Пән:
Қазақ тілі Бөлімі: Су-тіршілік көзі
Тақырыбы: №110 Сан есім
Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес) 3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету;
3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру;
3.2.5.1 берілген тақырып/сұрақ бойынша түрлі дереккөздерден (мәтін/сөздік/сызба/кесте/карта) алынған ақпараттарда кездесетін жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы ашу, жүйелеу, мағлұматтардың маңызды тұстарын анықтау;
3.4.2.3 сөйлемнен сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік) табу.
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар жасай алады:
-мұғалімнің қолдауымен жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді
-мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтарға жауап береді, берілген сұрақтарды пайдаланып пікір білдіруге -бағытталған сұрақтар құрастырады;
-жаңа сөздердің мағынасын түсіндірме сөздікті қолдану арқылы түсіндіреді;
-сөз таптары кестесін қолданып, сөйлемнен сөз таптарын табады
Оқушылардың көбі жасай алады:
жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді үлгі/талдау негізінде тауып, түзетеді
мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады және сұрақтарға жауап береді;
жаңа сөздердің мағынасын түсіндірме сөздікті қолдану арқылы түсіндіреді, сөздерді сөз таптарына қарай топтастыра алады;
сөз таптарының сұрақтарын қолдана отырып, сөйлемнен сөз таптарын таба алады
Оқушылардың кейбірі жасай алады:
жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді
мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады және өз жауабын негіздеп жауап береді
жаңа сөздердің мағынасын түсіндіреді, сөздерді сөз таптарына қарай топтастыра алады;
сөйлем құрамындағы сөздерді сөз таптарына ажыратып, олардың орнын тәртібін біледі.....