Шығарма: Бейбітшілік нұры тұнған көк аспан

Пай! ПАй! Пай! Киелі неткен жер!
Батырлар дүрілдеп өткен жер.
Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер.
Ғашықтар бір-бірін өпкен жер.
Сарылып сал-сері кеткен жер.
Бас иіп, иіскеп топырағын,
Тағзым жасамай өтпеңдер!
М.Мақатаев
Қазақстан – Алтайдан Атырауға, Қаратаудан Көкшеге созылып жатқан қазақ халқының ата-баба мекені, ежелгі қонысы, ата-бабамыздың кіндігі кесілген кең байтақ жер.
Жазира жерді мекендеген ата-бабамыз басынан қиын-қыстау күндерді аз кешірген жоқ. Жаугершілік замандарда қаншама батыр ұлдарынан айырылып, ұлы –құл, қызы – күң болып кетпесін деп, елін, жерін сақтап қалу жолында қаншама тер төкті. Ер басына күн туса етегімен су кешуге даяр ерлер ұлтарақтай жері үшін қасықтай қаны қалғанша аянып қалмады. Соның барлығы да жері, елі, ұрпағы үшін күресіп, жер жастанғандар. «Ер ел үшін туып, ел үшін өледі» деген мақал осыдан қалса керек. Тәуелсіздік жолында шейіт болған батырларын еліміз ұмытпай, тағзым етеміз.
Айдынды көлдер, асқарлы таулар, күні от шашқан шөлдер, арналы өзендер, ну ормандар, сылдырлаған бұлақтар Қазақстан жерінде. Даласы дархан, топырағы қасиетті, қойнауы қазыналы еліміз жерінің кеңдігімен, байлығымен мақтана алады.
Міне, ежелден еркіндік аңсаған қазақ халқы тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына табалдырық басты......
Шығармалар
Толық
0 0

Эссе: Менің елім - мәңгілік ел!

Әрбір адам үшін ең асыл қазына- отанын, туған елін сүю. Халық батыры Бауыржан Момышұлы былай деген екен: «Біздің тарихымыз батырға бай тарих, халқымыз батырлықты биік дәріптеп, азаматтық пен кісіліктің символы, үлгісі санаған. Батырлық , ерлік деген ұрпақтан ұрпаққа ата дәстүр болып қала бермек. Өткенін білмеген, тәлім — тәрбие, ғибрат алмаған халықтың ұрпағы — тұл, келешегі тұрлаусыз. Біздің қазақ халқы — батыр халық».

Елімізде көптеген ұлт өкілдері тұрады.Олар өзара тату-тәтті өмір сүруде.Еліміздегі ынтымақ пен бірлік мақтан етуге тұрарлықтай.Ынтымақ бар жерде бақыт бар.Біз бақыттымыз.Қазақстан Республикасы – өзінің тәуелсіз мемлекет екендігін бүкіл әлемге дәлелдеді. Енді басты міндет – осы мемлекеттің өркендеп өсуі.

Мына алтын күн алаулаған зеңгір аспанның аясында баяу қалықтаған дала бүркіті-қазақтың қыран көңілін, дарқан, бітімшіл бейбіт көңілін шырқау биікке алып шыққандай.Мазмұнына өрнегі жарасқан тәуелсіздіктің қасиетті Туы мәңгі желбіресін, күніміз мәңгі сөнбесін! Қазақ өмірінің ұлы белгісі-шаңырақтан тараған таң шапағындай уықтар аясындағы ай мүйізді, алтын қанатты ғажайып пырақтар халқымыздың болашаққа ұмтылған асқақ арманның бейнесіндей болып көрінеді.Қос пырақтың ортақ шаңырақты қанатымен қорғап тұрғаны да көп ой салады.Елтаңбада ұлы идея-Еркіндік идеясы біздің есімізге қазақтың: «Отан үшін күрес-ерге тиген үлес» деген қанатты сөзін еске салып тұратын болсын»,-деген.....
Эсселер
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Лоренц күші. Магнит өрісіндегі зарядталған бөлшектердің қозғалысы 1-сабақ (Физика, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Магнит өрісі
Сабақ тақырыбы: Лоренц күші. Магнит өрісіндегі зарядталған бөлшектердің қозғалысы 1-сабақ
Оқу мақсаттары: 10.4.4.3 - токомак, циклотрон, андронды коллайдер, магниттік тордың жұмыс істеу принципін талдау және поляр шұғыласының табиғатын түсіндіру;
Сабақ мақсаттары: - Мәселелерді шешуде (сапалы, графикалық, эксперименталды) талдау және синтездеу дағдыларын қалыптастыру.
- негізгі ақпаратты айқындау, тұжырымдарды жасау мүмкіндігі сияқты аналитикалық дағдыларды дамытуға жәрдемдесу......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Квадрат теңсіздіктерді шешу 3-сабақ (Алгебра, 8 сынып, IV тоқсан)

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Теңсіздік
Сабақ тақырыбы: Квадрат теңсіздіктерді шешу 3-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): квадрат теңсіздіктерді шешеді;
рационал теңсіздіктерді шешеді.
Сабақ мақсаттары: Оқушылар:
• квадраттық теңдеулерді шешуде дискриминантты еске түсіреді;
• квадрат теңсіздіктерді, рационал теңсіздіктерді шешеді.......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Желіде жұмыс жасау кезіндегі қауіпсіздік шаралары (Информатика, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Информатика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Компьютерлік жүйелер мен ақпарат қауіпсіздігі
Сабақ тақырыбы: Желіде жұмыс жасау кезіндегі қауіпсіздік шаралары
Бұл сабақта орындалатын оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): «ақпараттық қауіпсіздік», «құпиялық», «тұтастық» және «қол жетімділік» терминдерінің мағынасын түсіндіру.
Сабақ мақсаты: Барлық студенттер түсініктерді түсіндіре алады
* Ақпараттық қауіпсіздік
* Құпиялылық
* Тұтастық
* Қол жетімділік
Студенттердің көпшілігі алады
* бекіту үшін сұрақтарға жауап беру
Кейбір студенттер сыныптастарына қолдау көрсете алады.
Оқушыларды ақпаратты қорғау әдістерімен және негізгі қауіптермен таныстыру........
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Зертханалық жұмыс №5 «Өттің майларды эмульгациялау қасиетін зерттеу» (Биология, 9 сынып, I тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Асқорыту(Қоректену)
Сабақтың тақырыбы: Зертханалық жұмыс №5 «Өттің майларды эмульгациялау қасиетін зерттеу»
Оқыту мақсаттары: 9.1.2.5 өттің майды эмульгациялау қасиетін зерттеу
Сабақтың мақсаттары: Өттің майларды эмульгациялау қасиетін зерттеу.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Кері функция ұғымы (Алгебра, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Функция, оның қасиеттері және графигі
Сабақтың тақырыбы: Кері функция ұғымы
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.3.1.5 - кері функцияның анықтамасын білу және берілген функцияға кері функцияны табу және өзара кері функциялар графиктерінің орналасу қасиетін білу;
Сабақ мақсаттары: -берілген функциялардың кері функцияларын табады;
-өзара кері функциялардың графиктерін сала алады......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Көрікті қыс

Мақсаты: Балалардың шығармашылық ынтасын ояту, түсті қағазға дәстүрлі емес тәсілмен жұмыс істеу іскерлігіне баулу.
Дамытушылық: Ұжым сурет салуға үйрету, балалардың шығармашылық
қасиеттерін сурет салуға деген қызығушылық қасиеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Балалардың табиғатқа деген қамқорлық, сүйіспеншілік сезім - деріне тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: серуен - саяхат, ғажайып.
Көрнекілігі: қысқы орман көрінісі, сурет салатын түсті қағаз, тіс пастасы, қол сүртетін шүберек.

Блингвалдық компонент: қыс - зима, қар - снег.
Барысы: Қайырлы күн балалар!
Алтын күн, жер анаға өзіңсің
Мейірлі шуағын төгіп тұр,
Біздің де жан дүниемізге жарық
Сәулесін шашып тұр, кәне біз де бір - бірімізге өзіміздің жүрек жылуымызды сыйлайық.
Балалар: (Балалар дөңгелек жасап тұрады).....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Реферат: Әдебиет | ӘБІЛҒАЗЫҰЛЫ АРЫНҒАЗЫ

Әбілғазизұлы Арынғазы (1785-1833) – алмағайып аласапыран заманда өмір сүріп, елдің тұтастығы, жердің бүтіндігі үшін арыстандай арпалысып өткен көрнекті мемлекет қайраткері, көреген саясаткер, төре күйлерінің негізін салушылардың бірі болған дәулескер күйші-композитор. Арынғазы қазақ сахарасына әйгілі болған текті әулеттен.
Шежіре тілімен айтқанда, қазақ халқының шаңырағын көтерген Әз Жәнібектің баласы Жәдік сұлтаннан өрбіген әйгілі Батыр сұлтанның шөбересі болып келеді. Батыр сұлтан, одан – Қайып, одан Әбілғазиз, одан – Арынғазы. Мемлекет қайраткері, саясаткер ретінде Арынғазы қос бүйірдегі көршілері Ресей мен Хиуаға тең саясат ұстанып, екеуінің де қорқау ниеттеріне тосқауыл болды. Әкесі Әбілғазиз 1815 жылы дүние салған соң, Арынғазы хан болып сайланғанда, Жанкент қаласында Шекті, Шөмекей, Жaғалбайлы, Төртқара, Жаппас руларының көсемдері оны ақ киізге отырғызып көтеріп, төбесінен алтын мен күміс теңгелер құйған. Ал, Бұқар әмірі Арынғазының таққа отыру құрметіне арнайы хандық мөр құйдырып, алтын оқалы шапан пен арғымақ ат тарту еткен.
Тек, Ресей патшасы ғана, Абылайды, Батырды, Қайыпты хан деп мойындамағаны сияқты, аққаптал саясат ұстанып, Арынғазыны хан ретінде мойындамайды. Арынғазы хан тағында болған кезеңде ел ішінің береке-бірлігіне айрықша көңіл бөлген. Ол ел басқару ісінде ақыл-парасаты кемел ру басыларына сүйеніп, қазылар сотын құру арқылы қол астындағы халықтың жарастықты өмір сүруіне жағдай жасады. Халық тынышын алған отыз баукеспе барымташыны өлім жазасына кескізуі Арынғазының ел мүддесі үшін бәріне де дайын болғанын көрсетеді. Арынғазы хандық құрған кезде ру аралық дау-шар тиылып, көрші елдермен сауда-саттық жанданды.
Әсіресе, Ресейдің Орта Азия елдерімен арадағы сауда жолдарының қауіпсіздігіне Арынғазы өз тарапынан кепілдік беріп отырады. Бұл ретте ол хиуалықтардың арандату әрекеттеріне тойтарыс беріп, қанды қақтығыстарға да барып отырды. Мұндай саясатқа іш тартқан Ресей өкіметі Арынғазыны Кіші жүздің хандық кеңесінің төрағалығына сайлап, гаухар тас орнатылған алтын медальмен марапаттайды, 500 рубль көлемінде жалақы тағайындайды. Ел ішіне жарастықты ахуал орнатқаны үшін халық оны «Тыным хан» деп атады. Ол Кіші жүз бен Орта жүздің ықпалды адамдарымен ақыл тоғыстырып, дербес хандық құру жөнінде тегеурінді қимылдарға мұрындық бола білді. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Қазақстандағы моңғол шапқыншылығы (Қазақстан тарихы, 6 сынып, ІІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:6.3 А XIII – XV ғасырдың І жартысындағы Қазақстан
Сабақ тақырыбы: Қазақстандағы моңғол шапқыншылығы
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.3.1.5 Отырарды қорғаудағы қала халқының ерлігін сипаттау
6.3.1.6 – картаны қолдану арқылы XIII-XV ғасырлардағы мемлекеттердегі саяси үдерістерді түсіндіру
Сабақ мақсаттары: Деректі талдап, Отырарды қорғаудағы қала халқының ерлігіне баға береді;
Шыңғыс ханның жаулап алған қалаларын картадан көрсетеді.
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0