Реферат: Сөз және оның контексте қолданылуы

Сөз мағынасынан әр тілдің өзіңдік ерекшелігі мен өзіндік бояуы, ұлттық сипаты болады. Сөздің мағыналық жағынан дамуына сыртқы себептер де, ішкі себептер де ықпал етеді. Әсіресе, сөздің мағынасының өзгеруіне ішкі себептерден гөрі сыртқы себептер көбірек әсер ететіндігі байқалады. Сөз мағынасының ішкі (лингвистикалық) өзгерістерінің бір себебі, жаңа сөз немесе жаңа мағына сөздік құрамға келіп косылғанда, бұрыннан тілде бар сөздердің мағыналарымен өзара қарым-қатынасқа түсіп, солармен синонимдік байланыста жұмсалады. Мұндай жағдайда байланыс екі жақты болуы мумкін. Сөздік құрамға келіп қосылған жаңа сөз не жаңа мағына бұрыннан тілде өмір сүріп келе жатқан байырғы сөздер мен мағыналарға қандай әсері болса, байырғы сөздер мен байырғы мағыналардың жаңа сөздер мен жаңа мағыналарға да соңдай әсер етуі ықтимал.
Сөз мағынасының дамуы нәтижесінде мағына не кеңейіп, не тарайып отыру заңдылықтары туады.
Сөз мағынасының кеңеюі деп сөздің тұлғасын өзгертпей-ақ бұрыннан белгілі мағынасының үстіне жаңа қосымша мағыналарға ие болуын айтамыз. Ол негізінде метафоралық, метонимиялық және синекдохалық тәсілдер арқылы іске асады. Осы күні жиі айтылатын талқылау, қарау, табыс, жарыс, мүше, құру, құрылыс, қатынас, байланыс, жұрнақ, жалғау, тасымал, айналым, құн т.б. — бәрі де халықтық бұрынғы мағынасының негізінде жаңа мағынаға ие болған сөздер. Мысалы, талқылау бұрын «теріні талқыға салып жұмсарту» мәнінде қолданылса, кейін оған қоса «мәселені жан-жақты тексеріп, пікір алысу» мәнінде айтылатын болды. Байланыс — бұрынғы «қарым-қатынас, аралас» мәнінің үстіне кейін «хат-хабар, телефон, телеграф арқылы қатынас жасау орны, мекеме» мәніне ие болды. Күн - бұрын «кісі өлтіргені үшін айыпкердің не оның руының мал басымен беретін төлемі»
мәніңде болса, қазір саяси экономиканың термин ретінде қолданылады. Халық тілінде ежелден белгілі айдар сөзінің («адамның төбесіне қойылатын бір шоқ шаш») мағынасы кеңейіп, қазір газет-журналдарда «бір тақырып төңірегінде ұдайы берілетін материалдардың жалпы атауын» білдіретін болды.
Сөз мағынасының тараюы тарихи, қоғамдық, әлеуметтік т.б. жағдайларға байланысты сөздің кейбір мағынасының қолданыстан шығып қалуын білдіреді. Мысалы, көне түркі тілінде тон, тары деген атаулар кең мағынасыңда қолданылған. Тон — тек «қой терісінен тігілген киімді» ғана емес, «жалпы киім» атаулыны, тары — тек «дәнді дақылдардың бір түрін» емес, «егін, астық» атаулыны білдірген. Қол — «адамның дене мүшесі» ұғымымен бірге, тарихи, «әскер, жасак» ұғымында да қолданылған. Қарындас — көне түркі тілінде, ежелгі қазақ тілінде, қазіргі кейбір түркі тілдерінде «туысқан, бір тектес адамдар» мәнін білдірсе, қазіргі қазақ тілінде «бірге туған кіші қыздың ағасына туыстық қатынасын», болмаса «жасы үлкен ер адамның әйел балаға айтатын сөзін» білдіріп, мағынасы тарылған. Бірқатар сөздің қолданылу өрісі, мағынасы тарылғаны соншалық, олар тек бірен-саран фразеологиялық тіркестерде ғана сақталып қалған: міз бақпау, түлен түрту, қаншырдай қату, мұрны қолақпандай т.б.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Монополистік бәсеке түсінігінің шығуы

Нарықтық экономикалық қарым-қатынастар жүйесін орнықтыру – Қазақстан Республикасында, тағы да басқа бұрынғы социалистік елдерде атқарылатын реформаның түп қазығы іспеттес. Нарықтық экономиканың әміршілдік-жоспарлықтан басты айырмашылығы-өндірісті дамытудың негізгі қозғаушы күші және реттеушісі ретінде бәсекелестіктің пайда болуы.
Нарықтық экономикасы дамыған елдерде бәсекелестік қарым-қатынастарды қорғау және өркендету, монополияға қарсы заң және соған негізделген мемлекеттік реттеу мемлекет белсенді түрде кірісетін негізгі аясының бірі болып табылады. Әміршілдік-жоспарлы жүйеде монополизм әлеуметтік бағдардың кепілі және негізгі сипаты да, ал монополияға қарсы саясат жоқтың қасы болболды, сондықтан да мемлекеттік монополияға қарсы саясатты жасақтау- мемлекеттің өтпелі кезеңдегі ең маңызды ұйымдық-басқарулық парызы болмақ..
Монополияға қарсы саясат мемлекеттік реттеу жүйесінің құрамдас және қажетті бөлігі болып табылады және оның басқа да әдістерімен, түрлерімен тығыз байланыста, сондай-ақ бұл өзара әрекет пен өзара кірігу жылдан-жылға күрделі де сан алуан боп барады. Мемлекет иелігінен алу, жекешелендіру, баға мен сыртқы сауданы ырықтандыру, кәсіпкерлікті дамыту ең ақырында бәсекені дамытуға арналған. Бұл жерде монополияға қарсы саясат үйлестіруші буын боп шығады. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Шығарма: Тәуелсіздіктің бағасы

Тәуелсіздік бабалар армандап өткен, бағасы жоқ тым қастерлі дүние. Халқымыз бостандықты аңсап, Тәуелсіздікке зарығып жетті. Тәуелсіздік жолында еліміз аз қиыншылық көрген жоқ. Тәуелсіздік – ата-бабамыздың ежелден келе жатқан арманы. Халқымыздың бостандыққа ұмтылысының және өшпес қайсар рухының арқасында тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл күнге дейін жеткен ұмытылмас оқиғалар – ел бостандығын қорғау соғыстары мен ұлт-азаттық көтерілістердің....
Шығармалар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Қазақ хандығының әлеуметтік құрылымы 2-сабақ (Қазақстан тарихы, 6 сынып, ІV тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қазақ хандығының XVI – XVII ғасырлардағы дамуы.
Сабақ тақырыбы: Қазақ хандығының әлеуметтік құрылымы 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): Қазақ хандығындағы әлеуметтік топтардың орнын анықтау
қоғамдық-саяси өмірдегі батыр, би, сұлтан, жыраулардың қызметтерін анықтау
Қазақстан аумағындағы мемлекеттердің билік жүйесінің ерекшеліктерін анықтау
Сабақ мақсаттары: Қазақ хандығындағы әлеуметтік топтардың орнын анықтау
:қоғамдық-саяси өмірдегі батыр, би, сұлтан, жыраулардың қызметтерін анықтау.
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Орта ғасырлар тарихынан нені оқып үйренеміз? (Қазақстан тарихы, 7 сынып, І тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.1A VI – IX ғғ. Қазақстан
Сабақ тақырыбы: Орта ғасырлар тарихынан нені оқып үйренеміз?
Оқу мақсаты: VI-IX ғғ. мемлекеттерді білу және картаны қолдану арқылы саяси үдерістерді түсіндіру.
Сабақтың мақсаты: • Білу және түсіну Ерте орта ғасырлық түркі қағанаттарының аттарын, орналасқан аумағын атап картадан көрсетеді;
• Қолдану Ерте орта ғасырлық қағанаттарды картадан көрсетіп, оларды кескін картаға түсіре алады;
• Сыни ойлау Ежелгі Қазақстан мен Орта ғасырлардағы саяси үрдістер арасындағы байланысты тауып түсіндіре.
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Абылай ханның ішкі және сыртқы саясаты 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, І тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.1B XVIII ғасырдағы Қазақ хандығы
Сабақ тақырыбы: Абылай ханның ішкі және сыртқы саясаты 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты: 7.3.2.2. Қазақ хандығының сыртқы саясатының нәтижелерін анықтау
Сабақтың мақсаты: Абылай хан тұсындағы Қазақ хандығының сыртқы саясатын түсіну.
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Княгиня Ольганың Константинопольге сапары Киев Русін қалай өзгертті? 1-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 6 сынып, І тоқсан)

Пән: Дүниежүзі тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Рим империясының құлауы
Сабақ тақырыбы: Княгиня Ольганың Константинопольге сапары Киев Русін қалай өзгертті? 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.3.2.4 – Византияның дипломатиялық саясатын оның көршілес елдермен қарым-қатынасының мысалында қарастырып, сипаттау
Сабақ мақсаттары: - Византияның дипломатиялық ерекшеліктерін, Киев Русімен қарым-қатынасын анықтау......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Гендік модификацияланған ағзаларды қолданудың этикалық сұрақтарын талқылау (Биология, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Биотехнология
Сабақтың тақырыбы: Гендік модификацияланған ағзаларды қолданудың этикалық сұрақтарын талқылау.
Оқу мақсаттары: 10.4.3.4 Гендік модификацияланған ағзаларды қолданудың этикалық сұрақтарын талқылауды жетік меңгеру.
Сабақтың мақсаттары:
• Гендік модификацияланған ағзаларды дұрыс қолдануды;
• Гендік модификацияланған ағзаларды қолданудың этикалық сұрақтарын талқылауды жүзеге асыруды үйрету......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Презентацияға арналған ақпарат 1-сабақ (Информатика, 3 сынып, IV тоқсан)

Пән: Информатика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Презентацияны безендіру
Сабақ тақырыбы: Презентацияға арналған ақпарат 1-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асатың оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 3.1.2.2 компьютерлік программада файлдарды ашу және сақтау командаларын пайдалану;
3.2.1.3 құжаттағы ерекшеленген мәтінді қиып алу, көшіру, қою;
3.2.3.1 мәтін мен бейнелерден тұратын қарапайым презентация жасау;
3.2.3.2 слайдтар арасындағы ауысуларды пайдалан;
3.2.3.3 презентацияны безендіру үшін дайын дизайнды пайдалану;
3.3.1.1 нақты сұрақтарға жауап табу үшін Ғаламтор қолдану .
Сабақ мақсаттары: Белгілі бір тақырыптағы суреттерді пайдаланады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Ш дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Осы кезге дейінгі өтілген әріптерді қайталау. Ш дыбысы және әрпімен таныстыру, түсіндіру.«Ш» дыбысын таныту. Құрамында жаңа дыбысы бар сөздерді дұрыс оқуға үйрету. Ш дыбысының айтылу артикуляциясымен таныстыру.
2. Тәрбиелік: Ұжымдық жұмысқа үйрету, әдептілік пен ұқыптылыққа баулу.
3. Дамытушылық: Есте сақтау қабілеттерін дамыту. Алғырлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Кеспе қалта, кеспе әріп, кеспе буындар, суреттер, дидактикалық материалдар, «Ойын - саяхат» схемасы, суретті таблица, жұмбақтар мен жаңылтпаштар.
Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру, қайталату.
Сабақтың мазмұны
Ұйымдастыру: Түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа зейіндерін аудару.
Мақсат қою: Тақырыбын, мақсатын хабарлау......
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0