Реферат: ПЕДАГОГИКА ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

. Мектептегі тәрбие берудің барлық міндеттері тәрбиелеп оқыту және оқушылпрмен сабақтан тыс уақытта дүргізілетін арнаулы тәрбие жұмысы процесінде шешіледі.
Іс жүзінде оқыту және тәрбиелеу процестерін бір-бірімен ажыратуға болмайды және олар тығыз бірлікте жүзеге асырылады, бірақ бұлардың әрқайсысының өз спецификасы мен ерекшеліктері бар.
Тәрбиелеу педагогиканың кең мағынасында, басқаша айтқанда оқушылардың бойында комунистік саналылықты, қоршаған ортаға қарым-қатынасты, өмірге көзқарасты және соған сай мінез-құлықты мақсаттылықпен қарастыру мәселелерін де, адамның эстетикалық және басқа сезімдерін дамытуды және тұтас алғанда адамның мінезі, істеген істері, өзге адамға, Отанға қарым-қатынасы арқылы көрінетін бүкіл рухани бейнесін қалыптастыруды қамтиды.
2. Тәрбие процесі барынша күрделі диалектикалық процес болып табылады. Мекткептің белгілі мақсатты көздейтін тәрбиелік ықпалы балаларға әлеуметтік ортаның, үйдегі оларды қоршаған және өмірде кездесетін әртүрлі адамдардың тигізетін ықпалдарымен тығыз байланыса өріліп, бір-біріне ерекше әсер етіп отырады.
Оқытуда іс-жүзінде, мұғалімнің оқыту қызметіне тікелей қарсы бағытталған сырт ықпалдар жоқ: ол сондықтан жетекші және анықтаушы күшке ие, ал тәрбиеге келсек, мұғалім тәрбиешіге кей жағдайларда қарсы әсер ететін жаңағы сырт ықпалдарды зерттеп білуге көп уақытын жіберуге тура келеді, бұл оларға балалардың мінез-құлық тенденциясын пайымдау, сырт ықпалдардың соншалықты смрек кездеспейтін мұғалім тәрбиесіне қарсы мотифтерін білу үшін қажет.
Оқушыға әлдекім үйде немесе көшеде химиялық реакция мектепте үйреткендегіден басқаша өтеді немесе көбейтуді мұғалім айтқандай етіп орындауға болмайды, деп дәлелдеп жатқанын көзге елестету қиын. Ал тәрбие саласында мектептен сырт жерде мұндай қайта оқыту жиі байқалады.
Алайда, біздегі жақсы әлеуметтік ортаның және баланы қоршаған өмірдің күшті ықпалы жекелеген мектептердің тәрбие жұмысындағы кемшіліктер мен ақауларды да, кей жанұядағы үй ішіндегі теріс әсерлерді де көп ретте түзетіп отыратынын есептеуге болмайды.
3. Тәрбиеші өсу және даму үстіндегі баламен жұмыс істейді. Бұдан бұрын айтылғандай, сыртқы барлық әсерлер үйдегі қоршаған жағдайды және балалардың өздері жинаған әлеуметтік тәжірибені көрсететін, балалардың бойындағы өзгелерден қабылдаған және қалыптасқан, өмірден алынған барлық қасиеттердің тұтас жиынтығымен анықталыпішкі дүниесі арқылы өтіп, өзіндік көрініс табады. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Экономиканы әртараптандыру және жаңарту бағыттары

Қазақстан Республикасы 20 ғасырдың 90 жылдарынан бастап егеменді ел болып өз экономикасын дамытуға мүмкіндік алып, әлемдік еңбек бөлінісіне қатыса бастады. Бұл кезеңде елімізде бұрын соңды болмаған тарихи маңызды, орасан зор өзгерістер байқала бастады. Қазақстанда жүргізілген және жүріп жатқан экономикалық реформаларды объективті қажеттілік қана емес, дүниежүзілік экономикалық өркениеттің табиғи процесіне тезірек ілесу ретінде қарастырған жөн. Нарыққа өтудің жолдары әрбір елде әр кезеңде, әртүрлі тәсілдермен жүргізілгені белгілі. Өйткені, осы жолдар белгілі мемлекеттің геосаяси жағдайына, табиғи ресуртарына, халқының менталитеті және т.с.с. көптеген саналуан ерекшеліктеріне байланысты болады. Бүгінгі күні біздің еліміздегі экономикалық реформалардың басталғанына он шақты жылдан астам уақыт өтті. Осы жылдары еліміз бірқатар әлеуметтік - экономикалық табыстарға қол жеткізді. Бұл табыстар минералды шикізаттық ресурстар экспорты есебінен жүзеге асырылғаны мәлім. Бір сөзбен айтқанда, шикізат - ұлттық экономикаға қайта құру кезеңінің дағдарысына төтеп беруге және экономикалық өсудің жоғарғы қарқынын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Тіпті, қазірдің өзінде де экономикалық өсіміміздің басты себепкері - табиғи байлығымыз екендігін мойындауымыз қажет, және де осы жерден Қазақстан экономикасының шикізатқа тәуелділік дәрежесі өте жоғары екендігін байқауға болады. Әлемдік нарықтағы шикізатқа деген бағаның жоғары болуы немесе жағымды сыртқы экономикалық конъюктура ондаған жылдарға сақтала бермейді. Жинақталған экономикалық әлеует, әрине ең алдымен минералдық - шикізаттық, ғылыми - технологиялық, дайын өнім шығару және адами дамуына алғышарттар құрайды. Экономиканы жедел түрлендірудің шектеуші факторларының ең маңыздысы: еліміздің экономикасының әртараптандырылмағандығы немесе қазіргі өндірістерді дамытудағы экономиканың шикізаттық бағытталуы болып табылады. Соңғы жылдардан экономикалық көрсеткіштер Қазақстанның өңдеуші салалық, технологиялық артта қалушылығын байқатуда, стратегиялық маңызы бар шикізаттық ресуртарымыздың елдің ұлттық байлығы ретінде тиімді қолданылмай жүр. Мемлекеттің экономикалық тәуелсіздігі ел экономикасының диверсификациялау, технологиялық даму деңгейінен ажыратылмай қарастырылады. Әлемдік экономикадағы мемлекеттің рөлі мен оның мәні экономиканың қаншалықты әртараптандырылғанымен анықталады. Осыған байланысты мен Қазақстан Республикасы экономикасының әртараптандыру дәрежесін, соның ішінде өңдеуші өнеркәсіп үлесін қарастырсам деймін. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Шығарма: Ерліктің лебі хаттарда Ұлы Жеңіске -75 жыл!

Жағалата қоңсы қонған ұлы Жайық өзенін
Бір ауылда өтті менің бал балалық кезеңім.
Дүниеден өткен екен мен екіде болғанда,
Нағашы атам есімде жоқ,көзін көрдім әжемнің.

Анашымның қоржынында мұрағаттай сақталған.
Кейінгі жас ұрпағына естелік боп жатталған.
Қан майданда аямаған өзін жаудың оғынан
Атам жайлы ерлік жазған леп еседі хаттардан.

Оққа тосқан кеуделерін майдангерлер қаншама,
Бұл сұм соғыс ауыр азап артып кетті баршаға.
Соның бірі менің атам отқа түскен елі үшін,
Белоруссия,Украинда,соғысыпты Польшада.
Аяғына таңба салған мәңгілікке өшпестей
Жойқын шайқас болған екен түбіндегі
Варшава Днепрді кешіп өткен тоғыз рет талмастан,
Жаудың оғы тисе дағы оң жақ,сол жақ жамбастан
Төңкеріліп суға кетсе астындағы қайықтар
Аман қалған сал-қайыққа жауынгерлер жармасқан,
Қиын кезде атам қару екі бетке тасыпты,
Жүзген кезде алдына бір ұшқан қарға салмастан.
Отан үшін отқа түсіп,жау тылында қалмастан.

Есіне алып сұм соғыстан қайтпай қалған боздағын.
Аналардың жүрегінде қалып қойған аз ба мұң?
Атам хатты өлеңдетіп анасына жазыпты,
Соған бәлкім,тартты ма екен,менің өлең жазғаным. .....
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Ермек елдік бастауы

Ермекке толып өткені,
Ұмытылмай тұрды ел ісі,
Соғыстың соңғы көктемі,
Солдаттың асқақ жеңісі.
Ғабиден Қожахмет
Соғыс – атауы құлаққа жағымсыз, тіршілікті қан жылытатын, қасіретке толы сөз. Осыдан 71 жыл бұрын жер бетін шарпыған сол сұрапыл Ұлы Отан соғысы еді. Неміс фашистерінің аңсап келген арманына төрт жыл ішінде батырларымыз қажымас ерліктерімен тосқауыл берді. Фашистердің мақсаты жер бетін отарлап билік құру еді. Германия, Италия секілді елдер бүкіл әлемді өздеріне қаратпақ болды. Тынышымен өмір кешкелі жүрген халықтың берекетін алған фашистердің жоспары іске аспай, өздері сол соғыстың зардабын тартты. Бұл соғысқа 61 мемлекет жан-жақты ат салысты. Р.Қошқарбаев атамыздың ерлігі тарихта өз ізін қалдырды. Б.Момышұлы, Ә.Молдағұлова, М.Мәметова, Т.Бигельдинов, М.Ғабдуллин секілді батырларымыздың ерлігі арқасында қазіргі тату өмірімізге бейбіт заманымызға, қуанышты күнімізге жеттік......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: «Бейбітшілік» - қастерлі ұғым

«Бейбітшілік» деген - нұрлы сөз. Жанымызға жылылық сыйлап, көңілімізге бақыт ұялататын қастерлі ұғым. Бейбіт өмірге бұл дүниеде еш нәрсе тең келмейді. Бір кезде еліне шұрайлы қоныс, жерұйық іздеген Асанқайғы бабамыз да қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын бейбіт күнді аңсаған еді. Атамыздың бұл арманы орындалып, халқымыз бірлігі жарасқан, тату-тәтті мемлекетте, тәуелсіз Қазақстан Республикасында, бейбіт өмір кешіп жатыр. Қазақстандықтар бейбіт күннің қадірін жақсы түсінеді. Себебі өшпестей із қалдырған Ұлы Отан Соғысы әлі де еліміздің жүрегінде әрі есінде. Дүниені жаулап алмақ болған «фашизм» деген зұлымдыққа қарсы тұрған 61қаһарман мемлекет, сан миллиондаған адамдардың тілегі бір болатын. Ең ауыр да қаһарлы төрт жыл бойы абыроймен ел қорғаған батырлар, тылда қызмет еткен аталар мен әжелер, аналар мен балалар әр минут, әр сағат сайын жеңісті аңсаған еді. Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Жеңіске жету жолындамиллиондағаназаматтар қаза болды. Жаумен шайқасып ерліктің ерен үлгілерін көрсетті. Ана баласын,жарын жоғалтып,бала әкесінен, анасынан айырылып, жетім атанды. Фашистердің тұтқынында қаншама ана мен бесіктен белі шықпаған балалар соғыстың қасіретін арқалады.Бірақ ешкімнің сағы сынбады.
Бұл халық рухының, ел жігерінің мықтылығын білдіреді. Биыл Ұлы Отан Соғысы басталуының 75 жылдығы болса, Ұлы Жеңістің 71 жылдығы. Жеңіс үшін барлық халықтар біріге, жұмыла отырып әрекет етті. Бұл соғысты қайсар жүректер, батыл білектер, шыдамды әрі төзімді мінездер жеңді. Бір мақсат, бір мүдде үшін күрескен азаматтар жеңді. Отанын қорғау ең негізгі парызы деп білген, жанын аямаған қазақстандық қаһармандарымыздың ерлігі де барлық дүниеге аян.....
Шығармалар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Феодалдық қоғам қалай ұйымдасқан? 1-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 6 сынып, І тоқсан)

Пән: Дүниежүзі тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Феодализм
Сабақ тақырыбы: Феодалдық қоғам қалай ұйымдасқан? 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.1.1.1 – феодалдық қоғамның әлеуметтік құрылымын сипаттау
6.1.2.1 – үстемдік етушілер мен бағыныштылардың (феодалдар мен шаруалардың) өзара қатынасын сипаттау
Сабақ мақсаттары: - тарихи деректермен жұмыс жасай отыра, феодалдық қоғамның ерекшеліктерін білу;.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Минералдарды өндірудегі экологиялық аспектілер (қоршаған ортаға әсері) (Химия, 7 сынып, IV тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.3B Геологиялық химиялық қосылыстар
Сабақ тақырыбы: Минералдарды өндірудегі экологиялық аспектілер (қоршаған ортаға әсері)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 7.4.2.6 табиғи ресурстарды өндірудің қоршаған ортаға әсерін зерделеу
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар үйренеді
- қазба байлықтарды өндірудің экологияға тигізетін әсерлерін білу;
Оқушылардың көбісі үйренеді:
- жылыжай эфектісінің түзілуін және оның қызметін білу;
- жылыжай эфектісін түзуші газдардың қалыңдауының ғаламдық жылынуға ғаламдық алып келгенін түсіну;
Кейбір оқушылар үйренеді:
- пайдалы қазбалардың өндірудің .....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Теңсіздіктер жүйелерін шешу 1-сабақ (Б-бөлім) (Алгебра, 8 сынып, IV тоқсан)

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:Теңсіздіктер
Сабақ тақырыбы: Теңсіздіктер жүйелерін шешу 1-сабақ (Б-бөлім)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.2.2.10 біреуі сызықтық, екіншісі - квадрат теңсіздік болатын екі теңсіздіктен құралған жүйелерді шешу
Сабақ мақсаттары: • Біреуі сызықтық, ал екіншісі квадрат теңсіздіктен тұратын теңсіздіктер жүйесін шешу;
• Теңсіздіктер жүйесін құру арқылы шешілетін мәтіндік есептерді шешу, біреуі – сызықтық, ал екіншісі – квадраттық;
• Теңсіздіктер жүйесін шешу арқылы функцияның анықталу облысын табу.......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Жүйелеудің маңызы (Биология, 7 сынып, I тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тірі ағзаларды жүйелеу Тірі ағзалардың көп түрлілігі
Сабақ тақырыбы: Жүйелеудің маңызы
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): Жүйелеудің маңызын түсіндіру
Сабақ мақсаттары: Жүйелеу/систематика ұғымын біледі, анықтама бере алады;
Берілген жануарды және өсімдікті жүйелеу арқылы жіктей алады;
Таксономиялық иеарархияның ретімен айта алады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Паскаль заңы және оның қолданылуы (Физика, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қатынас ыдыстар. Паскаль заңы және оның қолданылуы.
Сабақ тақырыбы: Паскаль заңы және оның қолданылуы
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.1.3.2 – Паскаль заңы және оның қолданылуы.
10.1.3.3 – Гидростатикалық қысым
Сабақ мақсаттары: Оқушылар барлық материяның үздіксіз қозғалыста болатын бөлшектерден тұратыны туралы пікірмен танысады және осы қозғалыс көптеген құбылыстарды түсіндіретінін біледі, мысалы, газдың түсіретін қысымы. Олар материалдардың ішкі құрылымын оқып үйренеді, материяны бақылай отырып, оның моделін жасайды, материяның кинетикалық теориясымен танысады, сонымен бірге, оны белгілі процестерге қолданатын болады......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0