Реферат: Тарих | АЛАШ ТҰЛҒАЛАРЫНЫҢ КӨЗҚАРАСЫНДАҒЫ ҮНДЕСТІК

XIX ғасырдың екінші жартысынан басталған қазақ ішіндегі күрес тартыстардың басында болған қайраткерлер халқын орыс езгісінен азат етуді көздеді. Олар елін отарлаудан құтқарып, ашық түрде күреске бастады. «Олардың алға қойған мақсаттарының бірі – жер мәселесі еді. Бұл қазақ қоғамында отарлық кезеңнен бері шиеленісіп келе жатқан өзекті мәселе. Жер мәселесін шешуде қазақ интеллигенттері Ресей Мемлекеттік Думасын, патша үкіметінің әкімшілік органдарын пайдалануға тырысты» [1,4]. Қазақ тіршілігінің негізі болған жер мәселесі ертеден ақ өзекті болған. Өздерінің отарлау саясатының басты нысаны ретінде қазақтың ұлан байтақ жеріне иелік етуді көздеген патша үкіметіне қарсылық жасап, жер жерде өрістеген қарсылық көтерілістердің басы қасында болған қазақ зиялылары бұл мәселені жоғары органдар деңгейіне көтереді. Қазақтың көрнекті қоғам қайраткері Ә.Бөкейхан «Государственная Думада», «Төртінші Дума һәм қазақ» мақалаларында осы мәселені түбегейлі көтеріп, жер бөлуде қалыптасқан көзқарас пікірлердегі қайшы тұстарды саралайды. Қазақ жұртына тиімсіз болып тұрған мәселелерді ашып, көрер көзге әділетсіз шешімдерге наразылық айтады. Алдымен жергілікті жұртты орналастырып алып, содан кейін переселендерге кірісу керектігін, қазаққа мал жайылымы үшін қалдырылған жерді енді жаңа заң бойынша орысқа ұзақ жылға жалға берілмектігін айтып, өз жеріне өзі жат болған қазақ тірлігіне ара түседі [2,300 301]. Ұлт қайраткері Әлиханның халқының тағдырына түбегейлі кірісуі сан тарапты қызметінен көрінді. Ол қазақ халқының саяси әлеуметтік жағдайын ғылыми тұрғыда зерттеп, пайымдау үстінде, экспедиция құрамында қазақ жерінің біраз өлкелерін аралап, зерттеу жүргізеді. Мұның ар жағында қазақтың шежіре тарихына терең бойлап, ондағы әрбір рудың, жүздердің орналасу жүйесін анықтайды. Ә.Бөкейхан осындай белгілі бір мақсатты нысан еткен жұмыстарды тындырған соң, елге келіп қоныстанып жатқан переселендердің жай күйін зерделеп, олардың шаруашылық жағдайларының тиімді, тиімсіз жақтарына экономикалық тұрғыда сараптау жасайды. Яғни Әлихан қазақтың тарихындағы мәнді тұстарды әбден саралап, өз дәлел, тұжырымдарын ғылыми айғақтармен бекіте алған.
Қазақтың жер мәселесіне байланысты белсенді қызмет еткен тұлғалардың бірі – Мұстафа Шоқай. Өзінің саналы ғұмырын халқының жоғын түгендеуге арнаған Мұстафа Петербор университетінің студенті болып жүргенде ақ, жерлестерінің арыз шағымдарына араласып, мұқтаж істеріне қол ұшын беріп отырған. Халқының ұлттық мүддесін жоғары қойған М.Шоқай елінің бостандыққа жетуін аңсады.
Баспасөз өркендеп, сөз пәрмені күшейген кезде, басылым беттерінде қоғамдық саяси өмірде жасалған, жасалып жатқан өзгерістер мен іс әрекеттерге жан жақты пайымдаулар жасалып, көзқарастар қалыптаса бастады. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Әлеуметтану | Әлеуметтік саясат іскерлік менеджменттің құралы ретінде

Қоғамның дамудың бастапқы кезеңдерінде шаруашылық прогресі көбінесе теңсіздік пен әділетсіздікке негізделетіні белгілі .Осы күні қалыптасқып отырған нарықтық қатынастар да әлеуметтікті қамтамасыз ете бермейді.
18-19 ғасырларда өндіріс революциясы нарықтық қатынастарды өте күшті дамытты.Нарықтық қатынастардың дамуы бас бостандығы мен еркіндікке ,әлеуметтік әділеттіке жол ашып берді.Осының барлығы индустриалды елдерле әлеуметтік теңсіздікті азайту заңдылығын қалыптастырды.Жалпы алғанда,нарықтық экономиканың осы күнгі моделі біршама әлеуметтік теңестіруді көздейді деп айтуға болады.
Біріншіден, қоғамдық сананың нарық деген оған қатысушылардың өзара келісімге келуі екенін ұғыну деңгейіне жеткенін көрсетеді.
Екіншіден , нарықтық әбден толған және бәсекелестіктің қатты дамыған жағдайда тауар мен қызмет өндірушілер тұтынушылардың табысы жоғары болуына мүдделі.
Сонымен ,осы күнгі дамыған нарық қатынастарды салыстырмалы түрдегі әлеуметтік теңдіктің қалыптасуына мүмкіндік береді.Бірақ оларды іске асыру белгілі бір принциптер тұтастығына негізделген мақсаттық шараларды қажет етеді.Осы шаралар әлеуметтік саясат,немесе мемлекет саясатының әлеуметтік аспектісі болып табылады.Әртүрлі қоғамдық топтар мүдделері арақатынасын анықтауына байланысты.Экономикалық саясаттың,оның ішінде әлеуметтік саясаттың алдында қоғамдағы әртүрлі мүдделер арасындағы ең оңтайлы үйлесілімділікті табу мүмкіндік тұрады.Мемлекеттік биліктің институционалдық құрылымы барлық тұрғындардың ықылас мүдделерін ескеруі қажет.Бірақ, әрбір жеке тұрғынды есепке алу мүмкін емес,сондықтан оларды әлеуметтік топ деңгейіне дейін жеткізіп жинақтайды.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Маркетингтік жоспар

“ALSER COMPUTERS” компаниясы Қазақстанның компьютерлік нарығында 1995 жылдан бастап келеді. Қазіргі кезде бұл компания Қазақстанның ең мықты деген алғашқы компьютерлік компанияларының бірі. Ол нарықта пайда болғаннан бастап, өнімін сату көлемінің өсуімен және тұтынушыларының артуымен ерекшеленіп келеді.
Компания жоспары – Қазақстан нарығына уникалды шешімдерді құрушы және цифрлық технология әлемінде шексіз мүмкіндіктерге жол ашатын мықты компютерлік техника әлемін құру ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Пайғамбарлардың саны

Алғашқы пайғамбар - Хз. Адам, соңғы пайғамбар Хз. Мұхаммед. Бұл екеуінің арасыннда көптеген пайғамбарлар жіберілген. Ұлы Алла әрбір үмбетке бір пайғамбар жіберген. Бірақ жіберілген пайғамбарлардың саны белгісіз. Бұрынғы қасиетті кітаптарда және соңғы илаһи кітап Құран Кәрімде бұл туралы анықтама берілмеген. Пайғамбарлардың бір бөлігі Құранда атымен аталған, ал біразы аталмаған.
Құран Кәрімде аттары аталған 25 пайғамбар бар. Аталған пайғамбарлар мыналар: Адам, Идрис, Нұх, Хұд, Салих, Лұг, Ибраһим, Исмаил, Ысхақ, Яқұп, Юсуф, Шұғайып, Харун, Мұса, Дауыт, Сүлеймен, Әйуп, Зүлкәфил, Юнус, Ілияс, Елясе, Зикрия, Яхя, Иса және Мұхаммед.
Мұсылман адам осы пайғайбарлардың бәріне, әкелген діндерінің хақ екеніне иман етеді. Бірақ олардың арасында дәреже айырмашьшығы бар екенін қабылдайды. Өйткені олардың бір бөлігі — хабарлаушы. Бұларды "небилер" (енбкя) деп атайды. Оларға бет немесе кітап берілмеген. Алдыңғы пайғамбарларға уахи етілген дінді адамдарға баяндаған. Ал, небилердің бір бөлігіне бет немесе кітап берілген. Бұларды "неби-ресул" деп аталды. Әрбір расул - неби, бірақ әрбір неби расул емес.
Пайғамбарлардың бесеуі жаңа шариғатты уағыздағандықтан "үлкен пайғамбарлар" (улу'л-азм) деп аталған. Бұлар Нұх, Ибраһим, Мұса, Иса және Мұхаммед пайғамбар ....
Рефераттар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.2В Отарлау және ұлт-азаттық күрес
Сабақ тақырыбы: Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 7.3.1.5 Халықтың отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күресінің себеп-салдарын анықтау;
Сабақтың мақсаты: Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің себебі мен жүру барысын түсіну.
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Шығарма: Аңызға айналған Қостанай қаласының көрікті жерлері

Жоспар
І.Кіріспе
1. Қойнауы астыққа толы Қостанай қаласы
ІІ.Негізгі бөлім
1.Қала атауының шығу тарихы
2. Көк желек жамылған Қостанайдың көрікті жерлері
ІІІ.Қорытынды


Жүйіткіген жолдардың арасы,

Тобыл мен Торғайдың саласы

Бақыты – асыл дән, қалықтап құс әні,

Айтады ашылған Қостанай құшағы!

Серік Тұрғынбеков

Иә, шынымен де бүгінгі таңда алқабы астыққа толы алтын аймаққа айналған Қостанай – Қазақстан қалаларының ішіндегі ерекше шаһарлардың бірі.

Әдебиет тарихында өзіндік дара жолы бар, қазақ поэзиясының лирика жанрын дамытуға елеулі үлес қосқан Торғайлық талантты ақын Сырбай Мәуленов те Қостанай туралы:

Көшелері көп емес,
Көлемі онша кең емес.
Бірақ та сол Қостанай
Еш қалаңнан кем емес.
Көк ну орап көлемін,
Болмаса да безенген......
Шығармалар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Феодалдық экономика ерекшеліктері неде? 2-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 6 сынып, І тоқсан)

Пән: Дүниежүзі тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Феодализм
Сабақ тақырыбы: Феодалдық экономика ерекшеліктері неде? 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.4.2.1 – экономикалық қатынастардың формаларын түсіндіру арқылы феодалдық шаруашылықтың ерекшеліктерін сипаттау;
Сабақ мақсаттары: - феодализм мен оның белгілерін білу;
- қолөнердің саудадан бөлініп шығу себептерін және ортағасырлық қалалардың пайда болу себептерін анықтау;
- орта ғасырдағы еңбекті цехтық ұйымдастыру түрін сипаттау......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Тірі ағзалардың сан алуантүрлілігі. (Жаратылыстану, 5 сынып, IV тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Экология және тұрақты даму
Сабақ тақырыбы: Тірі ағзалардың сан алуантүрлілігі.
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары:
Ағзаларды тірі табиғат дүниесіне жіктейді.
Сабақ мақсаты: Барлық оқушылар үйренеді: тірі ағзалардың бес патшалықтардың негізгі ерекшеліктерін біледі;
Көптеген оқушылар үйренеді: әрбір патшалықтың өкілдерін және оларға тән белгілерді сипаттай алады;
Кейбір оқушылар үйренеді: қосымша ақпаратты қолдану арқылы қыныларды, археи және т.б. тірі ағзалар топтарының ерекшеліктерін зерттей алады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Өз ойыным 1-сабақ (Информатика, 4 сынып, I тоқсан)

Пән: Информатика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Бағдарламалау
Сабақ тақырыбы: Өз ойыным 1-сабақ
Оқыту мақсаты: 4.4.2.2 өз сценарийіңізге сәйкес ойын құру
Сабақ мақсаты: • scratch.mit.edu сайтында өз ойын құра білу;
• жобаңызды ұсына білу;
• ойынды тестілеуді үйрену;
• ойын нысандарын өзгертуді үйрену.......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Судың биологиялық рөлі (Биология, 7 сынып, I тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Су және органикалық заттар
Сабақ тақырыбы: Судың биологиялық рөлі
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: Оқушылар орындай алады:
1. Судың қасиеттерін зерттеу (тәжірибе негізінде)
• беттік керілу;
• тұщы және тұзды сулардың қайнау және қату температуралары;
• су – еріткіш ретінде;
• адгезия және когезия.
2. Тәжірибе нәтижелерін талқылау
3. Судың маңызы және оның рөлін сипаттау
Сабақ мақсаттары: • Судың қасиеттерін зерттеу үшін бірнеше тәжірибе жүргізеді: беттік керілу, балқу және қайнау температурасы.
• Анықталған қасиеттердің тірі ағза үшін маңызын талқылайды.
• Көптеген маңызды тіршілік үдерістерінің судың қасиеттеріне негізделгенін түсінеді.
• Табиғаттағы және тірі ағзалардың тіршілігі үшін судың маңызын және оның рөлін демонстрациялайды........
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
1 0