Сабақ жоспары (ұмж): Практикалық жұмыс № 3 «Кейбір аниондарға сапалық реакция» тақырыбына эксперименттік есептер шығару (Химия, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Маңызды p-элементтер және олардың қосылыстары
Сабақ тақырыбы: Практикалық жұмыс № 3 «Кейбір аниондарға сапалық реакция» тақырыбына эксперименттік есептер шығару
Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары: 10.2.1.43 хлорид-, бромид-, йодид-, сульфат-, карбонат-, фосфат-, нитрат-, силикат- иондарына сапалық реакцияны білу;
10.2.1.44 аниондарды анықтау бойынша тәжірибе жоспарын құру және оны іс –жүзінде жүзеге асыру;
Сабақ мақсаттары: Хлорид-, бромид-, йодид-, сульфат-, карбонат-, фосфат-, нитрат-, силикат иондарын анықтау үшін тесттерді жүргізе білу.
Берілегн сапалық талдау бойынша реакция теңдеулерін жаза алу......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Квадрат теңсіздіктер (Интервалдар әдісі) 1-сабақ (Алгебра, 8 сынып, IV тоқсан)

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар: 8.4 С: Теңсіздіктер
Сабақ тақырыбы: Квадрат теңсіздіктер (Интервалдар әдісі) 1-сабақ Мектеп:
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 8.2.2.8 квадрат теңсіздіктерді шешеді;
Сабақтың мақсаты: Тақырып аясында берілген есептерді шығара алады, яғни теориялық алған білімін практикада қолдана алады....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: Технология | Қаладағы көлікпен байланысты экстремальдық жағдайлар

Адамның өзі жасаған өмір суру ортасының бірден бір бөлігі – көлік жүйесі.Кез-келген адам өзінің жасына немесе мамандығына қарамастан әр күнді осы көліктің түрлерімен күнделікті пайдаланып жатады.Көлік адамның,тіпті қоғам өмірінің боліп тастауға келмейтін белсенді бөлігі.
Бүгінгі заманғы көлік жүйесі қоғамдық (теміржол, автокөлік, теңіз,өзен, әуе көлігі және труба арқылы) және жекеменшік болып екіге бөлінеді.Жоғарыда айтылғанның бәрі көлік жүргізушілер үшін ғана емес,айнала қоршаған орта үшін де аса қауіпті аймақ болып есептеледі.
Теміржол көлігі.Қазіргі замандағы теміржол жүйесі аса қауіпті аймақ ретінде белгілі.Жүк таситын пойыздар 90 км/сағ., ал жолаушы пойызы- 140 км/сағ. Жылдамдығымен жүре алады.Жолаушылар таситын пойыздың жалпы салмағы 1000 т. асса,жүк пойыздарының салмағы одан бірнеше есе ауыр болып келеді,сондықтан пойыз құрамасы бірден тоқтамай алмайды.Пойыздың тежеу жолы бірнеше жүз метрге созылады.
Теміржолдарда ірі-ірі апаттар, мыңдаған шағын оқиғалар болып тұрады,темір жол ұйымдары үлкен зиян шегіп жатады, тіпті адам өлімдері де болып тұрады.
Пойыздармен тасымалданатын жүктердің 3000-нан астам түрлері қауіп туғызатын химиялық заттар екен.Олардың ішінде 0орша5ан орта5а6 табиғатқа,адамдарға ,үлкен залалын тигізетін газ,химиялық заттар, жанғыш заттар сияқты жарылысқа әкелетін, уландыратын, ауру тарататын зардабы бар жүктер өте жиі кездеседі.
Тыйым салынады:
 Вагонның төбесінде, баспалдағында , вагондардың арасындағы алаңдарға жолаушылардың журуіне болмайды;
 Жүріп келе жатқан пойызға мінгізуге (түсүруге)болмайды
 Жүріп келе жатқан пойыздың вагондарының терезесінен, есіктерінен шығып немесе бас шығарып қарауға болмайды
 Вагондарда жеңіл жанғыш, жарылғыш заттарды алып журуге болмайды
 Платформадан темір жолға секіруге болмайды
 Вагонда, тамбурда,арнайы орындардан басқа жерде темекі шегуге болмайды
 Пойыз өтіп келе жатқанда, платформаның шетіне 2м жақын тұруға болмайды.
Пойыздың құрамасының үстіне шығу,әсіресе, электрленген темір жолдардағы пойыздарға, контакты сымдарға 2 метрге жақындау адам өміріне аса қауыпты.
Әуе көлігі.
әуе көлігіндегі қаупсіздік келесі жолдармен қамтамасыз етеді:
 Жолаушылардың өздерін және қол жүктерін тексеріп отыру
 әуе кемелерін арнайы тексеру
 әуе кәсіпорындарындағы өткізу тәртібі мен объектінің ішкі тәртібін ұйымдастыру және қатал қадағалау
 авиациялық техникалардың күзетін қамтамасыз ету
 әуе кемелерін басып алуды қамтамасыз ету үшін қажетті күш пен заттарды дайындау
 әуе жай мен азаматтық авиация объектлілерін қоршау
Осы аталған іс-шаралардың кейбіреуін қарастырайық.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Параллельді байланысқан тізбектердің индуктивтілігі

Менің курстық жұмысымның атауы «Параллельді байланысқан тізбектердің индуктивтілігі» деп аталады. Оның алу себебі, индуктивтіліктің түрлерін және олардың тізбектегі атқаратын ролін анықтап көрсету. Осы жұмыста қарастырылатын тақырыпшалары: тізбекте индуктивтіліктің байланысы, тізбектей байланысқан индуктивтілік, параллельді байланысқан индуктивтілік.
Мақсатым: берілген тақырыпшаларына атауларына сай схемаларын және формулаларын есептеу қорытындылау, және оларды жалпы сипаттау.
Айтуы бойынша, индуктивтілік не деген сұрақ пайда болады. Оған біраз тоқталып кетейік, индуктивтілік - токтың тудыратын магнит өрісі инд-сы векторының В модулі ток күшіне пропоционал болады. Ф магнит ағыны В-ға пропорционал болғандықтан, Ф~В~І болады. Демек, Ф=LI болады, мқндағы L өткізгіш контурдағы ток пен осы контурды тесіп өтіп жатқан магнит ағынының арасындағы пропорционалдық коэффициенті. L шамасын контурдың индуктивтігі немесе оның өздік индукция коэффициенті деп атайды ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | ЭКОНОМИКАНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ НАРЫҚТЫҚ СИПАТЫ

Әкімшілдік-әміршілдік экономика; экономиканың нарықтык моделі, экономиканың аралас моделі, нарықтық механизм, биржа, аукцион, баланстанған нарық, ұлттық нарық, монополиялық және олигополиялық нарық, аймақтық нарық, салалық нарық, ресми нарық, көлеңкелі нарық, қызмет атқаратын нарық, сатушы нарығы, сатып алушылар нарығы, еңбек нарығы, тұрғын-үй нарығы, өндіріс кұрал-жабдығы нарығы, қаржы нарығы, қарыз капиталының нарығы, бағалы қағаздар нарығы, патентгік, лицензиялық, ойлап-тапқыштық нарыктары, акпараттық нарық, нарық қызметтері, нарықтық экономиканың субъектілері, нарыктық экономиканың инфрақұрылымы.
1. ЭКОНОМИКАНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ НАРЫҚТЫҚ СИПАТЫ
«Меншік теориясы мен экономикалық жүйе моделдері» такырыбында адамның коғамда өмір сүру тарихында экономиканы ұйымдастырудың үш моделі қалыптасқандығын айтқанбыз. Олар: а) жоспарлы-нұсқаулы; ә) нарықтық; б) аралас болып келеді. Жоспарлы-нұскаулы экономика жағдайында шаруашылықты үйымдастырудын әкімшілдік-әміршілдік механизмі ендіруші үстемдігіне негізделген. Мұндай жағдайда нарықтық инструмент кажет емес. Тауар өндіруші мен түлъшушылардьщ арасындағы шаруашылык байланысы орталық орган арқылы жоспардың кемегімен жүзеге асады. Әміршшаік модельде барлығы ертерек есептелініп, бар позиция бойынша алдын-ала баланс жасалады. Орталықгың жоспарлаушы органдары нұсқау түрде төменгі үйымға нені өндіруді және кімге, қандай бағамен өндіруді анықтап береді. Мұндай модельдің негізгі принципі: «Қолымыздан не келеді, соны өндіреміз; қолда не бар, соны алыңыз». Орталықтан бекітілген қор бойынша материалдық ресурстарды жоспарлы бөлу — экономиканың осындай моделінің негізі болып табылады. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Эссе: Ауылымды сағынып жүрмін

Бүгін тағы да түс көрдім. Таңғы арай. Мейірім толы бір таныс өлке өз-өзіне шақырады. Танауымды қарып өткен таңғы салқын ауа мұнша жылы сезілетінін кім білген? Жағасында сайран салып, құмнан соғылған қалашықтың ханшайымы сезінетін арғы беті көкжиекпен астасқан өзіміздің тып-тынық көл жағасында келе жатырмын. Менің балалық бал дәуренімнің бар естелігін, шад-шадыман күлкімді қойнауына сақтап қатпарлы жар әжімді қарт секілді күліп қарайды. Аяғы әсте тайып сонау басынан төменге дейін сырғанап құлап, сонан соң рахаттана күлетін балапан қыздың бойжетіп, өзіменен бой жарыстырып тұрғанына таңырқап қарайтын секілді. Қораздың ку-ка-ре--ку-лап шақырған жағына бет алдым.

Көтерілген күнмен таласа оянып, ауыл адамдары шаруасына кірісіп кеткелі қашан. Қой-ешкілерді шетеннен шығарып, көршілерімен шүйіркелесіп атам жүр. Немерелері көрпесін тартып алып, әдеттегідей әжем тоңып оянса да, "Нұрболым" (мінезі ер баланыкындей деп ер баланың атымен атайтын) деп ерекше махаббатпен иіскеп, шелегін сөмке секілді қолына іліп, мөңіреген бұзауларды енесімен табыстыруға бет алады. Жеңгем қайнатқан самауырдың кернеуінен будақтата шығып, масаханада тәтті ұйқыда жатқандарды түтін түрткілеп оятуда. Үйдегілер бірінен соң бірі сап салқын сумен бетін шайып үлкен дастархан басына жиналады......
Эсселер
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Қазақстандағы 1986 жылғы Желтоқсан оқиғалары (1-сабақ) (Қазақстан тарихы, 9 сынып, ІV тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: ҚР дамуы (1997 ж-бүгінгі күнге дейін)
Сабақтың тақырыбы: Қазақстандағы 1986 жылғы Желтоқсан оқиғалары (1-сабақ)
Сабақтың мақсаты: Әміршіл-әкімшіл саясатқа қарсы халық наразылықтарын салыстырып, себептерін анықтау
Оқу мақсаты: 9.3.1.4 - әміршіл-әкімшіл саясатқа қарсы халық наразылықтарын салыстыру....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Мәтінді теру және өңдеу 1-сабақ (Информатика, 3 сынып, I тоқсан)

Пән: Информатика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Сөз артында сөз (ортақ тақырып: «Жақсы деген не, жаман деген не?»)
Сабақтың тақырыбы: Мәтінді теру және өңдеу 1-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асатың оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 3.2.1.1. мәтіндік редакторда қарапайым сөйлемдерді теруді жүзеге асыру;
3.1.2.1 компьютерлік программалар қолданушының міндеттерін шешу үшін қажет екенін түсіндіру;
3.1.2.2 компьютерлік программаларда файлдарды ашу және сақтау командаларын пайдалан
Сабақтың мақсаттары: Оқушылар...
• мәтіндік редактордың қызметін түсіндіреді;
• мәтіндік редакторды іске қосады;
• компьютерлік мәтінді өндейді;
• арнайы батырмаларды қолданады;
• құжатты сақтайды.......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Бүкіләлімдік тартылыс заңына есептер шығару 2-сабақ (Физика, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Динамика
Сабақ тақырыбы: Бүкіләлімдік тартылыс заңына есептер шығару 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.1.2.2 – бүкіләлемдік тартылыс заңын түсіну және ғарыш аппараттарының қозғалысын сипаттау
Сабақ мақсаттары: Оқушылар кез келген массасы бар дененің айналасында гравитациялық өрістің бар екендігін өзара тартылыс әсерінен пайда болатындығын және ғаламшар айланасындағы ғарыш аппараттарының қозғалысы бүкіләлемдік тартылыс күшіне байланысты екенін түсіндіреді.........
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Д.Рикардоның өмірі

Халықаралық экономикалық қатынастардың дәстүрлі және ең кең дамыған нысанына сыртқы сауда жатады. Дүние жүзінің барлық елдері үшін сыртқы сауданың рөлі ерекше маңызды.
Американ ғалымы Дж.Сакстың пікірінше «қандай бір ел болмасын оның экономикалық жетістігі сыртқы саудаға байланысты. Дүниежүзілік экономикадан оқшауланып, ешқандай ел дені сау, жөні түзу экономика жасай алған жоқ».
Халықаралық сауда – еңбек бөлінісі негізінде әр түрлі елдердің тауар өндірушілері арасында пайда болатын байланыстардың нысаны және олардың өзара экономикалық тәуелділігі.Ал егер нақты ғылыми тілмен айтатын болсақ, халықаралық сауда дегеніміз – дүние жүзі елдері арасындағы төлемді, жиынтық тауар айналысы.
Ғылыми-техникалық прогрестің ықпалымен экономикада жүріп жатқан құрылымдық өзгерістер, өнеркәсіп өндірісінің мамандануы мен кооперациялануы ұлттық шаруашылықтардың қарым-қатынасын күшейтеді. Мұның өзі халықаралық сауданың мейлінше дамуына мүмкіндіктер туғызады.
Сыртқы сауда айналым механизмі мен халықаралық сауданы реттеуді жақсы түсіну үшін, қазіргі сауда саясатының негіздері берілетін, ең маңызды халықаралық сауда теорияларымен танысу қажет.
Мемлекеттер не үшін саудамен айналысады? Елдер арасындағы сауданың негізін не құрайды? Деген сұрақтарға көптеген ғалымдар барлық тарихи кезеңдерде өз жауаптарын беруге тырысқан.
Сол ғалымдардың бірі – Давид Рикардо «Саяси экономияның және салық салудың принциптері» деген еңбегінде екі мемлекет арасындағы айырбас қай шектерде тиімді екенін және халықаралық маманданудың критерийлерін айқын көрсете отырып, салыстырмалы артықшылық теориясын көпшілікке ұсынды.
Міне осы жайлы біз сөз қозғаймыз. ....
Рефераттар
Толық
0 0