Сабақ жоспары (ұмж): Юнлэ мен Токугава билігі Батыс билеушілірінің билігіндей шексіз болды ма? 1-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 6 сынып, ІІІ тоқсан)

Пән: Дүниежүзі тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Абсолютизм: Батыс пен Шығыс
Сабақ тақырыбы: Юнлэ мен Токугава билігі Батыс билеушілірінің билігіндей шексіз болды ма? 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.3.1.2 Батыс пен Шығыстағы монархия формаларын (сословиелік-өкілдік және шексіз билік) ажырату
6.3.1.5 саяси биліктің ерекшеліктерін анықтау үшін әртүрлі ел билеушілерінің қызметін салыстыру
Сабақ мақсаттары: Юнлэ және Токугава билігінің ерекшелігін анықтап, батыс билеушілірінің билігімен салыстыру.......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Пайдалы әсер коэффициенті (Физика, 7 сынып, IV тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қатты дене, сұйық және газ қысымы
Сабақтың тақырыбы: Пайдалы әсер коэффициенті
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 7. 2.3.7 энергияның бір түрден екінші түрге өзгеруіне мысалдар келтіру және түсіндіру, механикалық энергияның сақталу заңын қолдану;
7.2.3.8 көлбеу жазықтықтың пайдалы әсер коэффициентін тәжірибеде және есептер шығару барысынды анықтау.
Сабақтың мақсаттары: Оқушылар:
энергияның бір түрден екінші түрге өтуіне мысал келтіре алады;
механикалық энергияның сақталу заңын есеп шығарғанда қолданады;
ПӘК формуласын есептеулерде пайдаланады;
энергияның шығынын тәжірибеде анықтайды......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Жазықтықтағы координаталар әдісі. Есептер шығару. (Геометрия, 8 сынып, IV тоқсан)

Пән: Геометрия
Ұзақ мерзімді жоспар: Қайталау
Сабақ тақырыбы: Жазықтықтағы координаталар әдісі. Есептер шығару.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.1.3.14 жазықтықта координаталарымен берілген екі нүктенің
арақашықтықтығын есептеу;
8.1.3.15 кесінді ортасының координаталарын табу;
8.1.3.16 кесіндіні берілген қатынаста бөлетін нүктенің
координаталарын табу;
8.1.3.17 центрі (a, b), радиусы r болатын шеңбердің теңдеуін
(? − ?)2 +(? − ?)2 = ?2 білу;
8.1.3.19 түзудің жалпы теңдеуін және берілген екі нүкте арқылы
өтетін түзудің теңдеуін жазу: ax+by+c=0, (х-х_1)/(х_2-х_1 )=(у-у_1)/(у_2-у_1 )
8.1.3.20 координаталармен берілген қарапайым есептерді шығару;
Сабақ мақсаттары: Оқушылар
- кесінді ортасының координаталарының және екі нүктенің
арақашықтығының формулаларын қорыту;
- - екі нүктенің арақашықтығын табу, кесіндінің ортасының
координаталарын табу, кесіндіні берілген қатынаста бөлу
формулаларын
- центрі (a,b) нүктесі және радиусы r болатын шеңбердің теңдеуін
жазады;
шеңбердің теңдеуін, түзудің теңдеуін қолданып есептер
шығарады.......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
1 0

Сабақ жоспары (ұмж): Жазықтықтағы координаталар әдісі 3-сабақ (Геометрия, 8 сынып, IV тоқсан)

Пән: Геометрия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жазықтықтағы тікбұрышты координаталар жүйесі
Сабақ тақырыбы: Жазықтықтағы координаталар әдісі 3-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): жазықтықтағы екі нүктенің арақашықтығын олардың координаталары арқылы есептейді;
кесінді ортасының координаталарын анықтайды
Сабақ мақсаттары: Оқушылар:
- жазықтықтағы екі нүктенің арақашықтығын олардың координаталары арқылы есептейді;
- кесінді ортасының координаталарын анықтайды;......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Эргономика ұғымы 1-сабақ (Информатика, 6 сынып, I тоқсан)

Пән: Информатика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Компьютерлік жүйелер мен желілер»
Сабақтың тақырыбы: Эргономика ұғымы 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.4.1.1 эргономика міндеттерін ойластыру және шешу (жоғары деңгейде жайлы және тиімді болу үшін)
Сабақтың мақсаты: Оқушылар: компьютермен жұмыс кезінде өз денсаулықтарын сақтау туралы білетін болады........
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: Қазақ әдебиеті | Жұмағали Сәрсеков

Жұмағали Сәрсеков - 1899 жылы Орал облысының Жәнібек ауданында туған. Азамат соғысы жылдарында Батыс Қазақстанда жасақталған атты әскен полкының құрамында ақ гвардияшылар мен интервенттерге қарсы күрескееді. 20-жылдарда басшы комсомол қызметінде, сонан соң бірқатар уездік, аудандық партия комитетінің бөлім меңгерушісі, хатшысы, Ақтөбе округтік аткомы төрағасының орынбасары, БК(б)П Қазақ өлкелік комитетінің нұсқаушысы болады. 1932 жылы бүкілодақтық 17 партия коференциясына делегет болып қатысады. 1937 жылдың 4 мамырынан газет ҚК (б)П Қарағанды облыстық, қалалық комитеттерінің және облыстық .....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Әдебиет | Айқап журналындағы оқу тәрбие туралы ойларды зерделеу

XX ғасырдың бас кезінде, яғни 1911 жылдың қаңтарынан бастап, 1915 жылдың қыркүйек айына дейін Тройцкі қаласындағы «Энергия» баспахансында қазақ тілінде үзбей шығып тұрған «Айқап» журналы халқымыздың әлеуметтік саяси-өмірінде, әдебиет пен мәдениетімізді насихаттап таратуда елеулі роль атқарды. Ол қазақтың тұңғыш қоғамдық-саяси және әдеби журналы болды. «Айқап» өзінің сипаты жөнінен жалпы демократиялық болғанымен, іс жүзінде Шоқан Уәлихановтың, Ыбырай Алтынсариннің, Абай Құнанбаевтың ағартушылық идеялары негізінде дамып келе жатқан қазақтың қоғамдық ой-пікірінің, әдебиетінің, публицистикасының прогресшілдік және демократиялық дәстүрлерін жалғастырған ілгері дамытқан журнал болды.
«Айқап» журналын ұйымдастырушы және редакторы демократ –жазушы Мұқаметжан Сералин (1872-1929) болды. М. Сералин журналдың төңірегіне өзімен ниеттес көрнекті ақын жазушыларды, қоғамдық қайраткерлерді топтастырды. Журналдың секретары 1911-12 жылдары Әкірам Ғалимов, 1913-14 жылдары Сұлтанмахмұт Торайғыров болды. Әр уақытта тілші, автор болып Сәкен Сейфуллин , Бейімбет Майлин, Сәбит Дөнентаев, Спандияр Көбеев және осылар сияқты ақын-жазушылар қатысты. [45].
«Айқап» журналы осылай аталуының себебі мен алдағы мақсаты туралы 1911 жылғы 11-санында бастырушылар алқасының атынан былайша түсінік береді: «Айқап» деген сөз қазақтың төл сөзі, ол ғасырлар бойы мәдениеттен, білімнен, кенже қалған бүкіл қазақ халқының өкініші ретінде алынды. «Ай, қап!» деп санымызды соқтық, енді ел қатарына қосылайық деген үнді білдіреді.
«Айқаптың» төңірегіне жиналып, қазақ халқының қоғамдық ой –пікірінің қалыптасуына елеулі үлес қосқан әдебиеті мен мәдениетті жайында байсалды талғамдар айтқан журналдың редакторы М. Сералиннің «Айқап» журналының басқармасында қызмет еткен жазушылардың еңбектері ерекше. «Айқап» журналының бетінде қазақ совет поэзиясының алыбы - С. Сейфуллиннің алғашқы өлеңдері, Б. Майлиннің тұңғыш мақалалары басылды және С. Дөнентаевтың бірнеше өлеңдері жарияланды.
Журнал оқу, жас буындарды тәрбиелеу және мәдени-ағарту ісіне шын мәнісінде прогрестік және демократиялық тұрғыдан көңіл бөлді. Бұл іске Сералин өзі сияқты мұғалім , жазушыларды публицистерді тартты.
«Айқап» отырықшы болуды мәдениет мәселелерімен байланыстыра үгіттеді. М. Сералин орыс халқының ғылымын, өнерін, тілін үйрену керек дей келіп, бұларды білу үшін школа мектеп ашу қажет. Бұл 4-5 үйдің қолынан келетін іс емес, кедейлердің баласын алыс жерге жіберіп оқытуға қалі келмейді. Сондықтан « бір жерге қала болып жиналудан басқа ем жоқ». Ал «50-60 үй бір жерде , жиналып отырса, оларға орталарынан молда (мұғалім) ұстап бала оқыту оңай ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Ақшаның номиналистік теориясы

ХVII – ХVIII ғғ. Ақшаның номиналистік теориясы өкілдері ағылшын ғалымдары алымдары Дж. Беркли мен Дж. Стюарт, А. Смит болып табылады. Бұл теория ақша айналымында құнсыз монеталар қаптап кеткен кезде қалыптасты. Бұл ғалымдар ақшаны мемлекет жасайды деп және оның бағасы атаулы құнмен (номинал) және ақша болып табылатын баға масштабымен анықталады деп есептеген. Олар ақшаны тек техникалық ауыстырудың таза құралы деп қарастырып, оның құндылық табиғатын толық теріске шығарды.
Ақшаның номиналистік теориясының негізгі идеялары төменде келтірілген:
- ақша тамаша есептеу бірлігі болып табылады, онын көмегімен ақшаның салыстырмалы құны анықталады;
- бірдей бөліктері бар тамаша масштаб болып табылатын аталған бірлікте ешқандай ішкі құн болмайды.
Номинализм үстемдік жағдайға XIX ғ. аяғы мен XX ғ. басында қол жеткізді. Бірақ, оның ерте кезеңдік номинализмнен айырмашылығы - оның қорғау объектісі болып құнсыз ақша емес, ол қағаз ақша болды.
Неміс ғалымы Г. Кнаптың ақша теориясында («Ақшаның мемлекеттік теориясы») басты мақсат-мұрат анық қалыптасты:
- ақша - мемлекеттік құқық тәртібінің өнімі, мемлекет билігінін туындысы;
- ақша - бақылау төлем құралы, яғни мемлекеттік мұратты төлем кушімен иемденген белгілер;
- ақшаның негізгі қызметі - төлем құралы. Ол ақшаның мәні белгілердің материалында емес, олардың қолдануын реттейтін құқықтық нормаларда, деп жазды.
1929-1933 жж. Экономикалық дағдарыс кезеңінде номинализм алтын стандарттан кетуді ақтау үшін теориялық база ретінде ары қарай дамуға бет алды.
Мемлекеттік капиталистік монополизмнің идеологы, ағылшын экономисі Дж. Кейнс өзінің «Ақша туралы трактатында» қағаз ақша алтынға қарағанда айналымда ыңғайлы толық құнды төлем құралы болып табылады және олар қоғамның үнемі өркендеуін қамтамасыз етеді - деп жазды. Қағаз ақша алтынды айналымнан ығыстырып. Бұл құбылыс ақшаны алтын әсерінен азат етті және дәл осы жайт Киапп теориясының жеңісі ретінде қарастырылды.
Сонымен. Кеннс номинализмнің тәжірибелік мақсаты - алтын стандартты жойып, қағаз ақшаның айналымға еркін енуін және экономиканы инфляциялық процесті баскару арқылы реттеуін тәжірибелік негіздеуінде болды.
Қазіргі танда номинализм - ақша болмысының мәселесі жөніндегі үстем теориялардың бірі. Осылайша, әйгілі американдық экономист П. Самуэльсон ақша шартты белгілер болып табылады деп санайды. «Экономика» шығармасында ол: «Тауарлы ақшаның дәуірін қағаз ақша дәуірі ауыстырды. Қағаз ақша ақшаның мәнін, олардың ішкі табиғатын кейіптейді ... Ақша - жасанды әлеуметтік шарт» - деп жазды.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Аудиттің түсінігі

Аудит туралы шыққан басылымдарда «аудит» - деген түінікке әр түрлі анықтамарлар берілген. әрбір автор өзінің анықтамасын өз тарабынан аңықтаған. К. Ш. Дюсембаев «Теория аудита» деген кітабында әр автордың 13 түрлі анықтамасын келтірген. Біз соның төрт түрлісін келтірейік те мазмұнын қарастырып талдайық.
СНГ авторларының «аудитке» берген анықтамалары:
Осы келтірілген анықтамалардың мазмұнын талдап қарастыратын болсақ әр түрлі мазмұнда құралғанын көреміз. Бір береді. Соған қарамастан осы анықтамаларға бір ғана мақсат қойылады, ол аудиттің мағынасын, негізін анықтау. Солай бола тұрса да ешбір анықтамада аудиттің негізгі мақсаты ашылмай қалып отыр. Ол Аудиторлық қортынды туралы. Седеді, қандай бір аудиторлық қортынды жасау. Екіншіден, аудиторлық тексерудің объектісі туралы ешқандай автор еске де алмайды. Біздіңше ол үлкен кемшілік. Олай дейтініміз, аудиторлық тексеру тапсырушының келісім-шартта көреткен объектісіне ғана жүргізіледі, ол бірден-бір аудит жұмысының негізгі принципі. Олай дейтініміз, тапсырушы өз субъектісінің шаруашылық көрсеткішін толық немесе бір бөлімін аудиттік тексертуге қуқылы.
Кәсіпорын шаруашылығының жеке бір бөлігін немесе түгелдей шаруашылығын қамтитын аудит болса да «алғашқы құжаттарды» тексереу немесе «алғашқы есепті» тексеру міндетті түрде жүргізіледі. Аудит процесі одан әрі қарай бухгалтерлік есептің жүргізілуіменоның құрылымын-ұйымдастырылуын тексерумен жалғасатыны объективті жұмыс. Ондай болмаған жағдайда аудиттік тексеруді тиянақты, дұрыс жүргізілді деуге болмайды. Кейбір авторлардың анықтамаларында осы ойлар орынды айтылған деуге болады. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Әдебиет | Сарыұлы Ақтамберді

Сарыұлы Ақтамберді (1675 - 1768)- атақты жырау, қолбасшы батыр, қоғам қайраткері. Ұлы жүздің Ошақты руынан. Әкесі Сары мен шешесі Сырбикеден жалғыз туған. Жыраудың «атадан жалғыз туғанның жүрегінің бастары сары да жалқын су болар» деуінде өз өмірінің шындығы бар. Қазақ тарихындағы аласапыран кезеңде өмір сүрген Ақтанберді «дұшпаннан көрген қорлығым, сары су болды жүрекке. Он жетіде құрсанып, қылыш ілдім білекке. Жауға қарай аттандым, жеткіз деп, құдай, тілекке» деп, өзі айтқандай, он жеті жасында ақ қолына қару алып, ел қорғауға аттанады. Жыраудың ақындық даңқымен балуандық, батырлық даңқы қатар шығады. Орта Азия хандықтарымен, қалмақтармен арадағы ұрыстарға қатысып алғашқы кезде жеке басының ерлігімен, соңынан қолбасшылық қабілетімен көзге түседі. Сақа батырлар санатына қосылған кезде атақты «Ақтабан шұбырындының» куәгері болады. Осы кезде ол жоңғар басқыншыларына қарсы ұлт азаттық күресін ұйымдастырушылардың және жеңісті жорықтарға дем берушілердің бірі ретінде танылады. Жоңғар мемлекеті талқандалып, шығыстағы бұрынғы жау қолында қалған жерлер босатылған кезде сонда қайта қоныс аударған қазақтарды ата мекеніне біржола орнықтыру жолында Ақтанберді айтарлықтай роль атқарады. Өзіне қараған руларды отырықшыландырмақ болып, арық, тоған қаздырады, егін ектіреді.....
Рефераттар
Толық
0 0