсы қатаң саясат жүргізілуінің нәтижесінде қаржы тұрақтылығы бойынша алғашқы айтулы нәтижелерге қол жетті, тұтынушылық құн индексі 1994ж. 1258-ге, 1995ж. 160,3-ке, 1996ж. 128,7-ге түсіп, теңгенің валюталық бағамы тұрақталды, бюджеттегі жетіспеушілік азайды, бірқатар экспортқа бағытталған өнеркәсіп салаларындағы өндіріс тұрақты күйге түсіп, біраз жандана түсті. Реформаның екінші кезеңінің ең басты нәтижесі жаңа экономикалық ахуал болды. Осы ахуалдың нәтижесінде әкімшілік-командалық экономиканы рыноктық экономикаға көшіру процесі маңызды жүйелік қайта құрулардың негізінде қарқынды сипатқа ие болды. Олардың ішіндегі ең негізгілеріне мыналарды жатқызуға болады. ....