Сабақтың мақсаты: Балаларға В дыбысы мен әрпін таныстыру. В дыбыс бар сөздерге дыбыстық талдау жасата білуге үйрету. Әріптің баспа түрін жазғызу. Сурет арқылы өз ойларын жүйелі әңгімелеуге дағдыландыру. Адамгершілік қасиеттерін, білімге деген қызығушылығын қалыптастыру. Түрі: жаңа сабақ Әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап Көрнекіліктер: В әрпінің баспа түр, кеспе әріптер, түлкі, Мақта қыз бен мысық» ертегісіндегі кейіпкерлер, шаблон суреттері
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі Психологиялық дайындық......
Акционерлік қоғамнан біз коммерциялық ұғым түсінеміз,жарғылық капитал негізінен нақты бір акция санына тең,қоғамға қатысушылар,қоғамға қатысты міндеттемелік құқықтарын куәландырады. Акционерлер қоғам міндеттемесіне жауап бермейді және өз қызметіне байланысты тоқырау тәуекелін өз мойнына алады. Акционерлік қоғамның өз қатысушыларының мүлкінен оқшауланған мүлкі болады,өз міндеттемелері бойынша өз мүлкі шегінде жауапты болады және өз қатысушылары бойынша жауап бермейді.Құрылтайшылар акционерлік қоғамның міндеттемелері бойынша қоғамның жарғылық қорына салынған салымның толық төлемеген жағдайда олар салығының төленбеген бөлігі шегінде ортақ жауап береді. Акционерлік қоғам – заңды тұлға және өзінің жеке мүлкінің еркін балансын есептей отырып жеке мүліктік емес және мүлікті өз атынан жүзеге асыруға қажет әр-түрлі қызметтің түрлері бойынша азаматтық құқық пен міндеттеме алуға болады. .[1] Акционерлік қоғам қызметі бағалы қағаздар мен акцияның іс-әрекеті нәтижесінде пайда алуға бағытталған 2005 жылға дейін акционерлік қоғам – жабық және ашық болып бөлінеді. Қатысушылары - өздеріне тиесілі акцияларды басқа акционерлердің келісімісіз бөліп бере алатын акционерлік қоғам ашық акционерлік қоғам(ААҚ) болып табылған. Ашық акционерлік қоғам өзі шығаратын акцияларға ашық түрде жазылу жүргізуге және оларды заңдармен белгіленген жағдайларда еркін сатуға құқықтары болған еді. Акциялары тек өз құрылтайшылары немесе алдын – ала белгілденген өзге адамдар арасында таратылатын акционерлік қоғамды Жабық акционерлік қоғам(ЖАҚ) болып табылған. Жабық акционерлік қоғам өзі шығаратын акцияларға ашық түрде жазылу жүргізуге не оларды сатып алуға өзгеше түрде адамдардың шектеусіз тобына ұсынуға құқығы жоқ. ....
Қазіргі дүниежүзілік ақша ролін номиналдық алтын мазмұны бар қағаз пқша атқарады. Олар металл ақшадай тозуды, салмағы кемуді, құны азаюды білмейді. Ақша және тауар мөлшері тепе-теңдікте болуы шарт. Егер біріншісінің шамасы көбейіп кетсе құнсызданады, инфляцияға қызмет етеді. Белгілі бір елдің айналыстағы қағаз ақшасының шамадан тыс көбейіп кету салдарынан оның құнсыздануын – инфляция дейміз. Ол тауарлардың бағасын шамадан тыс көтеріп жібереді. Осындай келеңсіз жағдайларды болдырмау немесе дұрыс қалыпқа келтіру шаралары бар. Олар: девальвация және ревальвация. Қағаз ақшаның ресми құнын өзінің тұрақты қалпына келтіруді – девальвация дейміз. Ашық және бүркемелі жолдары бар. Девальвация шараларының негізгілері: ұлттық ақша өлшемінің алтындық мамзұнын кеміту; шетел валюталары мен қатынас курсын төмендету; толық құнды несие билеттерін шығару, бағасы төмендеген ақшаларды айналымнан алып тастау; айналымдағы қағаз ақшаны ресми төмендету мақсатымен ақша реформасын жүргізу. Ревальвация – ақшаның ресми құнын тұрақтандыру және бағаның инфляция зардабынан өсуіне қарсы ықпал жасаудың әдісі. Ақша курсын өсіру деген сөз. Айналыс құралы қызметін атқаратын ақша арқылы тауарлар бағасы жүзеге асатын болғандықтан, айналысқа қажетті ақша мөлшері ең алдымен тауар бағасының сомасына байланысты болады. Ақша неғұрлым шапшаң айналса, ол соғұрлым айналысқа аз керек болады. Мұнан мынадай қорытындыны жасауға болады: айналысқа қажетті ақша мөлшері тауар бағасы сомасының белгілі ақша өлшемінің (баға, марка, доллар т.т.) айналым шапшаңдығына бөлінуіне тең болады. Сөйтіп, айналысқа қажетті ақша мөлшері (М), үш факторға байланысты болады 1) тауар мөлшері (Т), 2) тауар бағасының дәрежесі (Б), 3) ақшаның айналыс шапшаңдығы (АШ). Бұл тәуелділікті мына төмендегі формула түрінде көрсетуге болады:
Ақша айналысының халі ақша айналысы сферасынан тыс жатқан жағдайларға байланысты және оған объективті түрде болатын бірқатар факторлардың әсерін көрсетеді. ....
Көптеген шетел басылымдарында ақша айналымы деген ұғым кездеспейді. 90 – жылдардың орта шеңіне дейін ТМД – мүше елдердің басылымдарында «ақша айналысы» деген ұғымдарға анықтама беріліп, ол бір – біріне дәл ажыратылады. Ақша айналымы деп қолма – қол ақша мен қолма – қол емес ақшаның қозғалысын білдіретін кең ұғым айтылды. Экономиканың әр үлгісі бар ұғымдардың мәні мен құрылымын өзгеғртпей кейбір ерекшеліктер еңгізді. Жоспарлы – орталықтанған экономика жағдайында ақша айналымының ерекшеліктері: Қолма – қол ақша да, қолма – қол ақша да емес ақша да кәсіпорындардың шығаратын өнімдерін алдын–ала бөлуін қызмет атқаратын. Барлық қоғамдық өнім өндіру құралдары және тұтыну заттары ( өнімдер мен қызмет көрсету) түрінде, яғни бірінші жағдайда материалдар ттехникалық жабдықтау жүйесі арқылы, ал екінші жағдайда қоғам мүшелерінің табысына ( жалақы, зейнетақы және т.с.с ) сәйкес мемлекеттік сауда жүйесі арқылы бөлінеді. Мемлекет заңмен ақша айналымын: қолма – қол ақша және қолма – қол емес ақшаға бөліп, ақша айналымының қай түрі қандай бөлу жүйесін қызмет атқаратынын белгілейді. Сөйтіп қолма – қол ақша қозғалысы халықтың ақшалай табысын бөлуді көрсетсе, қолма – қол емес ақша қозғалысы өндіріс құрал жабдықтарын бөлуді көрсетті. Ақша айналымы мемлекеттік жоспарлау жүйесін объектісі ретінде директивалық заңдармен реттеледі. Ақша айналымы біртектес мемлекеттік меншік формасына қызмет көрсетеді. Ақша айналымының алғашқы және қорытынды кезеңдері мемлекеттік банкте шоғырланып, оған мембанк бақылау жүргізді. ....
Тарихқа көз жүгіртсек, бүкіл дүниежүзін дүр сілкіндірген елеулі оқиғалардың бірі-Кариб дағдарысы. Бұл дағдарыс « Қырға қабақ соғысының» шиеленісуінің нәтижесінде, яғни 1962 ж қазан айының 2-ші жартысында пайда болды. Не бары 13 күннің ішінде бүкіл әлемді Ядролық апатқа әкеле жаздады. Әлемнің алып державалары: АҚШ, КСРО және Куба үкіметтері алғаш рет «Ядролық тұйыкка» тірелді, бірақ уақытында дағдарыс жағдайды жоюға барлық күштерін салып, халқаралық мәселелерді әскери емес, дипломатиялық жолмен шешу керек екеніне көздері жетті. Сонымен қатар, дағдарыс сабқтарынан әлемдегі оқиғаларға деген ыңғайларына жаңа, маңызды үлес қосып, сабақ болды десек , асырып кетпейміз. Сонымен қатар, 1962 ж материалдар халықтан мұқиятты түрде жасырылған, тек қайта құру кезеңінен кейін біртіндеп ашыла бастады, бірақ бұл жағдайдың өзі, толығымен көзімізді ашқан жоқ та, бүкіл ақиқатты түсінүге мүмкіндік бере алмайды, өйткені бүгінге шейін негізгі документалдық фактілер мүлде құпиялы түрде жатыр, және осы дағдарыс жайындағы әдебиет толықи емес. Дегенмен, осы тақырыпка қызығушылықтың, ізденістің арқасында біз, сол кездегі АҚШ пен КСРО-ң ұстанған саясаттарын түсінуге мүмкіндік алдық.. Осы жүмыстың мақсаты: АҚШ пен КСРО арасындағы дағдарыстың басты себептерін көрсету. Олардың әскери-саяси қарсыластары миллиондаған күнәсіз адамдардың өміріне қауіп төндіргеніне елді сендіру және осы екі державаның жасаған қателіктерін басқа елдер жасау үшін, сабақ ретінде түсіндіру.....
Өнеркәсіп ортасында өнім ең "сезімтал" элемент болып келеді. Шындығына жүгінсек, көп жағдайларда кәсіпорынның ашылуына тауар (өнім) негіз болады. Нақтылап айтсақ, өнім арқасында, өніммен бірге кәсіпорын тіршілік етеді, ал кейде жұмысын тоқтатады, бұл сататын жақсы тауардың (өнім) қолда болуы жеткіліксіз, ол қажеттікке сәйкес болуы тиіс екенін (мысалы, бағасы бойынша), оған қоса оны өз ортасында жарнамалау керектігін байқамаған жағдайларда болады. Классикалық, яғни өнеркәсіпте ескірген құлық-әрекет пен маркетинг арқылы анықталатын құлық-әрекеттің арасындағы айырмашылық дәл осында, бұл жаңа нарықтық жағдайлардан туған. Сонымен, кәсіпорын өзінің өнімдеріне сын көзқарас тудырып, оларды қысқа, орта және ұзақ мерзімдерде тиімді басқару мүмкіндігіне ие болу үшін, үзбей талдауға салып отыруы қажет. Демек, "тауар (өнім) - нарық" атты парды, жаңа өнімдерді енгізу үрдісін, өнімнің өміршең циклін және т.б. зерттеп білу қажет. "Тауар — нарық" пары. Өнім, егер ол ешкімге керек болмаса, сөздің экономикалық мәнінде түкке тұрмайды. Сондықтан ол қажеттілікке сай келуі керек. ....
Климат жағдайларының арасында жерге орналастыру шешімдеріне әсер ететіндері: жауын-шашын, жел белсенділігі және температуралық режим. Жерге орналастыру обьектісі орналасқан аймақта, әсіресе вегетациялық кезеңде түсетін жауын-шашынның түрі мен мөлшері бүкіл жерге орналастыру іс-қимылдарының әдістемесін себептейді. Соңғыларының мазмұны жеткілікті, артық немесе жеткіліксіз ылғалдану аймақтарында, құрғақ далада, шөлейіт немесе шөлде әртүрлі. Ал, суармалы аймақтарда жерге орналастыру әдістемесі, тәлімі егіншілік аудандарға қарағанда айтарлықтай өзгеше. Желдің күші мен бағыты, әсіресе көктем мен жазда жел эрозиясы процестерінің өршуіне, олардың қауіптілігіне тікелей ықпал жасайды. Бұндай процестер көбінесе Қазақстанның жазық далаларына тән. Олар әсіресе жеңіл механикалық құрамды топырақтарда көп тараған. Дефляциялық процестердің алдын алу немесе бәсеңдету мақсатымен, желдің зиянды бағыттары ескеріле отырып, егістік және орман жолақтары жобаланады. Желдің зияндылығы, өзі кезегінде ауа ағындарының температурасымен себептеледі. Аса қауіпті аңызақ жел температураның жоғары және ауа ылғалдылығының төмен көрсеткіштерінде пайда болады. Ол шаң дауылдарының негізгі себепкері. Сондықтан да аймақтың температуралық режимі туралы мәліметтер аса қажетті болып табылады. Вегетациялық кезеңдегі температура қосындысынан өндірістің мамандандырылғандығы мен салалардың орналасуы тәуелді. Соңғылары ауылшаруашылық алаптарының құрамы мен орналасуын тікелей себептейді.....
Үкіметтің Ұлттық банктегі шотында шоғырландырылатын, мемлекеттің қаржы активі түріндегі, сондай-ақ материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүлік түріндегі активтерді Қазақстаннның Ұлттық қоры болып табылады. Ұлттық қоры мемлекеттің қорланымдарын қалыптастыру, сонымен бірге дүниежүзілік бағалардың конъюкторасына Республикалық және жергілікті бюджеттердің тәуелділігін төмендету мақсатында жасалынады. Ол мемлекеттің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге, қаржы активтерінің және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктердің қорлануына, экономиканың шикізат секторына тәуелділігін және қолайсыз сыртқы факторлардың ықпалын төмендетуге арналған. Яғни Қазақстанның Ұлттық қорын қалыптастыру болашақ ұрпақ үшін қорланымды және елдің экономикасын келеңсіз сыртқы факторлардан қорғау үшін қаржы резерфтерін шоғырландырады. Сөйтіп, Ұлттық қор екі функция орындайды: Жинақтаушы және тұрақтандырушы функциялары. Жинақтаушы функция қаржы активтерінің және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктердің қорлануын қамтамасыз етеді. Жинақтаушы функциясымен қатар қор қаражаттарының қалыптасуымен пайдаланылуының қолданылып жүрген тетігі ағымдары экономиканың жағдайын тұрақтандыру ықпал көрсетеді. Тұрақтандырушы функция шикізат ресурстарының әлемдік бағамын конъюнгтурасына республикалық бюджеттің тәуелділігін төмендетуге арналған. Қордың тұрақтандыру функциясын іске асыру мемлекеттік бюджетті орта мерзімде жоспарлауға көшцге мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптасытру мен пайдалану дүниежүзілік және әшкә товар қаржы рыноктарының конъюктурасы, мемлекеттегі және шет елдердегі экономикалық жағдайы, республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдықтары ескеріле отырып, бұл ретте макроэкономикалық және фискалдық тұрақтылық және Ұлттық қордың негізгі мақсаттары мен міндеттері сақтала отырып айқындалады. Ұлттық қордың түсімі мен жұмсалуы ұлттық және шетелдік валюталарымен жүргізіледі. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының операциялар жөніндегі есебі мен есептемесі ұлттық валютамен жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқаруды ұлттық банк пен Үкімет арасында жасалатын сенімгерлік басқару туралы шарттың негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі жүзеге асырылады. ....
Келдібекұлы Қазыбек би (1665-1765) - қазақтың Тәуке, Болат, Сәмеке, Әбілмәмбет, Абылай хандары тұсында мемлекет басқару ісіне араласқан мемлекет және қоғам қайраткері, Әз Тәуке хан құрған «Билер кеңесінің» мүшесі, атақты шешен, Орта жүздің төбе биі, «Жеті жарғы» аталатын заңдар кодексін шығарушылардың бірі. Шыққан тегі Орта жүздің Арғын тайпасының Қаракесек руынан.
Қазыбектің анасы Тоқмейіл ұтымды да тапқыр сөздерді көп білетін зерек кісі болыпты. Анасы айтқан есті сөздерді кішкентай күнінен жаттап өскен ол ер жете келе өзі де солай сөйлеуге машықтана бастайды. Осы өнерінің арқасында бала биден дана биге айналып, «қара қылды қақ жарған Қаз дауысты Қазыбек би», «алты алаштың ардағы» деген атаққа ие болады. Содан болар Тәуке хан мемлекет тұтастығына жарықшақ түсірмей, халықты бірлікте ұстау үшін үш жүзді өзінен шыққан үш биге билету арқылы басқарғанда, Орта жүзге осы Қазыбек биді тағайындайды. Ол ел басқару ісіне араласып, Қазақ хандығының ішкі сыртқы саясатына елеулі ықпал жасап отырады.
Жоңғар басқыншылығына қарсы халық күресін ұйымдастырушылардың бірі болған Қазыбек би елдің азаттық алуы жолында аянбай тер төгеді. Абылай сұлтан жоңғарлардың қолына тұтқын болып түсіп қалғанда, оны босатып алуға белсене араласады. Сондай ақ ол Ресей, Бұхара, Хиуа мемлекеттері арасындағы еларалық мәселелерге де араласып, бейбітшілік пен достықты дәріптеуші мәмілегер болған, аразды татуластырып, алысты жақындастырып отырған.
«Елдестірмек елшіден, жауластырмақ жаушыдан» деп, ол елшілік қызметті де мінсіз атқарған тұңғыш дипломат. Оның тұңғыш рет он сегіз жасында елшілікке атшы болып барып, басшы болып қайтқаны ел аузында әлі күнге аңыз болып айтылады.
XVIII ғасырдың алпысыншы жылдарында Чиң империясы Қазыбекті өз жақтарына тарту мақсатымен оған елші жіберіп, мол сыйлықтар тартады. Бірақ ол Қытайдың қол астына қарауға қарсы болады. Сөйте тұрып, Абылайды Чиң империясымен тығыз қарым қатынас жасауға шақырады.
Үш жүздің ішіндегі шешуі қиын, ең күрделі мәселелердің басы қасында жүріп, хандардың сенімді ақылшысы, халықтың ханға бергісіз биі болған Қазыбек әр кез батыр жинап, ел шаппай, қылыш шауып, оқ атпай ақ ақылымен жол тауып, ел бірлігінің емшісі бола білген. Әбілқайырды өлтіріп, ел бірлігіне сызат түсуіне себепші болған Бараққа: «Сылтауратып сытыла алмайсың, не өліп тынасың, не жөніңмен жеңіп құтыласың, екінің бірі, Барақ» деуі,ақыр соңында оны мойындатып: «Уа, би аға! Айттың сен, көндім кебіңе» деуге мәжбүр етуі тек Қазыбектей айбыны ай жасырған текті бидің қолынан ғана келсе керек.
Шоқан Уәлихановтың «XVIII ғасырдың батырлары туралы тарихи аңыздар» деген еңбегінде: «Абылай ханнан үш жүздің батырларының ішінен кімді ерекше құрметтейсіз деп сұрағанда, ол: «Бізге дейінгі ерлерден екі кісіге таңқалуға болады. Оның бірі 90 туысын Қалдан Сереннің тұтқынынан құтқарған қаракесек Қазыбек те, екіншісі өзінің сондай тұтқындағы туысын құтқарған уақ Дербісәлі. Мұның алғашқысы Қалданға өзі барып, сұрап алды. Соңғысы өзінің аулында отырып, жауын қорқытып алды» деп жазады ....
Пән: Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.4 A бөлім Қазақ хандығының XVI – XVII ғасырлардағы дамуы Сабақ тақырыбы: Орбұлақ шайқасының әлемдік әскери өнер тарихындағы алатын орны қандай? Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): көшпелілердің әскери өнері жетістіктерін сипаттау; Орбұлақ шайқасындағы қазақ жасағының әскери өнердегі шеберлігі мен ерлігін бағалау; Сабақ мақсаттары: Тақырып арқылы XVII ғасырдың 40 жылдары қазақ жерінде болып өткен әйгілі тарихи шайқас Орбұлақ соғысының мазмұнымен танысу және жоңғар басқыншылығына қарсы қазақ сарбаздарының ерліктеріне тағзым ету.