Сабақ жоспары (ұмж): Пунт жеріне перғауын Хатшепсут кемелерін не үшін жіберді 1-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 5 сынып, І тоқсан)

Пән: Дүние жүзі тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өзен алқаптары өркениеттері
Сабақтың тақырыбы: Пунт жеріне перғауын Хатшепсут кемелерін не үшін жіберді 1-сабақ
Оқу мақсаттары: 5.4.1.3 ежелгі өркениеттердің шаруашылық жүйесін сипаттау
5.1.2.1 ежелгі қоғамның әлеуметтік ұйымдасуын сипаттау
Сабақтың мақсаттары: Ежлгі қоғамның әлеметтік құрылымын сипаттау.
Ежелгі өркениеттің шаруашылық жүргізу жүйесін түсіндіру......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Эссе: Туған жер тұғырым

Бұрынғы Елбасымыз Н. Назарбаевтің « Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласында: «...Туған жер –әркімнің шыр етіп жерге түскен ,бауырында еңбектеп , қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның өмір бақи тұратын өлкесі», - деген еді.Бір ауыз сөзбен туған жер деген ұғымды толық қамтитындай...

Жалпы туған жер дегенде есімізге балалық шағымыз түсетіні айдан анық, солай емес пе?! Сол туған жерде туылған соң ол жердің табиғатын ерекше ұнатамыз. Біз үшін ауасы, тау-тасы бәрі ерекше болып , бәрінен қымбат санаймыз.Ешқандай адам өзінің туылған жерін ұмытпайтыны айдан анық. Себебі туған жер әрбір адамның жүрегінен орын алады. Оған деген махаббатымыз шексіз... Мейлі біз алыста болсақ та, туған жерді күнде ойламасақ та, тіпті кейде жиі баруға уақыт таппай жатамыз дегенмен де, оны сағынғанымыз есімізге түссе, біз бәрін тастап сонда баруға дайынбыз .Өйткені біз үшін ол анамыздай , оған барсақ демаламыз, шаршағанымызды ұмытып , онымен өткен қызықты күндерімізді еске алып бір марқайып қаламыз.

«Осы туған жер дегеннің қадіріне жетіп жүрміз бе?» деген сұрақ келеді. Тарихқа көз жүгіртіп көрейікші , осы ұлан байтақ жер үшін , ел үшін қаншама адамның қаны төгілді, қаншама жастарымыз тәуелсіздік құрбаны болды.Қан мен тердің арқасында келген жерді қорғау , қадірлей білу біздің міндетіміз . Алайда ,осындай тыныш елде тұрып көптеген діни ағымның жетегіне кетіп жатқан жастарымыз көбейіп кетті қазіргі сәтте, оның барлығы діни сауатсыздық пен патриотизмдік сезімнің азайып бара жатқандығынан деп білемін......
Эсселер
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Оксидтер. Зертханалық тәжірибе №6 Оксидтердің қасиеттерін зерттеу 2-сабақ (Химия, 8 сынып, IV тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Бейорганикалық заттардың негізгі кластары. Генетикалық байланыс
Сабақ тақырыбы: Оксидтер. Зертханалық тәжірибе №6 Оксидтердің қасиеттерін зерттеу 2-сабақ
Сабақтың оқу мақсаттары: 8.3.4.7 оксидтердің жіктелуін және қасиеттерін білу, олардың химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін жаза білу
Сабақтың мақсаты: - Оксидтердің құрамын, жіктелуін, номенклатурасын білу
- Оксидтердің физикалық және химиялық қасиеттерін зерттеу.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Фотоэффект құбылысы 3-сабақ (Физика, 9 сынып, IV тоқсан)

Пән: физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Атом құрылысы. Атомдық құбылыстар
Осы сабақтың сол мақсатқа қол жеткізуде тигізетін үлесі: 9.6.1.4 фотоэффект үшін Эйнштейн формуласын есептер шығаруда қолдану;.
Сабақтың мақсаты: өз бетінше шығаруға арналған есептерді шығару;
терминдік сөздікті үш тілде жазу;
диалогқа қажетті сөз тіркестеріне ағылшын тілінде жауап бере алу......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Метаболизм түрлері (Биология, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тыныс алу
Сабақтың тақырыбы: Метаболизм түрлері
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) : метаболизм түрлерін сипаттау
Сабақ мақсаты: Барлығы метаболизмнің түрлерін біліп, олардың ерекшеліткрін түсінеді;
Көбісі анаболизм мен катаболизм үдерістерін бір-бірімен салытыра алады;
Кейбіреулері тақырып бойынша логикалық тапсырмаларға жауап бере алады.........
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Шығарма: Өмірі - ұрпаққа өнеге

Биыл Ұлы Жеңіске 71 жыл. 30-жылдардағы әлемдік дағдарыс көптеген мемлекеттердің экономикалық, әлеуметтік және халықаралық қатынастарын шиеленістірді. Бұл жағдай әлемдік билікке талпынған күштердің пайда болуына жол ашты. Осындай күштердің ішіндегі ең қауіптісі – Германияда орнаған фашистік тәртіп еді. Батыс мемлекеттері тарапынан ұйымдасқан қарсылықтың болмауы фашистік агрессияның күшеюіне жол ашты. 1937 жылы фашистік мемлекеттер – Германия мен Италияның милитаристік Жапониямен әскери-саяси одақ құруы екінші дүниежүзілік соғыстың басталуына алып келді. Екінші Дүниежүзілік соғыс 1939 жылы Германияның Польшаны жаулап алуымен басталды. Англия мен Франция Германияға соғыс жариялағанымен, батыс майданда белсенді іс-қимыл танытпады. Бұл жағдайды Германия өз мүддесіне пайдаланып, 1940 жылы Дания, Норвегия, Нидерланды, Люксенбург мемлекеттерін еш қарсылықсыз жаулап алды. Бельгияны жеңгеннен кейін, негізгі күштер талқандалды. Нәтижесінде Франция Германиямен бейбіт келісімге қол қойса, Англия АҚШ-тан көмек сұрауға мәжбүр болды. КСРО-ға қарсы соғыс жоспары “Барбаросса” деген атпен белгілі. “Барбаросса” жоспары 4 әскери топтың келісілген іс-қимылына негізделді. Финляндия фельдмаршалы Маннергейм мен генерал фон Дитла басқарған Финляндия тобы Мурманск, Беломорск, Ладогоға бағытталды.
“Солтүстік” тобына (басқарған генерал фельдмаршал фон Лееб) Ленинградты басып алу жүктелді. Генерал-фельдмаршал фон Бок басқарған ең күшті “Орталық тобы” Москваға бағытталды......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Қазақ батырларының ерлігі

Биыл Ұлы отан соғысының өткеніне 71 жыл. Кейінге шегінсек, Ұлы отан соғысында қазақ халқы көп зардап шекті. Көптеген балалар жетім қалды, мүгедектер атанды, өз өмірлерімен қоштасты. Бұның барлығы тек тәуелсіздік алып, болашақты жарқын ету жолындағы күрес еді. Ер азаматтар елін, жерін қорғау үшін қасық қаны қалғанша күресті. Біз бәлкім бұл қиындықты сезіне алмайтында болармыз, бірақ соғысқа қатысқан атаәжелеріміз көзіне жас алып еске түсіреді. Біздің еліміздің жеңіске жетуінің бірден бір себебі- намысты қолдан бермеу, ел намысын жоғары қоятын біздің ұлттық мінезіміз, ерекше қасиетіміз болып табылады.
Ұлы отан соғысында қазақ халқы өзінің аз екендігіне қарамастан , ерлігін, батырлығын көрсете білді. Ұлы отан соғысына батырлар, тіпті ерлермен қатар әйел адамдарда қатысты. Олар ерлік көрсете білді. Қазақ қыздарының арасында 19 жасында «Отан үшін» деп соғысқа аттанған Әлия мен Мәншүк бар. Олар ауыр мылтықты арқалап, соғысқа аттанды. Әлия қан майданға шығып, 78 немісті жоюы, қайран қалатын ерлік емес пе? Оның өмірі қысқа болғанымен, даңқы ұзақ. « Батырдың өзі өлсе де, аты өлмейді» дейді дана халқымыз. Сол себепті қазақ халқының батырларының есімі қазақ елінің жүрегінде мәңгі сақталады.
Қазақ халқының жүрегінде өшпейтін тағы бірден- бір нәрсе қазақ батырларының ерлігі. Оларды жазықсыздан жазықсыз жазалап отырды. Бірақ бұларға қарамастан қазақ жастары ерлігімен, елдің атын шығара білді. Сонымен қатар Ұлы отан соғысына Бауыржан Момышұлы, Талғат Бегельдинов, Мәншүк Маметова сияқты соғыста тағы да басқа апа- ағаларымыз қатысқан екен.Ұлы жеңістің ұмытылмайтыны секілді, соғыста ұмытылмастай ізін қалдырды. ......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Соғыстың құсы қазақ көгіне қонбасын!

Әлемде екі бірдей нәрсені ақырызаман деп атауға болатын секілді: бірі – табиғат құбылысының әсерінен болса, екіншісі адамға қайғы – қасірет әкелген сұм соғыс. Себебі барлығымызға да белгілі ғой. Соғыстың нәтежиесінде екі ғана жол елдің тағдыры болып табылады. Біріншісі жеңіп бостандық алу немесе жеңіліп, біреудің өмір бақи құлы болып өмір сүру. Бұл әрине екі дүние арасы емеспе? Осы заматты да ата – әжелеріміз өз басынан өткерді. Талай тауқыметті көрсе, осынау сындарлы кезеңнен аман шықты. Елі үшін, жері үшін аянып қалмады. Халқын азат ету жолында қаққан қазықтай тік тұрып, ажалға мінді. «Майдан» атты кемеде бірге жүзіп, ұрандап, кеуделерін оққа тосты. Күн демей, түн демей, «ал, жауға» дегенде , қолдарына қару алып, тылда күресті. Айта берсең, таңды – таңға ұрып, олар туралы талай жауһар сөздерімді арнауға бармын. Сонымен қатар, мұндай көріністерді тек фильмдерден көреміз. Ал, мұның барлығы, қазақ атам жасаған ерлік.
Сол заматты көзіммен көрмесем де, үлкендердің әңгімесінен аңғарамын. «Ой, біз соғыс кезінде не көрмедік, біздің көргенімізді сендерге Алла – тағала көрсетпесін» деп қабағы сәл түсіп, күрсініп қоятын. Мысалы, менің әжем өзінің талай қиындық көргенін, біреу қатқан қара нан берсе соған риза болып қуанатындығын айтып отырады. Соның баршасы да соғыстың зардабы емеc пе?! Әжем тағы бір сөзінде: - Менің нағашы ағам соғысқа кеткенде, ол мені нағашы әжемнің қасында болуын қалапты, тілекші болсын деп. Нағашы әжем майданға кеткен баласын ойлап жылағанда, мен де қосылып жылайтынмын. Ой. дүние – ай десеңші, ақыры ағам сол кеткеннен мол кетті, - деп айтып қалды. Басында түсінбейтінмін, кейін ұқтым.....
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Отан деп соққан жүрегі

Жатқанда Отан жері отқа жанып,
Тұрғанда туысқандар жауда қалып,
Жеңбесек, жойқын қайрат шығармасақ,
Жігіттің неге жүрміз атын алып?!
Жұбан Молдағалиев
1941 жылдың 22 маусымның таңы шапағат атып келе жатқан шағы еді... Дала құлпырып көк майса шалғын қыз көйлегіндей желкілдеп, құрбақа шұрылдап, құстары тамылжыта ән салып, шегірткесі шырылдап, адам баласы қолымен жасай алмайтындай табиғи симфониялық таңғажайып кез еді. Осындай мамыражай кеңістік тыныштығын кенеттен шыққан мотоциклдің, машинаның және танктың қосыла шыққан гүрілі әлем-тапырық етті. Бұл - басқыншы Германияның Кеңес Одағына жарияламай, тарихта болмаған күшпен басып кіруі еді. Бұл кезеңде қазақ елі Ресей мемлекетінің отаршылдығында болатын. Жалғыз қазақ емес, тағы да оннан астам мемлекет Ресейге бодан еді. Сол уақыттағы идеологиялық саясат өте қатты қарқынмен жұмыс істегені соншалық, осы соғыстың алдында ашаршылықтан қазақтың жартысы қырылғаны, жазықсыздардың репрессияға ұшырап, атылып түрмеге қамалғаны, тағы басқа зардаптарға қарамастан сол сәтін "ең бақытты елдің азаматтарымыз" деп мақтаныш тұтты. Ақиқатты білетіндер болса, олар үнсіз қалды. Өйткені, қылышынан қан тамып тұрған қанішер Сталиннің жандайшаптарынан зәрезап болғандар бір-біріне сөз айтудан үркіп сақтанатын.......
Шығармалар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Моңғолдар мемлекеттілік деңгейге қалай жетті? 2-сабақ (Қазақстан тарихы, 7 сынып, ІІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар: 7.3A XIII – XV ғғ. Қазақстан
Сабақ тақырыбы: Моңғолдар мемлекеттілік деңгейге қалай жетті? 2-сабақ
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары): X – XIII ғғ. мемлекеттерді білу және картаны қолдану арқылы саяси үдерістерді түсіндіру
көшпелілердің әскери өнер жетістіктерін талдау
Сабақ мақсаттары:Шыңғысхан туралы бейнематериал тыңдап, сұрақтарға жауап береді (тыңдалым)
Негізгі сөздер мен тіркестер:
Халық, жорық, шапқыншылық.
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0