Реферат: Экономика | Еңбекақы шегерімдері

Жұмыс беруші еңбеккерлердің жалақысынан әрекет етіп тұрған заңға сәйкес әртүрлі ұсталымдар жасайды: міндетті зейнеткерлік жарнасын жинақ зейнеткерлік қорға; жеке табыс салығын, атқару парақтарын (сот үкімінің қағаздары бойынша), сондай-ақ еңбеккерлердің өзі берген өтініші бойынша ұсталымдар жасалады, сонымен қоса олардың (еңбеккерлердің) келісімінсіз: қайтарылмаған аванстар, жұмыстан шыққанда істемей кеткен уақыты үшін, әкелген зияндары үшін т.б. ұсталымдар ұсталынады.
Табыс салығын ұстау. Салықтар – ұлттық табыстың бір бөлігі болып табылады. Салықтар арқылы жинақталған қаражат жалпы мемлекеттік мұқтаждарға жұмсалады. Қызметкерлердің салық салынатын табысынан тек жеке тұлғалардан Салық Кодексінің 145 бабы бойынша көрсетілген ұсталымдар толық ұсталады.
Жеке табыс салығын ұстаған кезде 681, 682 шоттары дебеттеліп, 634 шоты кредиттеледі.
Атқару құжаттары бойынша ұсталымдар. Сот шешімдері, нотариалдық органдардың атқару жазбалары, сондай-ақ даусыз түрде өндіріп алу туралы әкімшілік органдарының қабылдаған қаулыларға сәйкес берілетін атқару құжаттары бойынша ұсталымдар негізгі еңбек төлемінен де, сондай-ақ тұрақты сипаты бар барлық қалған төлемдерден де, оның ішінде сыйлықтардан, зейнетақылардан, жұмысқа уақытша жарамсыздығы бойынша берілетін жәрдемақылардан т.б. алынады. Келіп түскен атқару құжаттары арнайы тізімге тіркеліп және әрбір төлеуші бойынша бухгалтерияда олардың жеке есебі жүргізіледі.....
Рефераттар
Толық
0 0

Шығарма: Қазақ батырлары

Біз солдаттың немересіміз,
Кеш келдік мына жарқын қоғамға,
Жүрілмеген жатыр қанша жол алда.
Біз көбіміз атамызды білмейміз,
Біздер жайлы түк білмейді олар да.
Иә, біз соғысты көрген жоқпыз. Соғыстың қасіреті мен қайғысын, жау зеңбірегінің жарылысы мен сол зеңбіректен жасырынған балалардың үрейлі жанарын, жаралы жауынгердің азабы мен жауған оқтың астынан жаралы әскерді алып шықпақ болып, дәрмені жетпей шарасыздықтан жылаған бүлдіршін қыздың жан қиналысын да көрген жоқпыз.
Қан майданның қақ ортасында болған аталарымыз бен апаларымыздың даңқын, ерлік істерін біздер тек тарихи кітаптар мен көркем туындылардан ғана білеміз. Қанды қырғынның ортасында жүргенде қалай ерлік жасасам екен деп ешкім де ойламайды. Адам ерлікті атын шығару үшін емес, жүрек қалауымен, адал сезіммен істейді. Соғыс кезінде ата –бабаларымыз бен аналарымыз атақ, даңқ үшін емес, елін, жерін, туғандарын қорғап, жанындағы жолдастарына қорған болуды ғана ойлады. Өзінің емес, өзгенің бақытын, өзгелердің амандығы үшін күресті. Сонда ғана жеңіске жетіп, жеңілмеудің жолын таба білді........
Шығармалар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Қазақстанның Ресей империясына қосылуының аяқталуы 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІІІ тоқсан)

Пән: қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.3А Отарлау және ұлт-азаттық күрес
Сабақ тақырыбы: Қазақстанның Ресей империясына қосылуының аяқталуы 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты: 7.3.1.2 – Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайын талдау;
7.3.2.2 – Қазақ хандығының сыртқы саясатының нәтижелерінанықтау
Сабақтың мақсаты: XIX ғ Ұлы жүзде қалыптасқан саяси жағдайды анықтап, аймақтың Ресей құрамына ену ерекшеліктерін зерттеу...
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Княгиня Ольганың Константинопольге сапары Киев Русін қалай өзгертті (Дүниежүзі тарихы, 7 сынып, І тоқсан)

Пән: Дүниежүзі тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Рим империясының құлауы
Сабақтың тақырыбы: Княгиня Ольганың Константинопольге сапары Киев Русін қалай өзгертті
Оқу мақсаттары: Византияның дипломатиялық саясатын оның көршілес елдермен қарым-қатынасының мысалында қарастырып, сипаттау
Сабақтың мақсаттары: Шығыс Рим империясының сыртқы саясатын сипаттап, оның ұзақ өмір сүру себептерін түсіндіреді ......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Эссе: Мақсат

Мақсат. Қыран құс ұшар шыңының ең биігіне жеткенде қанатын айқара жаяды. Қасқыр отарға шапқанда, бүкіл қойдың біразын бауыздап, айналаны қызыл қан қылып, қырып салып, ішінен біреуін таңдап жейді. Ал, адам ше? Адам мақсатқа жеткенде қалай рақаттанады? Мақсатқа жеткендегі жеңіс дәмі қаншалықты тәтті? Неліктен қиналып қол жеткізген табыс жаныңа жақынырақ, басқа жетістіктерден маңыздырақ болады? Мысалы, мен биыл тоғызыншы оқу жылын бастадым. Биылғы оқу жылын байқаумен бастау менің қысқа мерзімді мақсатым немесе қысқа дистанциядағы марафоным. Өмір адамды жарыста ғана өсіре ме? Әлде табысқа жету деген - күштілігіңді, ептілігіңді, қабілет - дарыныңды, тіпті мүмкіндігіңді көрсететін меже ме? Дәл солай сияқты көремін.

Ендеше, әр мақсаттың өз шыңы, оған жетудің өз жолы болатыны анық. Еңбекпен жеткен жеңіс – Хан Тәңірі де, көмекпен, демеумен, итермелеумен қолға жүсірген табыс – жай ғана қоңыр төбе. Менің осы жылдарда тындырған істерім – өзім үшін, еңбек етіп жүрген ортам үшін қандай да бір табысқа қол жеткізгендігімнің нәтижесі. Мен бұдан қандай ләззат алдым? Өстім, бұл – анық. Бірақ адам қалпымды қаншалықты сақтай аламын? Енді «бәрін білдім, үйрендім, толдым»,- демеймін бе? Жеңістің тәтті дәміне масайрап кеткен адамдар жайында естіп, кинодан көріп, ғаламтордан танып жүрмін. Бұл байқау мұғалімге не үшін керек дерсіз? Өзім үшін! Не істеп жүргенімді өзім білмейтін, құр статистика құрбаны болып жүрген уақыттарда болды. Уақыттан да ұялу қажет. Менің қазіргі мақсатым – өзімді-өзім жетілдіріп, алдымда отырған Қазақстанның болашақ жастарын адами қасиеттерге ие азамат(ша) қылып тәрбиелеп шығару. .....
Эсселер
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Мәтіндік есептерді шығару 2-сабақ (Алгебра, 9 сынып, IV тоқсан)

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ықтималдықтар теориясының элементтері
Сабақ тақырыбы: Мәтіндік есептерді шығару 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 9.3.2.5 есеп шығару барысында геометриялық ықтималдықты қолдану
Сабақ мақсаттары: - кездейсоқ ықтималдықтың геометриялық анықтамасын білу;
- есеп шығару барысында ықтималдықтың геометриялық анықтамасын қолдана алу......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): ДНҚ молекуласының құрлысы мен қызметі (Биология, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Молекулалық биология және биохимия
Сабақтың тақырыбы: ДНҚ молекуласының құрлысы мен қызметі
Оқыту мақсаттары: ДНҚ құрлысы мен қызметі арасындағы байланысты анықтайды
Сабақтың мақсаты: ДНҚ молекуласының құрлысы мен қызметі туралы білімді бекіту......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Жануарлар арасындағы қарым-қатынас 1-сабақ (Жаратылыстану, 3 сынып, I тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жанды табиғат. Жануарлар
Сабақтың тақырыбы: Жануарлар арасындағы қарым-қатынас 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 3.2.2.3 табиғаттағы жануарлардың өзара қарым- қатынас түрлерін сипаттау;
3.1.2.2 ақпарат көздерінің артықшылығы мен кемшілігін анықтау.
Сабақтың мақсаты: Бәсекелестік, түрішілік бәсекелестік, түраралық бәсекелестік пен бейтарап қарым-қатынас ұғымдарын түсінеді. ......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Біз бір топпыз ойыны

Мақсаты: - топта бірлесе жұмыс істеу дағдыларын дамыту;
- топтың бірлігін қамтамасыз ету.

1. «Баспа машинкасы» ойыны
Ойынның барысы: «Бүгін біз топта қалай жұмыс істей алатынымызды тексеріп көрейік. Ал, ол үшін баспа машинкасымен сөздерді басу процесін көзімізге елестетіп, оны ойша және еркін орындап көруіміз қажет». Біз машинкамен басып шығатын сөз өзімізге таныс өлең жолдарынан алынған болса болады. Мысалға, «Алтын күн аспаны...». Әрбір қатысушы өлең жолдарында берілген сөздердің бір - бір әрпін дауыстап атайды да, қолымен жазады («Алтын күн...»). Әрбір сөз жазылып біткен соң тыныс белгісінің орнына барлық қатысушылар орындарынан тұрып аяқтарымен жерді тебеді, ал әрбір жол аяқталған кезде қолдарын шапалақтап соғады. Осы арада айта кетер жайт, ойынның бір шарты бар: қателескен бала - ойыннан шығады. Сонымен бірінші оқушы бірінші әріпті атап, ауада жазады, ал екінші оқушы – екінші әріпті... Тыныс белгілерін ұмытуға болмайды.
«Бастадық, енді кімнің ойыннан шығатынын, ал кімнің жеңімпаз атанатынын байқайық!». Барлықтарыңызға рахмет! Осымен ойынымыз аяқталд .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Бәрін білгім келеді

Мақсаты: Балалардың алған білімдерін қорытындылау, одан әрі толықтыру. Балаларды шапшаңдылыққа, ұқыптылыққа талпындыру.
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, суреттер, т. б.
Әдіс - тәсілдер: Көркем сөз, сұрақ - жауап, жұмбақтар, жаңылтпаш.

Жүру барысы:
Жүргізуші.
Білімдіден шыққан сөз,
Талаптыға болсын кез.
Нұрын, сырын көруге,
Көкірегінде болсын көз. .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0