Пән: Биология Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Координация және регуляция Сабақтың тақырыбы: Орталық жүйке жүйесі Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.1.7.3 жұлын мен мидың құрылысы мен қызметтерін оқып білу Сабақ мақсаттары: Ми мен жұлынның құрылысын анықтайды; Ми мен жұлынның қызметін сипаттайды;....
Пән:Физика Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Магнит өрісі Сабақ тақырыбы: Магнит өрісі. Тогы бар өткізгіштің өзара әрекеттесуі. Ампер тәжірибелері Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): - магнит индукция векторының физикалық мағынасын заманауи техниканың жетістіктері (магнит тірегіндегі поезд және т.б.) мен есептер шығару арқылы түсіндіру; Сабақ мақсаттары: - тогы бар екі параллель өткізгіштердің өзара әрекетін түсіндіру және күштің бағытын анықтау. - магнит өрісінде тогы бар өткізгішке күш әсер ететінін түсіну; - сол қол ережесін және F=BILsinα формуласын білу және қолдану; - магнит индукция мен оның өлшем бірлігінің физикалық мағынасын түсіну; - магнит индукция векторының физикалық мағынасын заманауи техниканың жетістіктері мен есептер шығару арқылы түсіндіру.......
Пән:Жаратылыстану Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Табиғат физикасы. Жарық, дыбыс, электрлік, магниттілік. Сабақтың тақырыбы: Электр құбылысы Оқу мақсаты: 3.5.5.1 электр энергиясы көздерін анықтау; 3.1.1.1 маңызды ғылыми жаңалықтар мен олардың адамның күнделікті өміріне әсері туралы әңгімелеу. Сабақтың мақсаты: Электр энергиясы көздерін анықтау, маңызды ғылыми жаңалықтар мен олардың адамның күнделікті өміріне әсерін білу......
Пән:Жаратылыстану Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жанды табиғат. Жануарлар Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктер мен жануарлардың өзара байланысы 2-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 3.2.2.4 өсімдіктер мен жануарлар арасындағы өзара байланысты зерттеу; 3.1.2.1 ақпарат көзінің түрлерін анықтау; Сабақтың мақсаты: Оқушылар: жануарлар мен өсімдіктердің ортақ белгілерін анықтайды; жануар мен өсімдіктің өзара тәуелділігін түсінеді.......
Теориялық мәліметтер Активті қорғаныс компьютер құрамында және сырттай қолданылатын себепті ішкі және сыртқы болып екі топқа бөлінеді. Активті қорғаныс құралдары дегеніміз айрықша жағдайлардан қорғайтын құралдар: қате пароль енгізілген, программаны орындалуға жібергенде көрсетілген уақыт сәйкес келмесе, нмесе тағы басқа ұқсас себептер. Нақты мәліметті рұқсатсыз алуға талпынған жағдайлар қорғаныс ретінде қорғаныс кілттерінің іске қосылыуына өзі сепебкер болады.
АКТИВТІ ҚОРҒАНЫСТЫҢ ІШКІ ҚҰРАЛДАРЫ Ішкі құралдардың айырықшалыға олар хакерлерге беймәлім, және қажет болғанда программаға блокировка жасайды, немесе оны жояды. Қорғаныс кілттері кез-келген рұқсатсыз әрекетте программаға блокирвка қоятындай етіп құрастырылады. Олар негізінде уақыт сәйкестігіне, немесе рұқсат етілген ресурстар тізіміне сезіматал болады. Бұл әдіс көбінесе мерзімді пайдалану уақыты және ресурстары анықталып тұратын жалға алынған лицензиялық программалар үшін қолданылады. Авторлық пайдалану құқығын мерзімді тексеріп отрыу нақты ақпаратты пайдалануға шектеу салуға көмектеседі. Бақылауды белгілеу терминалды пайдаланған кездерде программаның түпнұсқа екенін жүйелік тіркеу журналында тұжырымдап отырудан басталуы керек. Әрқашан программа құрамындағы қорғаныс құралдарының өзгеріссіз болғанын не жойылып кетпегенін тексеріп тұру керек. Прграмманың бұрмалануының салдарынан функциясы өзгеріп, тіпті кейде жадырыны жойып жіберуі мүмкін. Вирустық программалар программаны біртіндеп күйретеді.
АКТИВТІ ҚОРҒАНЫСТЫҢ СЫРДҚЫ ҚҰРАЛДАРЫ Әртүрлі жағдайларда іске қосылатын қауіптілік сигналдары қорғаныс құралдарын әрекетке келтіреді, олар хакерге кейде белгілі, кейде білгісіз болуы мүмкін. Бұл қорғаныс құралдары көп себептерге байланысты активтенеді. Сонымен қатар, бұндай қорғаныстар програманың атын не иемденушінің атын паспаға шығаратын сыртқы кілтті сөздерді пайдалануы мүмкін. Бұл әдіс аса қарақшылықтан қорғамайды, бірақ артық көшірмесін алуға жол бермей, программаны сатып алушылардың санын көбейтуі мүмкін. Әсіресе көшірмесін алған кезде тосқауыл болып, операцияның дұрыстығын тексеруге көмектеседі. Этикетканы немесе басқа программа құрамындағы қорғалған учаскілерін баспаға жіберу тек қана кілтті сөздер бар болған жағдайда іске қосылады. ....
Мәселенің өзектілігі. 30-шы жылдардан бастап Гэллап ұйымы мемлекет үшін қандай мәселе күрделі екендігі туралы қоғамдық пікірді білу мақсатында сұрақ-жауап жүргізе бастаған болатын. Экономикамен шектелмей қалған жауаптар қатарында нашақорлық, қылмыстылық, қоршаған ортаның ластануы және ядролық соғыстар болды. Ал 1981 жылы құнсызданудың өсуіне көпшілік оны мемлекет алдында тұрған маңызды мәселе деп есептеді. Арадан екі жыл өткеннен кейін жұмыссыздық көрсеткіші өсіп, көпшілік жұмыссыздықты маңызды мәселеге айналдырды. Адамдарға көптеген себептерге байланысты жұмыссыз қалулары мүмкін. Мұндай себептер қатарына олардың алғаш рет жұмыс іздеуі, адамдардың жағдайы жақсы жұмыс табу мақсатында бұрынғы жұмыс орындарын тастап кетулері, уақытша жұмыстан босағандық және де фирмалардың жабылып қалуларына байланысты жұмыстан босаулар жатады. Жұмыссыздықтың осы соңғы түрі мәжбүри жұмыссыздық деп аталады.....
Халқымыздың ғұламасы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы біздің арғы-бергі тарихымызға,қажырлы хандарымызға, қайратты батырларымыз бен қабырғалы билерімізге, азуы алты қарыс ақын-жырауларымызға ерінбей-жалықпай қалам тартқан. Олардың елдің жаны сүйсінерлік ғибратты сөздерімен бірге, жаның күйінерлік осал тұстарын да қағаз бетіне түсіріп кетіпті. Әсіресе Төле биге жоғары баға бере келіп: «Әділ бидің елін дау араламайды, әділ патшаның жерін жау араламайды»-деп тамсана айтса, халқымыз да осы бір халық деп жаны-тәні елбіреп тұрған би туралы «бүтін хандыққа Есім хан жеткен, бүтін билікке Төле би жеткен»- деп ағынан жарылыпты Біздіңше ұлы бидің атын, атағын биіктеткен бір жағдай адам тануында жатқан сияқты, халық қатты күйзеліп жан-жақтан қысым көріп, не істергн білмей дағдарып тұрған заманда Төле бидің өзі баласындай күтіп-баққан Сабалақтың елі үшін істеген ерен еңбегі тарихымызға алтын әріппен жазылатын керемет уақиға. Бұл жағдай Шәкәрімнің «Түрік,қырғыз һәм қазақ хандар шежіресі» атты атақты кітабында соншама дәл жазылған: «Әбілмансұр жетім бала күнінде Қазақ-елім,Сарыарқа-жерім деп іздеп,Үйсін Төле бидің қолына келді. Төле би басында түйе бақтырып, одан соң жылқы бақтырып, ақырында әртүрлі мінездерімен ұнап бала қылып күтіпті.”Кімсің” десе, “білмеймін” деп, “атың кім” десе “сіз қойған ат атым болсын” деген соң, шасы өскен, киімі жыртық балаға”Сабалақ” деп ат қойыпты. Бір күні Әбілмәмбет хан қазақты жиып, қалмақпен ұрысқалы жатыр деген естіп келіп, Төле биден соғысқа баруға рұқсат сұрапты. Төле би: - Балам, саған соғыстан жылқы жақсы емес пе? – десе: - Желкілдеген тудан, жер қайысқан қолдан қалғанша жігіт адамның өлгені жақсы, - деген соң, Төле би рұқсат беріпті. Барса қазақ пен қалмақ екі төбеге жиылып, ортасында қалмақтың, ортасында қалмақтың Ғалдан Церен деген ханның күйеуі, Қоңтажы деген ғаскер басының баласы – Шарыш деген қазақтан жекпе-жекке батыр сұрап жүр екен. Әбілмәнсұр Әбілмәмбет ханға барып: “Тақсыр, бата берсеңіз, мынаған мен барайын” – дегенде, хан бата берген соң, Шарышқа қарай “Абылай! Абылай!” деп ұран салып барып, Шарышты өтіріп, басын кесіп алып, “Жау қашты” деп айғай салған соң, қалмақтар қашып, бір мезгілде бір жерге келіп, хан шатырын құрып, Әбілмәмбет Әбілмансұрды қасына отырғызып: - Мен қанышер Абылайдың немересі едім, соғыста жолы болған атамның атын ұран қылдым, - дейді. “Абылай” атанғаны жоғарыда Абылайлап шапқанынан болды. Абылайдың хан болғаны 1735-інші жылдың маңайы болар. Сонан біздің Орта жүздің жақсылары бұрын үлкен хандар Ұлы жүзде болушы еді. Бұл ханды өзіміз сақтаймыз, қалмақпен көп ұрысатын да біз деп, Төле биге сый алып барып, Әбілмансұр – Абылай ханды алып келіпті”, десе, Әз Төле биді күллі қазақ халқы қадыр – құрмет тұтқан, әділдігін, қанағатшылдығын, “елім-жұртым” деп еңірегенде етегі толған аппақ жанын сыйлаған. ....
Қоғам даму тарихында еш бір мемлекет салықсыз өмір сүрген емес. Себебі, қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін мемлекетке белгілі бір ақшалай қаражат көзі қажет, ал олар тек қана салықтар арқылы ғана жүзеге асырылады. Салықтар мемлекеттік бюджеттің негізгі кіріс көзі болғандықтан, оның уақытында және толығымен мемлекет қазынасына түсіп отыруы қазіргі нарықтық экономикадағы күрделі де өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Сондықтанда, ондағы салық санкцияларын қолданудың маңызы өте зор. Еліміз бұрынғы әкімшілік-жоспарлы эканомикадан нарықтық эканомикаға өткен кезде мемлекет алдында көптеген эканомикалық қиыншылықтар кездескен. Солардың ішіндегі ең өзекті мәселелердің бірі - салық және салық салу мәселесі болды. Cалық мемлекеттің ірге тасы болғандықтан, тиімді салық жүйесін құру біз үшін өте қажет. Өйткені қазіргі кезде еліміздің мемлекеттік бюджетінің 80-85 %-ын салық және салықтық түсімдер құрайды, яғни бюджет кірістерінің негізгі қайнар көзі болып отыр. Салық салуды барынша жетілдірмегенше қазірге кездерде орын алып отырған қаржы тапшылығын және бюджетті толықтыру мәселесін шешу мүмкін емес. Салық заңының орындалуын қамтамассыз ететін механизмді мемлекеттің ең басты мақсаттарының бірі болып отыр. Бүгінгі таңда қағамдағы көптеген келеңсіз жағдайлармен бірге салықтан жалтару да үлкен орын алып отыр. Әрине салықтан жалтарудың макроэкономикалық зардаптары мемлекетке едәуір зиян келтіруде. Сондықтанда салық санкцияларын қолдану - салықтан жалтаруға қарсы күресудің алғы шарты негізінде туындап отыр.....
Пән:Қазақстан тарихы Қысқа мерзімді жоспар бөлімі: 5.1A Қазақстандағы ежелгі адамдардың өмірі Сабақ тақырыбы: Археологтар Қазақстан жерінен тас дәуіріне жататын қандай олжаларды тапты Сабақ мақсаттары: Тас дәуіріндегі Қазақстанда табылған тұрақтарды анықтап, археологиялық ескерткіштердің ерекшеліктерін білу, қазақстандық археологтармен танысу
Қан майданның жүректе жарасы бар, Қайғысы мен зілі бар, наласы бар. Арамызда жүретін алшаң басып, Ардагерлер азайып барасыңдар. Қастерлейді халқымыз қаһарманын, Жүр есінде сан жарық, сапарларың. Қайран ерлер, қаһарман ардагерлер, Қалды-ау сиреп бұл күнде қатарларың. 1941-1945 жылдар қазақ елі үшін өте ауыр кезең болды. Осы жылдар арасында елді дүрліктірген Ұлы Отан соғысы болды. Соғыс – күйретуші күш. Бірақ осы соғыс арқылы біз өз Отанымызды қорғап қалдық Осы соғыста қазақтың ұлы батырлары, яғни біздің ата-бабамыз біз үшін, келешек ұрпақ үшін жанын қиды. Көбі қаза тауып, әрбіреуі мүгедек атанды. Қаншама ана жесір, балалар жетім қалды.Түгелі болмаса да көбі осы ерлігі үшін ерекше сый-құрметке ие болды. Ұлы Отан соғысын еске түсірген кезде бірден ойымызға Рақымжан Қошқарбаев келеді. Рақымжан Қошқарбаев- Берлинге Рейхстаг қабырғасына алғашқылардың бірі болып жеңіс туын тіккен қаһарман, қазақ жауынгері. Қошқарбаев сияқты қаһармандарымыздың арқасында біз қазіргі күнге жеттік. Батырларымыздың арасында тек қана ерлер емес, елі, жері үшін жанын беруге дайын қазақ қыздары да болған. Барлық батырларды айтып шығу мүмкін емес. Себебі, әрбір қазақ өз елі үшін бәріне де даяр. Бірақ Қазақстандықтан майданда ғана шайқасып қойған жоқ. Тылдағы халық жеңісті жақындату үшін қолдан келгеннің бәрін жасады. Олар күн демей, түн демей аямай еңбек етті.......