Эссе: Мен не үшін өзгеруім керек?

«Сабақ беру үйреншікті жай шеберлік емес,ол үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер» деп XIX ғасырда-ақ Жүсіпбек Аймауытов айтып кеткен еді. Мұғалім заманның талабына сай жаңалыққа жаны құмар болса, онда ол Алланың жауған нұры деп түсінемін.

Қазіргі әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістер әлемдік білім беру жүйесін қайта қарау қажет екенін паш етті. Мұғалімнің алдында «XXI ғасырға оқушыны қалай дайындаймын» деген сұрақ мазалап тұрғаны мені де селт еткізеді.

Мен алтын ұрпаққа біліммен тәрбие беруде үнемі ізденіс үстінде болуым керек. Себебі оқу мен оқыту бір жерде тұрмайтынын, өзгерістің болмауы өсудің тоқтағанын білдіретінін түсінгендіктен мен өзгеремін.Әлем өзгергендіктен ,мен де өзгеремін,қазіргі сәтте өзгеріссіз қалу өте қауіпті екенін мен жақсы түсінемін ,өйткені мен мұғаліммін заман көшінен қалмауым керек. Қазіргі шәкірт ұстаздың енжарлығын қаламайтын, қажеттілігі,мүмкіндігі жоғары деңгейде екені маған мәлім......
Эсселер
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Орта ғасырлар тарихы бойынша қорытынды сабақ 1-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 6 сынып, ІV тоқсан)

Пән: Дүниежүзі тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ғылыми революция
Сабақ тақырыбы: Орта ғасырлар тарихы бойынша қорытынды сабақ 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.2.3.2 - гуманистік идеялардың орта ғасырлық мәдениеттің дамуына ықпалын анықтау;
6.2.1.1 - адамның дүниетанымы мен қоғамдық өмірдегі дін рөлінің өзгеру себептерін анықтау;
6.2.4.2 - жаратылыстану ғылымдарының келешектегі дамуы үшін кейінгі орта ғасырлар кезеңінде Жердің құрылысы туралы жасалған ғылыми жаңалықтардың маңыздылығын анықтау;
Сабақ мақсаттары: Бөлімдер бойынша негізгі оқыту мақсаттарын қайталау......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Эссе: Айналайын

Жақында ғана «Аналайын» сөзінің мағынасын білдім. Сол сәтте өмірімде үлкен өзгеріс енгендей күй кештім. Осы уақытқа дейін бұл сөзді сан мәрте естісем де, назар аудармағаныма өкіндім. Марқұм болған әжем шашымды сипай «айналайын, құлыным менің» деп емешегі езіле қоңыр көздерімен елжірей қарағанда, мектеп кезінде жақсы бағамен қуана кіргенде, «ақылыңнан айналайын, ботам» деп айтқан анамның қуанышты жүзін көргенде, «айналайын, қара қызым менің» деп басымнан құшырлана иіскеп, еркелеткен әкемнің мойнына асылғанда – бұл сөзде тек еркелету ғана емес, соншама мейірім бар екенін білмеппін. Ал, бұл күні осы сөзді естуге құмар болып алдым. Үлкендердің сөз соңында «айналайын» деп бата берер ме екен, анам мен әкем де бұрынғыша «айналайынымен» еркелетер ме екен, мүмкін досым маған осы бір сөзді айтып, төбемді көкке бір жеткізер деп елеңдеп отырамын.

Демек, құлаққа жағымды, жүрекке жылы тиер сөзде тек ерекше мән-мағына ғана емес, ананың мейірлі алақаны да, әженің жағымды үні де, әкенің адастырмас ақылы да, атаның мейірімге толы көздері де, ағаның, әпкенің өз бауырына деген ерекше ықыласы да, жалпы үйдің үлкенінің балаға деген шексіз махаббаты бар екендігіне көзім жетті.

Бұрынырақтарда үйдің үлкендері ауруға шалдыққан жастарды аман алып қалу үшін, өздерін құрбандыққа атаған. Ол үшін ауырған адамды үйдің ортасына жатқызып, өздері үш рет айналып, есікке келгенде «айналайын» деп дауыстайды екен. Осыдан кейін ауырған адам жазылып, әлгі айналған кісі ауруға шалдығады немесе қайтыс болып кетеді дейді. Тағы бір оқығанымда көне түркілердің осы дағдысымен атақты Бабыр өзінің қанынан жаралған ұлы Құмайын ауырғанда оны үш рет айналып, мықты денсаулығына қарамастан қайтыс болыпты деседі. Содан қалса керек сөз қадірін түсіне білетін қазақ халқы балаларына «айналайын» деп еміренеді екен. Онысы «сенің жолыңда менің жаным құрбан» дегені ғой. Әй, менің жүрегі кең, дана халқым-ай........
Эсселер
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Антибиотиктер, антисептиктер және залалсыздандыру өнімдерінің қолдану (Биология, 7 сынып, IV тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Микробиология және биотехнология
Сабақтың тақырыбы: Антибиотиктер, антисептиктер және залалсыздандыру өнімдерінің қолдану
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: 1. Патогендермен күрес тәсілдері.
2. Бактериялардың антибиотиктерге тұрақтылығы.
3. Зертханалық жұмыс «антибиотиктер, антисептиктер және залалсыздандыру өнімдерін қолдануды зерттеу».
Сабақ мақсаты: Барлық оқушылар үйренеді: антибиотиктерді, антисептиктерді және залалсыздандыру өнімдерін қолдануын, өндірілуін біледі;
Көптеген оқушылар үйренеді: зерттеу жұмысын жүргізе алады; жасалған жұмыс бойынша дұрыс қорытынды шығара алады; заттың сыртындағы таза аймақтың диаметрі бойынша эффективтілігі жоғары болатын затты анықтай алады.
Кейбір оқушылар үйренеді: тақырып бойынша қосымша ақпаратты зерттеп, оны талдап, эссе жаза алады......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): 2D ойынды дайындау (Информатика, 9 сынып, IV тоқсан)

Пән: Информатика
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Оқыту ойындары
Сабақ тақырыбы: 2D ойынды дайындау
Осы сабақта орындалатын оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): жаттықтырушы 2D мини қосымшасын құру
Сабақ мақсаты: Оқыту қосымшасын дайындау үшін Талдау кезеңін сипаттайды...
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Компьютердің конфигурациясы 1-сабақ (Информатика, 9 сынып, I тоқсан)

Пән: Информатика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Компьютерді таңдау
Сабақ тақырыбы: Компьютердің конфигурациясы 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 9.1.1.1 компьютердің міндетіне қарай конфигурациясын таңдау
Сабақ мақсаты: «АЛҚ», «БҚ», «Тактілік жиілік», «Регистрлар», «Разрядтылық» терминдерін білу және оларды түсіну
Процессордың қызметін және сипаттамасын қарапайым деңгейде түсіндіру.......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Дененің импульсі. Дененің импульсінің сақталу заңдары. (Физика, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Кинематика
Сабақ тақырыбы: Дененің импульсі. Дененің импульсінің сақталу заңдары.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.1.4.1 – сақталу заңдарын біледі
Сабақ мақсаттары: Дененің импульсі, күш имппульсі, тұйық жүйе, абсолют серпімді соққы, абсолют серпімсіз соққы, ұғымдарын қолданады; импульстің сақталу заңын біледі.........
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Қазақстан Республикасының бюджеті

Қазақстан Республикасында экономикалық реформаларды жүзеге асыру үшін қазіргі кезеңге дейін нарықтық экономика аумағындағы жинақталған жалпы қаржы қарым қатынасының даму тәжірибелерін біліп, дұрыс пайдалану қажет.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының бүкіл қаржы жүйесін реформалау, оның негізгі тармағы бюджеттік жүйені күрделі түрде қайта құруын мәжбүр . Сол реформалаудың логикалық жалғасы ол жаңа бюджеттік заңнама жасау және қабылдау. Нәтижесінде, 2004 жылы көкек айының 24 жұлдызында Қазақстан Республикасының жаңа Бюджеттік кодексі қабылданып, 2005 жылы қаңтар айының 1 жұлдызында қолдануға енгізілді.
Жаңа Бюджеттік кодекстің ережелері біздің республикамыздың бүгінгі күнгі қаржылық қарым қатынас пен жалпы бюджеттік саясаттың даму жағдайын көрсетеді. Кодексте бюджеттік процеске қатынасушылардың барлық іс әрекеттерінің тәртібі мен ережелері толық және жан жағынан жазылып дәлелденген. Бұл бірыңғай құжатқа мемлекеттік міндеттемелері мен функцияларын орындауға арналған ақша қаражаттарын қалыптастыру мен оларды жұмсау процестері толығымен анықталған.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Құқық | Құқық туралы түсінік және оның мемлекетпен өзара байланысы

Кез келген қоғам өзін-өзі реттегіш жүйе ретінде танылатыны баршамызға мәлім. Өйткені, қоғам өзіндегі тәртіпті әр түрлі құралдармен реттеп отырады. Мемлекет пайда болғанға дейінғі аралыкта тәртіпті рулық тайпалықк әдет-ғұрып нормалары арқылы реттеп отырған. Сондықтан да болар оларды орындау әр рудың, тайпаньщ азаматтық борышы боп қалыптасқан. Орна-тылған тәртіпті орындамағандарға өте катаң жаза колданылып отырған, ен ауыры - рудан, тайпадан қуып жіберу, мұның өзі өліммен пара-пар болатын, өйткені жалғыз адамның өмір сүруі о кезде күмәнді, сезік тудыратын. Бертін келе өндірғіш күштердің күрделенуіне байланысты қоғамның әлеуметтік күштерінің де күрт өзгерілуіне душар болды. Сөйтіп, бара-бара алғашқы қауым ыдырап, мемлекеттің пайда болуына әкеп соқтырды. Ендіғі жерде бұрынғы тайпалық, рулык әдет-ғұрыптар арқылы қоғамдағы тәртіпті сақтап тұру мүмкін еместі. Сөйтіп, қоғамның объективтік қажеттілігінен, яғни, жеке адамның сана-сезіміне байланысты емес туындайтын катынастарды реттеу - құқықтық ережелер болып табылады. Мұндай объективтік қажеттіліктің жаңа түрін құқық нормалары немесе құқықтық нормалар деп атаймыз. Бұлардың алғашқы тапсыз қоғамдағы әдет-ғұрып ережелерінен өзгешелігі олардың мемлекетпен ты¬ғыз байланыстығында. Құқық нормалары - бұл экономикадан туындайтын әдет-ғұрып сияқты өздігінен стихиялы түрде пай¬да болмайтын, кұкыкшығармашылык деп аталатын мемлекеттің айрыкша органдарының арнайы тағайындайтын қоғамдағы адамдардың мінез-құлық (тәртіп) ережесі, өйткені олар құқық нормаларын шығарады. Сөйтіп, мемлекет өзіне қажетті құқық нормаларын тудырады. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Шығарма: Жеңіс жыры

Мен соғысты көргенім жоқ!
Соғыс жалмап аға-іні, бауырды,
Зар жылатты тыныш жатқан ауылды.
Бірақ біздер өздеріңнің арқаңда,
Көрген жоқпыз сол бір қырғын дауылды.
Қанша жыл, қанша ғасыр өтсе де, ұмытылмайтын оқиғалар болады. Ұмытылмайтын себебі – ол оқиғалардың халық тағдырымен тығыз байланыстылығында. Соның бірі – дүниені дүр сілкіндірген 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы. Алапат өртті ауыр соғыс өз салмағын иыққа 1418 күн мен түн салды. Соғыстың бар ауыртпалығын өз мойынымен көтеріп, қанға бөккен даласында қайсарлықпен шайқасқан, жеңістің туын желбіреткен Ұлы Отан соғысының батырлары ерлігін ешкім де, ешқашан ұмытпақ емес. Кір жуып кіндік кескен жері үшін, аялап, әлпештеп өсірген елі үшін жанған отқа түсіп, жалын кешкен ер-азаматтар естен, санадан өшпейді, тарихта есімдері қалады.
1941 жылы 22 маусымда таң алдында, тәтті ұйқыда жатқан елдің шекарасынан ұрланып өткен жау оғымен адам баласының тарихында болмаған бір ғаламат соғыс басталды. Зұлым жау тәтті ұйқыны ғана бұзған жоқ, бейбіт өмірге бүлік әкелді. Қасиетті жеріміз, бейбіт жатқан еліміз құлақ естіп, көз көрмеген апатқа ұшырады. Қанды қасірет болған бұл соғысқа әлем халқының 80% қатысып, 40 елдің жерін соғыс өрті шарпыды, майдан баталиясына 61 мемлекет тартылып, 110 миллион адам қолына қару алды.
1418 күн мен түнге созылған бұл соғыста 27 миллионнан астам Кеңес адамы Отан үшін от кешіп, мерт болды, жан аямай шайқасып, ерліктің ерен үлгілерін көрсетті. Ана жарын жоғалтып – жесір, бала әкесінен айрылып – жетім атанды. Тылда қалған қарттар, аналар, бесіктен белі шықпаған балалар соғыстың қайғы-қасіретін арқалай жүріп, тынбай еңбек етті.
Фашистік басқыншылар 1710 қаланы, 70 мыңнан астам елді мекенді өртеп, тұтқындардың дүние-мүлкін тонап, күлін көкке ұшырды. Өндірістік кәсіпорындар, 2000-ға жуық совхоз-колхоздар ойранға ұшырады. Ең бастысы, ешқашан орны толмайтын өте ауыр жарақат – ол адам өмірі болатын........
Шығармалар
Толық
0 0